Қазақстан республикасының білім және ғылым



бет11/34
Дата11.04.2022
өлшемі349,48 Kb.
#30572
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Бақылау сұрақтары:

1 Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі. Ұйымның ақша қаражаттарын талдаудың мақсаты.

2 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, оның талдамалық құндылығы.

3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тура және жанама әдістері, олардың жетістіктері мен жетіспеушіліктері.

4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы: ұйымның қаржылық, инвестициялық, операциондық қызметтерінен болатын ақша ағыны.

5 Ақша қаражаттарының таза ағынын анықтау.



1.Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар жəне басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелуі үшін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына оңай айналуына жəне құн өзгерісінің болмашы тəуекелдігіне ұшырауы тиіс. Осылайша, əдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншікті капиталға салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған жəне сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.

2. Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп — ақша қаражат пен оның баламаларының кетуі мен келуінен құралатын ақша қаражаттың қозғалысын талдауға арналған ақпараттың негізгі көзі. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 — «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының талаптарына сəйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сəйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық жəне қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің есепті кезеңіндегі ақша қаражаттың баламалары туралы ақпаратты қамтиды. Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі, қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады.

3. Ақша қаражаттың қозғалысы туралы есеп белгілі бір қаржының келіп түсуі мен олардың пайдалануы жөнінде ақпараттар береді. Сол арқылы қаржылық есеп мәліметтерін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және сол ақша қаражаттарын қандай көздерге жұмсауды қажет ететін бағыттарды анықтайды. Сонымен бірге компанияның таза табысымен және оны алумен байланысты әр түрлі түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге болады. 

Ақша қаражаттың қозғалысы туралы есепте жасаудағы негізгі мақсат мыналар болып табылады: 

1.Есептік кезең арасындағы компанияға келіп түскен ақша-қаражаттармен олардың жұмсалу туралы ақпараттар. 

2.Есептік кездегі компанияның операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы ақпараттар алу.

4.Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алып қарағанда АҚША - бұл компанияның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттары және банктен ашылған әртүрлі шоттардағы ақша қаражаттары болып табылады. (ағымдық, валюталық, есеп айырысу шоты, т.б.арнайы шоттар). 

Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы - бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған ақша қаражаттары. Сондықтан, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді. 

Компанияның операциялық қызметті жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету. 

Операциялық қызмет - табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциялық қызметін жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады: 

Инвестициялық қызмет - бұл ұзақмерзімді активтерді сатып алу және сату сонымен бірге қайтарылатын қарыздарды алу және беру қызметтері. Инвестициялық қызмет нәижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы төмендейді.

5. Ақша қаражаттарының ағыны (cash flow) – олардың пайда болу көздерінен тәуелсіз қаржы ресурстарының түсімі мен шығындарының бірлігі (шығындарды алып тастағанда ақша қаражаттарының түсім сомасы). Ақша ағындарын талдаудың негізгі міндеті – ақша қаражаттар жеткіліксіздігінің (молдығының, артығының) себептерін табу, олардың түсімдер көздерін және пайдалану бағыттарын анықтау. Ақша қаражаттар ағындарын зерттеу келесілердің талдауын өткізуге мүмкіндік береді:

өтімділігі мен банкроттық қаупін; 

капитал салымдарын қаржыландыру тиімділігін; 

- фирманың өндірістік және қаржылық тәуекелін және оның бағалы қағаздарының инвестициялық сипаттарын.

Ақша қаражаттарының түсімі дивидендтерді төлеу негізі ретінде инвесторларға керек, ал несие берушілерге – қарыздардың қайтаруын қамтамасыз етуі ретінде. Ақша қаражаттарын басқару мақсаты: фирманың (компанияның) дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды жеткілікті деңгейде ұстап тұру. Ақша қаражаттарын басқару саясаты тұрақты төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету және сақтау үдерісінде тиімді пайдалану мақсатында олардың қалдығының жиынтық мөлшерін оңтайландыруда тұрады.

№ 1 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады:

1. Тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет