Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет20/35
Дата12.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#49636
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
kur -esepter-shygaru-arqyly-informatikany-oqytu

Қорытынды

Қорыта келгенде түлектік жұмысымызда қойылған мақсатқа сәйкес мәселелер толығымен қарастырылып, күтілген нәтижелерге қолжеткізілді деп есептейміз. Себебі, мектептің информатика пәнінің «программалау тілдері» бөлімін оқыту барысында оқушыларға түсіндірілетін мәселелер, яғни, прогрпммалау тілінің құрылымынан бастап оның орындалу мүмкіндіктері, компьютерге берілуі, тілдің синтаксисі, семантикасына дейінгі ұғымдарды есептер шығару арқылы түсіндіруге болатындығына көзімізді жеткіздік.


Түлектік жұмыс барысында қозғалған мәселелер мен әдістемелер, зерттеушілердің пікірлері толығымен дәлел бола алады деп сенеміз және осы қозғалған мәселе көмегімен мектептің информатика курсындағы «программалау тілдерінің» кез-келгенін есептер шығарту арқылы оқушы санасына сіңіруге болады деп есептейміз.
Сондай-ақ жоғарыда айтылған теориялық мәселерге сүйене отырып жасалынған және сол мәселердің бір мысалы ретінде төмендегі келтірілген қосымшалардағы: паскаль тілін оқытудың әдістемесін, лабораториялық жұмыстарды, тест тапсырмаларын және электрондық көмекші оқыту құралын мектеп информатика пәнінің мұғалімдеріне ұсынамыз.


Қосымшалар



  1. Қосымша. Паскаль программалау тілінің негіздері

Паскаль тілінің негізгі түсініктері.
Паскаль жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның түңғыш нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт (Nikliaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі Паскаль программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы операциялық жүйесіне негізделген.1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғылы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Паскальдің жоғары деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Паскаль жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет