Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет64/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80

ОӘЖ  371.61 

 

Жас  футболшыларды тактикалық ойлауға оқыту, ҥйрету процесінің 

мазмҧны 

 

                    Мырзабек Л.Ҽ., п.ғ.к. 

                 «Сырдария» университеті 

 

      Қазіргі  футбол  жарыстары  жағдайларында  күрделі  спорттық  іс-



ҽрекетке  денеге  жҽне  психикаға  үлкен  күш  түсулер  тҽн.  Сондықтан 

шиеленісті  ҿткен  ойындарды  талдаудың  туындаған  жағдайды  дұрыс  ҽрі 

жылдам  бағалаумен,  оптималды  шешімдерді  дер  кезінде  қабылдаумен 

жҽне  ҿрбіп  отырған  оқиғаларды  кҿре  білумен,  жасалып  отырған  іс-

ҽрекеттерді  бақылаумен  анықталатын  психологиялық  фактордың  арта 

түскен 


ролін 

кҿрсетіп 

отырғандығы 

таң 


қалдырмаса 

керек 


(Ю.А.Калининский).  

А.М.Гальпериннің  ҿзі  үйрету  жҽне  жаттықтыру  барысында  ойынды 

ойлауды қалыптастыру туралы айта отырып, тактикалық даярлыққа жалпы 

алғанда  жеткілікті  назар  аударылмайтындығын  атап  кҿрсетеді.  Балалар 

спорт  мектептерінің  оқу  жоспарының  теориялық  циклында  тактикалық 

сабақтардың үлесі аз болып отыр. 

Бүгінгі таңда аталған кҿрініс кҿбіне кҿп ҿзгере қоймағандығы туралы 

айтуымызға  болады.  Қазіргі  футбол  спорт  мектептерінің  қолданылып 

жүрген бадарламаларында теориялық циклға сағаттардың жалпы санынан 

бар болғаны 4-5% бҿлінеді. 

А.К.Исаев    балғын  футболшыларды  тактикаға  үйрету  негізінен 

алғанда екіжақты ойындар барысында жүретінін айтады. 

Дҽл  сол  кезде  А.Вайтерс,  егер  оны  жаттықтыру  тҽсілдерінің  бірі 

ретінде практикада қолдансақ, 11 адамға 11 адам ойнау жаттықтырушыға 

ҽр  спортшыға  қажетті  кҿңіл  бҿлуге  мүмкіндік  бермейтіндігі  туралы 

айтады.  Мұндай  жағдайларда  ойыншы  бүкіл  жаттығу  кезінде  допқа  5-10 

рет  иелік  етуі  мүмкін,  бұл  болса  қажетті  интеллектуалдық  қасиеттерді 

мақсатты бағыттап қалыптастыру үшін жеткіліксіз. 

Сондықтан балғын спортшыларды даярлауға арнайы теориялық жҽне 

практикалық  жаттығуларды  енгізу  қажеттігі  айдан  анық  факт  болып 

табылады. 


625 

 

Біздің  ойымызша,  ойында  ойлаудың  құрылымы  адамның  жалпы 



ойлау құрылымымен кҿбіне кҿп ұқсас келеді. Бұл да қандай да бір міндетті 

шешудің  оптималды  жолын  таңдап  алу  арқылы  танылатын  феномендер 

арасындағы 

қарама-қайшылықты 

шешетін 

психикалық 

процесс. 

Танылатын феномендер ретінде ойында ойлаудың құрылымында бір біріне 

қарама-қайшы келетін нақтылы ойын жағдайындағы шешімнің алуан түрлі 

варианттары  кҿрсетіледі.  Осылайша,  ойындағы  ойлау  –  ойындық,  яғни 

ситуациялық  спорт  түрлерінің  ерекшелігін  айғақтайтын,  жоғарыда  атап 

кетілген психикалық процесс. 

Уақыттың  үнемі  тапшы  болуына  орай,  ойын  іс-ҽрекетіндегі  ойлау 

процесі  жылдам,  шұғыл  ҿрбиді.  Кҿптеген  психологиялық  зерттеулерде 

(В.П.Зинченко,  1994)  уақыт  тапшылығы,  жылдам  жҽне  үнемі  ҿзгеріп 

отыратын  жағдайлар  жҽне  олардың  белгісіздігі,  кикілжіңді  факторлардың 

болуы  жҽне  жасалып  отырған  іс-ҽрекет  үшін  жоғары  жауапкершілікті 

түсіну 


жағдайларында 

іс-ҽрекеттердің 

жаңа 

схемаларын 



(бағдарламаларын)  құрудың  спецификалық  процесі  ретінде  оперативті 

ойлаудың  ойыншының  іс-ҽрекетінің  аса  маңызды  құрамдас  бҿлігі  болып 

табылатындығы кҿрсетілген. 

Ойындағы ойлау мҽселелерімен айналысатын авторлар (Г.М.Гагаева, 

1951;  Р.С.Абельская,  1957;  В.А.Алаторцев,  1964;  В.Б.Малкин,  1983) 

ойындағы ойлаудың келесідей тҽн қырларын бҿліп кҿрсетеді: 

1)

 

кҿрнекі  жҽне  бейнелі  сипаты,  яғни  интеллектуалдық 



операциялардың  қабылдау  мен  елестетудің  құрамында  жҽне  негізінде 

қызмет атқаруы; 

2)

 

практикалық  іс-ҽрекетке,  яғни  сыртқы  ортаны  түрлендіру 



жҿніндегі міндеттерді шешу процесіне енгізілгендік; 

3)

 



ситуативтілік,  яғни  объективті  тҽуелділіктердің  тікелей  нақты 

аталған жағдайға байланыстылығы; 

4)

 

ойындағы  іс-ҽрекетті  орындауға  уақыттың  шектеулі  болуы 



себепші болатын, интеллектуалдық операциялардың ҿтуінің жылдамдығы 

мен қарқындылығы; 

5)

 

интеллектуалдық операциялар мен эмоциялық-ерік саласының 



ҿзара тығыз байланысы. 

           Ойындағы  ойлау  дҽл  осы  алуан  түрлі,  тұрақты  ҿзгеріп  отыратын 

ойын  жағдайларында  кҿрініс  табады  жҽне  техникалық-тактикалық  іс-

ҽрекетке  келіп  қосылады.  Осыдан  барып,  біздің  пікірімізше,  ойындағы 

ойлаудың  құрылымы  В.Г.Бауэр  (1997)  ұсынған,  визуалды  бақылау  үшін 

алты  фазаның  (жағдайды  талдаудың,  антиципацияның,  жоспарлаудың, 

шешім  қабылдаудың,  ҽрекет  жасаудың,  бақылаудың)  біреуі  ғана  –  іс-

ҽрекет фазасы ғана қол жетерлік болатын, осылайша бұл жағдай ойындағы 

ойлауды  қалыптастыру  да,  оны  бақылау  да  процесін  қиындататын 

техникалық-тактикалық іс-ҽрекет құрылымымен үндес келеді. 

          Футбол  ойнау  стратегиясы  мен  тактикасының  алдыңғы  қатарына 

бұлшық  ет  күш-жігері  (жылдамдық  қасиеттері,  дене  қасиеттерінің 

тҿзімділігі  жҽне  т.б.),  сонымен  қатар  спортшының  жарыстарға 


626 

 

даярлығының  психологиялық  негізін  анықтайтын,  психикалық  процестер 



мен күйлерді басқару алға жылжып келе жатқандығы айдан анық. Бірақ та 

ойындағы  ойлауды  зерттеуге  жҽне  тиісінше  қалыптастыруға  да  одан  кем 

емес кҿңіл бҿлуіміз керек.  

Ҿзінің  «Футбол  ойынының  тактикасы»  атты  жұмысында 

Б.А.Аркадьев  ойыншы  алуан  түрлі  кҿптеген  тактикалық  жүрістер  мен 

комбинацияларды  білуге  тиіс  болса  да,  тактикалық  жаттығу  –  бұл 

тактикалық  комбинацияларды  жаттап,  үйрену  ғана  емес  деген  пікірін 

білдіреді.  Ол  бұларды  алаңда  кҿп  рет  жасап,  макетте  ойлап  табуға  тиіс. 

Бірақ  та  ойынды  үйреншікті  жҽне  қарсыласқа  қатысты  емес  ұзын 

тактикалық  комбинацияларға  құру  күрес  ҿнері  ретіндегі  тактиканың 

мҽнісінің 

ҿзіне 


қарама-қайшы 

келеді. 


Сонымен 

қатар 


автор 

футболшыларды  комбинацияларды  қайталай  білуге  емес,  комбинация 

жасау  ҿнеріне  үйрету  керек,  ойыншыларда  ҿнертапқыштық  пен  қиялды 

тҽрбиелеу  керек  дейді.  Бұл  ретте  автор  егер  ҽрбір  ойын  қалпында 

футболшы мүмкін болатындарының ішінен ойынның ең қатерлі жалғасын 

табатын 


болса, 

онда 


мұндай 

«шешімдердің» 

дҽйекті 

қатары 


ойыншылардың алаңдағы ұжымдық творчествосының ҿнімі ретінде жақсы 

комбинацияны да жасап шығарады деген қорытындыға келеді. 

Ю.А.Калининский  Б.А.Аркадьевтің  осы  кҿзқарасына  толығымен 

қосылады жҽне оны спортшыларды тактикалық даярлаудың теориясы мен 

ҽдістемесін одан ҽрі дамыту үшін жемісті деп есептейді. 

И.Н.Преображенский    спорттың  бірқатар  ойын  түрлерінің  (футбол, 

баскетбол) практикасындағы тактикалық даярлықтың мазмұнына қатысты 

2 қарама-қайшы кҿзқарастардың бар екендігін кҿрсетеді. 

Бірінші кҿзқарас үйренген комбинациялардың шешуші ролін тануға 

келіп  саяды,  екіншісі  ойыншыларда  ойында  бастамашылдықпен  іс-ҽрекет 

жасау,  ең  мақсатқа  лайықты  жҽне  тиімді  тактикалық  іс-ҽрекеттерді  ҿз 

бетінше  табу  қабілетін  дамытуға  ұмтылудан  кҿрініс  табады.  Практика 

кҿрсетіп отырғанындай, тактикалық даярлықтың тиімділігіне екі бағыттың 

да ең жақсы жақтарының органикалық синтезімен қол жеткізуге болады. 

Алайда  шын  мҽнінде  «комбинациялық»  кҿзқарастың  күрт  басым 

болуы  орын  алады.  Қажетті  ептіліктерді,  білімдер  мен  дағдыларды 

қалыптастырудың  ерекшелігі  тактикаға  үйретудің  кҿбіне  кҿп,  жағдайға 

қарай  іс-ҽрекеттерді  реттеп  отыру  проблемасын  екінші  қатарға  қалдыра 

отырып,  іс-ҽрекет  жасаудың  мүмкін  болатын  тҽсілдері  ретінде 

комбинациялардан  бастау  алатындығынан  тұрады.  Дербес  тактикалық 

категория  ретінде  ойын  жағдайы  қарастырылмайды.  комбинацияларға 

үйретуді  негіз  ретінде  қабылдай  отырып,  жалпы  қалай  іс-ҽрекет  жасауға 

болатынын үйретіп, нақтылы ойын жағдайына байланысты қалай іс-ҽрекет 

жасау  керектігіне  (ойынды  «ҿзіне»  алу  немесе  допты  серігіне  беру  жҽне 

ақырғысы  болса,  кімге  жҽне  т.с.)  үйретпейді.  Осылайша,  шын  мҽнісіне 

келсек, белгіленген, яғни іс жүзінде шешіліп қойған міндетте техникалық 

тҽсілдерді таңдай білуге ғана үйретеді.  


627 

 

Мұндай  тҽсіл  комбинация  мен  жағдайдағы  ойынның  бірлігін 



ажыратып, ҿзінің бірдақтылығына орай жеткіліксіз болып табылады. 

Тактика  жҿннідегі бірқатар жұмыстарда ойын  жағдайларын бағалау 

қажеттігі туралы мҽселе орағытылып ҿтіледі, екіншілерінде осы мҽселе сҿз 

етіледі, бірақ қандай да бір шешімін таппайды. Мысалы, А.Я.Долгов (1990) 

ҿзінің  оқу-жаттықтыру  топтарында  (оқудың  1-3  жылдары)  балғын 

футболшыларда  тактикалық  ойлауд  дамыту  туралы  ҿзінің  зерттеуінде 

стандартты  жҽне  ситуациялық  жаттығулар  кҿлемінің  оптималды  ара 

қатынасының  қажеттігі  туралы  айтып,  пайыздық  қатынасты  тиісінше 

24,7%  бен  75,3%  ретінде  келтіреді.  Ҿзге  бір  жағдайда  авторлар  (Адель 

Масуд  Омар  Саид,  1983;  Ю.Ф.Маркушкин,  1984;  Ахмед  Рамадан  Ахмед, 

1985;  А.В.Родионов,  1990)  спортшыларда  ҿзгеріп  отырған  жағдайды 

бағалай білу, онда бағдар алып, кез келген техникалық тҽсілді немесе ойын 

іс-ҽрекетін  жылдам  қолдану  қабілетін  қалыптастыру  қажеттігін 

мойындайды  жҽне  осы  қабілетті  дамытуды  тактикалық  даярлықтың  аса 

маңызды  бҿліктерінің  бірі  ретінде  қарастырады.  Алайда,  тактикалық 

даярлық бойынша материалды нақтылы баяндаған кезде олар, толығымен 

«комбинациялық»  амал  позицияларында  қалуына  байланысты,  жағдайды 

бағалау  жҿнінде  ұсыныстар  бермейді.  Сондықтан  жағдайды  бағалаудың 

кейбір ережелерін тұжырымдауға деген жекелеген ҽрекеттер тиімсіз болып 

шыққан. 


Комбинациялардағы  іс-ҽрекеттердің  логикалық  құрамын  қарастыра 

отырып,  олардың  кҿбіне  кҿп  біржақты  сипатта  екендігіне,  яғни  оларда 

таңдау операциясының жоқ екендігіне кҿз жеткізуге болады. 

Комбинациялар  –  ҽр  ойыншыда  осылардан  біртұтас  «ғимаратты» 

тұрғызу  жоспары,  яғни  қазіргі  жағдайды  түрлендіру  жҿніндегі  мақсатты 

бағытталған  іс-ҽрекеттер  жүйесі  болған  жағдайда  ғана  маңызға  ие  бола 

алатын  тактикалық  «кірпіштер»  ғана.  Сан  кҿптеген  таңдау  бар  кезде  іс-

ҽрекеттер жоспарын жасап шығу жҽне шешім қабылдау  – ҿзінің шешімін 

табуы үшін тактикалық ойлау процестерінің қатысуын талап ететін сол бір 

күрделі ойын міндеті. 

Ю.А.Калининский    ойын  жағдайын  ойыншының  регулятивтік  іс-

ҽрекетін  анықтайтын  объективті  бастау  ретінде  танып,  біз  тактикалық 

ептіліктерді  қалыптастырудың  жаңа  жолына,  атап  айтар  болсақ: 

комбинациядан  жағдайға  (белгісіз)  емес,  жағдайдан  (нақтылы)  ұтымды 

тактикалық  іс-ҽрекеттерге  (комбинацияларға  жҽне  т.с.)  шығамыз.  Бірақ 

осы  бағытты  жүзеге  асыру  психологиялық,  теориялық  жҽне  ҽдістемелік 

тұрғыдағы  бірқатар  қиындықтарға,  атап  айтар  болсақ,  балғын 

ойыншыларда ойын жағдайларын жіктей білуді қалыптастыру қажеттігіне 

келіп  тіреледі,  бұл  ойындағы  іс-ҽрекетті  психологиялық  талдаумен  жҽне 

ойындағы  ойлаудың  құрылымымен  байланысты  болып  отыр.  Алайда 

мұндай  істей  білулер  оларды  арнайы  оқыту  нысандары  етсе  ғана 

қалыптасуы мүмкін. 

Педагогикалық 

жұмыстың 

мазмұнын 

Ю.А.Калининский 

спортшыларды  ойын  жағдайларын  танып  білудің  (бағалаудың)  тиісті 


628 

 

тҽсілдеріне,  амалдарына  үйретуден,  спортшыларда  тактикалық  ойлауды 



қалыптастырудың  қазірде  бар  «комбинациялық»  тҽсілдері  ойын 

міндеттерін шешу барысында жүзеге асырылатын нақтылы болмыс қоятын 

талаптарды  қанағаттандырмайтындықтан,  барлық  спортшыларда  ойын 

жағдайларындағы  тактикалық  іс-ҽрекеттердің  дұрыс  бағыт-бағдар  негізін 

жасап шығару үшін қажетті жҽне жеткілікті жағдайлары болмағандықтан, 

осылардың  бар  болуы  жағдайды  дұрыс  жіктеуге  (олардың  класын,  түрін, 

типін)  мүмкіндік  беретін  адекватты  таным  белгілерін  білумен 

қаруландырудан  кҿреді.  Сондықтан  да  қажетті  ептіліктер  кҿбіне  кҿп 

стихиялы түрде, аяқ астынан қалыптасады. 

Осылайша,  тактикалық  даярлық  тҽсілдерінің  бір  тобы  нақтылы  ойын 

жағдайларын  ішінара  (квадратта  ойнау  жҽне  т.с.)  немесе  толығымен 

(екіжақты  ойындар)  жасайтын  алуан  түрлі  ойын  жаттығуларының 

кешенімен  кҿрсетілген.  Олардың  күмҽн  тудырмас  артықшылығы  осында. 

Алайда  сонымен  бірге  ойын  ҽдісінің  айтарлықтай  кемшілігі  де  бар  – 

ойыншының  жағдайды  бағалау  жҽне  шешім  қабылдау  процесі  стихиялы 

түрде ҿрбиді жҽне басқарылатын игеру нысаны ретінде кҿріне алмайды. 

Тактикалық даярлық тҽсілдерінің екінші бір тобы – макетте жаттығу 

(ойынға  нұсқау  беру  мен  ойынды  талдауды  қоса  отырып)  –  құрамында 

ойын  жағдайларын  үлгілеу  идеясы  болғандықтан,  бізге  болашағы  бар 

болып кҿрінеді. Алайда макетте жасалатын жаттығулардың тиімділігі жҽне 

жалпы  алғанда  тактикалық  даярлықтың  теориялық  циклінің  мазмұны 

жағдайды  үлгілеу  олардың  классификациялануына  тірек  артатын 

жағдайларда ғана жеткілікті болуы мүмкін. 

 

Резюме 



 

         В  статье  раскрывается    содержание  процесса  обучения  тактическому  мышлению 

молодых футболистов. 

 

Summary 


 

       In the article is covered the maintenance of process of teaching the tactical thinking of the 

young footballers.   

 

Ҽдебиеттер 



 

1.Чанади Арпад. Футбол. Техника.- М.: ФиС, 2000 

2.Чанади Арпад. Футбол. Тренировка.- М.: ФиС, 2005 

3.Футбол. Учебник для вузов. Под ред. Казакова П.Н.- М.:ФиС, 2007 

4.Футбол  в  коллективах  физкультуры.  Под  общ.  ред.  Брейкипа  А.Д.  -М.: 

ФиС, 1980  

5. Правила игры. - М., 1999 

6.Методика  педагогических  наблюдений  за  двигательной  деятельностью 

футболистов в тренировочных занятиях и соревнованиях. - М., 2008  

 


629 

 

ОӘЖ  37.037 



 

Спортшының дене қабілетінің даярлығы 

 

Муталиев Б., магистрант 



«Сырдария» университеті 

 

Спорттық  жаттықтырудың  аса  маңызды  құрамдас  бҿліктерінің  бірі 



болып  табылатын  дене  қабілеті  даярлығы  қимыл-қозғалыс  қабілеттерін  – 

күшті, 


жылдамдықты, 

тҿзімділікті, 

икемділікті, 

координациялық 

қабілеттерді  дамытуға  бағытталған.  Спортшылардың  дене  қабілеті 

даярлығы жалпы жҽне арнайы болып бҿлінеді. Кейбір мамандар сонымен 

қатар қосалқы даярлықты бҿліп кҿрсетуді ұсынады [1, 2, 3, 4]. 

Жалпы  дене  қабілеті  даярлығының  ұтымды  ұйымдастырылған 

процесі  алуан  түрлі  қимыл-қозғалыс  қабілеттерінің  жан-жақты  жҽне  бір 

мезгілде  пропорционалды  дамуына  бағытталған.  Дене  қабілеті 

даярлығының  жоғарғы  кҿрсеткіштері  дене  қабілеттерін  дамыту, 

спортшылардың  даярлығының  ҿзге  қырларын  –  техникалық,  тактикалық, 

психологиялық  даярлықты  жетілдірумен  тиімді  жұмыс  істеу  үшін 

функционалдық іргетас болып қызмет атқарады. 

Жалпы дене қабілеті даярлығының нҽтижесінде спортшы иемденген 

функционалдық  потенциал  спорттың  қандай  да  болсын  түрінде  табысты 

жетілу  үшін  қажетті  алғышарт  қана  болып  табылады,  бірақ  ҿздігінен  ҿзі, 

мақсатты  бағытталған  арнайы  дене  қабілеті  даярлығынсыз  жоғары 

спорттық нҽтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды. 

Қосалқы  дене  қабілеті  даярлығы  жалпы  дене  қабілеті  даярлығының 

негізінде  құрылады  жҽне  спортшының  арнайы  қимыл-қозғалыс 

қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  жұмыстың  үлкен  кҿлемін  тиімді 

орындау  үшін  қажетті  арнайы  негіз  жасап  береді.  Осындай  даярлық 

ҽртүрлі 


ағзалар 

мен 


организм 

жүйелерінің 

функционалдық 

мүмкіндіктерінің  артуына  ықпал  етеді.  Бұл  кезде  жүйке-бұлшық  ет 

координациясы  жақсарады,  спортшылардың  үлкен  күш  түсулерді  бастан 

ҿткеруге  жҽне  олардан  кейін  тиімді  түрде  қалпына  келу  қабілеттері 

жетілдіріле түседі. 

Арнайы  дене  дене  қабілеті  даярлығы  қатаң  түрде  нақтылы  спорт 

түрінің  спецификасы,  болады  деп  күтілетін  жарыс  ҽрекетінің 

ерекшеліктері  қоятын  талаптарға  сҽйкес,  қимыл-қозғалыс  қабілеттерін 

дамытуға  бағытталған.  Спортшылардың  арнайы  дене  қабілеті  даярлығы 

процесін  ұйымдастырған  кезде  осындай  спецификалы  талаптарды  үнемі 

назарда  ұстап  отыру  қажет.  Жекелей  алатын  болсақ,  жарыс  ҽрекетінде 

негізгі  күш  түсуге  ұшырайтын  бұлшық  еттер  топтары  мен  олардың 

антагонистері басым ҽсер етуге ұшырап отыруға тиіс. 

Алайда  бұл  істе  тек  қана  тиісті  бұлшық  ет  топтарына  ҽсер  етумен 

шектеліп  қалуға  болмайды.  Дене  қабілеттерін  дамытқан  кезде  ҿздерінің 

динамикалық  жҽне  кинематикалық  сипаттамалары  бойынша  белгілі  бір 



630 

 

дҽрежеде  жарыс  ҽрекетінің  негізгі  элементтеріне  сҽйкес  келетін 



жаттығуларды іріктеп алу қажет. 

Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі кҿріністерінің 

саны  орасан  зор  болғандықтан,  олардың  ҽрқайсысын  жетілдіру  де 

дифференциацияланған  ҽдістемені  қажет  етеді.  Спорттық  ойындарда 

қарсыластың  күтпеген  ҽрекеттеріне  жылдам  жауап  қайтару,  жекелеген 

техникалық  тҽсілдерді  орындаған  кезде  жоғары  жылдамдық  қабілеттерін 

кҿрсету,  жылдам  бағыт-бағдар  алу,  шешім  қабылдау,  орын  ауыстыру, 

уақыттың  қатаң  тапшылығы,  қарсыластар  тарапынан  кедергілер  болуы, 

серіктерімен  жҽне  қарсыластармен  күрделі  топтық  ҿзара  ҽрекеттесу 

жағдайларында  шабуылдаушы  жҽне  қорғанушы  ҽрекеттерді  қабылдау 

қажеттігі жиі туындап отырады. 

Дене  қабілеті  даярлығы  ҽдістемесіне  дифференциацияланған 

тұрғыдан  қарау  спорттың  ҽр  түрлеріне  де,  алуан  түрлі  қимыл-қозғалыс 

қабілеттеріне  –  жылдамдыққа  жҽне  күшке,  тҿзімділікке,  икемділікке, 

сонымен қатар координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады. 

Спорттық  жаттығудың  аса  маңызды  қырларының  бірі  адамның 

қимыл-қозғалыс  қабілеттері  мен  қасиеттерінің:  жылдамдық,  күш, 

координациялық  қасиеттерінің,  тҿзімділік  пен  икемділіктің  дамуымен 

қатынаста  болып  келеді.  Қазіргі  уақытта  осылардың  негізінде 

спортшылардың  дене  қабілеті  даярлығының  деңгейі  жатқан,  жұмысқа 

қабілеттілік  механизмдері  туралы  танымдар  айтарлықтай  кеңейіп, 

тереңдей  түсті.  Жаттығуда  жҽне  жарыста  күш  түсуді  зерттеу  нҽтижелері 

мамандарға  бұл  проблемаларға  спортшылардың  қандай  жаттығуларды 

орындайтындығын  жҽне  олардың  неге  ҽсер  ететіндігін  ескере  отырып 

қарауға мүмкіндік берді. Мысалы, қысқа қашықтықтарға жаттыға отырып, 

спринтші  нені  жетілдіреді,  немесе  топта  шабуылдаушы  жҽне  қорғанушы 

жаттығуларды орындайтын хоккейші нені жетілдіреді жҽне т.с. зерттеулер 

даярлықтың  қандай  да  бір  қырын  таза  таңдамалы  жетілдірудің  кҿп 

жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр. Жаттығу сабақтарында бір 

мезгілде  даярлықтың  кҿптеген  қырларының,  оның  ішінде  дене  қабілеті 

даярлығының  жетілдірілуіне  ҽсер  етіледі.  Сондықтан  дене  қабілеті 

даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну жҽне қолайлылық үшін шартты 

түрде  оны  жекелеген  қимыл-қозғалыс  дене  (қозғалыс)  қабілеттерін: 

жылдамдық,  күш  қабілеттерін,  тҿзімділікті,  икемділік  пен  ептілікті 

(координациялық қабілеттерді) жетілдіру мҽселелеріне бҿлу қабылданған. 

Осындай бҿліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең 

таралған  жіктемелерінің  оларды  дене  қабілеттеріне  қойылатын  басым 

талаптар  мен  кейбір  қосымша  белгілер  бойынша  топтастыруға 

негізделгендігімен де түсіндіріледі. 

Бұл ретте жекелеген дене қабілеті қасиеттері ең тиімдірек жетілетін 

белгілі  бір  жағдайлар  да  бар  екендігі  атап  кҿрсетіледі.  Мұнда  маңызды 

рҿлді    бұлшық  ет  қызметінің  организмнің  энергетикалық  ресурстарының 

басым күш түсетін ағзалар мен ұлпаларға шоғырлануына жҽне таңдамалы 

қайта  бҿлінуіне,  пластикалық  процестердің  реттелуіне  жҽне  организмнің 



631 

 

қарқынды  бұлшық  ет  қызметіне,  ҽрекетіне  ұзақ  мерзімді  бейімделуінің 



құрылымдық негізін қалыптастыруға ықпал ететін гормондық ретке келуін 

қайта құру ойнайды. 

Дене  қасиеттеріне  теориялық  қарау  спорттық  ғылым  мен  спорттық 

практикадағы  кҿптеген  ашық  мҽселелерді  кҿрсетеді.  Дене  қасиеттеріне 

іріктеуде,  спорттық  бағдар  алу  мен  мамандануда  орталық  орын 

бҿлінетіндігіне қарамастан, біржақты қараудан бойды аулақ ұстаған жҿн. 

Дене  қасиеттерін  бағалау  жас  ойыншының  жалпы  потенциалдарын 

бағалау  мен  болжаудың  ажырамастай  бҿлігі  болып  табылғанда  ғана 

оптималды  болып  табылады.  Белгілі  бір  дене  қасиеттерінің  негізгі 

бағалаулары  кҿбінесе  ойындардың  эволюциясымен,  сонымен  қатар 

дҽлелсіз  асыра  бағалаулармен  жҽне  арнайы  жаттығудың  жекелеген 

үлгілерімен ҽуестеніп кетумен байланыстырылып отырды. Мысалы, күшті 

арттыру  мақсатында  штангамен  жасалатын  жаттығуларда  адекватты  емес 

(жоғары)  күш  түсірулер  беріліп  отырды.  ҿзге  теріс  ҽсерлер  кезінде 

ойыншы  ҿзінің  икемділігін  нашарлатып  алды,  ал  жылдамдық  қасиеттерін 

дамыту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеу жарылыс күшінің тұрақтануына 

ықпал  етті  жҽне  техникалық  дағдылардың  жетілдірілуін  күрделендіре 

түсті.  Бұрынырақта  орын  алған,  техникаға  біржақты  акцент  жасау,  екі 

команда  ойыншыларының  «тең»  техникасы  кезінде  дене  қабілеттерінің 

даярлығы  жақсырақ  болған  қарсылас  жеңіп  шығатындығы  түсінікті 

болғанда  орнынан  қозғала  бастады.  Даярлау  кезінде  күшті  дамытуға 

кҿбірек  кҿңіл  бҿліне  бастады,  алайда  жуық  арада  техникалық  жҽне  күш 

даярлығы тең екі команда кездескен кезде жылдамырақ ойыншылары бар 

жҽне  жылдамырақ  ойнайтын  команда  жеңіп  шығатыны  анықталды. 

Сондықтан  қазіргі  заманның  жаттықтырушысы  ҽрбір  дене  қабілеті 

қасиетін  оқшау  емес,  басқа  қасиеттермен  ҿзара  байланыста  қарастыруға 

тиіс. 

Ҽдебиетте жҽне практикада дене қабілеті қасиеттерінің айтарлықтай 



саны қолданылады, мұның ҿзі қазіргі бар жіктемелердің ҽрқайсысын тым 

үлкен  етіп  жіберуде.  Осылардың  барлығына  да  қарамастан,  жіктемелер 

жеткіліксіз  болып  қалуда,  ҿйткені  спорттың  барлық  түрлері  үшін 

спецификалы талаптардың барлығын қамти алмай отыр. 

Негізгі  дене  жҽне  қозғалыс  қасиеттері  деп  біз  барлық  спорт 

ойындарының  ажырамас  бҿлігі  ретіндегі  жылдамдықты,  күшті, 

жылдамдық-күш кҿріністерін, осы қасиеттің үшеуі де ҽртүрлі жҽне ҿзгеріп 

отыратын құрамдас бҿліктер ретінде кҿрініс табатын қимылдарды орындау 

үшін қажетті шарт болып табылатындықтан, қимыл ҽрекеттеріндегі ептілік 

пен координацияны, сонымен қатар тҿзімділікті түсінеміз. В.С.Фарфельдің  

пікірімен  келісіп,  тҿзімділік  шын  мҽнісінде  уақыт  функциясындағы 

жылдамдық  немесе  күш  болып  қана  табылатындықтан,  екі  қасиетті  ғана: 

жылдамдық пен күшті бҿліп кҿрсетуге де болады. Дҽл сол кезде ҿзге дене 

қасиеттері,  икемділік,  ептілік  жҽне  басқалары  ҽлде  негізгі  дене 

қасиеттерінің  туындылары,  ҽлде  негізгі  дене  қасиеттерінің  кешендері 

болып  табылады,  ҽлде  мүлдем  дене  қасиеттеріне  емес,  нейрофизикалық 



632 

 

қасиеттерге  (мысалы,  қозғалысты  үйлестіру)  жатады  деген  пікір  онша 



ақталмаған  болып  отыр.  В.К.Бальсевичтің  [5]  жҽне  басқа  да  авторлардың 

мҽліметтері,  ҽсіресе  шұғылданушылардың  соматикалық  типін  жҽне  даму 

нұсқасын  ескере  отырып,    нақтылы  қасиетті  бҿліп  кҿрсетуге  мүмкіндік 

беретін, жоғары ақпаратты тесттердің бар екендігін кҿрсетіп берді. 

Біз  дене  қабілеттерін  тҽрбиелеудің  қазіргі  теориясы  мен  ҽдісінде 

қабылданған терминологияны ұстанамыз. «Дене қасиеттері» жҽне «қимыл 

қасиеттері»  терминдерін  маңызы  бірдей  ретінде  қолданамыз.  «Дене 

қабілеттерін  тҽрбиелеу»  термині  дене  қабілеттері  жаттығуларын  адамның 

дене  қабілеттерін  (қозғалыс)  дамыту  үшін  пайдаланудың  бағытталған 

педагогикалық процесін белгілеу үшін қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет