Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет25/34
Дата27.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#128679
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Дүйсекеев Кеңес - композитор. Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Пірімов ауылында 10.02.46 жылы өмірге келді. Дүйсекеевтер әулетінен шыққан Рахатдин ағасы Кеңес інісіне домбыра сатып әкеліп береді. Ағасы Кеңестің домбыра шертуінен оның өнерге икемділігін байқады да, Ахмет Жұбановқа ертіп келді. Ол, Кеңес орындаған бірнеше күйлерді тыңдаған соң, оған: «Сыртқа шыға тұр», – дейді. «Бұл талантты бала. одан жақсы композитор шығады». Әрберіден кейін Ахмет Жұбанов Кеңесті шақырып алып: «Кеңес, ең алдымен музыкалық училищеден бастағаның дұрыс шығар. Сосын консерваторияға түс, білімің де тереңдей түседі», - деді. П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищенің композиция класында 5 жыл оқиды. Одан әрі Құрманғазы атындағы консерваторияға қабылданып, тағы 5жыл оқиды. Консерваторияда оқып жүрген жылдарында профессор А.В. Бычков ұстаздың шәкірті болды, қазақтың бұрын-соңды естімеген бірнеше әндерін әкеліп, «Тыңда, үйрен», - деп тапсырады.
Кеңес Дүйсекеев консерваториядағы оқуын бітірген соң, 1974-75 жылдарда Республикалық жастар эстрадалық «Гүлдер» ансамбілінің бас дирижерлігін және музыкалық жетекшісі міндеттерін атқарады. Осы кезде «Асылым-еркем», «Еркеледің сен», «Өкінбе сен», «Асыл ана», «Домбыра туралы баллада», «Қазағымның күйлері» атты әндері бірінен соң бірі шықты. 1976 жылы «Қазақконцерт» гастрөлдік-концерттік бірлестігінің музыкалық жетекшісі болды. 1974 ж. классикалық симфония шығаруды бастады. Сонымен қатар оннан астам көркемсүретті фильмдер үшін музыка шығарды.
Ол Халықаралық және Республикалық жарыстардың жүлдегері атанды. 1977 жылдан бастап ҚСРО композиторлар одағының мүшесі. Сондай-ақ, барлық республикалық әндер конкурсының тұрақты жюри мүшесі. 1975 жылы Қазақ радиотелевизиясының музыкалық редакциясының бас редакторы. Оның жетекшілігімен «Тамаша», «Шабыт», жастарға арналған музыкалық кештер және өзге де бағдарламалар шықты. 1994 жылы оған «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы берілді.
Кеңес Дүйсекеевтің музыкасында қазақтың ұлттық дәстүрі қазіргі замандық музыка тілімен үндесіп, жаңа сипатқа ие болады. Композитор қолтаңбасының айрықша қасиеттері - көңілге қонымдылығында, музыка тілінің мәнерлілігінде. Оның шығармашылығының бұл ерекшеліктері мына дүниелерінде анық белгі береді: Камералық оркестрге арналған «Жайлаудағы таң», «Көшу», хор капелласына арналған «О, туған жер». Кеңес Дүйсекеев ән жанрында да өз бағын сынап, халық жүрегіне жол тапты. Оның әндерін жас та, кәрі де ықыласпен тыңдайды. Оның «Сәлем саған, туған ел» әні эстрада жұлдыздары Р. Рымбаева мен Н. Есқалиеваның репертуарынан белді орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет