Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Ұдайы өндірістік функциясы



бет35/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Ұдайы өндірістік функциясы. Оның мағынасы – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуы үшін, жұмыскерлердің және олардың отбасы мүшелеріне қажетті өмірлік игіліктермен қамтамасыз етілуінде. Бұл функция еңбекақыны мемлекеттік реттеумен ерекшеленеді, жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуын қамтамасыз ететіндей, оның ең төменгі шамасын заңдық деңгейде белгіленуімен тығыз байланысты.
Ынталандырушы функциясы. Бұл функцияның мәні жұмыскерлердің еңбекақысын, оның еңбек үлесінен кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижелеріне және ол байланыс жұмыскердің өзінің еңбек нәтижелерін тұрақты жақсартуға ынталандыруына байланысты белгіленеді.
Өлшемді үлестіргіш функциясы. Бұл функция өндіріс құралдарының меншік иелерімен жалдамалы жұмыскерлердің арасында тұтыну қорын үлестіруге, нақты еңбек шамасын көрсетуге арналған. Еңбекақының көмегімен өндіріс процесіне қатысушының әрқайсысының жеке үлесі тұтыну қордағы оның еңбек үлесіне сәйкес анықталады.
Ресурстық-орналастыру функциясы. Аталған функцияның мәні қазіргі уақытта өсуде. Оның мәні – еңбек ресурстарын аймақтар, экономика салалары, кәсіпорындар бойынша оңтайлы орналастыру. Еңбек ресурстарын орналастыру саласында мемлекеттік реттеу аз шамада, ал тиімді жұмыс істейтін еңбек нарығы – тек әр жалдамалы жұмыскердің жұмыс орнын таңдауға, тіршілік деңгейін жоғарлатуға ұмтылып, өзінің қажеттілігін жеткілікті, толық қанағаттандыру үшін, жұмыс іздеуге, оның орнын ауыстыруға еркіндігі болғанда ғана қалыптасуы мүмкін.
Халықтың төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастыру функциясы. Бұл функция – төлем қабілеті бар сұранысты үлестіруге арналған. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлар әсерінен қалыптасады. Қоғамның қажеттіліктері мен табыстарынан, яғни нарық жағдайында еңбекақының көмегімен тауарлар сұранысы мен ұсынысының арасында қажетті пропорциялар белгіленеді. 3
Жоғарыда көрсетілген функцияларды іске асыру үшін, келесі маңызды ұстанымдардың сақталуы қажет.

  1. Еңбектің және өндірістің тиімділігі көтерілуіне қарай нақты еңбекақының өсуі. Бұл ұстаным объективті экономикалық заң, қажеттіліктердің жоғарлауының әсеріне байланысты өз еңбегіне көп қөлемді материалдық игіліктер мен қызмет алу мүмкіншіліктері ұлғайғанда, заң бойынша қажеттіліктерді толық қанағаттандыру жүзеге асады. Бірақ та ондай мүмкіншілік еңбектің тиімділігі мен өндіріс қызметін үйлестіруі тиіс.

2. Еңбек тиімділігінің өсу қарқыны орташа еңбекақының өсу қарқынынан озық болуы (немесе өндірілген өнім көлемінің өсу қарқыны тұтыну қорының өсу қарқынынан жоғары). Бұл ұстанымның мәні – еңбек табыстарының ұлғаюы, өндіріс тиімділігінің артуы және дамуы негізінде. Осы ұстанымның бұзылуы тауарлар мен қамтамасыз етілмеген ақшаның төленуіне, инфляцияға, ел экономикасында тоқырау құбылыстарының дамуына әкеледі. Нақты кәсіпорын жағдайында – ол өндіріс құралдарының жаңару процесінің бірте-бірте баяулануы, бәсекелік қабілетінің төмендеуі.
3. Еңбекақының дифференциалды болуы, жұмыскердің еңбекақысы, кәсіпорыннның қызмет нәтижесіндегі жұмыскерлердің еңбек үлесіне, еңбек жағдайы мен мазмұнына, кәсіпорынның орналасқан жеріне, оның салалық тиістілігіне байланысты болуы.
4. Тек еңбекке тең еңбекақы. Нарық жағдайында қарастырылып отырған ұстанымды түсіну – адамдардың жасына, жынысына, ұлттық тиістілігіне қарай, еңбекақыда кемсітушілікті болдырмау, кәсіпорын ішінде үлестіруде әділдік ұстанымның сақталуы қажет.
5. Еңбекақыны мемлекеттік реттеу.
6. Еңбек нарығының әсерін ескеру. Еңбек нарығы – ол әр түрлі еңбек түрлеріне баға қалыптастыру саласы. Нақты әр жұмыскердің еңбекақысы оның еңбек нарығындағы алатын орнына тығыз байланысты, сонымен бірге осы еңбек нарығындағы ахуал жұмыспен қамтылу мүмкіншілігін анықтайды.
7. Еңбекақы нысандары мен жүйелерінің қарапайым, логикалы және түсінікті болуы. Орындаушылар қандай жағдайда еңбекақы шамасы, яғни олардың материалдық әл-ауқаттары деңгейінің көтерілетінін анық білулері қажет. Ең орындысы – жүзеге асыру бағытына қарай еңбекақыны ұйымдастырудың ұстанымдарын функцияларына сәйкес жіктеу. Әр ұстаным бір емес, бірнеше функциялармен байланысты, бірақ та ең бастысын ғана көрсетуге болады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай (натуралды) нысандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нысандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нысанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі (тетігі) жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық реалияға (жағдайларға) қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізігі қызметті орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады. Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналдық еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет