Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет19/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
лекция МПИ

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.

  2. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000

  3. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО -1992 -№5,6

  4. Каймин В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. ИнфО–1990 №6

  5. Г.Т.Жақыпбекова Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент-2002



Лекция №9 Бастауыш мектепте информатиканың оқытылуы
Жоспары

  1. Бастауыш мектепте информатиканың оқытылуының қажеттілігі және мақсаты мен міндеті

  2. «Информатика» пәнiнiң зерттеу объектiлерi



Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары;
- оқушыларға ақпараттарды беру, өндеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану процестерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;
- оқушылардың оқу процесiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыруы ретiнде, сонымен қатар кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдік шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластар мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру;
Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау;
“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспары мен білім беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) — оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнің информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының кұрамы мен құрылымы.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негізгі бағдарламасы (БНБ) — оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, оларды ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) — “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша саралау қажет. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру (ҚББ) -мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативті арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен міндеттері төмендегідей;
- оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларға ақпараттандыру кұралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
- оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау;
- информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем бейнесiн кұрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам техника аймақтарында қарастыру;
- оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
- тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық техналогиялар саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
- оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамассыз ететiн бiлiмдермен қаруландыру;
- оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;
Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерi:
- ақпарат
- ақпараттық ресурстар;
- ақпараттық үрдiстер;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
«Информатика» пәнінің даму болашағы мына көрністерге байланысты:
1. Пәннiң жалпы бiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
- оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлік тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;
- тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.
2. Информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, биологиялық, қолданбалы информатика және тб.
Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:
- Теориялық информатика. Мұнда ақпараттық қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцессорлардың есептеу мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
- Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.
Информатика курсын оқыту әдiстемесiн жетiлдiру;
• Информатика пәнiн оқытудың тиiмдi әдiстерiн анықтау;
• Информатика пәнiнiң өзiндiк сипаттамалық ерекшелiктері
• Оқыту әдiстерi:
• Оқытудың өзiндiк әдiсi.
• Көрнекiлiк әдiсi,
• Иллюстрация.
• Демонстрация.
• Практикалық (iс-әрекеттiк) әдiстер.
• Керi байланысты жүзеге асыру тәсiлдерi. Бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет