Білім мазмұны мен оқу әдісі. Әлем жайында бiлiм. Оқушының әлем жайында. бiлiмді меңгеруi қабылдау, түсiнiк, еске сақтау арқылы жүредi. әлемдi, мысалы, адамды қоршаған заттар әлемi, әлеуметтiк ортасы, компьютерлiк әлем, адамның өзiнiң ішкі әлемi тәрiздi ақиқаттық арқылы түсiнуге болады. Заттар әлем мен олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамның информациялық ресурсына кiру арқылы және ЭЕМ модельдеу арқылы таниды. Дәстүрлi әдiс мұғалiмнiң сөзі мен кiтапқа сүйенедi.
Өзiндiк тану компьютермен бейнеленетiн және iс-әрекетті ойлау арқылы жүзеге асырылады. Компьютер iс-әрекетi нәтижесiн жылдам бере отырып, дәл осындай ойлау сапасының дамуын қамтамассыз етедi.
Iс-әрекет тәсiлiн жүзеге асыру тәжiрбиелерi. Іс-ерекеттің үлгiсiн көрсету және инструктор жолымен компьютерлiк әлемнiң үнемi дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың iзденушiлiк белсендiлiгi арқылы берiледi. ЭЕМ-мен жұмыс iстеуде iс-ерекеттің стандартты түрiне барабар оқыту әдiсi ақыл-ой әрекетiн сатылап қалыптастыру болып табылады. Дайын программа мен диалогты меңгеруде клавитурамен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру үшiн де бұл әдiс қолданылады.
Шығармашылық iс-әрекет тәжiрбиелерi Шығармашылық iс-әрекет тәжiрбиелерi проблемалық есептер шығару, таныс емес программалық құрал меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалiмге тән тәсiл-бiр мәндi анықтауды талап ететiн есептi қою Программалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжiрибесi — ашық программалау әдiсiмен берiлуi мүмкiн. Бұған ұқсас тәжiрбиелердiң көлемi шағын, ол информацияның ғылым саласы екенiмен түсiндiрiледi.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжiрбиесi. Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжiрбиесi оқушылардың бiр-бiрiмен және мұғалiммен қарым-қатынасы процесiнде пайда болып, таратылады. Мектеп практикасында оқушыларға тікелей әсер ететiн бiрқатар тәжiрбиелер жинақталды. Информатикаға тән тәрбиелiк бағытта жұмыс iстейтiн оқыту әдісін атау қиын, бiрак, информатиканы оқыту барысында жүзеге асырылатын жағдайларды көрсетуге болады. Ол оқушыларға өз жұмысын жазуды ұсыну, программада қате жібермеуге қойылатын талап, сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар мәселе-оқушының жауабына кластың көңiлiн аудару болып табылады.