Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Курс жұмысының өзектілігі



бет2/8
Дата30.04.2023
өлшемі205 Kb.
#88512
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ «Ì??àë³ìí

Курс жұмысының өзектілігі: Қазіргі заманда оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру - негізгі мәселенің бірі. Яғни, оқушылардың тәрбиесіне мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы зор.
Зерттеудің мақсаты: Мұғалімнің жеке тұлғасын сипаттау. Оқушылардың тәрбиесіне ықпалын тұжырымдау.
Зерттеу нысаны: Мұғалімдердің жеке тұлғасы, мектептегі сынып оқушыларының оқу, тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау.
Зерттеу міндеттері:

  1. Мұғалімнің жеке сапаларын анықтау.

  2. Мұғалім тұлғасын зерттеу бағыттарын анықтау.

  3. Оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты ықпал ететінін зерттеу.

  4. Мұғалім тұлғасын жан - жақты сипаттау.

  5. Педагогикалық эксперимент қою арқылы сабақтар өткізу кезінде, тәрбиелік шара өткізу сәттерін сынақтан өткізу.

Зерттеу болжамы: (егер мектептерде оқу-тәрбие үрдісі кезінде)

    • Мұғалімнің жеке тұлғасы анықталса;

    • Мұғалім тұлғасын зерттеу бағыттарының моделі құрылса;

    • Оқушылардың тәрбиесіне ықпалы зерттелсе;

    • Мақсатты оқу - тәрбиені жетілдіргенде, үлгілі ұстаз ғана қабілетті, білікті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Ендеше баланы тек организм ретінде ғана емес жеке тұлға ретінде де тәрбиелеуге болады.

I. Басты тұлға - әрқашанда мұғалім.
1.1. Мұғалім - мектептің жүрегі.

Мұғалім деген жалпы ұғым. Ал ұстаздың жөні бөлек. Бұл мамандыққа бет бұрған адам соған барлық өмірін арнайды. Сонда ғана еңбегі жанады. Әрине, кейде жоғарыдан бағаланбаса да шәкірттерінің есінде қалады. Тіпті осыдан да артықтың керегі жоқ шығар.


Шын мәнінде, педагог - бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық - тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық мәдени – тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады.
Педагогикалық іс - әрекеттің даралық субъектісі ретінде бола отырып, педагог, сонымен бірге, қоғамдық субъект - қоғамдық білімдер мен құндылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтің субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар, жалпы мәдениеттік және пәндік - кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әрқашан, даралық - психологиялық, мінез -құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлілігі тұсында да тұлға болып табылады.
Ғасырдың басында - ақ П.Ф. Каптерев: “оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалары оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарылатады немесе төмендетіп отырады, - деп көрсеткен. Сонда ол педагогтің, ұстаздың қандай қасиеттерін негізгі деп анықтаған? Ең алдымен, ол “арнайы мұғалімдік қасиеттерді” көрсеткен, оған “мұғалімнің ғылыми дайындығын” және “жеке мұғалімдік талантты” жатқызады.
“Объективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін - пән әдіснамасымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиетерін білуде жатыр; субъективті сипаттың екінші қасиеті - оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр”. Екіншісі, педагогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншілікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болуы керек. П.Ф.Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді “өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады”, біріктіреді және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама - қарсы жағы болып табылады” деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі нағыз оқудағы еңбектестігінің психологиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.
“Ақыл - ойлық” қасиеттерге жатқызылған “арнайы” мұғалімдік қасиеттермен қатар, П.Ф.Каптерев мұғалімнің қажетті тұлғалық “адамгершілік - еріктік қаситеттерін” де көрсетіп, оларға бейтараптылықты (объективтілік), ілтипаттылықты, сезгіштік (әсіресе, әлсіз оқушыларға), адал ниеттілікті, төзімділікті, шыдамдылықты, әділеттілікті, балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті жатқызады. Бұл жерде “балалар мен жастық шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншіліктен ажырата білу керек: балаларды өте жақсы көріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс - әркетке қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық көріп, бірақ балаларға, жастық шаққа мүлдем көңіл соқпауы мүмкін”. Сірә, тек шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген сүйіспеншіліктің бірігуі ғана мұғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.
Қазіргі кездегі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген сүйіспеншілікті ғана мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қыры деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс - әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. В.А.Крутецкий осыған адамның балалармен жұмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады. Сонымен қатар, мұғалім үшін өзін - өзі жетілдіру, өзін - өзі дамыту тілегінің маңыздылығын да атап өтейік, себебі, К.Д.Ушинский дәл көрсеткендей, мұғалім оқу үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қалай оқытуды тоқтатса, оның бойынан мұғалімдік өледі. Осы маңызды ойды П.Ф.Каптерев, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап көрсеткен.
Н.В.Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлылықты қамтиды, оларға арнайы - педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік - психологиялық, дифференциалды - психологиялық, аутопсихологиялық құзырлылық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық - педагогикалық) және кәсіби - педагогикалық. Құрылымның соңғы компоненті кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды. Бұл кәсіби құзырлылық, оның қалыптасуына және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі жетекші (педагогика, әдістеме, әлеуметтік және дифференциалды психология) болып табылатын пәндік негіздері бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған құзырлылық құбылысының өзінің жіктелінуі және оның аутопсихологиялық құзырлылық сияқты маңызды деңгейін бөлу мәнді болып табылады. Ол әлеуметтік интеллекті “ойлау процестерінің өзгешелігін, тиімді елеу мен әлеуметтік тәжірибе жинақтауға негізделген, өзін, және басқа адамдарды, олардың өзара қатынастарын түсінуге және тұлға аралық оқиғаларды болжауға тұрақты қабілеттілік ретінде” түсінуге негізделеді.
А.К.Маркова бойынша, “педагогикалық іс - әрекет, педагогикалық қарым - қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі”.
Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипатттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара - қатынаста болуы: оның технологиясымен - өзіндік педагогикалық іс - әрекетпен, педагогикалық қарым - қатынас және мұғалім тұлғасымен.
Бұл А.К.Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті, мұғалімнің өзін, көрнекі елестетуге мүмкіндік береді.
Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде

М ұғалім тұлғасы



мұғалім педагогикалық іс -әрекет субъектісі ретінде

А.К.Маркованың кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік іс - әркеттік компаненті - іскерліктерді түсіндіруге келісі, авторға іскерліктердің ол бір тобын бөліп қана қоймай, сондай - ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін “жарып өткіш” қылуға мүмкіндік береді.
Л.М.Митина өңдеп, дамытып отырған, “іс - әрекет- қарым - қатынас- тұлға” схемасының контекстіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды (Н.В.Кузьмина).
Жорамалдаушы - гностикалық қабілеттер (Педагогикалық мақсатты ұйғару, педагогикалық ойлау); Рефлексивті - перцептивті қабілеттер (Педагогикалық рефлексия, педагогикалық әдеп, педагогикалық бағыттылық).
Л.М.Митина зерттеулерінде, мұғалімнің елуден артық педагогикалық қасиеттері бөлінген (кәсіби маңызды сапалар да, сондай - ақ өзіндік тұлғалық сипаттамалар да). Осы қасиеттердің тізімін келтірейік: сыпайылық, ойлампаздық, талғағыштық, әсерленгіштік, тәрбиелілік, зейінділік, шыдамдылық пен өз - өзіне ие болу, мінез - құлық иілгіштігі, азаматтылық, адамшылық, іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, адал ниеттілік, идеялық сенімділік, бастамашылық, адалдық, ұжымшылдық, сыншылдық, логикалық, балаларға деген сүйіспеншілік, бақылампаздық, табандылық, жауапкершілік, қайырымдылық, жинақылық, үйірлік, саяси саналылық, адамгершілік, патриоттық, шыншылдық, педагогикалық эрудиция, алды - артын ойлағыштық, принципшілдік, өз бетіншілік, өзіне сын көзбен қараушылық, кішіпейілділік, әділеттілік, байыптылық, батылдық, өзін - өзі жетілдіруге ұмтылу, әдептілік, жаңалық сезу, өзінің абыройлық сезімі, жітілік, эмоционалдылық. Осы қасиеттердің жалпы тізімі үздік мұғалімнің психологиялық портретін құрайды. Осы портреттің өзегі, желісі өзіндік тұлғалық сапалар болып табылады: бағыттылық, талап ету деңгейі, өзін - өзі бағалау, “Мен” бейнесі.
Мұғалім тұлға, педагогикалық өзара әрекеттесудің белсенді әрекеттенуші субъект ретінде – тұтас күрделі жүйе. Бұл жүйе мұғалімнің кейбір жалпыланған психологиялық портреті (“пішін” емес) ретінде, мұғалімнің жалпыланған тұлғалық - кәсіби бейнесінің көрсетілуінің метафоралық формасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұғалім үшін оның ең алдымен гуманистік бағдарланған тәрбиелеуші болу ерекшелігі маңызды. Оның күш жігерлері тұтастай бала тұлғасын оқу пәнінің құралдарымен дамытуға бағытталуы керек (мысалы, ана тілінің). Осыған орай, оқу пәнін, мысалы, тілді меңгеруді ұйымдастыру мұғалім үшін өзіндік мақсат емес. Бұл мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы баланың дамыта оқыту теориясының контекстіндегі тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік дамуының құралы (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов). Мұғалім тұлғасы, оның күйі мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушысын ойымен оқытуға кірісуі, балалардың оқыту кезеңіндегі ғана емес, сондай - ақ келесі жылдардағы да күйлерінен, мінез - құлықтарынан, тұлғалық көріністерінен бейнеленетіні өте маңызды.
Кез - келген оқу пәні мұғалімнің психологиялық портреті келесі құрылымдық компонеттерге ие: адамның даралық сапалары, яғни оның индивид ретіндегі ерекшеліктері - темперамент, нышандар, т.б.; оның тұлғалық сапалары, яғни, оның тұлға ретіндегі ерекшеліктері - адамның әлеуметтік мәні; коммуникативтік (интерактивтік) сапалар: мәртебелік - позициялық ерекшеліктері, яғни оның ұғымдағы жағдайының, рөлінің, қатынастарының ерекшеліктері; іс - әрекеттік (кәсіби - пәндік), сыртқы мінез - құлықтық көрсеткіштер. Аталған компоненттер мен тіркесімдердің ерекшеліктері оқытудың әр сатысы үшін, соның ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбие берудегі мұғалімнің психологиялық портретін анықтайды.
Мұғалім - бұл баланы түсінетін, сыйлайтын, оның сенімін тудыратын жолдас. Мұғалімнің, оның даралық - тұлғалық ерекшеліктерімен шартталған коммуникативті (интерактивті) сапалары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының педагогикалық қарым - қатынас серіктерінің ерекшеліктерін бейнелейді. Балалардың жалғандыққа, өтірікке ерекше сезімтал екендігін есепке ала отырып, мұғалімнің үйірлік, оқу материалының меңгерілуін тексеру ретіндегі қарым - қатынастың нәтижесіне емес, тек өзіне деген нағыз қызығушылық сияқты сапаларының маңыздылығын атап өту керек. Қарым - қатынас процесін тиімді және балалар үшін қуанышты қылып ұйымдастыру үшін мұғалім оның пәнін білуі керек, яғни бала өмір сүретін мультфильмдер, ертегілер, кітаптар, күйтабақтар, оқиғалар дүниесіне ену және ең бастысы - осы дүниені өзі де қабылдауы керек.
Қалай десек те ұстаздың аты - ұстаз. Кейбіреулер бір баласына ие болып отырғанда, олар отыз - қырық баланы алақанда ұстап отыр. Өзге мамандық иелері телім - телім болып кетті.
Қалай дегенде де тәуелсіз елдің келешектегі тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты қиындыққа төзіп, білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдерге әрдайым алғысымыз шексіз. Өйткені: “Мұғалім - мектептің жүрегі”.
Мұғалімнің жеке тұлғасы қандай болса, мектебі де сондай болады. Жақсы ұстаз мектепке жан кіргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет