«№ ... поезының машинисіне поезды кіру сигналына дейін («Стан-ция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге руқсат етемік (ДСП ... станцияның атауы мен қолы)».
7.16. Аралықта тоқтап тұрып қалған поезды жөнелту станциясының кіру
сигналына дейін (немесе «Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін)
шегіндіру жылдамдығы сағатына 5 км-ден аспауы тиіс. Аралық бойынша ше-
гіндірілетін поездың алдында (ауысу алаңшасында немесе вагонның арнайы
баспалдағында) локомотивтік бригаданың қызметкері, кондуктор немесе
машинистің нұсқауы бойынша өзге қызметкер болуы тиіс.
Аралықтан моторвагондық поездарда, өздігінен жүретін арнайы жылжы-малы құрамды және жекелеген локомотивтерді шегіндіру ісі сигналдар мен жылжымалы құрамның көрінуі шектерінде тоқтауын қамтамасыз ететіндей жылдамдықпен орындалады, моторвагондық поездың машинисі өзге шегін-діру бағыты бойынша басқы басқару кабинасына ауысады.
Егер де жөнелтілген поездың соңы әлі де станцияның шегінен шықпаған болса, қажет болған жағдайда аталмыш поезды шегіндіру ісі маневрлік тәртіп бойынша станция кезекшісінің ауызша нұсқауы бойынша сағатына 5 км-ден аспайтын жылдамдықпен орындалады. Шегіндірілетін поездың жүру бағыты бойынша алғашқы вагонның ауысу алаңшасында немесе арнайы баспалдағында локомотивтік бригаданың қызметкері немесе кондуктор, станция кезекшісінің нұсқауы бойынша өзге қызметкер тұруы тиіс.
7.17. Аралықтан қайтарылып жатқан поездардың станцияға қабылдануы
ашық тұрған кіру бағдаршамы немесе бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі ке-
зінде осы Нұсқаулықтың 9.30-тармағында белгіленген тәртіппен орындалады.
Маршрут шегіндірілген поезды станцияға қабылдау дайын болған жағдайда осы Нұсқаулықтың 7.15- тармағында ескерілген аралық бойын-ша шегінідіруге рұқсат поезды станцияға қабылдау жөніндегі бұйрығымен біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда кіру бағдаршамының болу мен қабылдау жағдайларына байланысты шегіндіруге рұқсаттық мәтіні төмендегі сөздермен толықтырылады: «және ... жолына жүруге рұқсат етемін. Кіру бағдаршамы ашық»; «және ... жолына кіру бағдаршамының тыйым салу керсетуі кезінде жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын» және ... жолына жүруге рұқсат етемік Қабылдау маршруты дайын».
Достарыңызбен бөлісу: |