Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет10/27
Дата31.12.2021
өлшемі394 Kb.
#23524
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
УМКД ОПиМП каз 2021-2022

Тшт = Тосн + Твсп + Тобсп + Тот

Жұмыс орнын баптауға және демалысқа жұмсалатын уақыттың қосындысын кейде қосымша уақыт деп те атайды. Қосымша уақыт не өнім бірлігіне есептегендегі бір ауысымдағы минуттармен (ірі сериялы өндіріс кәсіпорындарында, мысалы автомобиль зауыттарында), не шұғыл уақытқа қатысты алынға пайыздарда (мысалы, автокөлік және автожөндеу кәсіпорындарында, техникалық баптау стансаларында) орнатылады.

Қосымша уақыт шұғыл жұмыстың уақытына Топ қатысты пайыздарда түрлендірілген жағдайларда даналық уақыт нормасы:

мұндағы: а – шұғыл жұмыс уақытына қатысты пайыздарда берілген жұмыс орнын баптау уақыты;



в – шұғыл уақытқа қатысты пайыздарда берілген демалысқа және басқа да қажеттіліктерге жұмсалған үзілістер уақыты.

Әдетте жұмыс орнын баптау уақыты 4% - дан 6% - ға дейінгі аралық шектерде, ал демалыс және басқа да қажеттіліктерге жұмсалған үзілістер уақыты – шұғыл уақыттан алынған 2% - дан 3% - ға дейінгі аралық шектерде нормаланады (егер технологиялық процесс қосымша көрсетілген үзілістерді талап етпесе).

Дайындау – қорытындылау уақыты Тп-з даналық уақыт нормасына кірмейді, оны бүкіл партияға немесе бүкіл жұмыс ауысымына бірден есептейді. Жұмыстың күрделілігінен тәуелді бұл уақытты жұмыс аусымына шаққанда 10 – 20 мин – ты, станоктың жұмыстар кезінде – 20 мин –қа дейінгі шаманы, слесарьлық жұмыстар кезінде - әр наряд бойынша 3 – 7 минутты құрайды.

Дайындау – қорытындылау уақыты мен жұмыс орнынбаптау уақытын ең төменгі қажетті шамада орнатады. Өндірісті жасқа ұйымдастыру кезінде шұғыл уақыттың барлық жұмыс уақытының кем дегенде 80 % - ын құрауы қажет.

Өнім бірлігіне шаққандағы дайындау – қорытындылау жұмысының үлесін құрайтын уақыт нормасы толық техникалық немесе калькуляциялық норма деп аталады, өйткені соның негізінде өнім (бөлшек) бірлігінің құнын есептейді. Уақыттың калькуляциялық нормасы:

мұндағы: Тп-з – бұйымдардың ( бөлшектердің ) бүкіл партиясына немесе бір ауысымға шаққандағы дайындау – қорытындылау уақытының нормасы;



п – бір партиядағы немесе бір ауысымдағы бұйымдар (бөлшектер) саны.

Уақыттың техникалық нормасын, яғни бірдей жағдайларда жұмысшымен немесе жұмысшылар бригадасымен уақыт бірлігінде өндірілуі қажет өнім бірліктерінің санын есептеуге болады. Осылайша, өндіру нормасы минуттарда берілген уақыт бірлігін (сағат, ауысым), сондай –ақ минуттарда берілген уақыт нормасына бөлу арқылы алынатын туынды шама болып табылады. Қабылданған уақыт бірлігінен тәуелді өндірудің күндізгі (ауысымдық) және сағаттың нормаларын ажыратады. Кейде өндірудің айлық нормаларын қолданады. Кем дегенде бір жұмыс ауысымында қандай да бір жұмысты орындаған жағдайларды бүкіл жұмыс ауысымына бір ғана өндіру нормасын орнатады:



Нвпр = Т \ t

Мұндағы: Т – жұмыс ауысымының ұзақтылығы, мин;



t – бір данаға шаққандағы уақыт нормасы, мин.

Өндірудің ауысымдық нормалары негізінен бұқаралық және ірі сериялық өндірісте орын алған. Егер жұмыс орнында бір ауысым ішінде бірнеше әртүрлі жұмыстар орындалса, онда өндірудің не сағаттық нормасын, не әрбір орындалған жұмысқа шаққандағы уақыт нормасын анықтайды.

Қызметкерлердің еңбекгін нормалау үшін әдістердің екі тобын пайдаланады. Олардың біріншісі жұмыс уақытының шығындарын қарастыруға (тікелей нормалау), екіншісі – жұмыс істеушілердің санын статистикалық сараптамалауға негізделген (ірілендірілген нормалау).

Еңбек жалақысын ұйымдастыруда мемлекеттік тәртіпті сақтау үлкенмәнге ие болады. Еңбек жалақысының орталықтандырылған реттеуінсіз ұлттық табысты үлестірудегі қажетті пропорциялар сақталмай ғана қоймай, сонымен қатар еңбегіне қарай үлестіру қағидасының өзі де бұзылады.



Тарифтік қойылымдар жұмыстардың әрбір нақты түрі үшін еңбекті төлеу деңгейін анықтайды.

Тарифтік торшалар тарифтік разредтардың және оларға сәйкес келетін тарифтік коэффициенттердің өзара жиынтығы ретінде анықталады және жұмысшылардың еңбек жалақысын ұйымдастыру құралы болып табылады. Тарифтік торшалардың көмегімен еңбек жалақысын жұмысшылардың біліктілігіне сәйкес дифференциалдау қағидасы жүзеге асырылады. Әрбір тарифтік разряд үшін өзіндік тарифтік торша орнатылады.

Әрбір тарифтік торша өзінің аралық шегімен – шеткі разрядтардың тарифтік қойылымдары мен разрядтан разрядқа өсу өлшемінің арасындағы қатынаспен сипатталады. Разрядтар саны өндіріс сипатынан және өндірістік процесті механикаландыру дәрежесінен тәуелді болады. Автокөлік кәсіпорындарында, мысалы, жөндеу – баптау жұмысшыларының еңбегін төлеу үшін алты разрядтық тарифтік торша қолданылады.

Жалақысы айлық тарифтік қойылымдар бойынша төленетін жұмысшыларға, мысалы жүргізушілерге, тарифтік разрядтар орнатылмайды. 2-ші және 1-ші сыныпты жүргізушілердің жоғарылатылған біліктілігі орнатылған қойылымға қатысты пайыздарда берілген айлық үстеме ақыны төлеу есебінен толықтырылады.

Келісімдік бағам деп - уақыттың бекітілген нормаларына сәйкес операцияларды орындау немесе өнім бірлігін жасап шығару үшінтөленетін еңбек жалақысын атайды. Келісімдік бағамды есептеу үшін тарифтік біліктілік анықтамасы бойынша берілген жұмыстың қай тарифтік разрядқа жататындығын анықтап, кәсіпорында қабылданған тарифтік торша бойынша сол разрядтың тарифтік қойылымын, яғни төлемнің мөлшері мен сағатын есептеу керек.

Жұмыстық разрядын технологиялық прогресс пен бапталатын жабдықтың күрделігін және орындалатын операцияның дәлдік дәрежесін ескере отырып орнатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет