Negotorium gestio - бұтен адамның iстерiн тапсырмасыз орындау;
Негiзсiз баюдың салдарынан туындайтын мiндеттемелер.
Мiндеттемелердiң бұл түрiне бiрнеше мiндеттемелердiң түрлерi кiретiн. Мыс: қарыз емес ақшаны қателесiп төлеу, адал емес иелiк етуден т.б.
Мiндеттемелердiң бұл тобы реалды контрактiлерге ұқсас келедi. Екеуiнде де мүлiк нақты қолға тигенде ғана шарт жасалды деп саналады. Бiрақ айырмашылығы шарт 2-тараптың келiсiмi арқылы жасалатын болса, ал негiзсiз баю салдарынан туындайтын мiндеттемелерде мiндеттеме ақшаны не мүлiктi оның иесiнiң келiсiмiнсiз тауып алуы жатады.
2. Бөтен адамның iстерiн тапсырмасыз жүргiзу деп - бiр тараптың (gestor), 2-шi бұтен тараптың (dominus) iсiн тапсырмасыз жүргiзуiн айтамыз.
Мiндеттеменiң бұл түрi бөтен адамнгың iсiне жанашырлықпен қарауына (мүдделi адамның тапсырмасының болмауына қарамастан) залалдың орын алуынан қорғау мақсатында жасалады.
Бұл құқықтық институттың туындауына қажеттi негiзгi элементтер:
Бөтенннiң iсiн жұргiзу. Гестордың белгiлi-бiр заңды iс-әрекеттi жасауы мiндеттi емес, сонымен қатар оның фактiлi әрекеттерiнен туындайды. Мыс: бiр тарап бөтенннiң құлына не малына тамақ беруi, құлауға қаупi бар ғимаратқа тiрек қоюы;
Доминустың гесторға қойған тапсырмасы болмауы керек. Егер екеуi арасында келiсiм болса, ол тапсырма шарты болады.
Гестор жасаған iс-әрекеттi бөтен адамның есебiнен жасайды.
Бұтеннiң iсiн жүргiзу-ақысыз, яғни гестор өзiнiң жасаған iс әрекетi үшiн сыйақы алмайды.
Бөтеннiң iсiн жүргiзуге бел-буған адам оған жанашырлықпен қарауы мiндеттi болып табылады. Егер iстi жүргiзу нәтижесiнде гесторға ақша түсетiн болса, онда оны иесiне қайтарып беруi мiндеттi болып табылады.
3. Бiр тараптың мүлкiне басқа тараптың мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң қосылуы бiр мүлiктiң басқа мүлiктiң есебiнен баюы деп есептеледi. Тәртiп бойынша баю белгiлi бiр заңды негiздерге сәйкес жүргiзiледi. Мыс: заем шарты бойынша, сатып алу сату шарты бойынша. Ал егер бiр тараптың мүлкiне 2-шi тараптың мүлкi қосылуына не берiлуiне заңды негiздер болмаса, (негiзсiз баю) басқа адамның есебiнен негiзсiз баюы болып табылады. Негiзсiз баюға байланысты мүдделi тұлғаға кондикциялық талап қоюға мүмкiндiк болатын.
Негiзсiз баюдың салдарынан туындайтын мiндеттемелердiң негiзгi түрлерi:
Достарыңызбен бөлісу: |