Бақылау сұрақтары:
Экономикалық талдаудағы есептеулерді реттеу;
Компанияның ақша ағыны кезеңімен үздіксіз (ұдайы) жұмыс жасау;
Ақша ағыны кезіндегі түсініктілік;
Экономикалық талдаудағы мәнділік, маңыздылық,сенімділік;
1.Экономикалық талдау әдісі – бұл ұйым қызметінің тиімділігін жоғарылату жолдарын
іздестіру мақсатымен қызмет нәтижесін жүйелі және кешенді түрде зерттей отырып, оған әсер ететін факторларды анықтау және жалпылау.
Экономикалық талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің бірқатар нақты әдістемелерін қолдануды қарастырады.
Экономикалық талдау әдістемесі – бұл ұйым қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің аналитикалық тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы.
Экономикалық талдау әдістемесінің негізгі екі элементі бар:
1. Талдау технологиясы (аналитикалық жұмыстарды орындау тізбектілігі);
2. Объектілерді зерттеу тәсілдері.
Талдау технологиясы мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Талдау объектісі, мақсаты мен міндеттері нақтыланады, аналитикалық жұмыс
жоспары жасалады.
2. Талдау объектісі сипатталатын синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер
жүйесі жасалады.
3. Талдауға қажетті ақпараттар жинақталады.
4. Нақты нәтижелер жоспар көрсеткіштерімен салыстырылады.
5. Факторлық талдау жүргізіледі: факторлар анықталады және олардың нәтижеге әсер
етуі анықталады.
6. Өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтері анықталады.
7. Әртүрлі факторлардың анықталған резервтерге әсер етуін ескере отырып, ұйымның
қаржылық нәтижесі бағаланады.
Экономикалық талдау әдістемесінің маңызды элементі – объектілерді зерттеу тәсілдері 9 болып табылады (талдау құралдары). Олардың ішінде кең түрде қолданылатын келесідей дәстүрлі логикалық тәсілдерді атауға болады: салыстыру, графиктік, баланстық, орташа және қатысты шамалар, топтастыру және т.б.
Ұйым нәтижесіне әсер ететін факторларды зерттеу үшін тізбектелген қойылымдар, абсолюттік айырма, қатысты айырма, интегралдық әдістер қолданылады.
2. оң ағыны компанияның өтімді активтерінің өсіп келе жатқанын көрсетеді, бұл оның бизнесіндегі инвестицияларды қайтаруға, акционерлерге ақшаны қайтаруға, шығындарды төлеуге және болашақ қаржылық қиындықтарға қарсы буферді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қаржылық икемділігі жоғары компаниялар тиімді инвестицияларды пайдалана алады. Олар сондай-ақ қаржылық қиындықтарға жол бермеу арқылы құлдырау жағдайында жақсы болады.
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдауға ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті, компанияның көздері туралы есепті стандартты қаржылық есептілікті және белгілі бір уақыт аралығында қолма-қол ақшаны пайдалану туралы есеп беруге болады. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті компанияның басқа қаржылық есептіліктер сияқты баланс немесе кірістер мен шығыстар туралы есептер арқылы түсінуге болмайтын тенденцияларды түсіну үшін пайдалануға болады.
3. Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді.
4. Аудиттің халықаралық «Аудиттегі маңыздылық стандарты» стандарты бойынша «Ақпарат мәнді болып табылады, егер де оны қалдыру немесе бұрмалау қаржылық есеп берушілік негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етсе».
Аудитор фактілерден ауытқудан басқа қаржылық есеп берушілікте бұрмалаушылықты болдыратын жағдайлардың екі түрі болады: - бухгалтерлік есеп стандарттарын дұрыс қолданбау; - қажетті ақпаратты қалдырып кету.
Қаржылық есеп берушілікті тексеруде аудитор аудиттегі маңыздылықтың екі жағын ескеру керек: - сапалық, яғни Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік актілердің талаптарынан операциялардың ауытқуы;
- сандық, яғни маңыздылық деңгейімен сипатталатын.
Маңыздылық деңгейі- бұл қаржылық есеп берушілікте , оның дұрыстығына әсер етпейтін максимальді жіберілетін бұрмалаушылықтар сомасы.
Маңыздылық деңгейін анықтауда екі шама қолданылады: қателіктердің нақты және қатысты шамасы.
Нақты шама – сомадағы қателік, қатысты шама- проценттік қатынаста қабылданған базалық шамаға сәйкес анықталады.
Маңыздылық деңгейін анықтауда тәсілдерді өңдеу үшін әрбір аудиторлық фирмаларда есептеулердің тәртібін өңдеу және оларды ішкіфирмалық стандарт бойынша рәсімдеу керек.
Маңыздылық деңгейін анықтауда аудитор келесідей факторларды ескеруі қажет: қаржылық есеп берушілікті құру шарттары; бір клиент үшін мәнділік басқасы үшін маңыздылықпен сәйкес келмегенде пайдаланушылар үшін қаржылық есептің мақсаты.
Аудитор маңыздылықты анықтай отырып, клиентпен есептеулердің деңгейі мен тәртібін талқыламайды, біріншіден, өзіне жұмыс көлемін және қабылдайтын тәуекелдерді анықтап алады.
№2 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, мерзімді басылымдар мен интернеттегі www.audit.kz сайтының мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |