Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым минситрлігі


Ұсынылатын  әдебиеттер:  1-5,  13-15,  19-24,  32-36,  38-45



Pdf көрінісі
бет16/50
Дата14.02.2022
өлшемі1,26 Mb.
#25436
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
қолданбалы бизнес Силлубус

Ұсынылатын  әдебиеттер:  1-5,  13-15,  19-24,  32-36,  38-45  

(б.7 қараңыз). 

 

4 тақырып. Кәсіпкерлік экономикасының негіздері 

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725 

–  1730  жылдары  Ричард  Кантиллионның  еңбектерінде 

баяндалды.  Кейінгі  250  жыл  шегінде  кәсіпкерлік  теория  әртүрлі 



 

 

29 



ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар 

бірте – бірте кәсіпкерлік – бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға 

деген  бейімділігі  ғана  емес,  қорыта  келгенде  жаңа  кәсіпорын 

құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді. 

Алғашқыда  «кәсіпкерлік»  термині  тәуекел  сөзімен,  ал 

кәсіпкердің  өзі  тауарды  өндіру  мен  өткізуде  белгілі  бір  тәуекел 

мен 

жауапкершілікті 



өз 

мойнына 


алатын 

адаммен 


байланыстырылады.  

Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына 

тәуекелді  алумен  байланыстырды,  сонымен  қатар  ол  капитал 

салушы 


кәсіпкерлер 

мен 


өз 

еңбегін, 

ресурстарын 

қолданушыларды  ажыратып  отырды.  Ол  кәсіпкерлікті  өзіне  өзі 

жұмыс  жасайтын  адам  деп  қарастырды.  Адамды  белгілі  бір 

төлемақы,  сыйақы  үшін  жұмыс  істеу  қанағаттандырмаса,  ол  өз 

ойларын  жүзеге  асыру  жолдарын  іздей  бастайды,  сөйте  келе  ол 

кәсіпкерлерге 

айналады. 

Кантиллионның 

пікірінше, 

кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда 

жұмыс істеулері. 

Кейінірек  ХVIII  –  ғасырдың  екінші  жартысында  Квисней 

сияқты  физиократтар  кәсіпкерлік  концепциясын  кеңейте  түсті. 

Олар КАнтиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп 

санады,  бірақ  ілгері    жылжт  отырып,  бұл  анықтамаға  өндіріс 

процесін  енгізді,  демек  сонымен  бірге  кәсіпкерлердің  пайда 

табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі 

де  енгізілді.  Олардың  түсінігінше  кәсіпкер  өнім  өндірісін 

ұйымдастыру,  жаңа  әдістерді  енгізу  және  жаңа  өткізу 

нарықтарын іздестіруі қажет. 

Басқа  бір  физиократ,  дін  қызметшісі  Николас  Бауде 

өндірушілер  мен  фермерлер  топтарының  гүлденуі,  олардың 

жаңалықтарға  яғни  жаңартпа  мен  менеджментке  деген 

бейімділіктеріне  байланысты  деп  санады.  Бауде  еңбек 

өнімділігінің 

ұлғаюындағы 

ғылым 

мен 


технологияның 

маңыздылығына  әрдайым  ерекше  көңіл  аударып  отырды.  Ол 

кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп 

ұйғарды.  

1776 жылы Адам Смит өзінің «Халық байлығының табиғаты 

мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізігі 




 

 

30 



өндіріс  факторларын  бөліп  көрсетті:  жер,  еңбек,  капитал,  бірақ 

кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан 

Батист  Сэй  алғашқы  рет  кәсіпкерліктің  рөлі  мен  мәнін  негізгі 

өндіріс  факторларының  бірі  дәрежесіне  дейі  көтерді,  ол 

индустриялық 

төңкеріспен 

қатар 

кәсіби  менеджменттік 



төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. 

Орта  ғасырлық  менеджмент  тарихын  зерттеуші  Джозеф 

Шумпетерді  қазіргі  заман  кәсіпкерлігінің  атасы  деп  жиі  атайды. 

Өзінің  ілімдерінде  Шумпетер  кәсіпкер  бейнесінен  жай  бизнесті 

басқаратын  менеджер  рөліне  алшақтаған.  Кәсіпкердің  мәні,  бұл 

оның  өндіріс  күштерін  жаңадан  ұйымдастыруы,  ұластыруы,  ал 

олардың  қозғалысы  өз  кезегінде  өндіріс  циклдарының 

тездетілуіне  немесе  жалпы  экономикалық  өсімге  алып  келеді. 

Шумпетер  кәсіпкердің  өз  қызметтерінде  қолдануға  болатын 

келесі  бағыттарды  анықтайды:жаңа  өнімдер  немесе  қызмет 

көрсетулер,жаңа  өндіріс  әдістері,жаңа  өткізу  нарықтары,жаңа 

жабдықтау көздері,жаңа ұйымдастыру түрі. 

Сонымен,  Д.Шумпетер  кәсіпкерліктің  міндеті  –  капиталды, 

еңбекті  іске  қосу,  жоспар  құру  және  оның  орындалуын 

ұйымдастыру. 

Франк  Найт  кәсіпкерлік  қызметтің  өте  маңызды  белгісі  – 

тұрлаусыздық  жағдайында  жұмыс  істеу  екендігіне  ерекше  көңіл 

аударды. Найт пікірі бойынша, кәсіпкер әртүрлі мүмкін болатын 

кедергілерді  батыл  жеңіп  шығатын,  өзінің  көзқарасын  әрдайым 

қорғай  алатын  адам  деп  түсінік  берді.  Ал  қазіргі  заманғы 

авторлардың  ұстанымдарын  қарастырар  болсақ,  яғни  Давид 

Минкеланд кәсіпкерге мынандай сипаттама береді: 

 

Дәлелденген тәуекелдерге бара білу



 

Жігерлік және іскерлік белсенділік 



 

Жеке, дербес жауапкершілік 



 

Қабылданатын шешімдердің салдарын білу 



 

Қабылданған  шешімдер  нәтижесінің  белгісі  ретіндегі 



пайда 

 



Болашақта  қоршаған  ортада  болатын  өзгеріңстерді 

болжай білу 

 

Ұйымдастыру шеберлігі. 




 

 

31 



Питер  Друкер  алғашқылардың  бірі  болып,  кәсіпорынды 

ұйымдастыруға  арналған  мүмкіндік  ұғымын  енгізеді.  Жаңа 

кәсіпорын  үшін  қорларды  іздеу  мен  орналастырудан  бұрын, 

бизнесті  дамыту  үшін  қолайлы  мүмкіндіктерге  ие  болу  керек. 

Экономистер кәсіпорынның пайдасын көбейту жайлы айтуда. 

Кәсіпкерлік  -  қоғам  дамуының  білгілі  бір  сатысында 

қалыптасқан  тарихи  феномен.  Кәсіпкерлік  -  азаматтардың  жеке 

табыс  бен  пайда  игеру  мақсатында  өзіндегі  бар  мүлікпен,  өз 

атынан  немесе  заңды  жауапкершіліктегі  заңды  тұлға  ретінде 

тәуекелдікке  бара  отырып,  жаңашылдыққа  негізделіп  белсенді 

түрде белгілі бір қызметті іске асырумен байланысты үрдіс. 

Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тұғырлануына  себеп болған 

негізгі алғы шарттар мен факторлар. Кәсіпкерлік теориялары мен 

оның  негізін  қалаушылар  (кәсіпкерлік  қызметтің  дамуының  үш 

толқыны).  Кәсіпкерліктің  қазіргі  заманғы  тұжырымдамасы 

(кәсіпкерліктің  7  мектебі:  тұлғалық  сапа  тұрғысындағы  мектеп; 

психологиялық мектеп; классикалық мектеп; лидерлік тұрғыдағы 

мектеп;  ішкі  кәсіпкерлік  мектебі;  маркетинг  тұрғысындағы 

мектеп;  менеджмент  тұрғысындағы  мектеп).  Менеджмент 

тұрғысынан  кәсіпкерліктің 

біріктірілген 

тұжырымдамасы. 

Кәсіпкерлік  терминінің  эволюциясы  және  оның  тарихи 

қалыптасуындағы ерекшеліктер. 

Кәсіпкерлік  және  бизнес  түсініктеріндегі  айырмашылық, 

кәсіпкерлік  қызметтің  субъектісі  мен  объектілері.  Кәсіпкерлік 

типологиясы түсінігі. Кәсіпкерліктің негізгі сараланған белгілері: 

қызмет  ету  түрлері;  меншіктік  формасы;  ұйымдық  -  құқықтық 

және 

ұйымдық-экономикалық 



формасы; 

заңдылық; 

территориялық 

қамтылуы; 

құрылтайшылар 

құрамы; 


қызметкерлер  саны  және  айналым  көлемі;  даму  қарқындылығы 

және  пайдалылық  деңгейі;жаңа  енгізілімдерді  қолдану  деңгейі 

бойынша және тағы басқалар.  

Кәсіпкерлік 

қызметтің 

негізгі 


тұрпаты: 

өндірістік; 

коммерциялы-саудалық; 

қаржылы-несиелік; 

кеңестік 

(консалтингтік).  Ел  экономикасындағы  өндірістік  кәсіпкерліктің 

орыны  мен  рөлі.  Коммерциялы-саудалық  кәсіпкерліктің 

ерекшеліктері  (делдалдық  кәсіпкерлік).  Қаржылық  қызмет 

нарығындағы  кәсіпкерлік  қызмет  (құнды  қағаздар  нарығы; 



 

 

32 



банктік  қызмет  нарығы;  сақтандыру  қызметі).  Консалтингтік 

кәсіпкерліктің  қалыптасу  себептері  мен  дамуы.  Кәсіпкерліктің 

басқа  түрлері  мен  аясы  (білім  беру  мекемесінің  кәсіпкерлік 

қызметі). 

Жеке 

кәсіпкерлік: 



оның 

ерекшеліктері 

мен 

негіздемелері. 



Кәсіпкерлік  құбылыс  және  үдеріс  ретінде.  Кәсіпкерлік 

үдерістің  қозғаушы 

күштері. 

Кәсіпкерліктің 

міндеттері, 

мақсаттары  және  функциялары.  Кәсіпкерлік  орта:  ішкі  және 

сыртқы кәсіпкерлік орта. Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы 

ретінде.  Нарықтық  қатынастар  субъектілері.  (үйшаруашылығы, 

фирмалар және үкімет). Нарық құрылымы және оның жіктелуінің 

критерийлері.  Нарық  инфрақұрылымы  және  оның  негізгі 

элементтері. Нарық ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет