Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет1/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
лекция МПИ




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI


АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


"Жаратылыстану-экономикалық" факультеті


"Математика, физика және информатика" кафедрасы


ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНЕН


ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ






Шымкент 2013 ж.
Лекция №1 Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде


Жоспары

  1. Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқыту әдістемесі

  2. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі




  1. Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқыту әдістемесі

Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) - білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын саласына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатын да қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларда білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл-ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы.



Педагогиканың жалпы негіздері

Тәрбие теориясы



Дидактика



Мектеп тану




Мектептерге – «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің енгізілуіне байланысты дидактикада информатиканы
оқыту әдістемесі атты жаңа сала пайда болды. Информатиканы
оқыту әдістемесі информатика ғылымының даму деңгейіне және
қоғамның оқыту мақсаттарына сәйкес мектепте информатиканы
оқытудың заңдылықтары мен әдістерін зерттейді.
Информатиканың мектептегі мәселелерін қарастыратын мектеп информатикасы - информатика ғылымының бір саласы ретінде оқу процесіне дербес компъютерлерді пайдалану мен олардың техникалық, программалық, оқу-әдістемелік, т.б. жабдықталуын қамтамасыз етеді.
Информатиканы оқыту әдістемесінің мазмұны ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Ол өзінің дамуында философия, психология, педагогика, информатика, т.б. ғылымдарының мәселелеріне сүйенеді. Жаңа ақпараттық технологияға сәйкес информатика пәнінің мазмұнында жаңа салалар пайда болды. Оларды оқыту теориялық жағынан зерттеліп, іс-тәжірибеден өткізілуде. Информатиканы оқыту әдістемесінің алдында әлі де зерттеуді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Атап айтқанда, информатиканың мектепке дейінгі, бастауыш сыныптардағы, төменгі, орта, жоғары буындарда оқыту жағдайларын зерттеу; өз бетінше оқитындарға әдістемелік көмектер ұйымдастыру; қолданбалы программаларды пайдалану; ашық программаларды өңдеу секілді көптеген мәселелер жан-жақты зерттеуді қажет етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет