ӘОЖ: 338.4
Ауылшаруашылығын инновациялық дамытудың
экономикалық тиімділігі
Бакиров Е.А.
Ғылым магистрі, аға оқытушы
Қазіргі кезеңдегі ұлттық экономиканы дамытудың басты
мҽселелерінің бірі – экономиканың агроҿнеркҽсіп саласын тұрақтандыру
жҽне дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға үлкен мҽн
беру болып табылады. Осыған байланысты агроҿнеркҽсіп кешенін
инновациялық дамыту, оның ішінде мақта саласының экономикалық
тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге арналған зерттеулер ерекше
маңызға ие. Инновациялық экономиканы алға жылжытушы күш – бұл
инновацияны жаңартпашыл ой-пікірден тауарға жҽне тұтынушыға дейін
жеткізеді, бұл күштің қайнар кҿзі бҽсеке болып табылады. Бҽсеке
кҽсіпкерлерді жҽне менеджментті жаңа ҿнім шығаруға қызықтырады,
осындай жолмен инновацияға жҽне инновациялық ҿнімге сұраныс пайда
болады, рынокта жаңа тауашалар иеленеді, пайданы арттырады. Еркін
бҽсеке жаңа білімге, инновацияға жҽне инновациялық ҿнімге
қызықтырушы қуатты құрал.
Инновациялық жүйенің жҽне дамыған елдердің экономикалық
моделінің артықшылықтарын Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастыру,
оны беруші жҽне таратушы механизмдерін жарату маңызды мҽселе.
Елімізде 2015 жылға қарай: ІЖҾ-нің құрылымындағы ҿңдеу ҿнеркҽсібінің
үлесін кемінде 12,5%, ал инновациялық белсенді кҽсіпорындар үлесін 10%
жеткізу кҿзделген.
Инновациялық экономиканың сипаттамалары мынадай:
-
адами капиталдың жоғары деңгейі жҽне сапасы, оны дамытуға
инвестицияның жоғарылығы;
-
ҿмір сүру сапасының деңгейі;
-
экономикалық еркіндік жҽне адами ҽлеуеттің даму индекстерінің
ҿсімі;
716
-
іргелі жҽне қолданбалы ғылымдардың даму деңгейінің жоғарылығы;
-
елде қуатты зияткерлік орталықтардың: технологиялық даму –
технопарктердің болуы, дамыған жҽне тиімді, мемлекет қолдайтын
инновациялық жүйенің болуы;
-
кҽсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру, инвестициялық
тартымды жағдайдың жҽне жоғарғы инвестициялық рейтинг;
-
экономиканың жҽне ҿнеркҽсіптің ҽртараптануы;
-
ҽлемдік технологиялық рыноктарда бҽсекеге қабілетті ҿнімнің
болуы;
-
экономиканы жҽне елдің дамуын тиімді мемлекеттік реттеу
механизмдерінің болуы;
-
трансұлттық корпорациялардың жҽне олардың бҽсекеге қабілетті
технологиялық ғылыми дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстанның экономиканы индустриальды-инновациялық даму
бағдарламасында агроҿнеркҽсіп саласында еңбек ҿнімділігін екі есеге, ал
саланың экспорттық ҽлеуетін 8% жеткізу кҿзделген. Осы орайда оңтүстік
ҿңірге мамандандырылған мақта кешенін осы талаптарға сай дамыту жеңіл
жҽне тамақ ҿнеркҽсіптерінің шикізат базасын нығайтып, бастапқы қайта
жҽне терең ҿңдеуді дамытып, қосылған құны жоғары ҿнімді рынокқа
ұсыну ҽлеуеті жоғары.
