Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Есеп моделін (математикалық моделін) құру



бет16/35
Дата12.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#49636
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
kur -esepter-shygaru-arqyly-informatikany-oqytu

2. Есеп моделін (математикалық моделін) құру.
Мектеп курсында негізінен есептің математикалық моделін құру қарастырылады. Есептің моделі мына мәселелерді оң шешуге мүмкіндік береді:
а) берілгендерді толығынан анықтауға;
б) берілгендердің структураларын анықтауға;
в) есепті шешудің сандық әдісін таңдауға.
3. Есепті шешудің тиімді тәсілін таңдау.
Сол бір есепті шешудің бірнеше әдістері болуы мүмкін. Есептің қойылу ерекшелігіне сәйкес белгілі сандық әдістердің ішінен ең тиімдімсін таңдай білуіміз керек болады. Соңғы екі кезең компьютердің өз жұмысын тиімді түрде ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді.
4. Есепті шешудің алгоритмін құру (жазу).
Есепті шешудің алгоритмін дұрыс жазу үшін оқушылар мына түсініктерді және ұғымдарды білуі керек болады:
а) алгоритм ұғымын,
б) алгоритмнің негізгі қасиеттерін;
в) базалық структураларын;
г) алгоритмді жазу әдістерін;
5. Жазылған алгоритм негізінде есепті шешудің программасы құрылады. Алгоритмді орындаушы компьютер болғандықтан, құрылған алгоритмді компьютер түсінетін тілде жазу керек болады. Компьютерге арналаған тілдерді программалау тілдері деп атайды. Есепті шешудің программасын дұрыстап құра алу үшін программалау тілдерін білу керек.
Осы бес кезеңді есепті компьютер көмегімен шешудің дайындық кезеңдері деп атайды. Бұл кезеңдер оқушының шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуін қажет ететін кезеңдер болып саналады.
6. Құрылған программаны компьютерге енгізу, тексеру және қателерін жөндеу, программаны тестілеуден өткізу. Программаны тестілеуде өткізу жауапты кезеңнің бірі саналады. Тестілеуді бірнеше режимдерде өткізу қажет болады. Программаны тестілеуден өткізу мына мақсаттарда жүргізіледі:
а) программаны бүтіндей тексеру;
б) программаның функционалдық мүмкіндгін анықтау;
Программаны тексеру және оны әртүрлі режимдерде тестілеуден өткізу оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытады, білімін тереңдетеді, пәнаралық байланыстарды іске асырады, пәнге деген қызығушылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет