Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне


Кіріс және шығыс құжаттары талдауы



бет15/18
Дата26.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#69996
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Кіріс және шығыс құжаттары талдауы

Кіріс құжаты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат. Ол ақпараттық жүйелердің функцияларды орындау үшін қажет. Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген. Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет, 8 кесте.


Кесте 8.
Қызметкердің қызметтік ақпараты



Кіріс Құжат

Ақпарат көзі

Идентификаторы

Аты

Ұсыну түрі

КВ

Квалификация

Құжат

Қаржы бөлімі

ЖA

Жас аралығы

Құжат

Қаражат бөлімі

СЖ

Стаж

Құжат

Арнайы мамандар

СТ
LZ

Статус
Лауазымы

Құжат
Құжат

Бөлімше қызметкерлері
Қаржы бөлімі

Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет, кесте 9-13.


Кесте 9.
«КВ» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі





Құжат аты: Квалификация

Идентификаторы



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Maman

Жоғары дәрежелі

5

Mensh.kap

Меншікті капитал

5

Tabys kolemi

Табыс көлемі

12

Shygys kolemi

Шығыс көлемі

10

Merzim

Есеп беру кезеңі

12

Кесте 10.


«ЖА» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Жас аралығы

Идентификаторы



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Bastapki kolemi

Бастапқы көлемі

5

Jildik kolemi

Жылдық көлемі

10

Kun

Өзіндік құн

12

Кесте 11.


«CЖ» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Стаж

Идентификаторы



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Jum.atkaru

Жұмыс істеуі

5

Ainalim

Құжат айналымы

10

Merzim

Мерзім

15

Кесте 12.


«СТ» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Статус



Идентификаторы



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Neg.tab

Негізгі қызмет табысы

6

Neg.emes.tab

негізгі емес қызмет табысы

15

Merzim

Мерзім

12

Кесте 13.


«LZ» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Лауазымы

Идентификаторы



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Kiz.tab

Қызмет табысы

7

Neg.kiz.tab

негізгі қызмет табысы

13

Merzim

Мерзім

12



Шығыс құжаттары

Шығыс құжаты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат, кесте 14-19.

Кесте 14.


Келісім шарт бойынша есеп беру



Шығыс Құжат

Ақпараттың берілуі

Белгіленуі

Аты

Ұсыну түрі

ЕП

Еңбек потенциалын талдау бойынша есеп беру

Құжат

Финансист - менеджер

ПН

Персоналды
негіздеу-пландау

Құжат

Қазпочта

KCH

Келісім-шарт

Құжат

Бас-директор

KEB

Көрсет. есеп беру

Құжат

Арнайы маман

JKT.buirik

Жұмысқа қабылдануы туралы бұйрық

Құжат

Бас-директор

Кесте15.
«ЕП» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Еңбек потенциалын талдау бойынша есеп беру

Белгіленуі



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Koef.

Қаржы коэффициенті

9

Korsetkish

Басымдық көрсеткен көрсеткіш

10

Merzim

Уақыты

12

Кесте16.
«ПН» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Персоналды негіздеу-пландау

Белгіленуі



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

JOI

Жұмыс орнының ыңғайлығы

17

EEE

Еңбек ету эффектілігі

12

Merzim

Мерзім

14

Кесте17.
«КСН» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Келісім-шарт

Белгіленуі



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Uakitsha

Уақытша сынау

15

Turakti juvis

Тұрақты жұмыс

10

Merzim

Мерзім

14

Кесте 18.
«KEB» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Көр. есеп беру

Белгіленуі



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

Karji

Қаржы

14

EEE

Еңбек ету эффектілігі

12

Merzim

Мерзім

10

Кесте 19.
«JKT.buirik» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі



Құжат аты: Жұмысқа қабылдануы туралы бұйрық

Белгіленуі



Көрсеткіштер

реквизит белгі

Реквизит негіз

ТJO

Тұрақты жұмыс орны

15

J.mamani

Жұмыс маманы

10

Merzim

Мерзім

12

АЖ-ны құрудың жаңа бағытына автоматтандырылған жобалау жатады. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану кейбір АЖ-да объектіні басқарудың ақпараттық үлгісін құрастырумен сүйемелдеуді ұсынады, сондықтан бұл әдіс үлгілік жобалау деп те аталады. Бұл әдіс АЖ-ны жобалаудың барлық сатыларында қолданылады және оның негізгі ерекшелігі әдістің өз үлгісінің түрінің болуы, кадр бөлімін басқару үлгілерінің өңделуі, әр сатыда қолданылуы, жобалау құжаттарының құрастырылуы, еңбек шығынының аздығы, сенімділігінің жоғары деңгейлігі болып табылады. Ал кемшілігі программалық жабдықтарының қымбаттылығы.




2.6 Программалық жабдықтау сипаттамасы

ЭЕМ-ді программалық жабдықтау мәліметтер базасын өңдеу процедурасын қамтамасыз ететін программалар кешенін, программалардан, машина қорын басқарудан, есептердің орындалуынан және мәліметтер базасы жүйесін жобалаудан тұрады.


Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау. Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және программалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген [36].
Қолданбалы программалар персоналды компьютерге өте ыңғайлы құрал ретінде жұмыстарды орындауға, үйренуге және ойнауға мүмкіндік береді. Қолданбалы программа қарапайым қолданушыға немесе программалаушыға және қандай да бір жерде жұмыс істейтін маманға есептелуі мүмкін. Қолданбалы программаларды өңдеу үшін программалау тілдері және программалау жүйесі қажет. Осы мақсаттарға байланысты Delphi – Borland, C++ және тағы басқа тілдер кеңінен тараған, осы аталған тілдердің өздерінің ерекшеліктері бар, осыған байланысты олар негізгі программалау құралы ретінде саналады. Құралдар жабдығының категориясына жоғарғы деңгейдегі тілдер трансляторы ғана емес, сонымен қатар Ассемблер, компоновщиктер және тағы басқа жүйелік программалар жатады. Құралдар жабдығының көмегімен қолданбалы программалар, жаңа құрал жабдықтары да, операциялық жүйелер де қарастырылады. Бұл программалық қамтамасыз ету түрі қолданушыны компьютер қорын басқарудан босатып, аппаратура ортасымен басқаруды қамтамасыз етеді, яғни ЭЕМ-де нақты жұмыс істеуге дайындайды. Жүйелік қамтамасыз ету операциялық жүйелерден, МББЖ-дан, МБ-ның дистанциондық өңдеуінен тұрады. Жүйелік қамтамасыз ету қолданбалыдан машина тәуелділігі бойынша ажыратылады. Қолданбалы программалар кейбір есептерді шешу тұрғысынан қарастырғанда тиімді болып келеді, осыған байланыты ЭЕМ құрал ретінде пайдаланады, яғни есептегіш жүйеге емес жұмыстың пәндік жағына көңіл бөлінеді. ЭЕМ программалық қамтамасыз ету нарығы күтпеген функционалдық мүмкіндігі бар әр түрлі коммерциялық МББЖ және программалау тілдері бар. Осы құралдар әр түрлі болғандықтан кез келген қолданушының, білікті маман сұраныстарын қанағаттандырады. Көптеген коммерциялық программалар ЭЕМ-ге арналған Cobol-e, Pascal, C++, Borland Pascal 7.0 FoxPro 2.0 мәліметтер базасы тілдерінде жазылған[37].
Программалық қамтамасыз етудің құрылымы жалпы жүйелік және арнайы программалық қамтамасыз етуден тұрады. Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз ету – программалар бірлігінен тұратын кең қолданушылар көлеміне бағытталған есепті ұйымдастыруда және ақпаратты өңдеуге арналған программалық қамтамасыз ету бірлігі. Операционды жүйе дербес компьтерлердің аппарат құралдарының ақпараттық қабықшасының ең төменгі деңгейінен тұрады. Дербес компьютер үлгілерінде архитектуралары, мүмкіндіктері әр түрлі операциондық жүйе қоры қажет. Қолданушыға программалық өңдеу және қолдану үшін ұсынылатын қызметтер әр түрлі болады, яғни операционды жүйе ядросы белгілі қызметтеік программалар көмегімен жүзеге асады. Осы программалар көмегімен дискінің бастапқы белгіленуі, диск құрылғыларының параметрлерін орнату, жедел жадыны тестілеу, компьютердің басқа да компоненттерін, ақпараттық баспада жіберу локальді желілермен байланыс орнатуды жүзеге асырады. Осылай операциондық жүйе аппарат құралдарын толықтырып, дербес компьютердің бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Арнайы программалы қамтамасыз ету – нақты ақпараттық жүйені құруда және оның функцияларын жүзеге асыру үшін өңделген программалар бірлігі.
Қолданбалы программаларды өңдеу үшін программалау тілдері және программалау жүйесі қажет. Осы мақсаттарға байланысты Delphi-Borland, C++ және т.б. тілдер кеңінен тараған, осы аталған тілдердің өздерінің ерекшеліктері бар, осыған байланысты олар негізгі программалау құралы ретінде саналады. Құралдар жабдығының категориясына жоғарғы деңгейдегі тілдер трансляторы ғана емес, сонымен қатар Ассемблер, компоновщиктер және т.б. жүйелік программалар жатады. Құралдар жабдығының көмегімен қолданбалы программалар, жаңа құрал жабдықтары да, операциялық жүйелер де қарастырылады. Бұл программалық қамтамасыз ету түрі қолданушыны компьютер қорын басқарудан босатып, аппаратура ортасымен басқаруды қамтамасыз етеді, яғни ДЭЕМ-де нақты жұмыс істетуге дайындайды. Жүйелік қамтамасыз ету операциялық жүйелерден, МББЖ-дан, МБ-ның дистанциондық өңдеуінен тұрады. Жүйелік қамтамасыз ету қолданбалыдан машина тәуелділігі бойынша ажыратылады. Қолданбалы программалар кейбір есептерді шешу тұрғысынан қарастырғанда тиімді болып келеді, осыған байланысты ЭЕМ құрал ретінде пайдаланады,яғни есептегіш жүйеге емес жұмыстың пәндік жағына көңіл бөлінеді. ДЭЕМ программалық қамтамасыз ету нарығы күтпеген функционалдық мүмкіндігі бар әр түрлі коммерциялық МББЖ және программалау тілдері бар. Осы құралдар әр түрлі болғандықтан кез келген қолданушының, білікті маман сұраныстарын қанағаттандырады. Көптеген коммерциялық программалар ЭЕМ-ге арналған Cobol-e, Pascal, C++, Borland Pascal 7.0, FoxPro 2.0 мәліметтер базасы тілдерінде жазылған.
Есептеуіш техника мен программалау технологияларының дамуы Borland фирмасының жаңа программалық Delphi өнімін алып келді. Delphi - бұл Windows-та жұмыс істейтін программаларды, қосымшаларды тез өңдейтін (Rapid Application Development - RAD) интегрирленген орта болып табылады. Ол генератор кодынан, визуалды дизайнерлер және мәліметтер базасын жүргізу құралдарының және жақсы интерфейсінің болуы, сондай-ақ үйренуге қарапайымдылығымен сипатталады. Delphi негізінде визуалды жобалау технологиясы және програмалаудың объектілі-бағытталған әдісі бар. Delphi-дің бірінші нұсқасы , Windows 3.1 ортасында жұмыс істеген. Windows 95 шыққаннан кейін, Borland 16 разрядты Delphi екінші нұсқасы н шығарды. Одан кейін 32 разрядты Delphi-дің үшіншісі шықты. Delphi программасында Borland-пен өңделген Object Pascal тілі қолданды, оның негізі ретінде классикалық осы тіл алынған [38].
Келесі Delphi 5.0-дің үш нұсқасы бар:
Standard – мәліметтер базасын қол дана отырып жеке қосымшаларды өңдеу;
Professional – көптеген қолданушылардың қосымшаларын құруға арналған;
Client-Server Suit – корпоративті қосымшаларды өңдеуге арналған.
Delphi ортасында программалау үшін компьютерге Windows98, Windows NT немесе толығымен сәйкес келетін операциондық жүйе қажет. Delphi Client-Server Suit-8 Мб кем емес жедел жады, ал Delphi-ді толығымен орнату үшін 170 Мб қажет. Кез келген дербес компьютер процессоры Pentium, жедел жады көлемі 8-16 Мб, дисплейі VGA болса, Delphi-дің жұмысын тиімді етеді.
Программалық қамтамасыз етудің құрылымы жалпы жүйелік және арнайы программалық қамтамасыз етуден тұрады. Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз ету - программалар бірлігінен тұратын кең қолданушылар көлеміне бағытталған есепті ұйымдастыруда және ақпаратты өңдеуге арналған программалық қамтамасыз ету бірлігі. Операционды жүйе есептеріне жүйенің барлық қорын басқаруға жауап береді. Операционды жүйе дербес компьютерлердің аппарат құралдарының ақпараттық қабықшасының ең төменгі деңгейінен тұрады. Дербес компьютер үлгілерінде, архитектуралары, мүмкіндіктері әр түрлі операциондық жүйе қоры қажет. Қолданушыға программалық өңдеу және қолдану үшін ұсынылатын қызметтер әр түрлі болады, яғни операционды жүйе ядросы белгілі қызметтік программалар көмегімен жүзеге асады. Осы программалар көмегімен дискінің бастапқы белгіленуі, диск құрылғыларының параметрлерін орнату, жедел жадыны тестілеу, компьютердің басқа да компоненттерін, ақпараттық баспада жіберу локальды желілермен байланыс орнатуды жүзеге асырады. Осылай операциондық жүйе аппарат құралдарын толықтырып, дербес компьютердің бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Windows 2000 Professional операциондық жүйесінің сипаттамасы:
Windows тек қана файлдар мен операция үшін ыңғайлы интерфейспен қамтамасыз етпейді, сонымен қатар Windows ортасында жұмыс істейтін программалар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Программалар мүмкіндіктерін қолдану үшін Windows талаптарына сәйкес жобалануы тиіс, сондықтан оларды Windows программасы немесе Windows қосымшалары деп атайды.
Windows DOS– та өңделген қарапайым программаларды орындайды, бірақ мұндай программалар Windows-тың басымдылықтарын қолданбайды, осыған байланысты баяу жұмыс істейді.
Windows-қа келесі сипаттамалар тән:

  • қолдану мен игеру өте қарапайым;

  • өнімділік өте жоғары;

  • желілік құрылғыларымен жұмыс істейтін әмбебап желілік клиент рөлін атқарады.

Бұл операциондық жүйе ішінде таратылған желілер, электрондық пошта, мультимедиа құралдары бар. Windows 2000 операциондық жүйесі Microsoft фирмасымен Microsoft Office деп аталатын программалар пакетінен құралған, оған келесі программалар кіреді:

  • Microsoft Word мәтіндік редакторы;

  • Microsoft Excel электрондық кесте;

  • Microsoft Power Point презентация редакторы;

  • Microsoft Acces мәліметтер базасын басқару жүйесі;

  • Microsoft Schendule күнделік редакторы.

Windows 2000 аппарат бөлігін қолданған кезде қойылатын талаптар:

  • 486DX және одан жоғары процессор;

  • 6 Мб кем емес жедел жады;

  • сәйкес келетін VGA видеоадаптері;

  • Windows 2000 толығымен орнату үшін қатты дискінің көлемі 70 Мб болуы керек.

Арнайы программалы қамтамасыз ету – нақты ақпараттық жүйені құруда және оның функцияларын жүзеге асыру үшін өңделген программалар бірлігі.
Құрылып отырған АЖ-нің программалық жабдықтауы келесі 11 суретте көрсетілген.



Сурет 11. «Кадр бөлімі» АЖ –ң программалық жабдықтауының құрылымы


Қолданушыға нұсқа


Программаның негізгі менюі 12 суретте программадағы кез-келген функцияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    1. Анықтамалық;

    2. Операциялар;

    3. Есеп-берулер;

    4. Көмек.

Мекеменің негізгі құрамын берілгендер бойынша барлық атрибуттар бойынша жедел анықтау құралдары қолжетімділігі 11 суретте берілген.





Сурет 12. Программаның негізгі менюі

Жалпы терезе негізгі төрт бөліктен құралған. Бірінші бөлікте мүмкін болатын іске асыру амалдарының үлгілері берілген, сәйкесінше: іздеу, сұрыптау және реттеу. Екінші бөлімде база құрылымындағы кестенің ақпаратын өзгерту құралдары бейнеленген. Төртінші бөлімде іске асырылған амалдар нәтижелері 13 суретте көрсетілген.





Сурет 13. Қызметкерлерді сұрыптау терезесі


Мекеменің атқару қызметінің ерекшеліктеріне қарай арнайы мамандар қызметінің уақытша пайдаланылуы қарастырылады. «Қазпочта» АҚ мысалында оларға әркелкі көмекші аралық, техникалық, курьерлік қызметтерді жатқызуға болады. Қосалқы қызметкерлерді тіркеу терезесі суретте берілген. Онда қосалқы қызметкердің аты, жөні, білімі, жұмыс өтілімі, бұрынғы жұмыс орны, жалақысы туралы ақпарат 14 суретте берілген.





Сурет 14. Қосалқы қызметкерлерді тіркеу терезесі


Қызметкерлерді тіркеу сәйкесті бұйрық шыққаннан кейін іске асырылады. Көп жағдайларда жұмысқа қабылдаудан бұрын жариаланған бос жұмыс қызметі үшін конкурс ұйымдастырылып, жоғарғы сараптамалық көрсеткіштері болған қызметкерлерді қабылдайды. Конкурстан өткеннен кейінгі маңызды қадамдардың бірі жұмыс берушімен сұхбаттасуды айтуға болады. Сұхбаттасу кезінде көбіне қызметкердің жалпылама компетенттілік, психологиялық, коммуникативті қасиеттер басты болады. Жұмысқа қабылдау кезіндегі ақпарат толтыру терезесі 15 суретте берілген.





Сурет 15. Жаңа қызметкерді тіркеу терезесі


Барлық іріктеу амалдарынан өткеннен кейін көбіне жаңадан қабылданған қызметкерге алғашқы байқау уақыты анықталады, әдетте ол уақыт бірнеше күннен бірнеше айға жетуі мүмкін. Белгілі себептермен қызметкерді жұмыстан шығару бұйрығы қабылданған болса келесі терзе сурет арқылы іске асыруға болады. Жалпы жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынатардың тоқтау себептеріне келетін болсақ, оларға кезекті немесе зейнетақы демалыс кақытының келуі, еңбекке жарамсыздық бойынша, өкілетті ұйымдардың нұсқаулығы бойынша, өз еркімен еңбек қатынастарын бұзу т.с.с. айтуға болады, 16 сурет.





Сурет 16. Қызметкерлерді жұмыстан шығару терезесі


Егер қызметкер болашақта еңбек қатынастарын мекемемен жалғастыру ниеті болса, мекеме резервтегі қызметкерлерінің тізіміне қосылады.


Білікті мамандарды қаржылық жағдайларға байланысты қысқартқаннан кейін қайта білікті маман қабылдауда мекеменің болашақ қызметке үміткерлер тізімінің болуы ықпал етеді, 17 сурет
.

Сурет 17. Резервтегі қызметкерлер


Берілген барлық ақпарат басшылықтың талқылауынан кейін қажетті есептердің жедел дайындалу қажеттілігі анық. Еңбек қатынастарының барлығы екі жақты келісімдер арқылы іске асырылады, 18 сурет.





Сурет 18. Бұйрық шығару терезесі


Қызметкердің жеке ақпараты мен қызметі арқылы есептің қойылымын анықтап алған жөн. Кезектегі тұрған қызметкерлердің көлемі, жалпы қолданыс саласы өзгешеліктеріне тәуелді болуы керек.


Қызметкрелер бойынша есеп қалыптастыру шығыс ақпаратының бөлігіне жатады. Мекемедегі шығыс ақпаратының құрылымы көбіне мекеменің бекітілген құқықты-нормативті үлгілерге сай болуы тиіс. Құжаттардың есеп беру үлгілерінің қолданылуы жаңадан белгіленген стандарттарға сәйкестендіріліп отырылуы қамтамасыз етілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет