Қазақстан республикасының білім және ғылым



бет16/34
Дата11.04.2022
өлшемі349,48 Kb.
#30572
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
АФО тәжірибелік жұмыс жинағы (копия)

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2020. - 294 с.

2. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2019. – 128 с.

3. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2021. – 384 с.



2-тақырып. Компанияның ақша қаражаттарын талдау
Жұмыс мақсаты:. Экономикалық талдаудың әдістері жолдарын үйрету

Сабақтың ұзақтығы (академиялық сағатпен): 270 минут

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.

  2. Ұйым активтерін өтімділік дәрежесі бойынша топтастыру.

  3. Ұйым пассивтерін жедел өтеу дәрежесіне қарай топтастыру.

  4. Ұйым өтімділігін талдау

Қысқаша теориялық мәліметтер

Өзінің міндеттемелерін, берешегін мерзімінде өтеу үшін кәсіпорындар, банктер активтерінің ақшалай қаражатқа тез айналу мүмкіндігі, кәсіпорынның аса маңызды көрсеткіші мен сипаттамасы, оның қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі жайында осы көрсеткіш бойынша пайымдайды.

Бір жағынан кәсіпорынның балансында көрсетілген төлемдік, тез өткізілетін қаражат, екінші жағынан, оның қысқа мерзімді міндеттемелері арасындағы арасалмақты сипаттау үшін шаруашылық тәжірибесінде қолданылатын термин. Бұл арасалмаққа өтімділік коэффициентінің атауы беріледі және ол бірлік өлшемінен кем болмағанда, яғни құрал-жабдық міндеттемелерге тең немесе одан көп болғанда әдетте қолайлы деп есептеледі.

Қаржының жоқтығы себепті өзінің борышқорлық міндеттемелерін төлеуге мүмкіндігі жоқ төлем, төлем төлеуге қабілетсіз. Есеп айырысу бойынша өзінің міндеттемелерін орындамайтын кәсіпорын заңнамаға сәйкес сот тәртібімен банкрот деп жариялауы мүмкін, кәсіпорынның банкротқа ұшырау есебінен сол жерде қызмет ететін заңды және жеке тұлғалар да қатысты болады.

Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін және өтімділігін бағалау үшін келесі негізгі әдістерді ұстанады:

- баланстық өтімділігін талдау;

- қаржы өтімділік коэффициентін бағалау және есептеу;

- қаржы ағынын талдау.

Баланстың өтімділігін талдаған кезде активтер салыстырылады, олардың өтімділік деңгейі жинақталған міндеттемелерге оларды өтеу мерзімі және олардың ағымдағы міндеттемелердің өтімділік қорларымен қамтылған деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тәжірибелерде кәсіпорынның төлемқабілетітілігі баланстың өтімділігі арқылы көрінеді. Баланстың өтімділігінің негізгі бөлігін бағалау – кәсіпорынның активтерімен жабылу көлемін көрсетеді, міндеттемелерді өтеу мерзімі ақша қаражаттары қозғалу мерзіміне сәйкес келеді.

Жойылу коэффициентін анықтау үшін баланстын актив пен пассивті салыстырады.

A1 ≥ П1


А2 ≥ П2

А3 ≥П3


A4 < П4

Негізгі шарт, міндеттеменің баланстық абсолюттік өтімділігі бірінші үшеуімен сәйкес келмеуі керек.

Теория тұрғысында бір баптағы активтік құралдың жетіспеушілігі екіншісімен толықтырылады. Алайда, тәжірибе жүзінде өтімділік активтерді басқа құралдармен ауыстыру мүмкін емес. Сондықтан кез келген теңсіздіктің белгісі болса, яғни оқтайлы қарама-қарсы нұсқада анықталса, онда баланстық өтімділік абсолюттік белгімен ерекшеленеді. Кәсіпорынның ағымдағыөтімділігін және төлем қабілеттілігін жақын арадағы уақытта анықтаймыз. Баланстың өтімділік көрстекіштерін бағалау келесі жинақтамалы кестемен орындайды. Оның мазмұны бойынша кәсіпорын балансының абсолютті жойылу келесі өлшемге сәйкес екендігін анықтауға болады. А2 > П2 және А3 > П3, А1 > П1 өлшемі бойынша есептік жыл басына қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет