Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата30.10.2022
өлшемі2,15 Mb.
#46201
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

Кідірді ер оқ таусылып). 
Кейіпкердің ішкі ойы контекстік антонимдермен сипатталған: 
бостандықтың алтын туы – бір килодай қорғасын, күліп тұрып сатқан – сұм 
және бұлардың бәрі де метафоралана қолданылған. Осы шумақтағы от 
оқшау бейнеленген: кейіптелген өрт (қызыл, жасыл киінген, билеп, ойнап, 
жалын желектерін желпіп келе жатты) пен жалынға оранған ақынды 
қатар әрі қарама-қарсы қойып сипаттау шығарма идеясын, пафосын биіктете 
түскен, ақынның Нұх пайғамбар мен Прометейге теңелуі де тегін емес; діни-
мифологиялық әдебиеттен жақсы таныс бұл прецедентті атаулар оқырман 
ойында түрлі ассоциацияларға негіз болады. Оларды етістік тұлғалары да 
нақтылай түсіп тұр. Топан сөзі дәстүрлі қолданыста тек су сөзімен тіркессе, 
ақын оны «өрт» лексемасымен тіркестіріп, мағыналық жағынан жаңғыртып, 
кеңейткен. Ал бұйрық райдағы кел бер, күйіңді шерт тіркестері мен тілек 
мәнді алшы етістігінен өлім мен өртті кейіпкер екі түрлі мағынада 
қабылдайтыны байқалады. Ол өртті еш қарсылықсыз қабылдайды, бірақ 
онымен келетін өлімнен қорықпайды, керісінше, оны жанға тыныштық 
әкелер құтқарушы деп түсінеді. Бұл орайда ұлт тілінде оқыған оқырманның 
есіне М. Жұмабаевтың «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі түседі. 
Поэманың соңғы бөлігі кейіпкер портретімен басталады, яғни жарық 
семантикалық тобына кіретін сөздер (нажағай, жарқ-жұрқ, күн, нұр, ай, 
жай) арқылы ақынның өлмес бейнесі беріледі. Абдолла монологіндегі 
алғашқы жолдарда жауға қарсы қойылған өлім келесі жолдарда өртпен 
тұтасып келеді. Осы шумақтағы синтаксистік қайталамалар (Қош бол енді, 
туған елім!), семантикалық, лексикалық қайталамалар, лексикалық, 
контекстік антонимдер, эмоционалды-экспрессивті сөздер шоғыры, 
грамматикалық тұлғалар (осы-ақ, болды-ау, бұл емес ед), қаратпа сөздер
олардың қайталануы монологтің ақпараттық, когеренттік қасиеттерін 
арттыра түседі. 
Поэманың соңғы бөліміндегі перифразалар (өмір ақтық музыкасы, күй 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет