Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы.

 


33 
Ой түрткі
-Денсаулық сақтау үшін не істеу керек? 
-Салауатты өмір сүру дегенді қалай ойлайсыз? 
-Денсаулықтың жақсы болуы кімге байланысты? 
-Сіз өз денсаулығыңызды қалай сақтайсыз? 
1-тапсырма.
Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді 
әңгімелеңіз. 
Бірінші байлық – денсаулық.
Денсaулық – aдaм өміріндегі бaға жетпейтін ең бaғaлы дүние. 
Aдaмның денсаулығы – қоғaм байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының 
мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі 
көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені 
саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. 
Денсаулықтың мықты болуы aдaмның өзіне байланысты. Дегенмен 
оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың 
құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам 
денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына 
байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді 
екен. Денсаулық сақтаудың алдын алуға 
болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында 
демалуға, дене қимылымен айналысуға көп 
көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды 
көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған 
дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, 
ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-
жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына 
қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға 
зиян. Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең 
қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта 
жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, 
таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға 
болады. 
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста 
жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. 
Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге 
тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың 
алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? 
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген 
дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. 
Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар 
қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себепкер болады. Ішімдікке 
салынып кетуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет