9-дәріс.Тәрбиенің мәні.
Жоспар:
1.Тәрбие-теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен қызметтері
2.Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері
3.Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-жақты толық қанды дамуын қамтамасыз ету. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де , өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның , ұжымның, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл –парасатымен, жеке бастын өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырсады.
Қоғам мүшелерінің бәріне тән, ортақ біркелкі мінез-құлықтың болуы мүмкін емес, әр адам өзінше жеке тұлға.
Ертеде грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биолгиялық факторлар мен қоса әлеуметтік факторларда әсер етді деген. Адам өзіне тән биологиялық құрлысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи даму нәтежиесінен де пайда болады. Сонымен адамның жалпы дамуына өзара байланысты екі бағыт: биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз даму барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Жеке тұлға – дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және әлеуметтік функцияларды (қызметтерді, болмысқа, адамдарға өзіне , еңбекке, жалпы қоғамға қтысты) атқарады.
Жеке тұлға өзіне тән мінез-құлқы, іс-әркетімен, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады. Жеке тұлғаға тән қасиет- ақыл, ес яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Тұлға жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырудың нәтежиесінің көрінісі жеке тұлғаның ең маңызды белгілері:
саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, жеке бас қадір-қасиеті, даралығы жатады.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығын, оның өзіне тән ерекшелігін сипаттайды. Даралық адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (салмақты, жігерлі) шығармашылық қызмет әрекетінің , қабілетінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «индивид» түсінігін білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлік өкілін, оның сапа –қасиеттеріне қатынасын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл есі дұрыс адам индивид бола алады. «Жеке тұлға» түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осында.
Ал жеке тұлға сапалары адамның өмірі барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін «даму» және «қалыптасу» ұғымдарының мәнін ашып беру өз алдына маңызды.
Сонымен даму дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесімен психикасының дамуындағы, танымдық, шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, яғни сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.
Қалыптасу –түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтежиесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді меңгеруін білдіреді.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл- ауқаты және оның саясатымен ірқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде т әрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиетін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |