26
трагедияның бояуын күшейтеді, яғни оптимистік трагедияның өмірсүйгіш
пафосын анықтайды. Қорытындыдағы эпифора дауыл сөзіне негізделген.
Дәстүрлі
поэтикалық қолданыстағы дауыл сөзінің мағынасын етістіктер
(азаланып жетті, құшып алып кетті, шертті) кейіптей кеңейіп,
ақпардың көлемін ұлғайтқан, сол
арқылы кейіпкердің іс-әрекеті, көңіл-күйі
қалың көпшілікке жететіні көрінеді. Жоғарыда айтылған барлық ой-пікірді
соңғы
осынау сілтеу есімдігі жинақтай нақтылап тұр.
Эпилогта да ақпараттылық, когезиялық, модальділік секілді санаттардың
тілдік көрінісін: лексикалық, синтаксистік қайталамаларды, метафора
қолданыстарды, хиазмды (сөйлем мүшелерінің
кері ретпен орналасуын (аш
жүзіңді, шашыңды жи), семантикалық, синтаксистік параллельдерді
кездестіреміз.
Поэмадағы ақпар түрлері жымдаса келгендіктен, ол көп қабатты
құрылым ретінде танылады. Мәтінге тән ақпар түрлерін түсіне білу,
ажырата алу, түрлі ассоциациялар тудыра
білу оқырманның қабылдауына
тікелей байланысты.
Сонымен, вербалды түрде көрінетін мазмұнды-нақтылы ақпардан
көркем мәтіннің мазмұнды-концептуалды ақпары туындайтыны байқалса,
көркем шығармадағы мазмұндық-астарлы ақпар сөз арқылы бедерленіп,
деректі түрде ашық көрінбейді. Ол тек жанама түрде, ассоциациялар
негізінде қалыптасады.
И.Р. Гальперин мазмұндық-астарлы ақпар (содержательно-подтекстовая
информация), подтекст терминдерін синоним ретінде қатар қолдана отырып,
мынадай анықтама береді: «Мазмұндық-астарлы
ақпар дегеніміз тіл
бірліктерінің ассоциативті және бағалаушы мағына тудыра алу қабілетіне,
сондай-ақ күрделі фразалық тұтастыққа кіретін сөйлемдердің мәнін өзгерту
қабілетіне орай мазмұндық-нақты ақпардан алынатын жасырын ақпар»
[17:28].
Подтекст терминіне дефиниция берушілердің көзқарастары әр қилы
болғанмен, олардың бәрі де оны дерексіз,
сөз арқылы вербалданбайтын,
мәтіннің бүкіл өн бойынан оны тұтас оқып шыққанда ғана танылатын мән
деп түсінеді. Мысалы, осы терминді орыс тіл біліміне алғаш енгізіп, оны
лингвистикалық нысан ретінде негіздеген Т. Сильманның пікірінше:
«Астарлы ой – тек жанама түрде, оның үстіне сюжет дамуындағы ең
жауапты, психологиялық елеулі және шешуші,
екпінді сәттерде ғана
білінетін жасырын сюжеттік желі,..» [47:93]. Бұл шынында да, солай,
мәселен, Д. Исабековтің «Қарғын» романындағы соңғы үш абзац бүкіл
шығарманың шешілуін көрсетеді, яғни Жасын мен Бағила арасындағы
сезімнен, күрделі қарым-қатынастан
туындайтын таңдау, оның моральдық,
әлеуметтік салдары туралы айтылмаса да, оның болатынын оқырман күтіп
отырады. Сондықтан да Жасын өзінің барлық ұстанған қағидаларын бұзып,
Бағилаға деген сезімдерін толығымен мойындап,
онымен қалатынын автор
астарлы ой арқылы жеткізеді. Қаламгер бұл шешімді тікелей
номинативтермен вербалды түрде бермейді, тек ассоциациямен ғана оқырман
өзі түсінеді: «
Енді оның көз алдына ешқандай жазығы жоқ әйелі,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