28
Лингвистиканың негізгі объектісінің (нысанының) бірі де бірегейі –
поэзия, өлең сөз екені даусыз.
Бұл оның әрі танымдық, әрі эстетикалық
қызметінен туындайды, яғни поэзия тілін лингвистика тұрғысынан
зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық (образотворчество)
мәселесі көзделеді. Образ жасампаздық тіл элементтерін (құралдарын)
жазушының өз қаламында жарата білуі арқылы пайда болады [34]. Ал қазақ
поэзиясы ежелден кестелі сөзге, астарлы ойға, сөз мағынасын сан алуан
ауыстыруға, алмастыруға, әсем де әсерлі образдарға өте бай екені белгілі.
Бұл орайда
бұрынғы-соңғы жыраулардың, ақындардың кез келгенінің
туындыларынан көптеп мысал келтіруге болады. Алайда, Ж. Аймауытов
айтқандай «суретті, кестелі көркем сөз Мағжаннан басталатыны» да
шындық.
«Қазақ тілі» ақынның сөз шеберлігін, сөз мағынасының түрлі
обертондарын нақ басып, жіті сезінгендігін, образ жасампаздығын танытатын
шығармаларының қатарында ерекше орын алады.
Бұл өлеңді қаламгер дәл қай жылы жазғаны белгісіз, тек ақынның 1995-
1996 жылғы үш томдық «Шығармаларында» 1911-1922 жылдарға
топтастырылған туындыларының қатарында келтіріледі:
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше – батыр, бүгін – қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Асқан жандар – алтын хандар ұмтылды.
Елдік, ерлік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың ...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті,
кең тілім,
Тарап кеткен түрік балаларыңды баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен,тілім!
Қазіргі күнге дейін маңызын жоймаған, тіпті мәні бұрынғыдан да арта
түскен тіл, қазақ тілі өлең тақырыбына шығарылғанмен, ақынның айтар ойы
халқымыздың өткеніне, қазіргісіне, болашағына тікелей қатысты. Тарихи
дамудың түрлі сатысын бастан өткерген кез келген ұлт, халық толыққанды
этнос болуы үшін үш түрлі алғышарт қажет екені белгілі, яғни халықтың өз
тілі, жері және мемлекеті болса ғана әлемдік
өркениетте орны бар этносқа
айнала алады. Ақын осы қағиданы жақсы білгендіктен де 4 шумақтан
тұратын өлеңде қазақ халқы басынан кешіп отырған тарихи шындықты
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
29
көркем, шебер жеткізе алған. Бірінші шумақта ақын халықтың жинақ
бейнесін
жан сөзімен береді, ал тіршілік, өмір семантикалық өрісіне
қатысты
қан, жүрек сөздерінің ауыспалы мағынасы халықтың жай-күйін
көрсетеді. Бұл сөздерді
суынған, солғын сөздерімен тіркестіріп, алғашқы
жолдардғы етістіктің жедел өткен шағы (
кеміді, құлады) мен ауыспалы осы
шағын (
бұғады, соғады) қатар келтіріп, лексикалық антонимдер (
кеше –
Достарыңызбен бөлісу: