Банкроттық.
Коммерциялық ұйымдар ерікті немесе мәжбүрлі түрде
таратылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымның ерікті түрде
таратылуы
заңды
тұлғаның
құрылтайшыларының
(қатысушыларының) немесе құрылтай құжаттарында шешім
қабылдауға
уәкілдік
берілген
коммерциялық
ұйымның
органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Мұндай
жағдайда коммерциялық ұйымды таратудың Азаматтық кодексте
қарастырылған негіздердің тізімі үлгілі болып табылады.
Олардың
қатарына,
көбінесе
келесілер
жатқызылады:
коммерциялық
ұйым
құрылған
мерзімнің
аяқталуы;
коммерциялық ұйымды құруға негіз болған мақсатқа қол
жеткізілсе; коммерциялық ұйымды тіркеуді сотпен заңсыз деп
таныса.
23
Коммерциялық
ұйымдарды
мәжбүрлі
түрде
тарату
Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана сот
шешімімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына келесілер
жатқызылады: заңмен тыйым салынған қызметтерді жүзеге
асыру; тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті жүзеге
асыру; қызметін заңдарды немесе басқада құқықтық актілерді
бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізу; коммерциялық
ұйымдарды (қазыналықтан кәсіпорындардан басқасы) дәрменсіз
деп тану және т.б. ( ҚР АК 49б.).
Кәсіпкерлік пайда табу мүмкіндігін болжайтын қызмет
нысаны болып қана табылмайды, сонымен қатар оның
қатысушыларына борыштарын өтей алмай қалу тәуекелінде
қалыптастырады.
Дәрменсіз борышкер, бір жағынан несие берушілердің
талаптарын қанағаттандыруды кешіктірсе, екінші жағынан өзі
үшін және үшінші тұлғалар үшін (заңды тұлғалардың
қатысушылары, құрылтайшылары үшін) жағымсыз салдардың
туындауына
мүмкіндік
туғызады,
олардың
қатарына:
қарыздардың өсуі, істің (бизнестің) тоқтауы, мүлікті басқарудан
шеттетілу, сол мүліктің бәрін сату және т.б. Осы аталмыш
мәселелерді шешуде банкроттық туралы заңнаманың атқарар рөлі
жетерлік.
Банкроттық туралы заңнама қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және бір тұтас
заңдық және заңға бағынышты актілер кешенінен тұрады.
Қазақсатан Республикасында банкроттық үрдісінің, оңалту
процедурасын жүргізудің, шарушылық субъектілерін дәрменді
немесе, керісінше, банкрот деп танудың, тарату (банкроттық)
рәсімін жүргізудің құқықтық базасының негізі Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі және 2014 жылы 7
наурыздағы Қазақстан Республикасының «Оңалту және
банкроттық туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының
Азаматтық процестік кодексі және т.б. болып табылады.
Көптеген
мемлекеттерде
банкроттық
қылымыстық-
жазалауға жатқызылатын әрекет ретінде қарастырылады.
Банкроттық түсінігіне қатысты осындай қөз қарас дәстүрлі болып
танылатындығын атап өткен жөн.
24
Қазақстан
Республикасының
заңнамасына
сәйкес,
банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны
таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.
ҚР АК банкроттықты жүзеге асырудың екі тәртібін
қарастырады – ерікті және мәжбүрлі. Кредитордың борышкердi
банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы
өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi
негiз болып табылады.
Борышкер мына шарттардың бірі және одан көбі басталған
кезде төлемге қабілетсіз болып табылады:
1) өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу,
алименттерді өндіріп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары
бойынша өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары
және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жөніндегі, сондай-
ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөніндегі кредиторлар
алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған
кезден бастап үш ай ішінде орындалмаған және республикалық
бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз
айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды;
2) салық берешегі бойынша борышкердің филиалдары мен
өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтар және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор
алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған
кезден бастап төрт ай ішінде орындалмаған және республикалық
бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз
елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды;
3) өзге кредиторлар алдындағы міндеттемелері оларды
орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде
орындалмаған және жиынтығында дара кәсіпкерлер үшін –
республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына
белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес
соманы, заңды тұлғалар үшін – республикалық бюджет туралы
заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір мың айлық есептік
көрсеткіштен кем емес соманы құрайды.
Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi
болмаған кездегі төлем қабiлетсiздiгi өзiн банкрот деп тану
25
туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi
болған кездегі төлем қабiлетсiздiгi немесе борышкерге таяу он
екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған
кезде оларды орындайтындай күйде болмайтын төлем
қабiлетсiздiгі қаупiнiң төнуi оның оңалту рәсiмiн қолдану туралы
өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
Шетелдердің заңнамасымен салыстырғанда ҚР «Оңалту
және банкроттық туралы» қазіргі таңдағы заңнамасы үлкен
дәрежеде борышкер-кәсіпорынды әртүрлі шараларды қолдану
арқылы, сақтап қалуға бағытталған. Оған қол жеткізу барысында
борышкердің несие берушілерінің мүдделерін қорғау міндеттері
шешіледі. Аталмыш шараларды жүргізудің тәртібі мен
шарттарын оңалту рәсімдері реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |