31
айтылмаса, дәуір, қоғам шындығы толық ашылмайды. Мәселен, мына бір
өлең жолдарын алайық:
Лап еттім де көкірегіме түскенде от,
Іштім, сонсоң ...
Бостан-босқа ішкем жоқ.
Өзі – ақын, өзі – обкомның хатшысы,
Көкеміздің көзіне де түскем жоқ! (С. Ақсұңқарұлы)
Осы мысалда оқырмандардың қазіргі буындарына таныс емес ақпар бар
және ол көңіл бөлмейтіндей елеусіз де емес. Кеңестер Одағында бір
қалыптан шыққандай ой-пікірлер, жасанды этикалық (партиялық, әкімшілік)
нормалар, сіреспе ұстанымдар үстемдік еткен
тұста шынайы сезімдер мен
табиғи мінездің болуы да мін саналғаны – ақиқат. Ақын жаны осындай қатаң
да қасаң тәртіпке, штампқа кереғар келгендіктен де, билік басындағылардан
аулақ болды. Ал асыл сөзге таласы бар, республика өміріндегі елеулі-елеулі
мәдени оқиғаларға ұйытқы болып, көзіне түскен бірталай талантты жастарға
жол сілтеп, көмек берген Кәкімбек Салықов ағамыз тек көрнекті ақын, КСРО
Жазушылар одағының мүшесі ғана емес, Жезқазған облыстық партия
комитетінің хатшысы да болғаны рас. Қаламгер өзі білген, өзі куә болған
шындықты астарлап беріп отыр.
Мәтіннің астарлы ойын ашатын лингвистикалық және вертикал
контекске тілдік бірліктердің жүйелілігі, қарама-қарсылығы, бір-біріне
ықпал-әсері, мағына сыйымдылығы, сығымдылығы, тақырыптық-мағыналық
ұйытқы сөздер тән болады.
Әрине, ақын мен оқырманның ойы, көзқарасы үйлеспеуі мүмкін,
өйткені
олардың жасы, оқуы, тәрбиесі сияқты фондық білімі әр деңгейде.
Сондай-ақ ақынның айтар ойын оқырман толық, дәл өзіндей түсіне алады
деп те айту қиын, өйткені: «көркем мәтін жеке адам жеткізбек мәнге толы
болады» [30]. Бірақ оқырманның өлеңді оқуы, оны түсінуге тырысуы, сол
арқылы өмір шындығын көре, сезе білуі, талдай алуы – ақынның өз
мақсатына жеткені, көркем туындының танымдық, эстетикалық информация
бере алғаны деп білу керек.
Көркем мәтіндегі мазмұндық-астарлы
ойдың прозалық шығармада
берілуін, лингвистикалық горизонтал және вертикал контекстің мәтін
семантикасын ашуға қаншалықты әсер-ықпалы бар екенін М. Мағауиннің
«Сары қазақ» романы негізінде дәлелдеп байқайық.
Өз шығармасының сұлбасын автор сонау 1970 жылы түсіргенін айта
келіп, зерттеуші К. Аманбаева былай дейді: «Бұл туындыдағы екі түрлі
мәселеге назар аудару қажет: біріншісі – бір адамның емес, барша
көпшіліктің көзқарас-пікірін, өмірлік ұстанымын беруде автордың бас
қаһарманның лықсып келген сезім бұлқынысын, сезім бұрқанысын ішкі
драмалық тартыс арқылы айшықтауы...
Бас қаһарманның
ашу-ызасына, буырқаныс-бұлқынысына автор
жалпыәлемдік мағына беруге тырысқан. Жалпыәлемдік мағына-мазмұн
жалпыадамзаттық ұстанымға ұласқан. Сондықтан да қаламгер Мағауин мен
қаһарман Стамбек рухани жақын, іштей тұтас. Бұл полифониялық тәсілмен
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
32
берілген авторлық баяндау мен кейіпкер сөзіндегі тұтастықтан туындаған ой.
Бұл біз байқаған екінші мәселе» [54:45].
Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында жазылған бұл шығармада
көрсетілген, көтерілген мәселе – нақты бір отбасының тағдыры арқылы бүкіл
қазақ халқының басына түскен нәубеттің түп-тамыры, себебі не деген
сұраққа жауап табу. Және жазушы бұл сұраққа жауапты тапқан да. Тек ол
жауапты қаламгер өзі емес, Стамбекке айтқызады. Романдағы барлық оқиға
Сары қазақтың көзімен берілген, сондықтан
оның тілдік құрылымында
вертикал контекст те, глобалды вертикал контекст те көрініс тапқан.
Романның тілдік құрылымын автор екі субъектінің – арнайы баяншы мен
Сары қазақтың сөзі ретінде түзген, яғни автордың өз сөзі мен басқа адамның
сөзі өзара әрекеттеседі немесе сөйлеу субъектілері кезектесіп, диалог
тудырады. Арнайы баяншы оқиғаны кейде алыстан бақылап отырса, кейде
оқиғаға тікелей араласып кетеді. Автор арнайы баяншының сөзін сарказмге
құрған. Бұл эмоционалды-экспрессивті сипаты ашық, коннотативтілігі айқын
лексика, экспрессивті синтаксистік құрылымдар, тілдік кодтардың
ауыстырылуы арқылы көрінеді. Аспаннан түскен қазақтың,
орыстың және
таулықтың, Сары қазақтың әрқайсысын мінездеу, даралау үшін олардың
сөйлеу тіліне әдеби тілдің түрлі функционалды стильдеріне тән
ерекшеліктерді үстеген. Таулық жігіт кәдімгі қатардағы көп адамның бірі
ретінде қалыпты этикеттік формуланы қолданса, орыс ауызекі сөйлеу тілінің
қарапайым лексикасын, оның ішінде жаргон мен пейоративті бірліктермен
сөйлейді. Ал жай қазақ пен Сары қазақ сол кездегі ресми, публицистика
стиліндегі стандартты синтаксистік
құрылымдар мен клише сөз
оралымдарын пайдаланады, өйткені олардың когнитивті кеңістігінде бұл
лингвистикалық құралдар феноменологиялық құрылымдардың да көрінісі
[55:63]. Алайда бұл екеуінің сөзқолданысында айырмашылық бар: жай қазақ
өзі айтып тұрған әсіреқызыл сөзіне өзі сеніп, сондай өлермендік көрсетсе,
Сары қазақ бұл штамп бірліктерді аспаннан түскен үшеуді, олар арқылы
бүкіл кеңестік құрылысты мысқылдау, шенеу, мазақтау үшін жұмсайды.
Арнайы баяншының баяндауында да осындай кодтық немесе тілдік
интертекстуалдылық байқалады. Өзі қолданылатын ортадан басқа, жат, бөгде
ортаға түскен тілдік бірліктер тудырған қайшылық (контраст) бүкіл
шығарманың өн бойынан көрініп отырады.
Және бұл қайшылық авторлық
баяндауда да, бөгде сөз - Сары қазақтың күнделігінде де үнемі ашық
көрінеді.
Авторлық баяндаудағы контраст дала мен адамды (
дымсыз, қимылсыз
Достарыңызбен бөлісу: