7-дәріс. Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері
Жоспар:
1 Жас.Жас кезеңдері.Акселерация.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері
3 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуымен тәрбиесінің ерекшеліктері
Дамудағы дене және ақыл-ой жас мөлшерімен тығыз байланыстылығы ертеде-ақ белгілі болды. Бұл шындық ешқандай дәлелдеуді керек етпеді, өйткені адамның жас мөлшері өскен сайын ақыл-ойы дамиды, тәжірибе жинақталады, білімділігі артады.
Әрбір жасқа дене психологиялық және әлеуметтік даму сәйкес келеді.
Ерте кездің өзінде-ақ педагогтар даму процесін дұрыс басқару үшін, адам өмірінің кезеңдерінің жіктемесін жасады, қазіргі кезеңге дейін бұл құнды еңбектер қолданылып келеді, яғни дамудың жас мөлшерінің нұсқаларын Коменский, Эльконин, Бюллер т.б.
Жасқа бөлу кезеңдері жас ерекшеліктерге негізделеді. Жас ерекшеліктер дегеніміз - өмірдің белгілі бір кезеңдеріндегі дамудағы анатомия-физиологиялық және психологиялық сапаларының сипаттамасы.
Жас ерекшеліктердің мәні адамның дене дамуында ашылады. Мысалы, дене бітімі, салмақтың толуы, бойдың өсуі, жыныстық дамуы, жалпы алғанда адамның биологиялық өлшемі бұл адамның дене бітімін, түр-тұлғасын жалпы дене бітімін қамтиды. Бұл өлшемнің түпкі шығу тегі генетикалық болғанымен, оны керегінше шыңдау адамның өзіне байланысты. Адам - өзін өзі тәрбиелеудің, жетілдірудің жолын меңгерсе, бұл талаптарды орындайды.
Дамудағы келесі өлшем – психологиялық өлшем. Бұл адамның жан дүниесі, темпераменті, санасы, есі және т.б. Қысқаша айтқанда ағзасында жүріп жатқан процестер.
Бұл өлшем биологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Мысалы, адамның көңіл-күйі өзгерісін мидан бөліп қарай алмаймыз.
Адамның бүкіл болмысын әлеуметтік ортадан бөліп қарауға болмайды. Адамның жеке бас ретінде дамуына биологиялық өлшем қалай қажет болса, әлеуметтік ортада сондай маңызды. Адам қоғамдық ортада дамиды. Олай болса «Қоғам дамуының қозғаушы күші - адам». Қоғамның алғашқы сатысы – жанұя, ағайын-туыс. Одан әрі оқу-тәрбие беретін арнайы ұйымдар. Өз елі, туған жері, Отаны, осы әлеуметтік орта, адам дамуының, оның рухани дүниесінің азығы.
Міне, осы өлшемдер негізінде адамның даму жас ерекшелік динамикасы қалыптасады.
Жасқа бөлу кезеңдері адам өмірінің дамуының барлық кезеңдерін қамтиды. Ал педагогика ғылымы, адам дамуының мектеп жасындағы өмірі мен дамуын қамтиды.
Қазіргі педагогика ғылымында балалар жасын келесі кезеңдерге бөлу қабылданған.
1.Нәрестелік шақ (өмірдің 1 жылы).
2.Ерте сәбилік шақ (мектеп алды жас, 1 жастан 3 жасқа дейін).
3.Мектепке дейінгі жас (3 жастан 6 жасқа дейін).
4.Бастауыш мектеп шағы (6-10 жас).
5.Орта мектеп жас (10-15 жас).
6.Жоғары мектеп жас (15-18 жас).
Осы жас кезеңдерін әрбір үйелмен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі – жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары.
Алғаш рет оқу – тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктерін есепке алуды қатаң түрде қолға алған Я.А.Коменский. Ол табиғат сияқты принципін негіздеп ұсынды, яғни осыған байланысты оқу мен тәрбие дамудың жас кезеңдеріне сәйкес келу керектігі. Табиғатта барлық өзгерістер өз уақытымен болады. Сол сияқты тәрбиеде де барлығы өз кезегімен дер кезінде және өз кезегімен болу керек. Сонда ғана адамның адамгершілік сапалары шындықты меңгерудегі, ақыл-ойының дамуы қалыптасады.
Акселерация латын тілінен алғанда «акселерацио» - жеделдеу, тездеу деген ұғымды білдіреді, демек балалық шақ пен жас өспірімдік кезеңдердегі дене және психикалық дамудың тездеуі. Осыған сай акселерация физиологтардың, педагогиканың зерттеу объектісіне айналды.
Соңғы жылдары біздің елімізде 13 жастағы ересек балалардың өткен уақыттағы құрдастарымен салыстырғанда, олардың бойы 6-7 см биік, салмағы 6-7 кг артық. 16 жас ер, қыз балалар 15-20 см биік, салмағы 15-16 кг артық екендігі байқалады.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу ерекшеліктері.
Бұл жерде «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасынан» үзінді келтірейік.
«Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігін анықталып негізделеді.
Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен»«табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен т.б,өзара белсенді әрекеттестік қарым – қатынасқа дайындау бастауыш сыныптың негізгі қызметі болып табылады.
Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқтыжеткілікті деңгеиіне қол жеткізу ‰шін, ең алдымен білім берудің мақсаты т‰бегеилі өзгеруі керек. Яғни бірінеші кезекте бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады».
Осы тұжырымдама негізінде бастауыш сынып оқушысының жеке басдамуының мүмкіндіктеріне тоқталайық:
оқудағы талдаулар (саналы білімді, оқу қызметін түсіндіруді қалыптастыру);
қарым – қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне саналы түрде бірінші кезең ретінде қарау,қол жеткен табысты нығайту.
Қызметі: танымдық қызметтің қарқынды қалыптасуын яғни сиректеліп құндылықты, оқи білуді (бөліктерін оқи, санай, жаза білуден бастап ) игеру.
Мұғаліммен өзара әрекет жасаумен ережелер бойынша жасалған қатынастық қызметті, сол секілді бір сипаттағылар мен оқу іскерлік қатынасты дамыту.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 кг .36 кг дейін артады.
Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни ол 5 жаста ‰лкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. Нерв жүйесіндегі өзгерістер баланың ақыл- ойының дамуына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс- әрекеттер сияқты оған оқу тәжірибесі арқылы бірте- бірте дамиды. Бұл жерде бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді.
Бастауыш сынып жасындағы баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, мидың үлкен жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115-135 см дейін өседі, салмағы 30-35 кг. шамасында
болады.
Тіл меңгеру барысында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады.Олар баланың ойлау жүйесін байытып өзгертіп қана қоймайды сонымен қатар оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады.Бастауыш сынып жасы бұл-айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастауы, білім жинақтау, осыларды игеру кезеңі болып табылады.Осы маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіңе тән білімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, ол мынандай бейімділіктерде көрініс табады.: адамның беделіне зор сенімділікпен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі. Осы бейімділіктер бастауыш сынып оқушыларына сай қайталанбас ерекшелік болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |