Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі
Қазақстан Республикасы ақпараттандыру Тұжырымдамасына сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі информатика курсын оқытумен ғана шектелмей, білімнің информатика саласы бойынша жаңа аймақтарын игеруді, компьютерлік технологияны пайдалануды, арнайы әдістер көмегімен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. ЭЕМ-ге байланысты оқыту әдістемесіндегі бірінші пән информатиканы оқыту әдістемесі адамның компьютерді игеру тәжірибесін жинақтап, оқыту процесін компьютерлендіруде реттеуші қызметін атқарады.
Мұғалім мен оқушының ЭЕМ-мен жұмыс істегендегі ақыл-ойы мен іс-әрекетінің мазмұны компьютердің қуаттылығына, программалық жабдықталуына және компьютерді пайдаланып оқытуға ғана байланысты емес. Ол компьютерлік ортада орындалуы мүмкін іс-әрекеттерді түрлендіруге бағытталған оқушының іс-әрекетін, шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға байланысты болып отыр.
Қазіргі компьютерлер қуатының, жад сыйымдылығының, қызмет көрсету мүмкіндігінің, графикасының өсуімен бағаланғанымен, білім беруді ақпараттандыру жағдайы бұл мәселелерге ғана байланысты емес. Ол қажетті программалық құралдардың болуы, мамандардың кәсіби дайындығы және ЭЕМ-нің қолданылу аймағына сәйкес оқу құралдары мен әдістерін жетілдіруге байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін компьютерлендірумен бірге оны программалармен қамтамасыз ету, бұл программаларды басқа пәндерді оқытуда пайдалану жағдайлары информатиканы оқыту тәжірибелеріне сәйкес меңгеріледі. Оқушылардың сабақта дербес компьютерді құрал ретінде қолдануы пәнді игеру процесінің төменнен жоғары қарай ақпараттық технология оқу процесін дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар инновациялық оқыту әдістерін қалыптастыруда және жаңа ақпараттық технология білім беруді жетілдіру ісінде төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде, яғни
әрбір жеке тұлға үшін ашық білім алу жүйесін жасау;
білім беру саласын ақпараттық-әдістемелік жағынан жабдықгау;
Информатиканың негізгі құралы және оқу обьектісі — компьютер кез келген басқа оқу құралдарына қарағанда "тәуелсіз" және басқару процесінің компьютерге берілуі оқушының танымын кеңейтеді.