серiктестiк деп танылады. (ҚР АК 84 б.). Қатысушылар
жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi.
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк
негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк
кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне
негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп
танылады. (ҚР АК 96 б.).
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк
қоғам болып танылады. (ҚР АК 85 б.).
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-5, 13-15, 19-24, 32-36, 38-45
(б.7 қараңыз).
2 Тақырып. Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілерін
құру, қайта құру және тарату. Банкроттық.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері пайда болу үшін
құрылтайшысы ретінде мүлік иесінің саналы – ерікті қызметі
қажет. Бұл теңбе түрде дара кәсіпкер үшін дк және заңды тұлға
үшін де бірдей шарт. Алайда дара кәсіпкер үшін заңмен тек бір
тәсіл анықталса (келу, яғни дара кәсіпкер ретінде тіркелу), ал
заңды тұлғаларға қатысты құрудың үш тәсілі бар: 1) ұйғару;2)
рұқсат беру; 3) хабарлау.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік
тіркеуден өткен соң пайда болады, ол кез келген заңды тұлғаның
түріне міндетті блып табылады.
Кәсіпкерлік
туралы
заңнамамен
жеке
кәсіпкерлік
субъектілерін – заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік
тіркеуге әр түрлі ережелер бекітілген. Жеке кәсіпкерлік
субъектілері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманың
(ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 17 сәуір 1995 жылғы №2198
Заңы) нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі – жеке тұлғаларды мемлекеттік
тіркеуге қатысты айтар болсақ, оларды мемлекеттік тіркеудің
18
тәртібі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес жүзеге
асырылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге
ұсынылған
құжаттардың
Қазақстан
Республикасының
заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi
беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама
беруді,
заңды
тұлғалар
туралы
мәлiметтердi
Бизнес-
сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген
нысан бойынша өтiнiш берiледi және осы Заңның 7-бабында
көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш
данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың,
олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi)
мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген
күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды
тұлғаларды
"электрондық
үкімет"
веб-порталы
арқылы
мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің
бір сағаты ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші
органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге
асырылуы басталғаны туралы хабарлама береді. Шағын
кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік
тіркеу "электрондық үкімет" веб-порталында толтырылатын
электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Шағын
кәсіпкерлік
субъектілеріне
жататын
заңды
тұлғалардың,
олардың
филиалдары
мен
өкілдіктерінің
жарғылары
(ережелері)
мемлекеттік
тіркеу
процесінде
ұсынылмайды.
19
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде
хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.Заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген
күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге
асырылады.
Коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік тіркеген сәттен
бастап, оларда құқық қабілеттілік пайда болады, яғни азаматтық
құқықтарға ие болу және міндеттерді атқару қабілеттілігі.
Мемлекеттік тіркеуден өту міндетті болып табылатын заңды
тұлғаларға қарағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісі – жеке тұлға өз
қызметін мемлекеттік тіркеуден өтпей - ақ жүзеге асыруы мүмкін.
Алайда, кәсіпкерлік туралы заңнамамен дара кәсіпкерлердің
жекелеген санаттарына мемлекеттік тіркеуден өту міндеттілігі
тікелей көрсетілген. Оның ішінде, мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
мынадай шарттардың бiреуiне сай келетiн:
1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде
пайдаланатын;
2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының
заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген жылдық жиынтық
кірістің салық салынбайтын мөлшерiнен асатын мөлшерде
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес
есептелген жылдық жиынтық кірісі бар дара кәсiпкерлер жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, тізбеленген дара кәсіпкерлердің
мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.
Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын
жеке тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
белгіленген мынадай кірістер:
1) салық салынатын төлем көзінен;
2) мүліктік кіріс;
3) өзге де кірістер алған кезде дара кәсіпкер ретінде
тіркелмеуге құқылы.
Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде
мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара
кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кірістер
20
органына немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы
уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама жібереді.
Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеген жағдайда, бірлескен дара
кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен кәсіпкерліктің барлық
қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда,
хабарламаға заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім
болмаған кезде – неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің
көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының
шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен
әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса
берiледi.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асыру үшін
лицензия алу қажет.
№ 202-V 16 мамыр 2014 жылғы ҚР «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, лицензиялау – лицензияны
және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензияның
және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын беруге
және қайта ресімдеуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға,
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың
қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға
байланысты іс-шаралар кешені.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қайта құру және тарату
заңды тұлғалар мен нақты ұйымдастырушылық – құқықтық
нысандары үшін белгіленген азаматтық заңнама нормаларының
және арнайы заңнаманың жалпы негіздерімен жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу,
бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе
меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың
(қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай
құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген
жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан
Республикасының
заңнамасында
қайта
ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
21
Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi
мүмкiн. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта
құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы
мүмкiн.
Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi
қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген
кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы
жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға
қызметiнiң
тоқтатылғаны
туралы
мәліметтер
Бизнес-
сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден
бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.
(ҚР АК 45 б. 4 т.).
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен
мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе
бiрiктiрiлген кезде - өткiзу актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп
шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады. Өткiзу
актiсi мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның
барлық несие берушiлерi мен борышқорларына қатысты, барлық
мiндеттемелерi бойынша, соның iшiнде тараптар дауласқан
мiндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы
ережелер болуға тиiс. Өткiзу актiсi мен бөлу балансын заңды
тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны қайта құру
туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi және құрылтай
құжаттарымен бiрге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды
тiркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай
құжаттарына
өзгерiстер
енгiзу
үшiн
олар
құрылтай
құжаттарымен бiрге тапсырылады. Құрылтай құжаттарымен
бiрге тиiстi өткiзу актiсiнiң немесе бөлу балансының
тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды
тұлғаның мiндеттемелерi бойынша құқықты мирасқорлығы
туралы ережелердiң болмауы жаңадан пайда болған заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады.
Егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешiмде
өзгеше көзделмесе, мүлiк (құқықтар мен мiндеттер) құқықты
мирасқорына ол тiркелген кезден бастап ауысады.
|