Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым минситрлігі


Ұсынылатын  әдебиеттер:  1-5,  13-15,  19-24,  32-36,  38-45



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата14.02.2022
өлшемі1,26 Mb.
#25436
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
қолданбалы бизнес Силлубус

Ұсынылатын  әдебиеттер:  1-5,  13-15,  19-24,  32-36,  38-45  

(б.7 қараңыз). 

 

3  Тақырып.  Кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғау  және 

кәсіпкерлік дауларды шешу. 

Тиімді жұмыс жасайтын экономикаға арқа сүйейтін қоғамды 

құру  және  бекіту,  азаматтық  айналым  субьектілерінің  арасында 

пайда  болған  дауды  әділетті  және  заңды  шешуді  қамтамасыз 

ететін заңдық механизмдердің қалыптасуынсыз мүмкін емес.  

ҚР  АК-нің  9  б.  1  тармақшасы  азаматтар  мен  заңды 

тұлғалардың  құқықтарын  қорғауды  жүзеге  асыруға  құзыретті 

органдардың  тізімін  анықтайды,  олар:  сот,  төрелік  сот  немесе 

аралық  сот,  яғни  осы  орайда  заңды  тұлғаларда,  сондай-ақ  жеке 

тұлғаларда  да  өздерінің  құқықтарын  қорғауды  жүзеге  асыруға 

жүгінетін  органдарды  таңдау  құқығы  бар.    Осыған  байланысты, 

кез  келген  жеке  (азаматтық)  дау  мемлекеттік,  сонымен  қатар, 

аралық сотта да шешіле алады, сондай-ақ осы соттардың шешімі 

бірдей,  әрі  тең  заңдық  күшке  ие  және  міндетті  орындалуға 

жатады.  

Кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғау  соттық  және  баламалы 

тәртіппен жүзеге асырылады.  

ҚР  АПК  27бабына  сәйкес,  мамандандырылған  ауданаралық 

экономикалық  соттар,  басқа  соттың  соттылығына  жататындығы 



 

 

26 



заңда  айқындалған  істерді  қоспағанда,  тараптары  заңды  тұлға 

құрмай  жеке  кәсіпкерлік  қызметін  жүзеге  асыратын  жеке 

тұлғалар,  заңды  тұлғалар  болып  табылатын  мүлiктiк  және 

мүлiктiк  емес  даулар  бойынша,  сондай-ақ  корпоративтік  даулар 

бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді.. 

Кәсіпкерлік  субъектілерінің  құқықтарын  қорғау  Қазақстан 

Республикасының  заңдарымен  және  (немесе)  шартымен 

көзделген келесі нысандарда жүзеге асырылады: 

1) төрелікте; 

2) медиацияны қолдану арқылы; 

3) партисипативтік рәсімі тәртібімен; 

4) заңда көзделген өзге де тәсілдермен. 

Аталмыш  әдістер  соттан  тыс  .  баламалы  болып 

табылды.  

Төрелікте дауды шешу тәртібі төрелік келісімнің болуы 

негізінде  әркете  етуші  заңнамамен  анықталады  (  «Төрелік 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  8  сәуір  2016  жылғы 

№ 488-V Заңы 

). 

Төрелік келісім - бұл азаматтық – құқықтық қатынастардан 

туындаған  немесе  туындауы  мүмкін  дауды  төрелікте  қарауға 

беру туралы тараптардың жазбаша келісімі.  

Қазақстан  Республикасында  төреліктер  тұрақты  жұмыс 

істейтін  төрелік  немесе  нақты  дауды  шешетін  төрелік  түрінде 

құрылуы мүмкін. (ad hoc)

Тұрақты 

жұмыс 


істейтін 

төреліктерді 

Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және (немесе) заңды 

тұлғалар құруы мүмкін. 

Тұрақты  жұмыс  істейтін  төрелік  төреліктің  регламентін, 

қызметін  осы  төрелікте  жүзеге  асыратын  төрешілердің  тізілімін 

бекітеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет