Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Педагогтің тұлғалық сапалары



бет4/8
Дата30.04.2023
өлшемі205 Kb.
#88512
1   2   3   4   5   6   7   8
1.3. Педагогтің тұлғалық сапалары

Педагогтің тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтижесіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтің тұлғалық сапасы “Педагог - оқушы” қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.


Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай - оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Әрине, олардың мәнділігін кемітуге болмайды.
Бірақ, педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістерді қолданғандығына қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігі де белгілі. Оқыту әдістері педагогтің тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара әсерлесіп отырады. Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді:

  • оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру;

  • мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу,

  • жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу;

  • мейірімді, бірақ талап қоя білу;

  • оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;

  • оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;

  • өз жұмысының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылу.

Педагогтің сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде
оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыруынан көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға екендігін түсінуі тиіс. Білікті педагог оқушыны жауапкершілікке шақыруды айқайлап ұрысу, бұйрық беру немесе мораль оқу арқылы іске асырмайды. Педагогикалық әрекеттің өзара әрекеттесуші жүйесінде педагогтің тұлғалық сапаларын бірнеше топтарға бөлуге болады.
Бірінші топқа қиын қалыптастырылатын немесе қалыптастыру мүмкін емес жеке бастың сапалары жатады. Педагогтің екінші тұлғалық сапалары оқушымен екі арадағы психологиялық механизмдерге, ал үшіншісі -педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейіне негізделеді. Өзара қарым -қатынастың күрделі құрылымында аталып өткен топтарды шартты түрде алынған деп қарастырған жөн.
Педагогтің жеке басының тұлғалық сапаларының құрылымында болатын мына сапаларды атауға болады, оларға жан дүниесінің қағілездігі, юмор сезімінің, ішкі интуициясының болуы және оқушымен абайлап сақтықпен қарым - қатынас жасауы кіреді.
Жан дүниесінің қағілездігіне қайырымдылық, ізгілік, оқушының көңіл - күйін дөп басуы, қабілеттерін тану, оқудағы қиындықтарын көру ғана емес. Сондай - ақ оған дер кезінде көмек бере білу қабілеті де жатады.
Оқушымен абайлап сақтықпен қарым – қатына жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.
Педагогтің юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне оң көңіл күйін ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, юмордың теріс жақтары болмауы тиіс. Әйтпесе ондай юмор (мысалы, мазақ ету) оқушыны кемітіп, “өлтіруі де” мүмкін. Интуиция (ішкі соқыр сезім) сезімі оқушының тек болжанған белгілі жағдайларда ғана емес, алдын ала белгілі емес тосын жағдайларда да педагогтің оқушыны басқара алуынан білінеді.
Оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы психологиялық механизмдерге негізделген педагогтің тұлғалық сапаларының екінші тобына рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрацияны жатқызамыз. Осы сапалардың негізіне мұғалімнің оқушының мінез - құлық, тәртібіне бейімделуі жатады. Осыған байланысты педагог оқушыларды болашағы бар немесе болашағы жоқ деп бөлуі мүмкін. Ондай педагогтердің мінез – құлығында: дөрекілік, әділетсіздік, ашуланшақтық басым болады.
Педагогтің оқушыға теріс қатынасы төменде көрсетілген белгілермен анықталады:

  • “жақсы” оқушыға қарағанда “жаман” оқушыға жауап беру кезінде ойлануға аз уақыт береді;

  • Егер дұрыс емес жауап берсе жетекші сұрақтар беріп көмектеспейді, басқа оқушыдан сұрайды немесе дұрыс жауапты өзі айтады;

  • “жаман” оқушыны дұрыс жауабы үшін мақтамайды;

  • “жаман” оқушының көтерген қолын байқамайды, берген жауабына мән бермеуге тырысады;

  • “жаман” оқушының көзіне көп қарамайды және оған күле қарамайды;

  • Тақтаға сирек шығарады, онымен мүлде жұмыс істемейді.

Педагогтің әрбір тұлғалық сапалық қасиетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға өзіне сырт көзбен қарау (рефлексия), оқушының мәселелерін, мінез - құлығын түсіну мақсатында өзін оқушының орнына қоя білу (идентификация), әрбір оқушының эмоционалдық күйіне ене білу қабілеті (эмпатия) оқушыны бағалау кезінде өзінің эгоцентрлік бағасынан бас тартып, оқушының көзімен бағалай білу қабілеті (децентрация) жатады. Бұлардың бәрі осы өмірде пайда болатын психологиялық түзілістер.
Жұмысында талап қоя білетін, жауапкершілігі мол педагог өзінде осы сапаларды қалыптастыра алады. Педагогтің тұлғалық сапаларының үшінші тобының негізіне педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейі жатады. Психологияда тұлғаның жеке басының психикалық қасиеттері деп бір немесе бірнеше әрекет түрлерінің орындалу жағдайларын атайды. Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік және проективтік деп аталатын екі түрі белгілі. Осы екі түрлі қабілет үзіліссіз бірге болады. Рефлексивтік деңгей мынадай тұлғалық сапалардан тұрады: нысанды (объект) сезіну, такт сезімі, әр нәрсенің шегін білу сезімі, өзінің қатысы барын сезіну, бағдарлай білу сезімі.
Нысанды сезіну педагогтің оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуінен көрінеді. Ондай мәліметтерге өте көп уақыт бөлмей, сабақтың 5 - 10 минутына арнаса да оқушының жадында өмір бойы сақталуы мүмкін.
Такт сезімі педагогтің төмендегідей сапаларынан көрінеді:

  • қатаң талап қоя білу, бірақ оқушыны мезі етіп жібермеу;

  • оқушыларды мадақтай білу, бірақ тым жалпылдап кетпеу;

  • мейірімді болу, бірақ өте иі жұмсақ болмау;

  • қатал болу, бірақ шектен тыс кетпеу;

  • өзінің қатысы барын сезіну, бірақ оқушының жауапкершілігін кемітпеу;

  • алдын ала оқушының эмоционалдық күйін болжай білу, бірақ қиындықтарды жеңуге бағытталған мақсатын жоққа шығармау;

  • оқушыны назарда ұстау, бірақ шегін білу.

Такт сезімі оқушымен байқап қатынас жасаумен тығыз байланысты. Шегін білу сезімі педагогтің оқушы тұлғасының әртүрлі әсерлерден қандай өзгерістерге ұшырайтындығын алдын ала білуге көмектеседі. Бағдарлау сезімі педагогтің оқушының жақсы жақтарына сүйеніп және оны ескере отырып оқушыны жоғарғы деңгейге көтеру әдістерін меңгеруіне мүмкіндік береді.
Проективтік деңгей дегеніміз - педагогтік әрекеттің мақсаттарына, оқу -тәрбие ақпараттарының мазмұнының композициясына, оқушы алдында беделді болу тәсілдерін меңгеруде, оқушыларды әртүрлі әрекеттерге және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге жұмылдыруда, өз әрекетінің кемшіліктерін тауып, оны жою тәсілдерін игеру жолында сезімталдық көрсету деңгейі.
Педагогикалық қабілеттілік іштен бірге туатын дарын болып қана қоймай, өмірде де қалыптасады. Оларды кез келген педагог игере алады. Біз өнімді педагогикалық әрекеттің психологиялық құрылымына енетін педагогтің ең маңызды тұлғалық сапаларының сипаттамаларын бердік. Тәжірибелі немесе тәжірибесіз мұғалімдердің барлығына да оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістерін таңдау емес, оқушылармен екі арада туындайтын психологиялық сипатты мәселелерді шешу әлдеқайда қиынырақ соғады.
Педагогтің тұрақты тұлғалық сапалары оқушылардың білімі мен тәртібінің бір қалыпты тұрақты болуына да әсер етеді. Оң кері байланыс (оқушы жауабы) оқушылардың жылдам дамығандығын, сондай - ақ ол педагогтің жоғары деңгейлі педагогикалық шеберлікке қол жеткізгендігінің айғағы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет