2. Жеке тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылықтың рөлі.
Адамның дамуына ықпал ететін негізгі факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбие жатады. Жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқым қуалаушылық- баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердіғ жиынтығы. Адам дамуындағы тұқым қуалаушылықты екі түрге бөлуге болады:
Жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелерінің дамуы, нәсілдік және ұлттық ерекшеліктері);
Даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық, физиологиялық бейімділіктері).
Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты проблеманы- интеллектуальдық, арнайы және моральдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды.
Интеллектуалдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуі : ол қабілет тұқым қуалау арқылы берілмейді тек нышан түрінде беріледі. Ағзаның анотомиялық , физиологиялық ерекшеліктерінің , демек, қабілетттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншілікті нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге және әлеуметтік жағдайларға байланысты. Арнайы нышандарға; математикалық, музыкалық, спорттық т.б. сапалар жатады.
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі мына нәрселерден тұрады:
морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
функционалдық ерекшеліктері (қан тобы);
адамға тән бейімділіктер (сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті);
жүйке қызметінің түрлері (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі);
әрекеттің қандай да бір түрінің анатомиялық –физиологиялық бейімділіктері;
есту мүшелері, ойлау, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер.
Сонымен жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық ықпалы дегеніміз- ол ұрпақтарда , ата-аналарының ұқсастықтарының мол болуын тұқым қуалаушылық деп түсінеміз.
Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылымды генетика деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |