Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет38/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.
Еңбекақы мына формула бойынша есептелінеді:

ЕА = ТМ + Т,


мұндағы: ЕА – еңбекақы;


ТМ – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлемесі;
Т – нақты пайдаланылған уақыт.
Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:

ЕА = Р * Q,


мұндағы: ЕА – еңбекақы;


Р - өнім бірлігінің кесімді бағасы;
Q – дайындалған өнімнің мөлшері.
Еңбекақы нысандарының қай түрін қолдану орынды болатындығын анықтайтын бірқатар жағдайлар бар.
Кесімді еңбекақының қолдану жағдайлары:

    • тікелей нақты жұмыскерден тәуелді жұмыстың сандық көрсеткіштері бар;

    • орындалған жұмыс көлемін дәл есептеу мүмкіншілігі бар;

    • нақты учаске жұмыскерлерінің орындалатын жұмыс көлемін немесе өндірімді ұлғайта алатын мүмкіншіліктер бар;

    • нақты өндіріс процесінде орындалатын жұмыс көлемін немесе өнім көлемін ұлғайтуына келешекте жұмыскерлерді ынталандыру қажет;

    • еңбекті техникалық нормалау мүмкішілігі бар.

Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нысанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:

    • қолданылатын жабдықтың сипатына;

    • технологиялық процестің ерекшелігіне;

    • еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;

    • материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;

    • өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:

  • тікелей кесімді;

  • кесімді-сыйлықақы;

  • үдемелі кесімді;

  • жанама кесімді;

  • аккордтық.

Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз. Мұндай жүйені ұжымның әрбір мүшесінің жалпы жауапкершілігі және мүддесі кезіндегі қызметкердің еңбек нәтижесін бағалауға мүмкіншілік бар кезде қолданған орынды.
Бірыңғай тарифтік торда бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардан аяқталатын, қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:

    • 1 – 8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;

    • 6 – 15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкерлер;

    • 4 – 11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;

    • 7 – 15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;

    • 10 – 20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары;

    • 9 – 21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.

Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет