Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі



бет22/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
pedagogika

Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі.

Қандайда болмасын мамандық кәсіби іс-әрекет обьектісінің ерекшелігіне байланысты, адамға белгілі бір талаптар қояды. Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі – педагогикалық процесс болып табылады.

Қазіргі педагогикалық процестің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтежиесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. М.А. Данилов өзінің «Педагогикалық процесс педагогикалық теорияның обьектісі» -деген еңбегінде: «Ең бастысы әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын айқындау» дейді.

Педагогикалық процесте жеке тұлғаның қалыптасуы қайшылықтарды шешумен байланысты, яғни адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің затқа ауысуы мен обьективтік заттың өзінің жеке дара әлемінен, адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндіріске салынған іс-әрекетті айқындайды. Демек педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда оның элементарлық бірлігі «қалыптасу сәті»(педагогикалық ситуация) болуы керек.

Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтастың объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Диалектикалық-материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің ролі туралы жан-жақты зерттелген. Адам іс-әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен тек ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А.Амонашвили, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түскендігіне куә етеді дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет