Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Амортизация – Негізгі қордың тозбасы



бет74/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
АмортизацияНегізгі қордың тозбасы – негізгі қорлардың тозуын біртіндеп өтеу, осыған байланысты өндірілетін тауарлар мен көрсетілген қызметтерге негізгі қордың құнын бөлшектеп көшіру.
Амортизациялық қор – Амортизационный фонд – негізгі қорларды жай және кеңейтіп қайта өндіруге арналған ақша қаражаты.
Амортизациялық мерзім – Амортизационный срок - өндіріс құралдарының, жабдықтарының құндарын амортизациялық жарнамен толық өтеу мерзімі.
Аренда – жалдау, жалгерлік шарт бойынша жерді, үйді, қазба байлықты, кәсіпорындарды, сонымен қатар жалгерлердің жеке жұмыс істеуіне қажетті жабдықтардың қай түрін болса да уақытша пайдалануға жалға беру.
Ассоциация – құрама одақ, қауымдастық – шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру, басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің, азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде белгілі бір мақсатқа жету үшін ерікті түрде бірігуі.
Аудит – тексеру – кәсіпорындардың, фирманың, акционерлік қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметтеріне клиенттің тілегі бойынша қаржылық талдау, бухгалтерлік бақылау, қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жұмыстарын білікті мамандардың тәуелсіз тексеру, қаржы бақылауының ерекше түрі.
Аукцион – бәсеке сауда – көпшілік алдында кім бағасын асырса, артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда.
Аутсайдер - әр түрлі себептермен монополиялық бірлестіктерге кірмей тиісті салаларда жұмыс істейтін ұсақ және орташа кәсіпорындар.
Баға құру - Ценообразования - тауардың, көрсетілген қызметтің, өндірілген өнімнің бағасын түзу процесі.
Баға тепе - теңдігі, тепе – тең баға – Паритетная цена – ауыл шаруашылық қызметкерлеріне, фермерлерге бір тұрақты өнім көлеміне ауыл шаруашылықтық емес игіліктермен қызметтердің тұрақты жиынтығын сатып алуға жететін ақшалай табыс түсіретін ауыл шаруашылық өнімнің бағасы.
Бағаны мемлекеттік реттеу – Государственное регулирование цен – мемлекеттің нарықтық баға құрылу процесіне араласуы.
Баланс – Экономикада кәсіпорындар мен меншіктердің қаржы жағдайын, халық шаруашылығындағы дамуындағы кірісі мен шығысын пропорцияларды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштердің белгілі бір жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет