Анықтама сөздері: сапалы өмірді іздеу қоғамы, индустриалды қоғам, дәстүрлі қоғам, көпшілік тұтыну қоғамы, индустриалдыққы дейінгі қоғам, өту қоғамы, қозғалыстың шешуші сатысы.
СДЖ арналған тапсырмалар
1. Иелік құқығын қалай сипаттауға болады?
А) заттың пайдалы қасиеттерін алып шығару құқығы;
В) заттың тағдырын шешу құқығы;
С) игілікті мұрагерлікке қалдыру құқығы;
Д) игілікті төтенше бақылау құқығы;
Е) заттың пайдалану мүмкіншілігін анықтау құқығы.
2. Меншікті жекешелендіру-бұл:
А) жалға беру;
В) сату;
С) сатып алу;
Д) меншікті мемлекет қарамағынан алу процесі мен оны жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру;
Е) Аукцион.
3. Шектеулі адам саны бар, жабық типтегі бірлестік бөлшектік меншігі негізінде ортақ іс жасайтын және басқаруға үлесіне қарамай араласатындар:
А) серіктестік;
В) кооперативтік кәсіпшілік;
С) концерн, корпорация;
Д) акционерлік қоғам;
Е) коллективті кәсіпшілік.
4. Төмендегілердің қайсысы меншік субъектісіне жатпайды?
А)АТУ-дың ғимараты;
В) “Сеймар” концерні;
С) мемлекеттік сақтандыру қоғамы;
Д) шаруа Тұрысбеков;
Е) В.С.Черномырдин.
5. Игіліктерді пайдалануды кім және қалай қамтамасыз ететінің шешу құқығы-бұл:
А) табысты алу құқығы;
В) егемендік құқығы;
С) басқару құқығы;
Д) пайдалану құқығы;
Е) иелік ету құқығы.
6. Меншік дегеніміз не?
А) идеологиялық ұғым;
В) құқықтық қатынас;
С) әлеуметтік қатынас;
Д) экономикалық қатынастардың әлеуметтік-құқықтық бейнесі;
Е) әлеуметтік-құқықтық қатынас.
7. Жеке меншік неге жол ашады:
А) еркін кәсіпкерлікке;
В) қолмен істейтін еңбекке;
С) ұжымдық еңбекке;
Д) өз мақсатына және өз еңбегіне;
Е) жалдамалы еңбекке.
8. “Меншіктен айыру” деген не?
А) бизнес мәселесімен өзі шұғылданғысы келмейді;
В) бұл адамды табиғат өнімдерінен айыру;
С) кәсіпорынды басқара алмау;
Д) қарызды төлеу мақсатында меншігінен айыру;
Е) бұл адамның өмір сүру игіліктері мен ресурстарды өзінің тіршілік ету мүмкіншілігіне айналдыра алмауы.
9. Егер белгілі бір мүлік арендаға алынған болса, онда арендатор:
А) потенциалды меншік иесі;
В)сол мүліктің бағалығын пайдалана алады /сата алады немесе сыйлай алады/;
С) мүліктер иесіз;
Д) толық меншік иесі;
Е) мүліктің тұтыну құнының иесі.
10. Игіліктрді тұтыну, өзгерту, шеттету және жою құқығы – бұл:
А) егемендік құқығы;
В) табысты алу құқығы;
С) иелік ету құқығы;
Д) басқару құқығы;
Е) пайдалану құқығы.
11. Экономиканың орталықтандырылған жоспарлауын не сипаттайды?
А) нарықтық реттеушінің іс-әрекеті;
В) меншік нысанының көптүрлілігі;
С) еркін бәсекелестік;
Д) ресурстарды және капитал салу жоспарлы бөлу;
Е) капиталдың еркін құйылуы.
12. Экономикалық мәселелер кейде нарықпен, кейде мемлекетпен жекелей шешілген кезде, онда экономика:
А) нарыктық;
В) аралас;
С) дәстүрлі;
Д) әміршіл;
Е) кезеңдік.
13. Дәстүрлі экономикалық жүйе үшін не сипатты? А) кеңейтілген қайта өндіру;
В) өндіріс күшінің дамуының төмен деңгейі;
С) дәстүр мен салтты есепке алып, өндірістік қатынастарды реттеу;
Д) табиғи шаруашылық пен меншіктің ұжымдық нысанының басым болуы;
Е) қарапайым кооперация.
14.Экономикалық жүйе келесі іргелі мәселелерді шешеді:
А) қашан, қайда, кім;
В) қалай, неге, кім үшін;
С) не, калай, кім үшін;
Д) кім, неге, не үшін;
Е) инфляцияның және жұмыссыздықтың қандай себептері бар?
15. «Экономикалық жүйе» түсінігінің дұрыс анықтамасын таңдаңдар: А) белгілі бір тұтастықты құрайтын, экономикалық элементтердің өзара байланысының жиынтығы;
В) бұл бір тұтас ретіндегі өндірістік қатынастардың нақты - тарихи нысаны; С) бұл материалдық жоне материалдық емес игілік пен қызметтерді өндірушілер арасында ерекше қалыппен тәртіпке салынған байланыс;
Д) бұл өндіріс тәсілі;
Е) бұл басқару тәсілі.
16. Экономикалық жүйе кездесетін, іргелі мәселе — бұл:
А) инвесгициялар;
В) сиректік;
С) өндіріс;
Д) тиімділік;
Е) бөлу.
17. Өндірістік қатынастар дегеніміз не?
А) өндіріс үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар, бөлу, айырбас және тұтыну;
В) табиғи, материалдық, ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша қатынастар;
С) адамның табиғатқа қатынасы;
Д) әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар;
Е) таптар арасындағы қатынастар.
18. Әлеуметтік-экономикалық түрлерге жоғарыда аталған қатынастардың қайсысы қатысты?
А) белу және еңбек кооперациясы;
В) ұйымдастыру нысаны мен экономиканы басқару;
С) адамның табиғатқа қатынасы;
Д) меншікке қатынасы;
Е) таптар арасындағы қатынас.
19. Аралас экономиканың моделі үлкен әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді:
А) АҚШ;
В) Жапония;
С) Швеция; Д) КНДР;
Е) Эфиопия.