Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне


Ақпараттық жүйенің контексттік және декомпозиция диаграммалары



бет14/18
Дата26.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#69996
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
КадрКазпочтаАсхат

2.4 Ақпараттық жүйенің контексттік және декомпозиция диаграммалары

Контекстік диаграмма – мұнда модельденетін жүйенің жалпы түрі, модельдің жүзеге асырылуына жауапты жұмыскерлер және жұмысты бақылауға арналған механихм түрі көрсетіледі. Бұл диаграмма – ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруды көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі контексттік диаграммасы тұтас жүйе құрудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді және негізгі құралдарды анықтайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару рөліне қарай екі бөлшекке бөледі, ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. 7 кесте.


Кесте 7.
Ақпараттық жүйе сипаттамалары





Жүйе

Сипаттама

Тип

ЭАЖ

ЭАЖ

Желі

Желі

корпоративті

Желі топологиясы

Аралас

Жалпыжүйелік технолотия

Мәліметтер базасын қолдану

Қолдану жүйесі

Фасеттік

Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйелер жатады.


Декомпозиция диаграммасы, бұнда контексттік диаграмма өз ерекшеліктеріне сай жұмыстар түрлеріне бөлініп кетеді және осы жұмыс түрлерінің өзара байланыстары және тәуелділігі белгіленеді. Бір контексттік диаграмма үшін бір ғана емес, бірнеше декомпозиция диаграммаларын құруға болады. Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді. Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жүйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады. Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады. Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі [33].
Декомпозиция кестесінің толық құжаттаманың кіріс және шығыс бөліктеріне жатқыза отырып сипаттау концептуалды схема түрінде көрсетуге болады. Жалпы берілген жүйенің функционалдық және жабдықтамалық қамтамасыздану құрылымы, мәліметтер қоры көздері, ақпаратты өңдеуге қажетті кесте құрылымдары берілген.
Декомпозиция кестесінде көбіне тек жалпылама ақпарат беріледі. Диаграмма құру мақсаты жүйе қолданушылар приоритеттерін, кіріс және шығыс ақпараттырын анықтау болып келеді. Диаграммаға сәйкес мәліметтер қорын жобалауда обьектілердің өзара қатынастарын анықтайды. Қатынастар сыртқы және ішкі кілттер арқылы іске асырылады. Қатынасты анықтау кезінде оларға мазмұндық және құрылымдық бүтіндік шарттарының орындалуын қамтамасыз ету керек. Қатынастарды анықтау барысында кестелерді нормальді формаға келтіреді. Практикада негізгі үш нормальді форма қолданылады. Кесте құрылымынан ақпаратты жедел сұрыптау, сұраныстарды қалыптастыруда басты кілтті өрістерді индекстеу арқылы жалпы қорда өңдеу жеделдігіне септігін тигізеді, бірақ кестенің жалпы көлемін кеңейтеді.
Мәселенің қойылымы.
«Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін құру біздің алға қойған мәселеміз. Бұл мәселені шешу үшін бірқатар деңгейлерді алға қойып, соларды жүзеге асыру қажет.
Мынадай талап түрлерін қанағаттандыру қажет:

    • ақпараттық жүйе қорына қойылатын талаптар;

    • ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар;

    • ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар:

    • техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар;

    • программалық жабдықтауға қойылатын талаптар;

Осы талаптарды қанағаттандыра отырып, мына деңгейлерден өту қажет:

  • жабдықтау бөлімі толық қамтылуы керек;

  • функционалдық бөлім тексеруден өту қажет;

  • кіріс және шығыс ақпараттарын анықтау;

  • концептуалды схема бойынша ақпаратты құру жобасын жасау;

  • мекеменің кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін құру мақсатында, декомпазиция схемасын қолдану;

  • ақпарат кезеңдерін зерттеу.

Міне, осындай деңгейлерден өту арқылы, мен, мекеменің кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін құру операциясын меңгеру міндетін шеше аламын деп ойлаймын.
Ақпараттық жүйенің жобаның мәліметтерін өңдеу кезінде оның қажетті орны әр түрлі графикалық интеграциялық жүйе элементтері құрайды. Мысалы, олар ақпараттық модульдер, алгоритмдік блок-схемалар, ақпаратты өңдеу технологиялық үрдістерін, документ айналымдарының ақпарттық ағымдары және т.б. Бірақ осылардың ішінен біреуі де толық ақпарат бейнесін көрсете алмайды.
Функционирленген ақпараттық жүйе автоматтандыруға немесе қазіргі мақсатты құруға арналған құралы қажетті түрде керек.
Осындай тиімді автоматтандырылған ақпараттық жүйе құралын, заттық аймақтарын концептуалдық схема түрінде көруге болады, ал оның қорытынды кешені бүтін түрінде ақпараттық жүйені суреттейді.
Жалпылама бөлек схемалары бірыңғай ақпараттық жүйенің концептуалдық схемасында тұр. Осындай схемаларды қарастырып отырған кезде ол субъект болуы мүмкін немесе болашақта жүйенің шығыс бөлшегі түрінде, немесе керісінше, осы бөліктерді зерттеп білгеннен кейін, субъект жалпы концептуалдық схеманы қарастырып отырғаннан кейін синтездеуге мүмкіндігі болады.
Концептуалдық схема ақпарат жүйесінің жалпы автоматтандырылған концепциясын бейнелейді. Ақпараттық жүйе құрылымына сәйкес оның сегментінде ақпараттық жүйенің аты, жөні толық беріледі.
Екінші бетінде инструменталдық және функционалдық көлемі берілген.
Инструменталдық бөлімі өзіне келесі элементерді қосады: техникалық құралдар кешенін, программалық құралдар, ақпараттық жабдықтау.
Алғашқы шығыс ақпараты, ақпараттың объектілерін де дамиды. Ол ақпараттық тасығаштарында қолмен тіркелінеді – алғашқы қағаз мәліметтері, ол ЭЕМ-ге енгізуге операциондық дайындығы үшін қабылданады [34].
Сонымен қатар, концептуалдық схема автоматтандырылған ақпараттық жүйеде құрылған негіздер шешімін талдауды қамтиды.
Мекеменің кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 10 суретте көрсетілген:



Сурет 10 . «Қазпочта» АҚ кадр бөлімі ақпараттық жүйесі концептуалды схемасы


Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімі функционалдық бөлімі файл технологиясы негізінде құрылған. Функционалдық бөлімнің концептуалдық схемасы өңдеу және қозғалу ақпараттық деңгей арасындағы, ақпараттың және технологияның арасындағы байланысының графикалық формасын қамтып көрсетеді.
Жобаны құруда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану, АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс құру – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны құру тәсілі. Мұндағы жобалау жабдықтарына - типтік жобалау шешімдері, қолданбалы программалар пакеті, АЖ-ның типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары, яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады. Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау, типтік жобалау, автоматтандырылған жобалау болып топтарға бөлінеді. Түп нұсқалы жобалау АЖ-ны құрудың бастапқы тарихи деңгейінде қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ның жұмыс істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.
Типтік жобалау әдісі – АЖ-ны жобалауда оған аз шамалы өзгерістер ендіріп пайдалана беруге болатындай, құрылатын жүйенің көптеген құрамды бөліктерге бөлшектенуін және олардың әрқайсысына дайын жобалау шешімін құрастыруды шамалайды [35].
АЖ-ның түрлері: АЖ-ны құру мен функционалдаудағы жинақталған тәжірибелер мен басқару объектісінің сипатына қарай өзгешелеу. Сондықтан осының барлығы жүйелердің әр түрлі топтарының пайда болуына әсер етті. Қазіргі уақыттағы АЖ-ның барлық түрлері ақпараттық – анықтама жүйелер секілді жұмыс істейді, яғни ол нақты объектіні басқару шешімін қабылдаумен әлсіз байланысқан.
Орталықтандыру деңгейіне қарай, АЖ-орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Сондықтан АЖ-ны екі негізгі топқа бөлген тиімдірек, олар: кез келген автоматтандырлыған басқарушы жүйелерге кіретін жүйелер және жеке мақсаттық тағайындалу мен қолдану саласын иемденетін жүйелер.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет