СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
Қоғамдық қатынастар жүйесі: әлеуметтік-экономикалық, техникалық-экономикалық, ұйымдық-экономикалық, экологиялық-экономикалық.
2-тақырып. ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Талқылайтын сұрақтар
Қоғам өміріндегі өндірістің мәні.
Игілік, өнім, қызмет. Қажеттіліктердің жіктемесі.
Өндіріс факторлары.Қоғамдық өндіріс құрылымы.
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.
Қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс (экстенсивтік және интенсивтік).
Анықтама мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) – өндіріс процесін қамтамасыздандыратын заттық, энергетикалық, жеке және т.б. факторлар;
|
А. Үй шаруашылығы.
|
б) – шағын жүйе, яғни ресурс иесін және тұтынатын отбасын көрсетеді;
|
Б. Өндірістік қатынас.
|
в) - өндірісті ұйымдастыру формасы мен басқару құрылымы;
|
В. Фирма.
|
г) - адамдар арасында материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас мен тұтыну процесінде қалыптасатын қатынастар;
|
Г.Шаруашылық механизм.
|
д) - шағын жүйе, яғни экономикалық игілік пен қызмет көрсетуді қажетті шикізат көмегімен құрылады;
|
Д. Өндіргіш күштері.
|
Тапсырмалар мен жаттығулар:
1. Адам мен Еваны жұмақтан қуып шығып және: «Маңдай терін аққанша өз наныңды жейсің, өзің шыққан жерге әзірше қайтып оралмайсың» деген сөздерді айтып, Құдай жерде экономиканы жаратты деп айтуға болады ма?
Экономиканың негізгі элементтеріне нені жатқызуға болады?
2.Кестеде өндірістік мүмкіншіліктің қисығы А және В мемлекеті үшін берілген.
А
|
Қолдану құралдары
|
10
|
9
|
7
|
4
|
0
|
|
Инвестициялық тауарлар
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
В
|
Қолдану құралдары
|
18
|
16
|
12
|
6
|
0
|
|
Инвестициялық тауарлар
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
а) А және В мемлекеті үшін өндіріс мүмкіндігінің қисығын салыңыз;
б) егер екі мемлекеттің ресурстары бірдей болса, В мемлекетінің техникалық дәрежесі А мемлекетіне қарағанда жоғары деп айтуға болады?
в)1инвестициялық тауарға шаққандағы қай мемлекеттің ұстанымды шығындары төмен;
г) қандай өндіріс көлемінің тауарларын А және В мемлекеттеріне тиімді деп айтуға болады?
3. Жетіспейтін мәліметтермен 1.1-сызбасын толтырыңыз.
ЕҢБЕК
Достарыңызбен бөлісу: |