Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата30.10.2022
өлшемі2,15 Mb.
#46201
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
аз ба екен. «Беломор каналды» сен шектің, Беломор каналды қазды әкем» 
деген ӛлең жолдарында сӛздердің денотативтік және коннотативтік 
мағынасына қоса, тҥрлі ассоциациясы негізінде ақпар кӛлемі ҧлғайған, яғни 
саяси-идеологиялық машинаның қҧрбаны болған әкесінің тартқан азабы мен 
соған байланысты ӛз басына тҥскен қиыншылық пен ауыртпалықтың 
мыңдарға тән екені, оған кінәліні іздеуге дәрмен болмағаны кӛрсетіледі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


55 
Ақпарат теориясының негізін салушылардың бірі К. Шеннонның 
сызбасындағы басты бес компонент былай кӛрсетіледі: 1) арнамен жіберілуге 
тиіс хабар немесе хабар тізбегі; 2) аталған хабарды жіберілетін арнаның 
сипатына сәйкес сигнал ретінде қайта тҥзетін жолдаушы; 3) сигналды 
жіберушіден алушыға жеткізуші арна; 4) жолдаушыдан алынған сигнал 
бойынша ақпарды қайта тҥзіп, қабылдаушы қҧрал; 5) адресат немесе ақпарды 
алуға тиіс адам.
Мҧндағы бірінші компонент ретінде қаламгер ӛмір сҥрген орта, кезең, 
қоғамды тҥсіну керек. Жолдаушы ретінде жазушы немесе ақынды атау 
керек, себебі ол ӛмірден кӛрген, тҥйгендерін ӛз бетінше тҥсініп, зерделеуін 
кӛркем бейнелер арқылы кодқа тҥсіреді, сол арқылы оқырманға әсер етеді.
Арна ретінде тҥрлі әдеби жанр мәтіндерін атаймыз. Қабылдаушы, яғни 
оқырман - қаламгер жіберген сигнал арқылы ақпарды алып, соған жуық 
тҥсінетін адам. Ал адресатымыз – тҧтас қоғам десе де болады, себебі кӛркем 
мәтін тек бір ғана оқырманның еншісі емес. 
Кез келген қаламгер ӛзі ӛмір сҥріп отырған орта мен кезеңде, қоғамда әр 
алуан қҧбылыстар мен оқиғалардың куәсі болады, олардың бірі оның сезім-
тҥйсігін жанай ӛтсе, енді бірі жан дҥниесін мҥлде ӛзгертеді, ал ҥшіншісі 
тікелей қайшылық тудырады. Ал мҧның ӛзі осы аталғандарды кӛкірек 
кӛзінен ӛткізіп, ӛз эмоциясын қоса пікір білдіруге, ӛз пайым-тҥсінігін 
жеткізуге итермелейді. Бҧл орайда ол кӛзімен кӛргеннің бәрін емес, ӛзі ҥшін 
аса маңызды, бағалы, буырқаныс тудырған оқиға-қҧбылыстарды таңдап 
алып, іріктеу, ықшамдау нәтижесінде белгілі бір кодқа салады, яғни кӛркем 
тілмен, тҥрлі образдар арқылы сюжет желісін әсерлі тҥрде басқаға жеткізеді. 
Ал мҧның ӛзі шығармашылықтың белгісі, сондықтан хабар беруде кедергі 
болмайды. Жалпы алғанда жҥйе кез келген хабарды жеткізуге мҥмкіндік 
бергенмен, кейбір кедергілер де болуы ықтимал, сондықтан оқырман автор 
кодын тҥсінуге қабілетті болуы керек. 
Ақпарат теориясында код деп таңбалар жҥйесі мен белгілі бір арнамен 
қандай да бір хабарды жіберу ҥшін бірігу заңдылықтарын атайды. Ал 
техникада хабарды жолдап, оны алушының ӛз мәнінде тҥсінуі ҥшін ойлап 
табылған таңбалар жҥйесі Морзе коды, тҧрақты болғандықтан, бірінші 
сигнал жҥйесі – тілдік қҧралдар жҥйесі де код деп саналады Тіл кӛркем 
әдебиеттің негізгі коды және ол ҧлттық дҥниетанымның тікелей кӛрінісі, 
сондықтан мәтіндегі ақпараттың кодталуы да, декодталуы да әр халықтың 
ӛзіндік ерекшелігіне сәйкес жҥзеге асады, алайда кейде оған басқа 
иконикалық жҥйелер коды да кӛмекке келеді, яғни олар сӛз арқылы белгілі 
бір мәтін қҧрылымына енгізілетіні байқалады.
Арна арқылы жеткізілетін хабар – кӛркем мәтіннің идея, образдар жҥйесі 
арқылы жететін мазмҧны. Осы екінші, ҥшінші компонентте аталатын сигнал 
хабарды бейнелейтін уақыт ҥдерісі деп тҥсініледі де, оқырманның кӛркем 
мәтінді оқу, қабылдау ҥдерісінде ондағы тілдік тҥрлі қҧралдардың бір-
бірімен іліктесе, ҧйыса қолданылуынан туындайтын реакциясы, сезім кҥйі, 
психологиялық жағдайы осы сигналмен тікелей байланысты.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


56 
Кибернетика ғылымында сигналдың ақпараттылығы оның энергиясына 
немесе физикалық, материалдық белгілеріне байланысты еместігі 
кӛрсетіледі, яғни кӛркем мәтінге қатысты алатын болсақ, екі шумақ ӛлеңнің 
ақпараттылығы, семантикасының байлығы, әсері том-том романнан кем 
тҥспейді.
Қандай да бір арна арқылы жіберілетін хабар қабылдаушыға тҥрліше 
жетеді, соған байланысты ақпарат теориясында арнаны кедергісіз арна және 
шулы арна деп бӛледі. Кедергісіз арнада хабар бірізді тҥсініліп, 
қабылдаушыға еш ӛзгеріссіз, сол қалпында, бҧрмалаусыз жетеді. Ал шулы 
арнамен жететін хабардың тҥрліше тҥсінілетіні сӛзсіз, ӛйткені оны декодтау 
барысында, яғни код арқылы ашуда арнадағы тҥрлі шу, кедергі хабардың 
мазмҧнына әсер етеді, сӛз мағынасы бҧрмалануы мҥмкін. Кӛркем мәтінді осы 
кедергісі бар шулы арна деу керек, себебі оның вербалды қҧрылымындағы 
тҥрлі ерекшеліктер оқырманның оқу ҥдерісін, яғни сигналды беруді,
қабылдауын баяулатады, кейде тіпті тҥсініксіз еткендіктен, қайта-қайта 
оралуға мәжбҥр етеді. 
Ал оқырман жасы, ҧлты, білімі, ӛмірлік тәжірибесі, әлеуметтік жағдайы, 
қоғамдық мәртебесі тҥрліше қалыптасқан, танымдық базасы мен кеңістігі әр 
қилы тілдік тҧлға. Ол белгілі бір тілді тҧтынушы – ҧлттық тілдің субъектісі 
ретінде ҧлттық мәдениеттің де тҧтынушысы, жасаушысы, иесі болып 
саналады, осыған орай қандай да бір қоғамда ӛмір сҥретін адамдардың тіл 
тҧтыну деңгейі тҥрліше болады. Отандық ғалым Н. Уәлидің жіктеуі 
бойынша, 1) әдеби тілді шығармашылық деңгейде тҧтынатын элитарлық 
тип; 2) әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын сақтай білетін, ара-тҧра 
кодификацияланған нормадан қате жіберетін, сӛйлеу тілі мен кітаби тіл 
элементтерін кей тҧста айқын аңғара алмайтын мәдени-тілдік орташа тип. 
Сан жағынан басымы да осы орташа әдеби тип; 3) негізінен әдеби сӛйлеу 
тілін қолданатын, арасында қарапайым сӛйлеу тіліне тән элементтерді қосып 
сӛйлейтін тілдік-мәдени тип. Сан жағынан, шамамен, орташа типтен кейінгі 
орында; 4) қарапайым сӛйлеу тілімен сӛйлейтін, бейәдеби элементтер мен 
диалектизмдерді қолдана беретін коммуниканттар (72:15). Осы аталған 
топтардан тҧратын қоғам Шеннон сызбасындағы бесінші компонент - 
адресатты қҧрайды. Сол себептен қандай да бір кӛркем мәтінді бірдей 
тҥсінетін, интерпретация жасайтын екі оқырман болуы кҥмәнді. 
И.В. Арнольд жоғарыдағы ғалымдардың пікірлерін әрі қарай дамытып, 
қабылдау стилистикасына «принцип выдвижения» - ұсыну қағидатын 
енгізді. Бұл қағидат туралы автордың өзі былай дейді: «Ұсыну деп мәтіннің 
формалды ұйымдасу тәсілдері түсініледі, олар бір немесе көбінесе әр түрлі 
деңгейдегі элементтердің арасындағы маңызды семантикалық қатынастар 
барлығын көрсететін хабар элементтері ретінде оқырмандардың назарын 
аударады» [68:99], басқаша айтқанда, көркем шығарманы эстетикалық-
прагматикалық құрылым ретінде түзуге қызмет ететін, оқырманның назарын 
қажетті ақпарға аударуға ықпал ететін, көмектесетін элементтерді алға 
шығару немесе ұсыну. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


57 
Қаламгер ӛзі қолданған тәсілдердің бір ғана емес, кӛптеген оқырмандар 
ҥшін де ақпаратты, тиімді, эффектілі болуын ойлайды. Ол ӛз ойын 
оқырманның дҧрыс ашуы ҥшін, оны кодтау барысында бақылап отыруы 
керек, яғни атҥсті оқығанның ӛзінде оқырманның ойында, есінде қалатындай 
элементтермен жеткізуі керек. 
Бұл ұсынудың негізгі типтері ретінде конвергенция, бірігу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет