2.3 «Казпочта» АҚ кадрлар бөлімін есептері қосымшасын жобалау мен ақпараттық жүйе құрудағы ескерілетін талаптар
Дипломдық жұмыстың есеп кешені «Казпочта» АҚ кадрлар бөлімін есептерін автоматтандыруға арналған.
Есеп кешеніне келесі мәселелер кіреді:
қызметкердің жеке карточкасын қалыптастыру;
қызметкерлердің еңбек ресурстары, білім деңгейі және кәсіби құрамының диаграммаларын қалыптастыру;
төлем графигін қалыптастыру.
Қызметкерлерді тіркеу есебі кадрлар бөлімін ақпараттандыру үрдісінде шешіледі.
Берілген есептің мақсаты болып, кадрлар бөлімінің тасымалдау үрдісіне қолданылатын қызметкерлер есебін арнайы уақытта қамсыздандыру болып табылады. Курьерлік қызметкерлердің жұмыс орны туралы және тездетілген және нақта мәліметтерді алу.
Сонымен қатар, берілген есепті құруға, енгізуге және қызметкерлер туралы қосымша мәлімет алуға арналған. Осы есеп логистика үрдісін тиімді басқаруға, ақпараттандыру кешенін құруға және дамытуға арналған және басқару органдарына керекті уақытта дұрыс нақты машиналық уақытты тиімді қолдануға шешімін қабылдауға мүмкіндік береді, 8 сурет.
Сурет 8. «Кадрлар бөлімі ақпараттық жүйесіндегі есептердің» байланыс схемасы
Берілген мәліметті құралдарды өңдеуге арналған. Мәліметтерді енгізу арқылы кадрлар бөлімінің оператор қызметкерлерін тіркеу туралы ақпаратты табуға болады.
Есеп беру мәліметтері қызметшінің күн, ай, квартал және жыл бойы өзгерістерін талдау үшін арналған.
Берілген ақпартты логистикалық қызмет атқару орындары пайдаланады, олар кадрлар бөліміндегі қызметкерлер туралы мәліметтерді талдау және есеп шешу кезіндегі алынған мәліметтер арқылы басқару. Қызметкерлердің жұмыс орындарының ауысуы ақпаратын алу үшін берілген.
Кадрлар бөлімінде мекеме қызметкерлерін тіркеу есебінің шешімдерінің автоматтандыру тәсілі жоюлар жағдайында техникалық құралдар жұмысын тоқтатады. Осындай жағдайда мәліметтердің және жұмыс істеуді жалғастыру қайта жөндеуге мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген.
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өңдейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе[27].
АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл АЖ-да қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Кадрлар бөліміне қызметшілерді тіркеу есебі, ақпараттық-анықтама жүйесін қолдау, қызметшілер тұралы ақпаратты беруді қамтамасыз ету. «Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімін есепке алудың ақпараттық жүйесінің есептер кешені төмендегідей, 1 кестеде көрсетілген:
Кесте1.
«Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімін есепке алудың ақпараттық жүйесінің есептер кешені
Есептер
кешені
|
Есеп атауы
|
Кіріс
ақпараты
|
Шығыс ақпараты
|
Қолданушы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
«Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі
|
Қызметкерлер тізімін қалыптастыру
|
Жұмысқа қабылдану туралы өтініші
Еңбек кітапшасы
|
Қызметкерлер бойынша есеп беру
|
Кадлар
бөлімінің
қызметкерлері
|
Жеке құрамды есепке алу
|
Жұмысқа қабылдану туралы өтініші
Қызметкерлердің жеке куәліктері
|
Қызметкерлердің жеке карточкасы
|
Кадлар бөлімінің
қызметкерлері
|
Штаттық күнтізбе
|
Жұмысқа қабылдану туралы өтініші
Еңбек кітапшасы
|
Аты-жөні бойынша штаттық күнтізбе
|
Кадлар бөлімінің
қызметкерлері
|
Жалақыны қалыптастыру
|
Жұмысқа қабылдану туралы өтініші
Еңбек кітапшасы
|
Жұмыс уақытын есептеу табелі
Фамилиялары бойынша қызметкерлердің жалақысы
|
Кадлар бөлімінің
Қызметкерлері
Төлем графигі
|
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді [28].
Ақпараттық жабдықтау - ФАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы, 2 кесте.
Кесте 2.
Ақпараттық жабдықтау
Элементтер
|
Сипаттамалар
|
Ақпараттық технология
|
Мәліметтер базасында негізделген
|
Мәліметтер базасы типі
|
Реляциондық
|
Кодтау жүйесі
|
Фасеттік жүйе
|
Ақпараттық қорғау
|
АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.
|
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпараттың толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
кадр жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда
шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.
Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады [29].
ФАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.
ФАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабд ықтауға мыналар кіреді:
рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
сыныптау және кодтау;
нормативті-анықтамалық құжаттар;
рейтингті талдау ақпарат ұғымы мекеме қызметінің, жұмысының қандай деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар, 9 сурет.
Сурет 9. Фасеттік ақпараттық жабдықтау схемасы
Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.
Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.
Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.
Ішкі жабдықтау – ФАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.
Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады[30].
Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені құру мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның құрамында үш топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:
ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
типтік жобалар шешімі;
мекемені алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.
Екінші компоненті ақпараттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету. Жүйені құру барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені құрушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені. Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады, кесте 3,4.
Кесте 3.
Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар
№
|
Түрі
|
Көрсеткіші, мәні
|
1
|
Компьютердің қуаттылығы
|
2400 Ггц
|
2
|
Жедел жадының көлемі
|
512 Мб
|
3
|
Қатты жадының көлемі
|
40 Гб
|
4
|
Дискжетек
|
Қажет
|
5
|
CD – ROM
|
Қажет
|
6
|
Микропроцессор
|
Pentium (R) 4 CPU
|
7
|
Модем
|
қажет емес
|
8
|
Файлдық жүйесі
|
NTFS
|
9
|
Монитор түс беру сапасы
|
32 бит
|
10
|
Монитордың экрандық рұқсаттамасы
|
1152 нүкте 864 нүктеге
|
11
|
Бейнекарта
|
128 Мб
|
Кесте 4.
Техникалық құралдар кешені
Техникалық құралдар атауы
|
Физикалық модуль
|
Сипаттамалары
|
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4
|
Процессор
Зерделік сақтаушы құрылғы
МҚДЖ
Монитор
Перне тақтасы
Тышқан
|
Іntel, 2.4MHz
512Mb
80Gb
19 дюймдік
101 батырмалы
2 баспалы
|
Принтер
|
Принтер
|
HP LaserJet
|
Факс – модем
|
Факс – модем
|
Sony – 42S
|
Телефон
|
Телефон
|
Panasonіk
|
Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.
Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттардың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.
Үшінші саты, басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясы атқарымын жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ, 5 кесте.
Кесте 5.
Программалық жабдықтау
Тип
|
Атауы
|
Мүмкіндіктері
|
Жалпы программалық жабдықтау
|
ОЖ
|
Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0
|
Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
|
Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0
MS Offіce XP
|
Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
|
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal
|
Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
|
Арнаулы программалық жабдықтау.
|
ҚПП
|
Delphі 7
|
Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
|
МББЖ
|
Paradox 7, Access
|
Локальді база Access, Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.
|
Қорғау
|
ОЖ паролі
|
Желіге енуді бақылайды.
|
МББЖ паролі
|
МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
|
Вирусқа қарсы программа
|
Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.
|
Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын фиманы басқарудағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар [31].
Кадр бөлімі жұмысын ұйымдастыруда бөлімдегі қызметкерлер саны мен қолданыс саласына тәуелді болады 6 кесте.
Кесте 6.
Персоналды басқару бойынша қызмет штаттары
Достарыңызбен бөлісу: |