Ұлттық шаруашылық жүйесінде инновациялар мен инновациялық
қызметтерді игерудің негізгі теориялық жҽне методологиялық аспектілері
шетел ғалымдары Л.Абалкин, Н.Кандратьев, Б.Санто, Б.Твисс,
Р.Фатхудинов, Х.Фримен, И.Шевченко, Й.Шумпетер, М.Хучек, Ю.Яковц
жҽне басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Индустриалды–инновациялық қызметтердің ҿндірістің тиімділігі
мен ҿнімнің бҽсеке қабілеттілігін арттырудың пҽрменді тҽсіліне айналуы
инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру,
инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мҽселелеріне
дұрыс қарауды талап етеді. Ауыл шаруашылығы ҿндірісіне инновациялық
жаңалықтарды ендіруде қаржылық қолдау кҿрсету ауыл шаруашылық
ҿндірістің экономикалық тетіктерін реттеуде ғылыми негіздеуді қажет
етеді. Тек инновациялық инвестициялау ғана ауыл шаруашылық аумақта
сапалы жаңа деңгейді қамтамасыз етеді. Ол үшін инвестицияның
құйылуына қолайлы жағдай жасау талап етіледі, бұл саладағы
инвестициялық климатты жақсарту есебінен жүзеге асады. Дүние жүзінде
жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бҽсекеге қабілетті
экономиканы қалыптастыруда ҽрбір мемлекет ҿзінің ұлттық инновациялық
жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп
отыр. Ҿйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан жҽне дамыған елдердің
тҽжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне
инновациялық инфрақұрылымның оңды ҽсер еткенін байқаймыз. Олардың
ҽлемдік нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің
қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның ҿзінің
мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық
717
жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту ҿзекті мҽселе болып отыр[1].
Сурет 1 – Инновациялық инфрақұрылым элементтері
Ҽлемдік экономиканың қарқындап дамуы – адами жҽне
интеллектуалдық ресурстардың нҽтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі.
Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді ҽзірлемелер жүйесі
жҽне түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге
негізделген инновациялық экономикаға ҿту үрдісі байқалады. Сонымен
бірге, табиғи ресурстардың молдығын пайдалану маңызды болған дҽуір
ҿтіп барады, оның орнына экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын
тездету, үдету мақсатында тиімді тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен
мҽнге ие болып отыр. Арзан, сапасы тҿмен еңбекке негізделген ҿндіріс
кезеңі аяқталуда. Дҽл қазіргі қоғам – адамның интеллектуалдық
ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен жүзеге асыру
қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда[2].
Бұл проблеманы оңтайлы шешу үшін мақта кешеніне инновациялық
қызметтерді, ғылым мен техниканың жетістіктерін ендіру керектігі белгілі
мҽселе. Сонымен қатар егістік жерлерді ҽртараптандыру, қазіргі заманғы
технологияларға қызықтыру механизмін ендірген дұрыс, бүгінгі күні бұлар
тек орта жҽне ірі шаруашылықтарға қол жетімді, сондықтан Елбасы Н.Ҽ.
Назарбаев шаруашылықтарды ірілендіруді зерттеп шешуді, ҽзірлеуді тиісті
орталық органдарға тапсырды [3].
Осы айтылған проблема мақта саласына тікелей қатысы бар, бұл
салада жұмыс ісьтейтін шаруа қожалықтарының 80% - ның егістік кҿлемі
ұсақ-шашыраңқы болып қалыптасқан.
Саланың бҽсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық
дамуының маңызды факторларының бірі – инновациялық үдеріс, бұл
үдерістің мҽні экономикалық жаңартулар жҽне жоғары тиімділікті
инновациялық технологияларды ендіру.
Бұл жаңартпашылықты ендіруге қолайлы экономикалық жағдай
туындатылып, ҿндіріс пен ғылымның интеграциялану формаларын табу,
инновациялық жүйенің элементтерін бір-бірімен бірлестіретін ұйымдық
құрылымды ұйымдастыру жҽне жетілдіру қажет. Осы мақсатта ғылыми-
зерттеу ұйымдары мен ҿндірісті (ірілендірілген агроқұрылым мен қайта
ҿңдеу кҽсіпорындары жҽне т.б.) байланыстыратын инновациялық кіші
718
жҽне орта кҽсіпорындар ұйымдастырып оларды мемлекет тарапынан
қолдау қажет. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты қолданбалы ғылыми
зерттеу нҽтижелерін ҿндіріске ендіру жҽне тарату.
Экономикалық ҽдебиеттерде ауыл шаруашылығын дамытудың
инновациялық жолының ҿзара байланыстағы үш бағыты анықталған:
адами факторға инновация, биологиялық факторға инновация жҽне
технологиялық сипаттағы инновациялар. Осы бағыттардың барлығы мақта
саласын тиісті, алайда саланың жҽне ҿңірдің ерекшеліктерін ескере
отырып толықтырулар енгізу қажеттілігі бар. Ол ерекшеліктерге мыналар
жатады: жылдан-жылға ағын су тапшылығының артуы, су жүйелерінің
ПҼК тҿмендігі, едҽуір ирригациялық-мелиоративтік қордың бар болуы,
мақта ҿсіру мен жинаудың кҿпоперациялығы (85-90) жҽне олардың
еңбексыйымдылығының жоғарылығы (900-1000 адам/сағат). Осы
шығындардың жартысынан артығы ақтық операция – мақтаны қолмен
жинауға жұмсалады.
Қазақстандағы мақта саласы мақта шикізатының ҿндірісі кезінде
агротехникаларды қолданудың тҿмен деңгейімен, шаруа қожалықтарын
кооперациялаудың, интеграциялаудың тҿмен дҽрежесімен сипатталады.
Мақта тазалаушы зауыттардың қалыптасқан монополиясы мақта
қожалықтарының жҽне де басқа да кҽсіпорындардың мақта нарығының
қатысушыларымен тиімді интеграциясын жүзеге асыруға мүмкіндік
бермейді[4].
Тігіндік-тоқма кҽсіпорындардың жеткіліксіз қуаттылығы ел ішінде
мақта шикізатын терең қайта ҿңдеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін
мҽселе тудырады. Сонымен бірге АЭА «Оңтүстік» пен мақта-текстилі
кластерінің ары қарай дамуыда маңызды мҽселе күйінде қалып отыр.
Осы айтылған мҽселелердің теориялық тұстары мен тҽжірибелік
жҽне аймақтық мҽндері, нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы
саласының индустриалды-инновациялық дамуын жҽне олардың тиімділігін
арттыру мҽселелері қазақстандық ғалымдар: С.Байзақов, Г.Калиев,
А.Кошанов, Б. Серіков, И.Үмбетаев, М.Мамыров, Б.Мырзалиев,
Т.Нурымбетов, М.Ҿскенов, О.Сабден, А.Сатыбалдин, Т.Есболов, Ж.С.
Белгібаев жҽне т.б. еңбектерінде қарастырған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаев «Қазақстан-
2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында ауылшаруашылығын инновациялық
дамытудың негізгі бағыттарын атап кҿрсетті[5].
Қазақстандағы мақта-тоқма ҿнеркҽсіптің шикізаттық базасы мақта болып
табылады. 2012 жылы мақта шикізатының ҿнімділігі 379,7 мың тоннаны
құрады (сурет 2).
719
Сурет 2 – Мақта шикізатының жалпы жиынтығы (мың тонна)
Дереккӛз: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері
Жоғарыдағы суреттен мақтаның ҿнімділігі Қазақстанда 2004
жылдан бастап құлдырап, 2011 жылы қайта ҿсе бастағанын байқаймыз.
Бірақ соның ҿзінде 2012 жылы 2004 жылға қарағанда 86 мың тоннаға жуық
кеміп кеткен. Қазақстанда мақта Оңтүстік Қазақстан жҽне Қызылорда
облыстарында ҿсіріледі, ҿйткені бұл аймақтарда оған қажетті климаттық
жағдайлар, құнарлы суармалы жер, еңбек ресурстары бар. Сонымен бірге
мақта ҿндірісінің рентабельділігі басқа кейбір дақылдарға қарағанда
жоғары екендігін атап кҿрсетуге болады (сурет 3).
Сурет 3 – Мақта шикізатының ҿнімділігі 1 гектардан алынатын центнер
Дереккӛз: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері
Мақта шикізатының ҿнімділігі 2003 пен 2012 жылдар кезеңінде
гектардан алынатын центнер бойынша 20,5 деңгейінен 26,2 ұлғайғанын
кҿреміз[6].
Қорыта айтқанда мақта шаруашылығында далалық жұмыстардың
инновациялық жҽне сапалы жүргізілуі жоспарланған мақта шикізатының
кҿлемін алуға жҽне суарылатын жерлерді тиімді қолдануға мүмкіндік
беретін ең негізгі міндет. Кейбір ірі ауылшаруашылық бірлестіктерінің
жаңа техникамен жабдықталуы мақта шикізатын ҿсірудің бастапқы
ҿндірістік процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
720
Соған қарамастан шаруашылықтың кҿп бҿлігі ҿндірістік процесті
толық механизациялауға қажетті технология мен жабдықтардың
кешенімен қамтылмаған. Ұсақ шаруа қожалықтарында машиналар мен
техникалар ескірген жҽне ҿнімділігі тҿмен. Ал мақта жинау тұтастай
қолмен жүргізіледі.
Сондықтан келешекте жаңа техниканы сатып алумен бірге
мерзімінде агротехникалық жұмыстарды жүзеге асыратын машина-
технологиялық станциялар желісін құруды да қарастыру керек. Машина-
технологиялық станцияларды қазіргі заманғы жаңа техникамен жабдықтау
жҽне мақта шикізатын ҿндірісі мен ҿткізудің соңғы технологияларын
игерген мамандармен қамтамасыз ету қажет. Мақта жинауды
механизациялаудың жыл сайынғы нақты жоспарын 2016 жылға қарай 50
пайызға жеткізуді бекіту керек. Бұл үшін мемлекеттік жергілікті
ҽкімшіліктердің, «Оңтүстік» АЭА, индустриальды кҽсіпорындардың тиімді
экономикалық, қаржылық жҽне ұйымдастырушылық кҿмегі қажет болады.
Мақта саласының ҿнімділігін арттыру, саладағы еңбек ҿнімін
арттырумен тығыз байланысты, бұл бағыттағы жұмыстар тауарды
дифференциациялау арқылы ҿндірісте озық технологиялық ғылыми
жаңалықтарды енгізу арқылы қол жеткізіледі, мақта саласының
маркетингтік жүйесін басқаруда, білікті мамандарды тарту жҽне
ғалымдардың еңбектерін ҿндіріске енгізуді қаржыландыру шараларын
қолға алу қажет[7].
Мақта кешенінің ҿнімінің бҽсекеге қабілеттілігі ҿнімдердің нарық
талабына, оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларына,
ҿнімдерді ҿткізуде тұтынушылардың талабына сай болуы қажет.
Мақта ҿнімдерінің бҽсекеге қабілеттілігі кҽсіпорындар, мақта
ҿнімдері, ҿнім сапасы жҽне мақтаны ҿндіретін елдер деңгейінде
қарастыруға болады.
Бҽсекеге қабілеттіліктің мақсаты нарықта ҿткізу келешегімен,
кҿлемімін, ҿнімнің бҽсекеге қабілеттілік кҿрсеткішін анықтау жҽне оның
деңгейін кҿтерудегі атқарылатын жұмыстар жҽне мақта ҿніміне қойылатын
тұтынушылардың сұранысы мен талаптары жайлы ҽр-түрлі ақпараттарды
жинап талдау барысында белгіленеді.
Сонымен бірге мақта саласында инновациялық процестерді бейімдеу
аумақтың табиғи, ҿндірістік жҽне ғылыми-техникалық ҽлеуеттерін
үйлесімді пайдалану факторларын есепке ала отырып жүргізілуі қажет.
Резюме
В статье показаны предпосылки инновационного развытия сельского хозяства
Казахстана и индустриально-инновационного развития хлопковой отрасли.
Предложены мероприятий по углубленной переработке хлопкового-сырца на
иннавационной основе. Разработаны пути повышения эффективности производства
хлопковой промышленности в условиях индустриално-инновационной стратегии.
721
Summary
In the article describes the prerequisites of industrial-innovative development of the
cotton industry in Kazakhstan. Proposed measures for deep processing of raw cotton.
Developed ways to increase the efficiency of the cotton industry in factories and innovation
strategy.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1.
ҚР-ның 2010-2014 ж.ж. жеңіл ҿнеркҽсібін дамыту бағдарламасы //
Алматы – 2010 ж.
2.
Хан В.А. Инновации в повышении конкурентоспособности //
Экономика и статистика, №5, 2004.
3.
Панорама. Благодаря создания ТС и принятым мером государственной
поддержки в легкой промышленности впервые за последние десятилетия
наметилась тенденция к стабилизации // №2, 20 января 2012 г.
4.
ҚР-ның 2010-2014 ж.ж. үдемелі индустриальды-инновациялық даму
бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 29 қаңтар 2011 ж.
5.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ҽ.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Астана, Ақорда. Егемен
Қазақстан. № 828-831 (27902) 15 желтоқсан 2012.
6.
ҚР Статистика агенттігі www.stat.kz
7.
Серіков Б. Бҽсекелестікке қабілеттілікті арттырудың теориясы мен
тҽжірибесі, Алматы // almaprints – 2012 – 330 б.
8.
ӘОЖ 342.56
Сот тӛрелігін жҥргізу кезіндегі соттың және судьяның тәуелсіздігінің
негізгі мәселелері
Ихласова М.Ж.
«Сырдария» университеті
Халықтың мүддесін жоғары қоятын, Қазақстан елі үшін зайырлы,
демократиялық жҽне құқықтық мемлекет құру жолында «Сот тҿрелігін
жүзеге асырудағы сот пен судьяның тҽуелсіздігі» мҽселесі қашан да ҿзекті.
Биліктің бір тармағы болып саналатын тҽуелсіз сот жүйесінің басты
мақсаты – адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын қорғау. Осы ретте судьялар тҽуелсіздігі мен олардың тек
заңға бағына отырып жұмыс істеуін қамтамасыз ету күн тҽртібінен
түспейтін мҽселе.
Ешбір мемлекет ҿзінің тарихында сот органысыз жұмыс атқара алған
жоқ.
722
Қазақстан Республикасында сот билігі заңнаманы бұзуға байланысты
қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа
нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас мемлекет
құрылысына тҽн барлық ортақ белгілері бар:
1.
оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде ҽрекет ететін Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді;
2.
оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады;
3.
сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде
қабылдануға тиіс;
4.
сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды
тұлғалар, олардың бірлестіктері үшін міндетті;
5.
сот органдары заңдылық пен құқық тҽртібін нығайтуға жҽрдемдеседі.
Сот билігінің маңызы ҿзіндік белгісі оның ҿзге биліктен айырмашылығы
болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының – заң шығарушы,
атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті де сот
ҿкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана ҽділ сотты жүзеге асырады, бұл
Конституцияда ерекше ескерілген. Конституцияның 75 бабында
«Қазақстан Республикасында ҽділ тҿрелігін тек қана сот қана жүзеге
асырады» деп жазылған [1].
Конституциялық қағиданы дамыта отырып, 2001 жылғы 25
желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі жҽне судьялар
мҽртебесі туралы» Заңда соттың айрықша ҿкілеттіктерін басқа органдарға
табыстауды кҿздейтін заңнамалық кесімдер шығаруға тыйым салынады.
Сот органдары – конституциялық мекемелік органдар – сот құзыретінің
толықтығын қамтитын, бекітілген процессуалдық нысандарды сақтай
отырып, заң негізінде сот билігін жүзеге асыратын, басқа да билік
бұтақтарымен ҿзара қарым-қатынасқа түсе алатын, заң шығарушы жҽне
атқарушы билікке заң шегінде қадағалау жасайтын мемлекеттік биліктің
дербес бұтағы.
Сот құрылысында барлық деңгейдегі судьялар айрықша орын алады,
ҿйткені судья - бұл Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ҿкілі. Ол
конституциялық тҽртіппен сот тҿрелігін жүзеге асыру жҽне ҿзінің
міндеттерін кҽсіби негізде орындау ҿкілеттіктеріне ие. Объективті жҽне
байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында судьяларға белгілі
бір талаптар қойылады, ол талаптар тҿмендегідей:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын жҽне заңдарын
бұлжытпай сақтау;
2) сот тҿрелігін іске асыру жҿніндегі ҿзінің конституциялық міндетін
орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья ҽдеп
талаптарын сақтауға жҽне судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін
немесе оның ҽділдігі мен алаламаушылығына күмҽн туғызатын барлық
нҽрседен аулақ болу;
3) сот тҿрелігін іске асыру жҿніндегі қызметке заңсыз араласудың кез
келген ҽрекеттеріне қарсы тұру;
723
4) судьялар кеңесінің құпиясын сақтау [2].
Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен оқытушылық, ғылыми
немесе ҿзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, ҿзге де ақы тҿленетін
жұмысты
атқарумен,
кҽсіпкерлік
қызметті
жүзеге
асырумен,
коммерциялық ұйымының басшы органының немесе байқаушы кеңесінің
құрамына кірумен сыйыспайды.
Судьялар партияларға, кҽсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір
саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сҿз сҿйлеуіне болмайды.
Судьялар іс бойынша іс жүргізудің бүкіл процесі барысында сыртқы
ықпал етулерден тҽуелсіз, дҽлелдермен жҽне істің бүкіл материалдарымен
мұқият танысып, зерттейді, сонан соң ҿзінің іштей берік сенімі негізінде
конституция мен заңды басшылыққа ала отырып, шешім қабылдайды.
Бірде-бір мемлекеттік немесе қоғамдық бірлестіктің, бірде-бір лауазым
иесінің судьяға нендей бір істі қалай шешу туралы нұсқау беруге хақысы
жоқ.
Кез-келген судья заңды жетік білуі басты шарт.
Судьялардың кҽсіпқой корпусын дайындауда ең алдымен соттардың
кадрлық резервін қалыптастыру керек. Соттардың тҿрағалығы қызметіне
кҽсіпқойлық, адамгершілік жҽне психологиялық сапасын ескере отырып
таңдау тҽжірибесі мен механизмдерін жақсарту бойынша іс-шараларды
қабылдау сот тҿрелігін жүзеге асырудың жоғарғы сапалығын қамтамасыз
етеді.
Соңғы 10 жылда сот жүйесін қаржыландыру 7 есеге ҿсті,
республикамыздағы сот органдарын жетілдіру мақсатында жаңа
ғимараттар салынып, соттардың ашықтығы мен жариялылығын
қамтамасыз ету мақсатында тҽжірибеге соңғы үлгідегі озық ақпараттық
технологиялар, яғни материалдық-техникалық жабдықталуына қаражаттар
бҿлінуде. Судьялардың дербес жұмыс істеудегі ҽлеуметтік кепілдігі
қарастырылып жалақылары кҿтерілуде, қызметтік үйлер беріліп,жеке
қауіпсіздік шаралары да қарастырылған, сонымен қатар отставкаға шыққан
судьялардың ҽлеуметтік кепілдіктері де артуда [3].
Сот билігінің нағыз тҽуелсіздігіне қол жеткізбейінше азаматтар мен
заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, еркіндіктері мен заңды
мүдделерін пҽрменді қорғау жҽне экономикалық мҽселелерді шешу,
сыбайлас жемқорлықпен күресу сияқты мҽселелерде жетістікке жетуге
үміт арту қиын.
Сот корпусындағы жемқорлықпен күрес мҽселесіде соттық
тҽуелсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады. Сот
беделі жекелеген судьялар беделінен құралатыны айдан анық.
Судьялардың ҽрбір басқан қадамы, іс-ҽрекеті, тыныс – тіршілігі үнемі
кҿпшіліктің назарында. Сондықтан да ҽрбір судья ҿз беделінің тҿмендеуін
сот саласымен ұштастыра қарап, ал соттың беделі – мемлекеттің беделі
екенін бір сҽт те естен шығармағаны жҿн.
Сот беделінің артуы негізінен оның сапалы қараған ісімен
байланысты.
724
Қорыта келе Қазақстандағы қазіргі негізгі мҽселелердің бірі - бұл
соттық жҽне судьялық тҽуелсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар сот
тҿрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігі бойынша нақты
механизмдер қалыптастыру қажеттігі. Сот тҿрелігін жүргізуге байланысты
Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыру жҽне сот
жүйесін реформалау тҽжірибесі сот тҽуелсіздігін қамтамасыз етуде
маңызды рҿл атқарады.
Сот пен судьяның тҽуелсіздігі – бұл мемлекеттің басым
бағыттарының бірі. Сот билігінің тҽуелсіздігін қамтамасыз ету – бұл
құқықтық мемлекет құрудағы бағытымызды жҽне адамның негізгі
құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі. Бұл ұстаным сот
тҽуелсіздігін заңнамалық реттеудің одан арғы шарттарын анықтап беруі
тиіс.
Құқықтық мемлекетте сот билігі қоғамдағы ҽлеуметтік теңдік пен
тұрақтылықтың кепілі болып танылады.
Сот тҽуелсіздігі – бұл ҽділеттілікті орнатудың басты шарты.
Резюме
В статье рассматриваются основные проблемы Независимости суда и судьи
при отправлении правосудия: за годы независимости Казахстан уверенно идет по пути
дальнейшего утверждения демократического правового государства, неотъемлемыми
атрибутами которого являются верховенство права и независимая судебная власть.
В статье дается анализ обеспечению открытости и гласности судопроизводства, а также
доступности правосудия к гражданам в целом
Достарыңызбен бөлісу: |