- Тоқтат, ақымақ! – Үй иесі оқыс ақырды. – Ғафу етіңіздер, - деді келер сәтте. – Сіз ... – Қолын кеудесіне басып, айран-асыр гүжбан қараға басын иді. – Сіз ... – Тіксініп, атып тұруға ыңғайланған шомбал ұшқышқа тағзым жасады. – Сіз ... де – деді құты қашып, беті қызара тершіп отырған қазаққа, төбесінен аса қарап. – Меймансыздар, кінә менен. Ал енді ... келген іздеріңізбен кері қайтасыздар! Аман-түгел тұрғанда. Міне есік. Әне дала. Романның астарлы ойын беруде автор публицистикалық стильге тән
хабарлама жанры мен әскери құжаттардың оралымдарын пайдаланады. Бұл
оралымдардың осы сөздік ортаға жаттығы басқа сөздердің мағыналарымен
жымдаса келіп, сарказм тудырады: Арада он күн өткенде неміс шпионын ұстау үшін Ташкент түбіндегі әскер бөлімінен арнайы шыққан екі самолет Бетпақтың қақ ортасындағы, ешбір картада жоқ, жасырын пунктке жиырма төрт кісілік парашютті десантты түсірді. ... Қауіпті дұшпанды іздеуге жаңа күштер қосылды. Бетпақтың медиен шөлін оңды-солды шарлаған, батыста Сарысуды сағалап, Жетіқоңырды сүзген, түстікте Мойынқұмды Хантауға дейін түгел тексеріп, терістік шығыста Мойынты асып, Желтау мен Ортауға дейін барып қайтқан, мемлекеттік-әскери мәні зор үлкен операция кезінде екі самолет апатқа ұшырады, бес адам дизентериядан, жеті адам шөлден өлді. ...Бірақ біздің қырағы чекистер іздеуін тоқтатпаған. Ақыры, талмай жүргізілген табанды жұмыс нәтижесінде, бет пердесін өзгерткен, жаулықтың жаңа бір тәсіліне көшкен қаскөй дұшпан құрыққа түсті.
Романның модальділігін түзетін тілдік бірліктер ретінде арнайы
баяншының сарказмі мен шын ниетін бірдей танытатын лексикалық
қайталамаларды айтуға болады: «Сөйтіп, түйін шешіліп, шығыршық