Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


II. Мұғалім – тәрбиенің алтын діңгегі



бет5/8
Дата30.04.2023
өлшемі205 Kb.
#88512
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ «Ì??àë³ìí

II. Мұғалім – тәрбиенің алтын діңгегі.
2.1. Мұғалімдердің оқушылар алдындағы беделі.

Максим Горький “Мұғалім - әрбір алғаш ашатын кілт” дегендей мұғалімнің


білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз.
Еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны айқын. Қабылданған білім стандартының, реформалардың мақсаты да аян: әлемдік білім кеңістігіне ену. Ал мұғалімнің басты да қасиетті міндеті - рухани бай, жан - жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы Әбу Насыр әл - Фарабидің “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі” дегенін біз, ұстаздар қашанда жадымызда ұстауымыз керек. Өйткені, білім мен тәрбие - егіз ұғым. Сапалы білім мен саналы тәрбие шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет, халық мүддесі орындалмақ, қоғам өзінің рухани дамуына сай асыл қасиеттерге қол жеткізбек.
Мектепте жалпы он тоғыз пән оқытылады. Олардың әрқайсысы өз ілімі арқылы оқушы көзқарасын қалыптастырады. Олар көптеген ақпараттар береді және әр пән нақты өмірдің дәйектері мен құбылыстарын өз позициясы тұрғысынан бір жақты қарайды. Екінші тұрғыдан алғанда оқу материалын оқу пәнінің шеңберінде ғана алып, тәрбие үрдісін ұмыт қалдырса, ол оқушының айналадағы орта жөнінде дұрыс түсінік алмауына ұрындыруы мүмкін. Соның салдарынан оқушылардың білімге ұмтылысы жолындағы ғылыми түсініктерінде табиғат пен қоғамдағы бірлікті танып білуінде елеулі қиындықтар бой көтереді. Оны болдырмау үшін оқушыға білім мен тәрбие қатар сіңірілуі керек. Мұндай жағдайда білім мазмұны, оқыту әдістері мен формалары, мұғалімнің өз үлгісі және мектептегі, сыныптағы ішкі мен сыртқы жағдай негізге алынуы керек. Оқыту мен тәрбиелеу кешенді көзқарас құралы есебінде көрініс береді. Бұлардың іс жүзіне асырылуы оқушылар білімінің мазмұны мен құрамына сапалық өзгерістер енгізеді. Білімнің жиынтығын қамтамасыз етіп, тәрбие жұмысының қалыптасуына жағдай жасайды.
В.Дальдің анықтамасына сүйенсек, білім беру ақыл - ой мен адамилық қасиеттерді қалыптастырады.
Ақыл - ойдың қалыптасуы - адамның интеллектуалдық дамуы. Адамилық қасиеттердің қалыптасуы - тәрбиенің нәтижесі. Ендеше білім беруді екі жақты құбылыс ретінде: нақты іс - әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі жеке тұлғаның мәдениетті меңгеру нәтижесі ретінде.
Оқыту - мәдениеттің белгілі бір мазмұнын (білім, білік, дағды) меңгертуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылатын үрдіс. Білім беру үрдісінде адамның интеллектуалдық және психикалық қабілеттері көрінеді.
Қазақ ақыны, ағартушы, философ Абайдың “Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім” деуінде үлкен мән бар. Ендеше адамның интеллектуалдық және психикалық қабілет қасиеттері мен мүмкіндіктерін іске қосу - білім мен тәрбие беру жүйесінің алдында тұрған үлкен міндет.
Жұмабаев Мағжан “Тәрбиелеу - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру” десе, “тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу, яғни, баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз” деп жазады Назарбаева Сара Алпысқызы өзінің “Ұстаздан ұлағат” кітабында.
Бала тәрбиесі - ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Мектептердің міндеті - барлық тәрбие сатылары мен салаларына байланысты ата - аналардың, ұстаз - тәрбиешілердің шығармашылық ізденістерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау. Ал “мектептің тәрбие жүйесі” дегеніміз не? “Мектептің тәрбие жүйесі” педагогикада кең ұғымды білдіреді. “Тәрбие жұмысының жүйесі” дегеніміз - мектептегі, сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы, өткізілетін іс - шаралар. Сондай - ақ ол - белгілі біртұтас педагогикалық кешен, бір бағыттағы тәрбиенің мақсаты, өзара қарым - қатынас орталығы анықталған, тиімді тәрбиенің бірнеше бөліктерінен тұратын үрдіс. Бұл үшін ең алдымен “мектептің жан дүниесін”, яғни “мектептің тұжырымдамасын” жасау керек.
Мектептің ішіндегі тәрбие жүйесі екі бағытта жүргізіледі. 1. Оқыта отырып тәрбиелеу - бұл тәрбиенің әртүрлі құрамын, мазмұнын жаңа әдіспен ұйымдастыру, сонымен қатар берілетін пәннің ұғымы арқылы тәрбиелеу. 2. Мектептегі тәрбие жұмысы - бұл мектептен тыс түрлі бағыттағы үйірме, клубтар, секция, т.б. арқылы жұмыстар ұйымдастыру.
Ұстаз бен оқушының жұмысы нәтижелі болу үшін, біріншіден, ынтымақтастық қажет. Ал баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата - ананың орны бөлек. Себебі, бала бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде атан - ана баулыса, мектепте мұғалімдер білім мен тәрбие береді. Тәлім - тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімдік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата - анаға, бірге оқыған құрбы - достарына олардың күнделікті іс - әрекетіне, жүріс - тұрысына, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне, т.б. қасиеттеріне байланысты.
Жалпы алғанда, баланы өмірге қызықтыру мектепте берілетін тәрбиеге, оқыған сабағына, әдебиет кітабына, түрлі кештер мен пікірталастарға, сайыс - жарыстарға қатыстырып тартуға, әйгілі спортшылар мен өнер иелеріне құштар етіп баулуға, т.т. қатысты.
Мұғалім баланы өмірге құштар еткісі келсе, оның неге икемі бар, соған мән беріп тәрбие бергені жөн. Оның қоршаған ортаға өзіндік көзқарасын туғызып, жақсы мен жаманды ажырата білуге баулыған абзал. Бұл - ұрпағының көкжиекті келешегін ойлағандардың орындайтын міндеті. Бұл жерде мұғалім жұмыс істеуі жақсы нәтиже беретіні күмәнсіз.
Мектепте тәрбиенің белгілі бір мақсаты болмаса, онда жүйелі жұмыс жасау мүмкін емес. Тәрбие жүйесінің негізгі қозғаушы күші - пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, ата - ана.
“Зерттей отырып - тәрбиеле, тәрбиелей отырып - зертте” - бұл педагогиканың басты ұстанымдарының бірі. Біз бұл қағиданы орындау үшін әрдайым педагогикалық - психолгиялық жұмыстар жүргізуіміз қажет.
Адам бойындағы дарындылық туа біткен қасиет. Ендеше дарынды дамыту - ұстаз парызы. Табиғи таланттарды ашу, талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет үлкен. Оқу - тәрбие үрдісін дамыту үшін ақпараттандыру жүйесін де жетілдіру қажет. Ол педагогикалық үрдістің табысты болуына әсер етеді.
“Ұлылықтың алдында - ұстаз тұрар” демекші, біздің бүгінгі басты мақсатымыз - “Қазақстан - 2030” бағдарламасына сәйкес сауатты да салауатты ұрпақ тәрбиелеп, өркениетті ел қатарына қосу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет