Көптеген ғалымдардың көзқарастары бойынша, болашақ маман даярлауда оқушыларға педагогикалық әдеп, іскерлік, дағдыны қалыптастырудағы басты компоненттерінің бірі - педагогикалық мәдениет шарттарын айқындау болып табылады.
Педагогикалық кәсіби мәдениет - мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін - өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым - қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
оқушыны өзін - өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету.
Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім:
жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау (әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, оның тәжірибесі, әдеттері мен көзқарастары болады);
жеке абырой сезімін сақтау және дамыту (онсыз тәрбие де, өзін - өзі тәрбиелеу де мүмкін емес);
оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу (В.А.Сухомлинский бойынша);
тұтастай ойлай білу (ондай мұғалім іс жүзінде психолог болады);
педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу - мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу;
тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу;
тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу;
екіұдай жағдайға тап болған оқушының дұрыс таңдау жасауына көмектесу;
білім берудің биологиялық тепе - тең әдістемелері мен технологияларымен жұмыс істеу.
“Педагогикалық кәсіби мәдениет” құрылымының төрт бөлігі:
педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары;
Педагогтің адамгершілік қасиеттері (дәлелдей білушілік, ұстанымдылық, патриотизм, ұжымшылдық, тәртіпшілдік, мәдениеттілік).
Педагогтің кәсіптік - этикалық іс - әрекеті. Тұлғаның ерекше өмір сүру салтымен, мақсаттылығымен, арнайы қарым - қатынас жүйесін, адамдарды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы пікірлері мен жеңістерін үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылысымен сипатталады.
Педагогикалық шеберлік:
пәндік білімі (кәсіптік құзырлылық, арнайы - кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, талдауларының нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);
педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызуғышылық).
Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби мәдениетін қалыптастыру қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін дамытудың мазмұнды сұраныстары және даярлық жүйесіндегі сәйкес мазмұнды қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.