Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 9.47 Mb.

бет1/80
Дата22.12.2016
өлшемі9.47 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80

 

 



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

«Сырдария» университеті  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сырдария» университетінің 15 жылдығына орай 

ұйымдастырылған 

  

«ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ҚОҒАМЫ ЖОЛЫНДА: БІЛІМ 



ЖҤЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ – БІЛІМ ҚОҒАМЫНЫҢ БАСТЫ 

БАҒЫТЫ» 

 

атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның  



 

                                МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

Жетісай, 19-20 қазан, 2013 жыл 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

УДК  



ББК 

Ж  

 

 



«Сырдария»  университетінің  15  жылдығына  арналған  «Қазақстан 

білім қоғамы жолында: білім жүйесін жаңғырту – білім қоғамының басты 

бағыты»  атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конференция 

материалдары. 

«Сырдария» университеті, Жетісай, 19-20 қазан, 2013 жыл 

 

 



ISBN 

 

ББК 

 

 



 

 

 



 

Ұйымдастыру алқасы 

 

Ҽшіров  Ҽ.М.,  т.ғ.д.,  профессор,  тӛраға;  Дайырбеков  С.С.,  п.ғ.к., 



доцент,  тӛраға  орынбасары;  Мамраимов  С.Д.,  т.ғ.к.,  доцент,  ғылыми 

хатшы; Серіков Б., э.ғ.д., профессор; Батькаев Ж.Я., а.-ш.ғ.д., профессор; 

Рустамов Н.Т., т.ғ.д., профессор; Кукеев Ж.С., т.ғ.к., доцент; Құрбаналиев 

Б.У., п.ғ.к., доцент; Апашева С.Н., т.ғ.к., доцент; Кумисбекова Д.А., т.ғ.к., 

доцент; Дошманов Е.Қ., а.-ш.ғ.к,. доцент; Мырзабек Л.Ҽ., п.ғ.к., доцент.                                        

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ж 

 

ISBN 

 

 



 

 

 



 

 

 



©  «Сырдария» университеті, 2013 ж. 

 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР СЕКЦИЯСЫ 



 

УДК  94(574):378 

 

Отан тарихын зерделеудегі жаңа бетбҧрыс 

 

Асылбек М-А.Х. 



Тарих жҽне этнология институтының бас ғылыми қызметкері, 

ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор 

 

Мемлекеттік  хатшы  М.М.  Тҽжиннің  Астанадағы  Л.Н  Гумилев 



атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде  2013  жылдың  5  маусымында 

ұлттық  тарихты  зерделеу  жҿніндегі  ведомствоаралық  жұмыс  тобының 

кеңейтілген  отырысында  жасаған  баяндамасы  елімізде  Отан  тарихын 

оқыту  мен  зерттеудің  ғылыми  бағыттарын  белгіледі,  түптеп  келгенде 

тарихи  сананы  қалыптастыру  мен  дамытудың  жаңа  бетбұрысының  басы 

болды,  -  деген  сенім  қалың  тарихшылар  қауымында  орын  алуда. 

Мемлекеттік  хатшының  баяндамасы  Елбасының  «Бүкілқазақстандық 

бірегейлік  халқымыздың  тарихи  санасының  ҿзегіне  айналуға  тиіс»  деген 

тұжырымнан  бастау  алып,  Отан  тарихын  оқыту  мен  зерттеудің  негізгі 

бағыттары мен жолдарын белгілеп берді. 

Біздің  ойымызша,  Отан  тарихын  зерделеудегі  бұл  бетбұрыс 

ҽлдеқашан  пісіп  жетілген-ді,  -  десек  қателеспейміз.  Себебі  кейінгі 

жылдары Отан тарихын орта жҽне жоғары мектептерде оқыту мен ғылыми 

зерттеу  саласында  күрделеніп,  тарихшыларды  алаңдататын,  дүрліктіріп 

жүрген  мҽселелер  орын  алған-ды.  Соның  ішінде:  оқулықтардағы 

бірізділіктің жоқтығы, кейбір оқиғалар мен тұлғаларға ҽртүрлі баға берілуі, 

ҽсіресе  жоғары  оқу  орындарында  Қазақстан  тарихына  бҿлінген 

сағаттардың  азаюы,  тарихшы  мамандығына  гранттардың  (студенттердің 

орны)  кеми  түскені,  арнайы  кафедралардың  жабылып  қалғаны, 

мемлекеттік  емтиханның  алынып  тасталуы  жҽне  т.б.,  осылардың 

нҽтижесінде  тарихшы-профессорлар,  оқытушылар  мен  ассистенттердің 

жұмысынан қысқартылғаны едҽуір белең алып, кҿптеген қиыншылықтарға 

ұшыратып отыр. 

Мемлекеттік  хатшының  баяндамасы  жҽне  отырыста  қабылданған 

қарардағы  белгіленген  шаралар  тек  тарихшылар  тарапынан  ғана  емес, 

зиялы  қауымның  да  қолдауын  табуда.  Қазақстан  тарихшылар  Конгресі 

басшылығының  бас  қосқан  мҽжілісі  ҿтіп,  жақын  арада  Республика 

ғалымдарының  арнайы  жиналысын  ҿткізу  туралы  шешім  қабылданды. 



Жақында  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих  және  этнология 

институты  мен  «Егемен  Қазақстан»  газетінің  Алматыдағы  бӛлімшесі 

ҧйымдастырған  «Ҧлттық  тарих:  ақтаңдақтан  ақиқатқа»  деген 

тақырыпта  дӛңгелек  ҥстел  ӛтті.    Тіпті,  оппозиция  ҿкілдері  де  тҿл 

тарихымызды дамытуға ынталы екенін  білдіре отырып, ұсыныстары мен 

күдіктерін  де  білдіріп  үлгерді.  («Жас  Алаш»  газетінің  13  маусымдағы  Ҽ. 


 

Қосановтың «Табанында бүрі жоқ тарих немесе Марат Тҽжиннің тағы бір 



бастамасы туралы» мақаласын айтып отырмыз). 

 

Кҿптеген  тарихшы  ғалымдар  ҿз  пікірлерімен  бҿлісуде.  Мен  ҿзім  де 



Астанадағы 

отырыста 

сҿйлеп, 

тҿл 


тарихымызды 

зерделеудегі 

жетістіктерімізді  кҿрсете  келіп,  пікірім  мен  ұсыныстарымды  айтқан  едім, 

ол  «Егемен  Қазақстанда»  18  маусымда  жарияланған-ды.  [1]  Жоғарыда 

айтылған  дҿңгелек  үстелде  жасалған  баяндамамды,  мүмкіндігінше  сол 

мақаланы  қайталамауға  тырысып,  тҿл  тарихымыздың  даму  жолдары 

туралы ҿз ұстанымымды білдірейін деген мақсатпен жариялауға ұсындым. 

1.Тҽуелсіздік  жылдары  Отан  тарихы  жаңа  кҿзқараспен,  ұлттық 

мүддеге  сай  жҽне  жан-жақты,  обьективті,  тарихилық  ұстанымдарымен 

жаңаша зерттеу нҽтижесінде, едҽуір жетістіктерге жетті. 

Сол жаңа зерделеу арқасында: 

      –  Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі ҽлдеқайда ерте заманда жатқаны, 

ал  оның  нақты  құрылуы  Алтын  Орданың  ыдырауынан  басталатыны 

анықталды; 

 – Қазақ хандары мен сұлтандарының, батырлары мен билерінің, ақын-

жыраулары мен басқа қайраткерлерінің ел тұтастығы мен тҽуелсіздігі үшін 

қызметі мен тарихта алатын орындары кҿрсетілді; 

 –  Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  кезеңдері  мен  ерекшеліктері, 

отарлықтың нҽтижелері мен зардаптары баяндалды; 

 –  Ресейдің  отарлық  саясатына  қарсы  бағытталған  ұлт-азаттық 

қозғалыстарының  себептері,  қозғаушы  күштері,  мақсаттары,  жеңілу 

себептері  мен  маңызы  қайта,  терең  зерттелді.  Ҽсіресе  Кенесары  Қасымов 

бастаған кҿтеріліс қайтадан ҽділ бағасын алды; 

 –  Ақпан  жҽне  Қазан  революциялары  кезіндегі  Қазақстандағы  саяси-

ҽлеуметтік  жҽне  экономикалық  жағдай  қайта  қарастырылды,  партиялар 

мен қозғалыстар терең талданды; 

 – Алаш партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің мақсаты мен міндеттері, 

іс-ҽрекеті,  оның  нҽтижелері,  саяси  кҿзқарастары,  ҽлсіздігі,  жеңілу 

себептері қайта қарастырылды; 

 –  1918ж,  1921ж,  ҽсіресе  1931-1933  жж.  ашаршылықтың  себептері  мен 

зардаптары, демографиялық апат ретінде келтірген зияны терең талданды

 –Кеңес  заманындағы  ұжымдастыру,  индустрияландыру  жҽне  мҽдени 

дамудың  барысы,  нҽтижелері  мен  теріс  ҽсері  мен  зардаптары  да  қайта 

қаралды; 

 –  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  Қазақстандағы  саяси,  ҽлеуметтік, 

экономикалық  жҽне  мҽдени  жағдай  да  қайта  зерттелді,  Қазақстан 

жауынгерлерінің  майдандағы  ерлігі  мен  тылдағы  еңбекшілердің  ерен 

еңбегін баяндауға кҿп кҿңіл бҿлінді; 

 – 

Қазақстан  халқының  демографиялық  апаттарға  ұшырауы, 



қазақтардың  ҿз  Отанында  аз  ұлтқа  айналуы  себептері  мен  салдарлары 

зерттеліп, нақтыланды; 

 –  Тың  жҽне  тыңайған  жерлерді  игерудің  барысы,  нҽтижелері  мен 

зардаптары қайта қаралды; 



 

 – «Тоқырау» жылдарындағы Қазақстандағы жағдай жаңаша зерделенді 



жҽне т.б. 

Отан  тарихындағы  осы  проблемалар  «Қазақстан  тарихы.  Очерк», 

1993,  «Қазақстан  тарихы»,  бес  томдық,  2010,  жҽне  басқа  да  күрделі 

еңбектер мен М. Қозыбаев, Р. Сүлейменов, Б. Тҿлепбаев, К. Нүрпейісов, 

О.  Исмағұлов,  К.  Байпақов  жҽне  Б.  Кҿмеков  сияқты  ҚР  ҰҒА 

академиктерінің,  ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшелері  Х.  Ҽбжанов,  Б. 

Байтанаев,Б. Кҽрібаев, М. Қойгелдиев, Ж. Таймағамбетов, жҽне кҿрнекті 

ғалымдар Т. Омарбеков, Қ. Алдажұманов, К. Пищулина,Д. Аманжолова, 

З.  Қинаятұлы,  Ҽ.  Дҽулетхан,А.  Қапаева,  С.  Мажитов,  В.  Козина,  В. 

Галиев,  С.  Ҽжіғали,  А.  Тоқтабай,  С.  Смағұлова  жҽне    т.б.  кҿптеген 

ғалымдардың  монографиялары  мен  мақалаларында  кҿрініс  тапты.  Бұл 

табыс, Ш.Ш. Уҽлиханов атындағы Тарих жҽне этнология инстиуты, Ҽ.Х. 

Марғұлан  атындағы  Археология  институты,  Р.Б.  Сүлейменов  атындағы 

Шығыстану  институты  мен  Астанадағы  Мемлекет  тарихы  институты 

дайындап  жатқан  Он  томдық  (20  кітап)  «Қазақстан  тарихында»  кҿрініс 

табады, - деп сенеміз. 

2.Сонымен  бірге  Отан  тарихында  ҽлі  де  нақтылай  түсетін,  кейбір 

жағдайда  орынсыз  дау-дамай,  артыс-тартыс  туғызып  жүрген,  бірақ 

арнайы  зерттеуді,салиқалы  пікір  алысуды  қажет  ететін  мҽселелер  де 

баршылық.  Олардың  ішінде  Ресейдің  аттҿбеліндей,  бірақ  биліктегі 

тарихшылары  жасанды  түрде  жасырын  пиғылмен  туғызып  жүрген  бір 

күрделі жағдай – «Қазақстан Ресей империясының отары болды ма» деген 

негізінде  ғылыми емес, саяси мҽселе. 

Сонымен, Қазақстан Ресей империясының отары болды ма?Бұл 

ҿте  маңызды  мҽселе  жҽне  ол  Қазақстан  Республикасының  кҿптомдық 

тарихында,  ҽсіресе  Жаңа  тарих  пен  Кеңестік  дҽуірлерге  арналған 

томдарда  жан-жақты  баяндалуы  керек.  Ресей  Ғылым  Академиясы  Ресей 

тарихы  институты  директоры  Ю.А.  Петров:  «ҿте  ҿткір  мҽселе  –  ҽртүрлі 

халықтар  мен  аймақтардың  Ресей  мемлекеті  құрамында  болуын 

түсіндіру»,  -  деп  ҿте  дұрыс  айтады,  соны  айта  отырып,  «Отан 

тарихшыларының  кҿпшілігі  (шамасы,  Ресей  федерациясын  нұсқайды) 

 

Ресей  империясын  отарлық  империя  деп  санауды  қаламайды  (бұл 



жерде  Оттоман  жҽне  Габсбург  империялары  сияқты,  континенталдық  – 

құрлық  империя  деген  оңды  болар  еді),  осыған  орай  олардың  Ресей 

мемлекеті  құрамында  болған  уақытын  отарлық  дҽуір  деп  атауға 

болмайды», - деп қорытындылайды. [2] 

Ҿкінішке  орай,  Ресейдің  отандық  тарих  ғылымының  аса  құрметті 

жетекшісі  Ю.А.  Петров  бұл  жерде  Ресей  империясының  мемлекеттік 

актілері мен оның кҿптеген ресми құжаттарын, сонымен қатар КСРО ҒА 

академиктері А.М. Панкратова, Н.М. Дружинин жҽне атақты М.П. Вяткин 

мен  басқа  белгілі  кеңес  тарихшылары  зерттеулерін  жоққа  шығарып, 

қарама-қарсы пікір айтып отыр. 

«Кҿпшілік»  емес,  шынында  да  аттҿбеліндей  аз  ғана  ресейлік 

тарихшылар  Ресей  империясының  отаршылдық  сипатта  болмағандығы 



 

туралы пікірді ұстанып отыр, олардың қатарында тек РҒА этнология жҽне 



антропология  институтының  директоры  В.  Тишков,  РҒА  ТМД  елдері 

институтының  директоры  К.  Затулин,  сонымен  қатар,  А.  Князев,  А. 

Лобанов,  В.  Третьяков,  А.Д.  Дугин,  С.  Козлов  жҽне  басқалары  бар,  [3] 

бірақ оларды «кҿпшілік» деп атауға болмайды. 

Сонымен, бұл ресейлік құрметті ҽріптес-ғалымдар тарих ғылымында 

А.И.  Солженицыннің,  М.С.  Горбачевтың  жҽне  В.В.  Жириновскийдің 

айтқандарын  ҿздерінше,  жаңа  сарынмен  қайталауда.  Соңғысы 

Қазақстанда «персона нон грата» (дипломатиялық ҿкілдіктің елге келуін 

үкімет қаламайтын адамы) атанды. 

Бұрын  тарих  ғылымында,  Ресей  империясы  мен  КСРО-да,  сонымен 

қатар  Кеңес  Одағына  кіретін  басқа  ұлттық  республикалар  мен  облыс  – 

округтерде  бұл  мҽселе  ешқандай  пікір-таластар  да,  келіспеушіліктер  де 

тудырмаған,  сонымен  қатар  сол  кездің  нақты  шындығы  ретінде 

дҽлелденгенді.  Тек  кейінгі  жылдары  ғана  Ресей  мен  Кеңес  Одағында 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тарих  ғылымындағы  жан-жақты  жҽне 

нақтылы  дҽлелденген  тұжырымды  қайта  қарауға  ҽрекет  жасалуда. 

Байқауымызша,  бұл  жаңа  жағдай  Ресей  Федерациясы  басшылығының 

Кедендік  Одақ  түріндегі  экономикалық  интеграцияны дамыту  үшін  ғана 

емес, Ортақ экономикалық кеңістік құру, Кеңес Одағына енген бұрынғы 

республикаларды  ҿз  тҿңірегіне  жинау  сияқты  геосаяси  мақсатқа 

байланысты ҿрбіп отырған сияқты. 

Осыған  байланысты  ҽлемге  ҽйгілі  қоғамдық  фактіні  жасыруға 

болмас.  Кеңес  Одағына  дейінгі дҽуірде,  Габсбург,  Оттоман  жҽне  Британ 

империялары  секілді,  Ресей  де  отарлық  империя  болып  табылатын.  Тек 

айырмашылық мынада болды: Британ империясы теңіздің ар жағындағы 

аймақтарды отар етті, ал басқалары – жақын жҽне алыс шектескен елдерді 

отар  етті.  Кейбір  қадірменді  ресейлік  тарихшылар  мына  бір  жайтты 

ескермейді: Ресей халықтардың түрмесі болған, ал басқаны езіп отырған 

халық ешқашан азаттыққа қолы жетпейді, - деп кҿрсетеді классиктер. 

Тек  қана  Ресей  империясы  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа 

империялар  да  полиэтникалық,  поликонфессионалдық  мемлекет  болған, 

ал  оның  жеке  бҿлімдері,  ұлттық  ҿлкелері  ҽлеуметтік-экономикалық 

дамуында  ҽркелкі  болды,  метрополиядан  артта  қалған  еді.  Бұл  белгілі 

жағдай.  Дау  жоқ,  великоросстар  отар  ҿлкелердің  ҿкілдерімен 

салыстырғанда,  кҿптеген  артықшылықтарға  ие  болды.  Мҽселен, 

жұмыспен  қамту  мҽселесінде,  білім  алуда,  қызметте  ҿсу  бойынша  жҽне 

т.б.  Тіл  жағынан  кемсітушілікті  айтпаса  да  түсінікті.  «Бұратаналарды» 

темір  жолға,  ҽсіресе  поездар  жүрісіне  байланысты  қызметтерге  алмады. 

Басқа  діни  де,  ҿзге  де  ұлттық  та  тҿзімділік  болған  жоқ.  Киевтегі  кірпіш 

зауыттың приказчигі, еврей М. Бейлис (1913 ж.) ісін еске алайық.  XIX ғ. 

соңы  XX  ғ.  басында  Ресейде  еврейлерді  қырғынға  ұшырату,  басқа 

діндегілерді  қуғындау,  жабайы  ҽрекеттерге  бару  оқиғалары  орын  алды. 

Естеріңізде  болса,  Ресейде  басқа  ұлттың  ҿкілдерін  былайша  атаған: 

жидтер,  самоедтер,  калбиттер  жҽне  т.б.  В.И.  Ленин  1922  жылы 



 

«ұлтшылдық  жҿнінде  тарихи  тҽжірибеде  ҽрдайым  дерлік  біз,  үлкен 



ұлттың ҿкілдері, сансыз кҿп зорлық жасап кінҽлі болып жүрміз, тіпті одан 

да асып – ҿзіміз байқамайтын сансыз кҿп зорлық, зҽбір кҿрсетеміз, - бұл 

жҿнінде  менің  Еділ  бойындағы  есте  қалғандарымды  еске  алудың  ҿзі-ақ 

жеткілікті: бізде бұратана халықтарды ылғи кемсітетін, полякты басқаша 

емес,  «полячишка»  деп  атайтын,  татарды  басқаша  емес,  «князь»  деп 

келемеждейтін,  украинды  басқаша  емес,  «хохол»  деп  атайтын,  грузинді 

жҽне Кавказдың басқа да халықтарын – «Капказ адамы» деп атайтын» – 

деп  жазған-ды.  [4]  Ол  кездегі  Ресей  империясында  отар  халықтардың 

мҽселесі  бойынша  үйлесімді  саясат  та  жүргізілген  жоқ,  керісінше 

казактардың «іздестіру шаралары» («поиски») жүргізілді, сонымен қатар 

ұлт-азаттық 

қозғалыстарға 

қарсы 

қатігез 


экспедициялар 

ұйымдастырылды, 

оларды 

патшалық 



Ресейдің 

ірі 


қандықол 

қолбасшылары – генерал-жаулаушылар Ермолов, Скобелев, Черняев жҽне 

т.б.  басқарды.  Біздің  кҿзқарасымызша,  сондықтан,  Ресей  империясы 

құрамында  «ұлттық  құрылымдардың  сіңісу»  тезисі  сын  кҿтермейді.  Бұл 

жағдайға,  Ресей  тарихшыларының  кейбіреулері  айтқандай,  империяның 

билеуші  топтары  жүргізген  этникалық  элиталармен  тығыз  байланыста 

болу  туралы  дҽстүрлі  ұстаным  болғаны  да,  осылардың  нҽтижесінде 

кҿпэтникалық жүйенің біріктірілгені де, империялық «беріктік» болғаны 

да  шындыққа  жанаспайды.  Мұндай  аты  шулы  империялық  «беріктік» 

болған  да  жоқ.  Бұл  «беріктік»  1917  ж.  Ақпан  мен  Қазанда  тас-талқан 

болған-ды,  оның  күйреуіне  Ресейдің  құрамындағы  езілген  халықтардың 

ұлт-азаттық қозғалыстары да ҿзінің қомақты үлестерін қосты ғой. Езілген 

ұлттар,  жұмысшы  жҽне  шаруа  қозғалысымен  одақтаса  отырып,  басқа 

елдерді тонау үшін басталған бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтату үшін 

күрес  нҽтижесінде,  алдымен  Ресей  халықтарын  «біріктірген»  патшалық 

«феноменді»,  соңынан  іріп-шіріген,  дарынсыз  Уақытша  ҿкіметті 

құлатқан-ды. 

1730  ж.  19  ақпанда  Ресейдің  бодандығын  қабылдау  туралы  Анна 

Иоановна  патшайымның  Ҽбілқайыр  ханға  жіберген  Грамотасы,  1917  ж. 

шейін  патша  билігінің  барлық  жарлықтары  мен  ережелерінде,  генерал-

губернаторлардың  есептерінде  жҽне  т.б.  Қазақстанның  отарлық 

жағдайлары  кҿрсетіледі.  Қазақстанды  Ресейге  бағындыру  Империяның 

Азияның басқа елдеріндегі мүдделерін жүргізудегі стратегиялық мақсаты 

болатын. Петр I 1722 ж. ерекше басып кҿрсетті: «Барлық Азия елдері мен 

жерлеріне  бұл  (Қазақ)  орда  кілт  жҽне  қақпа.  Сол  себепті  бұл  орданы 

Ресейге  бағындыру  қажет,  сол  арқылы  барлық  Азия  елдеріне  байланыс 

жасап, Ресей үшін пайдалы жҽне жағымды шараларды іске асыру керек». 

Петр  I  А.  Тевкелевке  тҿмендегідей  тапсырма  берді:  «Егер  ол  орда 

нақтылы  түрде  бодандыққа  кіргісі  келмесе,  онда,  қанша  болса  да 

қаражатты аямай, миллион болса да, тек Ресей империясына бодан болуға 

міндеттенген бір бет қағаз берсе де болғаны» [5]. 

 Қазақстан  Ресейдің  отары  болғаны  туралы  патшаның  генералдары, 

аға  офицерлері,  отарлық  биліктегі  шенеуніктер,  ғалымдар  жҽне  т.б.  ҿз 


 

уақытысында  жазған  болатын.  Солардың  ішінен  бірнешеуін  атап  ҿтетін 



болсақ:  Терентьев  М.А.,  Бартольд  В.В.,  Абаза  К.К.  жҽне  т.б.  Ресей 

империясының отарлау саясатында маңызды рҿл атқарған казак ҽскерлері 

туралы еңбектерді де кҿрсетуімізге болады. [6] 

Бұл  туралы  Қазақстанның  кеңес  тарихшыларының  алғашқы 

буынынан С. Асфендияров, Т. Рысқұловтың жҽне т.б. жазған зерттеулері 

жарияланды.  П.Г.  Галузо  «Түркестан  -  колония»  -  деген  (Ташкент,  1934 

ж.) кітап шығарды. Қазақстандағы кеңес тарихшыларының екінші буыны 

ҿкілдерінің  қатарында  Б.С.  Сүлейменов,  Е.  Бекмаханов  жҽне  т.б. 

еңбектері  Ресейдің  Қазақстанды  отарлау  дҽуіріне  арналды;  бұл  жерде 

айта  кететіні,  олар  Ресейге  қосылуының  прогресс  болғанын  да  кҿрсетті. 

Бұл  жерде  айрықша  мҽн  беретін  мҽселе,  КСРО  ҒА-ның  академигі  А.М. 

Панкратова  Қазақстан  мен  Ресейдің  отары  болғаны  жҽне  де  кҿп 

отарларының  бірі болғаны  туралы ҿз ұстанымында нық  тұра  алды. 1943 

ж.  М.  Абдықалықов  пен  оның  редакциялығымен  Қаазақстан  тарихы 

туралы  еңбек  жарыққа  шықты,  1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысы  жүріп 

жатқан  қилы  кезеңдерде  шыққан  Қазақстан  тарихы  үш  ірі  дҽуірге 

бҿлінеді:  I  –  Қазақстан  халықтары  тҽуелсіздік  кезеңінде  (1860-шы  жж. 

дейін); II – Қазақстан – Отар – (1860-шы жылдардан 1917 ж. дейін); III – 

Социалистік  Қазақстан.  Тҽуелсіздік  жылдарында  бұл  ғылыми  тұжырым 

ары қарай дамыды:  

Қазақстанды  отарлау  үрдісі  казактарды  қолдану  арқылы  XVII 

ғасырда  басталған  болатын.  1616  ж.  Жайық  бекінісінің  (Орал  қ.  таяу 

маңдағы)  салынды,  қазақтардың  Ҽбілқайыр  ханның  қарамағындағы  бір 

бҿлігі  Ресейдің  бодандығын  ҿз  еркімен  қабылдауы;  Ресейдің  Оңтүстік 

Қазақстанды  жаулап  алуы  жҽне  т.б.  мҽселе  бұрын  да,  Тҽуелсіз 

Қазақстанда  да  шешілген.  ҚР  Президенті  Н.Ҽ.  Назарбаев  2012  ж.  14 

қазанында  Стамбулда  ҿткен  қазақстандық-түрік  бизнес  форумында 

сҿйлеген  сҿзінде:  «Біз  барлық  түркі  халқының  отанында  ҿмір  сүреміз. 

1861 жылы соңғы қазақ ханы ҿлтірілген соң, Ресей патшалығының, содан 

кейін Кеңес Одағының отары болдық. Қазақтар 150 жылда ҿзінің ұлттық 

салт-дҽстүрінен,  ҽдет-ғұрыптарынан,  тілінен,  дінінен  айрылуға  аз-ақ 

қалды.  Құдай  жар  болып  1991  жылы  ҿзіміздің  тҽуелсіздігімізді 

жарияладық. Сіздердің ата-бабаларыңыз тарихи отаны-Түрік қағанатынан 

кетерде,  түркі  халқының  атауын  ала  кетті.  Ҽлі  күнге  дейін  түріктер  ең 

жақсы жігіттерін «қазақ» деп атайды. Міне біз – сол қазақтармыз» [7] 

Кеңес  дҽуірі  бойынша  біршама  мҽселелерді  нақтылай  түсу  қажет 

сияқты,  олардың  ішінде:  Алаш  қайраткерлері  мен  қазақ  коммунистері 

арасындағы  айтыс-тартыс,  саяси  күрес,  оның  себептері  мен  салдары; 

Қазақстандағы  1918,  1921,  ҽсіресе  1931-1933  жж.  жаппай  ашаршылықты 

Орталық  билік  –  Мҽскеу  ҽдейі  ұйымдастырған  деген  тұжырым 

қаншалықты  дұрыс?  1970-1980  жж.  Қазақстанда  «тоқырау»  болды  ма?  – 

деген сияқты кҿптеген мҽселелерге біз дұрыс тұжырым жасауымыз керек, 

оны он томдықта кҿрсете отырып, оның ішінде бұл жергілікті комунистер 

мен  «Алаш»  қозғалысының  қайраткерлері  арасындағы  күресті  анықтап 



 

алуды  тағы  да  қажет  етеді.  Тарих  ғылымы  тҿңірегіндегі  кейбір 



қаламгерлер  Ҽліби  Жангелдинді,  Сҽкен  Сейфуллинді,  Бақытжан 

Қаратаевты,  Тұрар  Рысқұловты,  Мұхамедияр  Тұнғаншинді  жҽне  де  басқа 

Кеңес  билігінде  болған  қайраткерлерді  «ҽшкерелейді»,  1917-1930  жж. 

қарқынды саяси қарама-қайшылықтар арасындағы жағдайды саяси-таптық 

тұрғыдан  қарастырмай,  тарихымызды  игере  алмаймыз.  Ұлт  комунистері 

де, «Алаш» қайраткерлері де, олардың барлығы ҿздерінше қазақ халқының 

ҽлеуметтік-мҽдени жҽне саяси дамуы үшін, жарқын болашағы үшін еңбек 

етті  жҽне  күресті.  Бұл  мҽселеде  РКФСР-ң  Халкомның  тҿрағасы  –  Т. 

Рысқұлов  пен  Қоқан  автономия  үкіметінің  тҿрағасы,  Уақытша  үкіметтің 

Жетісудағы  комиссары  –  М.  Тынышбаевтың  –  Түркістан-Сібір  темір 

жолын салудағы бірлесіп атқарған қызметі жарқын үлгі бола алады. Қазақ 

элитасының осы екі тобының қасіретті тағдыры тек бірін-бірі жойғанында 

ғана емес, «бҿліп ал да, билей бер» деген Орталық саясаттың іске асуында 

да  жатыр.  Бұл  Орталықтың  ұлттық  республикаларды  басқарудағы 

сынақтан  ҿткізу  ҽдісі,  ҽр  5-10  жыл  сайын  қазақтың  ұлттық  қаймағы  – 

қазақтар интелегенциясы ҿкілдерін жойып отырды. Дҽл осы жағдай Кеңес 

Одағының  басқа  ұлттық  республикаларында  да,  облыстары  мен 

округтарында  да  орын  алған  еді.  Осы  кҿптомдық  «Қазақстан  тарихында» 

М.  Шоқай  да  лайықты  орнын  алуы  керек.  Бізге  Кеңес  уақытысындағы 

Мұса  Жалилді  ардақтай  алған  татар  тарихшыларының  қызметі  үлгі  бола 

алады.  Жалпы  соғыста  жау  қолына  тұтқынға  түскен  ҿз  азаматтарына 

кҿрсеткен қуғын-сүргіні бойынша, Кеңес ҿкіметі шектен шыққан қатігездік 

кҿрсеткенін арнайы зерттеген жҿн. 

Жаппай  ашаршылық  жылдарында  қазақ  халқы  жартысынан 

айрылды.  Бұл  орасан  зор  қайғылы  оқиға,  бірақ  оны  арнайы 

ұйымдастырылды, жерді орыстарға босату үшін қазақты жоюды кҿздеді, - 

деуге  болмайды.  Аштық  алдында,  оның  кезінде  жҽне  кейін  де  үкіметтің 

тҿтенше шаралар қолданып, халықты аман алып қалу жҿніндегі ҽрекеттері 

туралы  деректер  жеткілікті.  Бір  мысал  келтіре  кетсем:  1928  ж.  ҿзінде 

Жетісу  облысында  халыққа  азық-түлік  жетіспеу  сезіле  бастады, 

миллиондаған сом Қытайдан астық ҽкелуге бҿлінді, ал жергілікті биліктің 

қылмысы – сол астықты уақытылы сатып алуды ұйымдастыра алмауында, 

ақшаны игере алмауында еді.  

 Екінші  дүниежүзілік  соғыстың, ҽсіресе  Кеңес  Одағының  фашистік 

Германияға  қарсы  1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  Қазақстан 

жағдайы  жҿнінде  ҽлі  де  зерттей  түсетін  мҽселелер  де  жеткілікті,  соның 

ішінде  соғыстың  нҽтижесінде  жау  қолына  түскен  тұтқындар  тағдыры, 

елдегі ҽлеуметтік-демографиялық жағдай, қазақтардың шығыны жҽне т.б 

 Кейбір  тарихшылар  екінші  дүниежүзілік  соғыс  тақырыбымен 

арнайы жҽне терең айналыспағандықтан, ешбір сенім тудырмайтын ҽдеби 

шығармаларға  сүйеніп  қана,  Ұлы  Отан  соғысының  сипаты  мен  мақсаты 

жҿнінде  алып-қашпа  пікірлер  айтып  жүр.Мақала  кҿлемі  мүмкіндік 

бермегендіктен  (бұл  жҿнінде  арнайы  жазу  керек  шығар)  тек  Ұлы  Отан 

соғысының  кері  пікір  тудыратын  бір-екі  мҽселесіне  ғана  тоқталайық. 



10 

 

«Қазақ  жауынгерлері  Ұлы  Отан  соғысы  майданында»  деген  «тарихи-



құжаттық  зерттеуде»  (редакторы  да,  алғы  сҿздің  авторы  да, 

құрастырушылардың бірі де тарих ғылымдарының докторы, профессор Б. 

Ғ.  Аяған,  яғни,  орысша  мақал  бойынша,  «и  кузнец,  и  жнец,  и  на  дуде 

игрец»-қазақшасы:  «ұста  да  ҿзі,  орақшы  да  ҿзі,  сырнайшы  да  ҿзі») 

Молотов-Риббентроп  пактісі  Кеңес  Одағы  үшін  зиян  болды,  соғыс 

басталғаннан  кейін  бірнеше  күн  И.  Сталин  Кремльден  кҿрінбеді  деп,  

жалпы  Кеңес  Одағы  мен  фашистік  Германияны  агрессиялық  мақсаты 

жағынан  теңестіре  отырып,  Кеңес  Одағы  жағынан  бұл  соғыстың  Ұлы 

Отан  соғысы  болғанына  күдік  келтіргендей  болады.  У.  Черчилльдің  бұл 

соғыстағы рҿлін ҽсіре бағалайды жҽне т.б. [8]  

 

 

Сол  Б.  Ғ. 



Аяған  мырза  мадақтаған  У.  Черчилльдің  ҿзі  Молотов-Риббентроп 

пактісін  тіпті  басқаша  бағалалаған:  «...Олардың  екеуі  де  [Сталин  мен 

Гитлер]  бұл  [келісім]  жағдайға  байланысты  туған  уақытша  шара  екенін 

түсінген еді...  Осындай келісімнің мүмкін болуы ағылшын және француз 



саясаты  мен  дипломатиясының  бірнеше  жыл  бұрын  күйреуінің 

тереңдігін  кӛрсетеді...  Кеңестер  пайдасына  мынаны  айтуға  болады: 

Кеңес  Одағы  үшін  мүмкіндігінше  герман  ҽскерлерінің  шабуылға  шығар 

позицияларын  неғұрлым  батысқа  алыстатып,  орыстар  уақыт  ұтып  жҽне 

ҿздерінің  ұлан-ғайыр  империясының  түкпір-түкпірінен  күш  жинау 

мүмкіндігін  алды...  Оларға  күшпен,  немесе  алдап  болса  да,  Балтық 

жағалауы  мемлекеттері  мен  Польшаның  кҿп  бҿлігін,  [Германия]  жаулап 

алғанға дейін, басып алу қажет болды. Егер  олардың саясаты қатаң есеп 

болса да, ол сол кезде жоғары дҽрежедегі реалистік саясат болатын». [9] 

Черчилльдің  осы  пікірі  «тарихи-құжаттық  зерттеуде»  келтірілген.  Сонда 

редактор да, алғы сҿз авторы (Б. Ғ. Аяған) оны оқымаған ба?   

 

 

Сондықтан  У.Черчилль  сияқты  халықаралық  деңгейдегі 



сұңғыла саясаткер пікірі мен шетелдік белгілі ғалымдардың (Америкалық 

профессор  Р.  Россер,  француз  тарихшысыШевер,  батыс-герман 

тарихшысы  Никиш  жҽне  т.б.)  [10]  Молотов-Риббентроп  пактісі  туралы 

пайымдаулары  тарихи  шындыққа  келеді.  У.  Черчилльді  асыра 

мадақтаудың  да  шындыққа  жақындамайтыны  белгілі.  Ол  ҿз  елінің 

мүддесін қорғаған қайраткер, сол мақсатында Гитлерге қарсы одақ құруға 

күрескені  де  рас,  бірақ  сонымен  қатар  екінші  майданды  кешіктіріп,  не 

1942, не 1943 ж. емес, тек 1944 ж. 6 маусымда ашуға күш салған еді. 1944 

ж.  –  Кеңес  Одағы  ҽскерлері  ҿз  территориясын  азат  етіп,  Польша 

шекарасына  жақындаған  кез  еді:  Черчилль  екінші  майданды  Балкан 

жағынан  ашып,  Кеңес  ҽскерлерін  Еуропа  елдеріне  жібермеуді  кҿздегені 

де  рас.  Басқа  да  кедергілер  жасап,  Кеңес  Одағын  ҽлсірете  түсуге  айла-

амал жасады. Ал соғыс аяқталған соң Кеңес Одағына қарсы қырғи қабақ 

соғысты  бастаған  да  Черчилль  емес  пе?!  Тіпті  У.  Черчилль  Ялта 

конференциясынан  кейін  (1945  ж.  ақпан  айы)  Кеңес  Одағы  ҽскерлеріне 

тұтқиылдан  шабуыл  жасауға  бұйрық  беріп,  бір  миллионнан  астам  қолға 

түскен неміс ҽскерлерін қарусыздандырмай, оларды да сол арам пиғылға 


11 

 

пайдалануға  тырысты.  Бірақ  Кеңес  ҽскерлерінің  кҿптігінен  жҽне 



күштілігінен бұл авантюралық ҽрекетінен бас тартуға мҽжбүр болды.[11] 

И.В.  Сталинді,  басқа  Кеңес  басшыларын  Молотов-Риббентроп 

пактісін-Кеңес  Одағы    мен  Германия  арасындағы  бір-біріне  шабуыл 

жасамау  жҿніндегі  келісім  жасағаны  үшін  айыптаушылар  сол  кездегі 

халықаралық  жағдайды  жете  білмегендіктерін  анық  кҿрсетеді.  Нақ 

осындай,  Германиямен  шабуыл  жасамау  туралы  келісімдерге  Англия 

1938  ж.  30  қыркүйекте  Мюнхенде,  ал  Франция  1938  ж.  6  желтоқсанда 

асығыс,Кеңес  Одағынан  бір  жылдан  аса  бұрын  қол  қойған  еді.  Мюнхен 

Келісімінен  кейін  Германиямен  шабуыл  жасамау  туралы  келісімге 

келмеген  тек  Кеңес  Одағы  ғана  қалған  еді.  Сыншылар  бұл  бүкіл 

дүниежүзіне  белгілі  дипломатиялық  жағдайды  не  білмейді,  не  білгісі 

келмейді,  яғни  «кҿрмес-түйені  де  кҿрмес»,  -  дегеннің  кебі  келіп 

тұр.Англия  менФранция  Германиямен  шабуыл  жасамау  жҿнінде 

келісімге  келсе,  олардікі  дұрыс  болады,  ал  Кеңес  Одағынікі  бұрыс 

болғаны  ма?!  Осыған  байланысты  И.В.  Сталинге  Германиямен  соғысқа 

дайындала  алмады,  соғыстың  қашан  басталарын  білмеді,  «Красная 

капелла»  мҽліметтеріне  сенбеді  жҽне  т.б.,  «кінҽлар»  тағу  да  арнайы 

ҽдебиеттерді  білмегендіктен  туған,  үстірт,  жеңіл-желпі,  қатардағы 

тоғышарларға  арналған  «жаңалықтар»  екені  де  белгілі  болып  тұр.  Бұл 

жҿнінде деректер жеткілікті. Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кезде И. В. 

Сталин  У.  Черчилльге:  «Маған  ешқандай  ескертулердің  қажеті  жоқ 

болды.  Мен  соғыстың  басталатынын  білдім,  тек  мен  жҽне  алты  ай,  не 

соған жуық уақыт ұтуға болады, - деп ойладым», - деген-ді. [12] 

 Жалпы  И.  В.  Сталин  туралы  кҿп  жазылған,  оның  қан  құйлы  іс-

ҽрекетіне  жан-жақты  баға  берілген.  Тіпті  Қазақстандағы  байларды 

тҽркілеу,  күштеп  ұжымдастыру  мен  орнықтыру,  соның  нҽтижесіндегі 

1931-1933  жж.  жаппай  ашаршылық,  қазақтың  жартысына  жуығы 

қырылғаны,    1930-жж.  қуғын  сүргін,  оның  құрбандары  жҽне  т.б. 

мҽселелер жҿнінде И. В. Сталинге, оның орталықтан жіберген Голощекин 

сияқты эмиссарларына тиісті баға берілді. Бұл шынайы тарихи шындық. 

Ұлы  Отан  соғысы  тарихына  да  сондай  ҽділеттілік,  шынайы  шындық 

керек.  Осы  жерде  «Зерттеудің»  редакторы  да,  алғы  сҿз  авторы  да  Б.  Ғ. 

Аяған  тарихқа  екінші  қиянат  жасайды.  И.  В.  Сталинді  даттаудың  кең 

жолына  түскен  ол  тарихи  шындықты  ҿрескел  бұрмалауға  барған.  И.В. 

Сталиннің соғыс басталған соң бірнеше күн Кремльде болмай, «тығылып 

жатқаны»  да,  Н.С.  Хрущевтың  ҿз  аузымен  таратқан  ҿтірік-жаласын 

қайталау болып табылады. И.В. Сталиннің соғыс басталарында, онан соң  

21  маусымнан  бастап  28  маусымға  дейін  Кремльде  үзбей  болғаны 

жҿнінде  деректер  де,  ҽдебиеттер  де  жеткілікті.  Ең  негізгісі  Сталиннің 

қабылдауында  болғандарды  тіркеген  кезекші  хатшылардың  жазғандары  

баспада  жарияланған  ҿте  құнды,  сенімді  дерек.  Сонымен  қатар  Кеңес 

қолбасшыларының  естеліктерінен  бҿлек  К.  Романенконың  «Великая 

война  Сталина» деген кітабы жҽне В. Карповтың «Генералиссимус» [10] 

деген  еңбегінде    1941  ж.  21  маусымының  18  сағат  27  маусымынан  28 



12 

 

маусымының  00:50  дейін  И.  В.  Сталиннің  191  [13]  Кеңес  одағы 



басшылары  мен  ҽскери  қолбасшыларын  қабылдаған  тізімін  жариялаған: 

Бұл  жҿнінде  «Қазақ  жауынгері  Ұлы  Отан  соғысы  майданында»  деген 

«тарихи-құжаттық  зерттеуде»  берілген  белгілі  қоғам  қайраткері,  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагері,  философия  ғылымдарының  докторы, 

профессор,  академик  Сағындық  Кенжебаев  ағамыздың  «Ана  тілі» 

газетінде  (2010  ж.,  6  мамыр)  жарияланған  «Соғыс  осылай  басталды» 

деген  естелігінде  де  ҿте  анық,  дҽлелді  айтылады.  Сағындық  ағамыз: 

«Берия  мен  Хрущевтың:  Сталин  сасқалақтап  қалды.  Бірнеше  күн 

басшылықтардан  қол  үзді.  Кунцево  саяжайында  жасырынып  жатып 

алды»  деуі  –  барып  тұрған  ҿтірік,  жала.  Мұны  кҿпке  белгілі  құжаттар 

дҽлелдейді»,  -  дей  қорытындылайды».  [14]Сонда  бұл  «зерттеудің»  алғы 

сҿзінің авторы, редакторы Б. Ғ. Аяған С. Кенжебаев ағамыздың жазғанын 

оқымаған  ба?!  Бір  «зерттеудің»  ҿзінде,  екі  мҽселе  жҿнінде  екінші  рет 

қарама-қарсы екі пікір орын алғаны ҿрескел қате, тіпті ұят емес пе?! 

Жалпы  екінші  дүниежүзілік  соғыстың  халықаралық  деңгейдегі 

мҽселелері  12  томдық  еңбекте,ал  Кеңес  Одағының  Ұлы  Отан  соғысы 

туралы  сол  сияқты  кҿптомдықта,  арнайы  зерттеулер  мен  мемуарлық 

(естелік)  ҽдебиетте  жан-жақты  зерттелген,  соғыстың  сипаты,  себептері, 

барысы, нҽтижелері мен маңызы жан-жақты талданған. Жаңа деректерсіз, 

белгілі  бір  теріс  бағыттағы  естеліктер  жетегінде  ғана,  ҽсіресе  Резун 

сияқты  Отанын  сатқанның  «Ледокол»  сияқты  жалған  еңбектеріне 

сүйеніп,  бұл  соғыстың  кейбір  ұсақ  мҽселелері  бойынша  ҿз  бетінше 

«жаңалық ашу»,  «пайымдай салу» жоғарыдағы қателіктерге соқтырғаны 

ҿкінішті.  Мемлекет  тарихы  Институты  шығарған  бұл  «тарихи-құжаттық 

зерттеудің» басқа да кемшіліктері арнайы қарастыруды қажет етеді.  

Жалпы  «тарихи-құжаттық  зерттеудің»  айналдырған  он  беттік  қана 

алғы  сҿзінде  Ұлы  Отан  соғысының  күрделі  мҽселеріне,  ҽсіресе  И.В. 

Сталин сияқты халықаралық деңгейдегі қайраткерге ат үсті баға бере салу 

дұрыс  емес.  Бұл  мҽселелер  кҿп  томдық  зерттеулермен  жҽне  кҿптеген 

ҽскери  қолбасшылардың  естеліктерінде  жан-жақты  анықталған.  Б.  Ғ. 

Аяған  мадақтаған  Кеңес  Одағының  қас  жауы  У.  Черчилльдің  де 

«Сынақтар  жылы  Ресейді  Сталиндей  данышпан  жҽне  мызғымас 

қолбасшы басқарғаны Ресей үшін зор бақыт болды»  - деп айтқанын [15] 

алғы сҿз авторы, редакторы білмейді ме?! Бұл «зерттеудің» осы он беттік 

алғы  сҿзі  ішінде,  ҿкінішке  қарай,  кереғарыс  теріс  пікірлер  мен 

қайшылықтар жеткілікті.   

Жалпы бұл «зерттеуде» Ұлы Отан соғысы, И.В. Сталин сияқты жҽне 

басқа  да  дүниежүзілік  күрделі,  бірақ  негізінен  зерттелген  мҽселелерге 

килігіп, шатасқанша, Қазақстанның осы соғыс кезіндегі жағдайы, жеңіске 

қосқан үлесі, кҿрген қиыншылықтары мен қайғы-қасіреті жҽне құрбандар 

саны,  демографиялық  ойсыраудың  ҽсері  жҽне  т.б.  нақтылы  мҽселерді 

жаңаша  кҿзқараспен,  жаңа  деректермен  ғылыми  жоғары  деңгейде 

зерттегені жҿн емес пе еді?! 


13 

 

Осы Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі 



еліміздің жастарын патриоттық сезімге тҽрбиелейтін күшті фактор екенін 

баса айтқымыз келеді. Мұны кезінде студент жастарды коммунистік рухта 

тҽрбиелеудің  маманы  болған  (кандидаттық  диссертациясы:  «Қазақстан 

студенттерінің  идеялық-саяси  тҽрбиесін  партиялық  басқару  (1976-1985 

жж.)»    (Алматы,1989)  қазіргі  профессор  Б.  Ғ.  Аяған  жақсы  білсе  керек. 

Қазіргі  кезде  Балтық  бойы  мемлекеттерінде,  Украина  мен  Грузияда  Отан 

соғысы  деген  мағынадан  бас  тартып,  бұл  соғыстың  мақсаты  мен 

нҽтижелерін  қайта  қарап  жатқанда,  Ҿзбекстанда  генерал  Рақымовтың 

ескерткішін  алып  тастап,  оның  атын  жойып  жатқанда  (айта  кетейік-

Шымкентте оған ескерткіш қойылды), біз, тарихшылар, Ұлы Отан соғысы 

мҽселелеріне  бұрынғыдан  да  кҿп  кҿңіл  бҿлуіміз  керек,  -  деп  ойлаймын. 

Осы жағдайға байланысты мемлекеттік хатшының «ҿткен күнге обьективті 

қарауымыз  керек,  аға  буынның  наным-сенімдеріне  құрметпен  қарап  қана 

қоймай,  тарихта  тек  қара  мен  ақ  түстің  ғана  болмайтынын  ұғынуымыз 

керек», – деген сҿзі орынды-ақ болып тұр. Екінші дүниежүзілік соғыстың, 

ҽсіресе  Ұлы  Отан  соғысының  күрделі,  дүниежұзілік  жҽне  Кеңес  Одағына 

байланысты халықаралық деңгейдегі мҽселелері негізінде шешілген, Жаңа 

деректер  тауып,  жаңа  тұжырым  жасауға,  ҽрине,  болады.  Бірақ  кҿптен 

белгілі, шынайы тарихи кҿзқарастан алыс, сенімсіз деректерге негізделген 

жоғарыдағы «пайымдауларды» қайталамаған жҿн. Оның орнына Ұлы Отан 

соғысы кезіндегі Қазақстан тарихына терең зерттеу жүргізген жҿн. 

3.  Тарихымызды  жаңаша  зерделеуде  тҿрт  ғылыми  зерттеу 

институттары 

мен 


университеттердегі 

тарих 


кафедраларының 

жауапкершілігін  күшейту  қажет.  Ҽсіресе  Астанадағы  «Мемлекет  тарихы 

институтының»  орны  бҿлек,  оның  билікке  жақындығы  да,  қаражат  пен 

кадр молшылығы да осы бетбұрыс жағдайда үлкен рольге ие етеді. «Кімге 

кҿп  беріледі  –  содан  кҿп  сұралады»,  -  деген  орыс  мақалы  бар.  Қазіргі 

мемлекетіміздің  күнтізбесін,  құжаттар  жинағын  шығарып,  үгіт-насихат 

негізін салып, едҽуір жұмыс істеп жатқаны да белгілі, бірақ мемлекеттілік 

проблемаларға  арналған  монографиялар  ҽзірше  аз.  Ұлы  Отан  соғысына 

арналған  «тарихи-құжаттық  зерттеудің»  кейбір  кемшіліктері  жҿнінде 

жоғарыда  қысқаша  болса  да  айттық.  Тікелей  мемлекеттің  тарихына  

қатысы  жоқ  ұсақ  мҽселелермен  айналысу  орнына,  Институттың  ғылыми 

бағытын  ҽлі  де  болса  нақтылай  түскені,  мемлекеттік  күрделі 

проблемаларды  кеңінен  зерттегені  жҿн.  Бұл  біздің  сол  институтқа  деген 

ізгі  тілегіміз,  ҽйтпесе  алты  -  аласымыз,  бес  -  бересіміз  жоқ,  ешкімнің 

айтуынсыз,  «жасырын  ойынсыз»  ҿздігімізден  осы  мҽселені  тура  қойып, 

институт жұмысының табысты болуына тілектеспіз. Бізді дұрыс түсінсе  – 

рахмет, ұсынысымызды қабылдамаса да ҿкпе жоқ – ҿздері білсін. 

4.  Істі  бітіретін-кадрлар  деп  бекер  айтпаған,  қазіргі  жағдайда, 

тарихымызды  жаңаша  зерделеуде  кадрлар  тапшылығы  –  маман 

тарихшылар  (Батыс  Европа  мен  Шығыс  тілдерін  білетін,  деректанушы, 

антрополог  жҽне  т.б.)  жетіспеуі  белгілі  жағдай.  Докторлық  жҽне 

кандидаттық  диссертациялар  қорғайтын  арнайы  ғылыми  кеңестер 



14 

 

жабылғалы  біраз  уақыт  ҿтті.  Диссертациялары  даяр,  жарияланған 



еңбектері  жеткілікті  ізденушілер  бар,  бірақ  олардың  қорғауға  мүмкіндігі 

жоқ,  шетелдерде  қорғауға  рұқсат  берілмейді.  Осының  бҽрі  еліміздегі 

докторлар  мен  кандидаттардың  санын  күннен  күнге,  табиғи  түрде  азайта 

түсуде,  қорғап  жатқан  доктор  PhD-дер  де  шамалы,  олардың  деңгейі 

кандидаттан  ҽлде  қайда  тҿмен.  Біздің  министрлік  ең  жоғарғы  ғылыми 

дҽреже  –  ғылым  саласындағы  доктор  (доктор  по  профилю)  жҿнінде 

ешнҽрсе,  бір  сҿз  айтпайды,  не  білмейді,  не  жасырады.  Бұл  ғылыми 

дҽреженің шыңы ғой, онсыз Қазақстан тек доктор PhD-бен шектеліп қала 

бермек  пе?!  Сонымен  біраз  жылдан  соң  студенттерге  лекция  оқитын,  не 

ғылыми  зерттеу  жүргізетін  магистр,  тіпті  бакалавр  болатын  жағдайға 

ұшырауымыз  ҽбден  мүмкін.  Осы  жағдайға  байланысты  тҿмендегі 

шараларды  ұсынамыз:  1)  2-3  жылға  доктор-кандидат  ғылыми  дҽрежесін 

қорғайтын  кеңестерді  қайта  ашу  керек,  яғни  Болон  жүйесіне  кҿшу  

асығыстық  болғаны  екені  рас,  дегенмен  сол  жүйемен  қабат,  ескі  (доктор, 

кандидат)  жүйені  қайта  қалпына  келтірген  жҿн.  Бұл  үшін  Астана  мен 

Алматыда 2-3 ғылыми кеңес ашса болғаны. Сонымен бірге шетелдерде де 

қорғауға мүмкіндік беру керек.  

 

Қорытындыда 



айтарымыз-халқымыздың 

тарихи 


санасын 

қалыптастырудағы  бетбұрыстың  алғашқы  қадамдары  зиялы  қауымның 

сенімі мен қолдауына ие болып отыр. Дегенмен 5 маусымдағы Астанадағы 

отырыстан  кейінгі  кейбір  келеңсіз  жағдайлар  бұл  бетбұрыстың  оңай  іс 

емес екенін де кҿрсетеді. Мысалы, жақын арада ғана, сол отырыстан кейін, 

С.  Аманжолов  атындағыШығыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде 

Қазақстан  тарихы  кафедрасы  жабылып,  ҽлем  тарихы  кафедрасына 

қосылды.  Кейбір  мҽліметтерге  қарағанда,  Министрліктен  жоғарғы  оқу 

орындарындағы тарихшыларға бҿлінген орын былтырғы (2012ж.) деңгейде 

қалдырылған.  Осы  фактілер  біздің    кҿптен  күткен  тарихты  зерделеудегі 

бұл  бетбұрыс  кезектегі  бір  науқан  сияқты  болмас  па  екен,  –  деген  күдік 

тудырады. Дегенмен халқымыздың тарихи санасын қалыптастырудағы бұл 

бетбұрыс кедергілердің бҽрін жеңіп, кеңінен дамиды деп сенеміз.  

 

Резюме 



 

В стаьте рассматривается новейшие тенденции в развитии Отечественной исторической 

науки. 

Summary 


 

This article is about new vew of development of contry historic nation. 

 

Ҽдебиет 


 

 

1. Асылбек Мҽлік-Айдар. Отан тарихы туралы ой. Егемен Казахстан, 



18 Маусым 2013 ж. 

 

2. Петров Ю. А. О концепции многотомной академической «Истории 



России»  //  Теоретико-прикладные  аспекты  социально-экономического  и 

15 

 

политического  развития  стран  Центральной  Азии  и  СНГ.  Т.  1,  Сборник 



материалов 

Международной 

научно-практической 

конференции, 

посвященный  85-летию  Заслуженного  деятеля  Казахстана,  д.ист.н., 

профессора М.С. Бесбаева. 15 марта 2013 г. – Алматы – Москва – Барнаул, 

2013.  –  С.  13-22.  Источник  –  regnum.  Постоянный  адрес  статьи  –  http// 

www.centasia.ru

 \newsA.php?st=1350219540 

 

3. Бесбаев М.С. Крушенне империи. – Т.2. – Алматы, 2011. – С. 76-80 



 

4. Ленин В. И. Полное собрание соченений. – Т.45, издание пятое. – 

М., 1970. – С. 359 

 

5.  Казахско-русское  отношения  в  XVI-XVIIIвеках.  Сборник 



документов и материалов. – Алма-Ата, 1961. – С. 31, 40-41 и др. 

 

6. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. – СПб. 1906; - 



Т.  1.  Бартольд  В.  В.  Туземец  о  русском  завоевании.  –  Соч.  Т.2.  –  Ч.2; 

Русский  Туркестан.  Приложение  к  третьему  сборника  «Русский 

Туркестан».  –  Ташкент,  1913;  Веселовский  Н.  И.  Киргизский  рассказ  о 

русских  завоеваниях  в  Туркестане.  –  СПб.,  1894;  Туркестанский  край. 

Сборник материалов его завоевании / Сост. А.Г. Серебренников. – Т. 17. – 

Ч.1.  –  Ташкент,  1914;  Абаза  К.К.  Завоевание  Туркестана:  рассказы  о 

военной  истории…  -  СПб.,  1902;  Катанаев  Г.Е.  Краткий  исторический 

обзор  службы  Сибирского  казачьего  войска  с  1582  по  1908  год.  –  СПб., 

1908: Казин В.Х. Казачьи войска. Краткая хроника. – СПб., 1912; Бородин 

Н.  Уральское  казачье  войско.  Статическое  описание  в  2-х  тома.  –Т.  1-2, 

Уральск,  1891;  Рябинин  А.  Уральское  казачье  войско.  –  СПб.,  1866; 

Стариков  Ф.  Историко-статистический  очерк  Оренбурского  казачьего 

войска. – Оренбург, 1891. 

 

7.  Источник  –  regnum.ru.  Постоянный  адрес  статьи  -  http// 



www.centasia.ru

 \newsA.php?st=1350219540 

 

8. Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында (тарихи-құжаттық 



зерттеу). Алматы, Ҿнер, 2010, 4б. 

 

9. Бұл да сонда, 26-27 бб. 



 

10. История второй мировой войны. 1939-1945. Том второй накануне 

войны. М., 1974, с. 285 

 

11.  Романенко  К.  Великая  война  Сталина.  Триумф  Верховного 



Главнокомандующкго.  М.  2008,  748-751  бб;  История  второй  Мировой 

войны. 1939-1945. Том  десятый.  М. 1979. 367-368  бб;  Уинстон  Черчилль. 

Вторая мировая война. Книга Третья. Тома 5-6. М. 1991, с. 574-575 и др. 

 

12.  Романенко  К.  Великая  война  Сталина.  Триумф  Верховного 



Главно командующего. М. 2008, 130 б. 

 

13.  Романенко  К.  Великая  война  Сталина.  Триумф  Верховного 



Главно  командующего.  М.  2008,  227б.,  Кариов  В.  Генералиссимус.  М№ 

2003, 326-333 бб. 

 

14.  Қазақ  жауынгері  Ұлы  Отан  соғысы  майданында  (тарихи 



құжаттық зерттеу). Алматы, Ҿнер, 2010. 41б. 

 

15. Романенко К. Кҿрсетілген еңбек, 763 б.   




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал