пайдаланған әдебиетТЕР тізімі............................................................
|
72
|
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................
|
75
|
КІРІСПЕ
Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық қорды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық үрдіс. Ақпарат – бизнестің стратегийлық ресурсы. Осы жағдайда ақпараттың маңыздылығы артып, мәртебесі өседі. Осыдан байқайтынымыз мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық базаның сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады. Ол шаруашылық қызметті басқару жүйесі үрдісіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады. Ал кәсіпорын дегеніміз - өнім өндіріп, оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқылығы бар дербес шаруашылық. Кәсіпорын өндіріс құрал жабдықтарының меншіктік түріне қарамай шаруашылық есеп айырысу тәртібі бойынша жұмыс жүргізеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, күрделі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, шаруашылық және басқада мәселелерден өту нәтижесі, осыларды шешуге қатысатын, адамдардың кәсіби, іскерлік және рухани сәйкестік қасиеттеріне байланысты. Біздің қоғам өзінің жаңару, тұрақтану және дамуының күрделі, қарама-қайшы сатысында тұр. Соңғы жылдары қоғамның өзіне сай болатын рухани құндылықтарды іздеумен қатар, қоғам дамуының маңызды факторы адам ресурстары болып отыр. Сондықтан да, тек қана кәсіпорын деңгейіне ғана емес, сонымен бірге мемлекет тарапынан адам ресурстарын қолдану және дайындау аясында мықты кадрлық саясат жүргізу қажет болып отыр.
Кадр бөлімі қызметіндегі кіріс және шығыс ақпараты қағаз формасынан электронды форматқа бірінғай ауысуда, сәйкесінше ақпараттық қорды өңдеудің арнайы мамандандырылған ақпараттық жүйелерінің деңгейлі, әркелкі фукционалды болып құрылуы өзекті мәселелер қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |