Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата13.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3986
1   2   3   4   5   6   7

Генетикалық 

ресурстарды 

сақтау, 

оларға 

қолжетімділікті 

қамтамасыз ету және оларды әділетті және тепе-тең негізде пайдалану. 

Биологиялық  әртүрлілік  конвенцияға  2012  жылы  күшіне  енген 

генетикалық  ресурстарға  қол  жетімділікті  реттеу  және  оларды  қолданудан 

алынатын пайдалану әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалану туралы 

Нагоя  хаттамасы  генетикалық  ресурстарға  қолжетімділіктің  және  пайданы 

бірлесіп пайдаланудың негізгі қағидаттарына негізделген.  

Осы  қағидаттардың  негізінде  генетикалық  ресурстардың  ықтимал 

пайдаланушыларының    генетикалық  ресурс  орналасқан  елдің  бастапқы 

негізделген  келісімін  ресурсқа  қол  жетімділікті  жүзеге  асыруға  дейін  алуы, 


18 

 

өзара  келісілген  шарттар  жасау  жолымен  осы  ресурсқа  қолжетімділікпен 



пайдаланудың ережелері мен шарттарын талқылау және қабылдау жатыр.  

Қазақстанның генетикалық ресурстарын сақтау мақсатында өсімдіктердің 

жабайы 

түрлері, 



сондай-ақ 

ауыл 


шаруашылығы 

өсімдіктері 

мен 

жануарларының  жергілікті  сорттарының,  будандарының,  бағыттарының, 



генетикалық  әртүрлілігін  бағалау  және    генетикалық  ресурстарды    ақтау  үшін 

жағдайлар жасау талап етіледі.   

Генетикалық  ресурстардың  әділетті  және  тепе-тең  негізде  қорғау  мен 

орнықты пайдаланумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар: 

биологиялық  әртүрлілік  конвенцияға  генетикалық  ресурстарға  қол 

жетімділікті реттеу және оларды қолданудан алынатын пайдалану әділетті және 

тепе-тең негізде бірлесіп пайдалану туралы Нагоя хаттамасына қосылуды және 

оны  іске  асыруды,  осы  хаттама  шеңберінде  ұлттық  үйлестіру  орталығын, 

құзыретті  ұлттық  органдарды  және  мониторинг  жүргізу  үшін  бақылау 

бекеттерін айқындап алуды; 

өсімдіктер  дүниесі  саласында  және  генетикалық  ресурстар  саласында 

орталық өкілетті органдарды айқындауды; 

генетикалық  ресурстарды  сақтау  және  ұтымды  пайдалану  саласында 

құқықтық негіздер құруды және генетикалық ресурстарға қол жетімділік тетігін 

қалыптастыруды,  «Генетикалық  ресурстар  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Заңын қабылдауды; 

генетикалық    әртүрлілікке  түгендеу  жүргізілді,  оны  бағалауды  және 

генетикалық 

ресурстардың 

пайдаланылуына 

мемлекеттік 

бақылау 


ұйымдастыруды; 

қорғанатын  селекциялық-генетикалық  нысандар  мен  орман  селекциялық 

орталықтары желісін қалыптастыру және дамыту; 

генетикалық  ресурстарды  сақтау,  қалпына  келтіру  және  орнықты 

пайдалану үшін биотехнологияларды дамыту;  

генетикалық  эрозияны,  генетикалық  әртүрліліктің  ұлттық  объект 

нысандарына  бөтен  түрлердің  әсерін  барынша  азайту  жөнінде  шаралар 

қолдану; 

сақтау  үшін  генетикалық  банктер  құруды,  ботаникалық  бақтар, 

дендропарктер  және  хайуанаттар  саябақтары  желісін  қалыптастыруды, 

генетикалық  ресурстар  коллекциясын  құру,  сақтау  және  пайдалану  тәртібін 

бекітуді; 

генетикалық тұрғыда өзгерген ағзалардың елге әкелуіне  және таралуына 

бақылауды күшейтуді; 

генетикалық  ресурстарға  ақпаратқа,  технологияларға  қол  жетімділікті 

қамтамасыз ету және пайданы бірлесіп пайдалану;  

генетикалық  ресурстар  саласындағы  кадрларды  кәсіби  даярлауды 

қамтамасыз етуді; 

генетикалық  ресурстарға  байланысты  дәстүрлі  білімдер  таратуды 

көздейді. 



19 

 

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар  



1.  2015  жылға  қарай  Қазақстан  Республикасы  биологиялық  әртүрлілік 

конвенцияға  генетикалық  ресурстарға  қол  жетімділікті  реттеу  және  оларды 

қолданудан  алынатын  пайдалану  әділетті  және  тепе-тең  негізде  бірлесіп 

пайдалану  туралы  Нагоя  хаттамасына  қосылды,  2020  жылға  қарай  Нагоя 

хаттамасы шеңберінде ұлттық, делдалдық тетігі құрылды және жұмыс істейді.  

2.  2020  жылға  қарай  орман  селекциялық  орталықтарының  желісі 

қалыптасты және жұмыс істейді.  

3. 2020 жылға қарай 10 түр бойынша, 2030 жылға қарай – 20 түр бойынша 

селекциялық-генетикалық объектілер құрылды. 

4.  2030  жылға  қарай  өсімдік  объектілерінің  негізгі  түрлері  бойынша 

генетикалық банк құрылды. 

 

Экожүйелік  көзқарас  негізінде  биоәртүрлілік  мониторингі  жүйесін 

дамыту. 

Кез  келген  биологиялық  жүйе  серпінді  сипатта  болады,  онда  уақыт 

жағынан жиі қатты өзгешеленетін толып жатқан үрдістер ұдайы болып жатады. 

Осы  үрдістерге  және  олармен  байланысты  болып  жататын  өзгерістерге  көз 

жүгірту,  уақтылы  басқару  шешімдерін  қабылдауды  қамтамасыз  ету  үшін 

биологиялық әртүрлілік мониторингі жүйесі қолданылады.  

Биологиялық  әртүрлілік  мониторингі  –  бұл  кеңістік  пен  уақыттағы  ұзақ 

мерзімді  жүйелі  байқаулар  жүйесі,  ол  экожүйелердің  табиғи  гомеостазын 

қолдап  отыратын,  сондай-ақ  адамның  тыныс-тіршілігі  үшін  маңызы  бар 

биологиялық  әртүрлілік  өлшемдерінің  бұрынғы,  қазіргі  күйінде  бағалау  және 

олардың  болашағына  болжам  жасау  мақсатында  биоәртүрліліктің  барлық 

көріністерінде оның жай-күйі туралы ақпарат береді. 

Мониторингтің  негізгі  функциялары:  түрлік,  таралымдық  және 

экожүйелік 

(ағзалардың, 

таралымдардың, 

қауымдастықтардың, 

ландшафттардың сан алуандылығы) деңгейлерінде биоәртүрліліктің жай-күйіне 

бақылау жасау болып табылады.  

Биоәртүрлілікке  мониторинг  жүргізу  бағдарламасы  экожүйелердің  жай-

күйі  туралы,  экожүйелердегі  өзгерістер  серпінісі  туралы  тың  деректер  алу 

мәселелерін,  осындай  деректер  банкін  құрудың,  экожүйелердің  жай-күйін 

тұрақты  бақылау  станцияларын  құру  қажет  репрезентативтік  нүктелерді 

анықтауды және басқа мәселелерді шешеді.  

Мониторинг жүйесін дамыту жөніндегі негізгі шараларға: 

Мемлекеттік  басқарудың  барлық  деңгейінде  шешімдер  қабылдау 

жүйелерінде 

және 


экономика 

секторларында 

пайдалану, 

сондай-ақ 

биологиялық  ресурстарға  мониторинг  жүйесін  жүргізуді  үйлестіру  үшін 

ақпарат  жинау,  өңдеу,  талдау,  беру  мақсатында  Республикалық  орман  және 

биоресурстық ақпарат орталығын құру; 

Басқару шешімдерін қабылдау үшін түрлердің, қауымдастықтардың және 

экожүйелердің  жай-күйі  туралы  объективті  ақпарат  алу  мақсатында 


20 

 

биологиялық  әртүрлілік  мониторингінің  бірыңғай  жүйесін  жүргізуге  арналған 



тетік әзірлеу және аспаптық база құру; 

Биологиялық әртүрлілік мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық 

жүйесін құру; 

Басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  қажет  биологиялық  әртүрлілікпен 

мекендеу  ортасының  жай-күйі  туралы  шынайы  деректер  алуға  қабілетті 

мамандар даярлау жатады. 

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1.

 



2020  жылға  қарай  Республикалық  орман  және  биоресурстық 

ақпарат орталығы құруды және жұмыс істеуге.  

2.

 

2020  жылға  қарай  ЕҚТА-да  биологиялық  әртүрлілік  мониторинг 



жүйесін  құруды  және  жұмыс  істеуде,  2020  жылға  қарай  жүйе  Қазақстан 

Республикасының бүкіл экологиялық желісін қамтитын болады; 

3.

 

2020  жылға  қарай  биологиялық  әртүрлілік  мониторингі  бойынша 



барлық ЕҚТА-ны қамтыған автоматтандырылған ақпараттық жүйе құруды. 

 

Биоәртүрлілікті  сақтау  мақсаттарына  сәйкес    ЕҚТА-ны  басқару 



жүйесі мен тетіктерін жетілдіру 

ЕҚТА мен жергілікті халықтың өзара тиімді ынтымақтастығының дамыту 

жолындағы  маңызды    қадам  қоғамдық  кеңестер  болып  табылады.  Қоғамдық 

кеңестерді  құру,  бір  жағынан,  жергілікті  халыққа  оның  өміріне  тікелей  әсер 

ететін мәселелерді шешуге белсене қатысу мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік 

береді,  екінші  жағынан  –  ЕҚТА-да  ЕҚТА-ны  басқару  мен  дамыту  саласында 

тұрғындардың  қолдауына  ие  болу  мүмкіндіктері  едәуір  арта  түседі.  Қоғамдық 

кеңестер табиғат пайдалану мәселелерін шешуде қателіктерге ұрыну тәуекелін 

азайтуға  елеулі түрде көмек көрсетеді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға 

және белсенді азаматтық қоғам қалыптастыруға жәрдемдеседі.  

 

«Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»  Қазақстан  Республикасы 



Заңына  сәйкес  табиғат  қорғау  ұйымдары  өздерінің  қызметін  Басқару 

жоспарына  сәйкес  жүзеге  асырады.  Орта  мерзімді  жоспарлау  құжаты  болып 

табылатын  ЕҚТА-ны  басқару  жоспарларын  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесіне 

енгізу  қажеттігі  орын  алып  отыр.    Соңғы  10  жыл  бойы  ЕҚТА-ның  табиғат 

қорғау әлеуетін, географиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, 

олардың  нақты  қаржылық  қажеттіліктері  деңгейінде  оларды  бюджеттік 

қаржыландыру  нормативтерін әзірлеу және бекіту проблемасы өткір қойылып 

отыр.  


 

Экожүйелерді  басқару  және  орнықты  туризмді  қамтамасыз  ету  үшін 

әртүрлі тұрпаттағы табиғи экологиялық жүйелерге және тірі ағзалардың басты 

және  сирек  кездесетін  түрлерінің  мекендеу  орындарына  жол  берілетін 

антропогендік әсер ету нормативтерін әзірлеу және бекіту табиғатты аумақтық 

қорғауды  нормативтік  қамтамасыз  етуді  жаңғырту  үрдісіндегі  өте-мөте 

маңызды іс-шара болып табылады.  


21 

 

 



Қорықтардың,  ұлттық  парктердің  және  табиғи  резерваттардың 

экологиялық-ағарту қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде экологиялық 

маршруттар  желісін  ұйымдастыру  келушілер  үшін  мұражайлар  мен  сапар 

орталықтарын құрумен тығыз байланысты. 

 

Осыдан  10  жыл  және  одан  да  бұрын  ұйымдастырылған  ЕҚТА-да 



келушілер  мен  жұмыс  істеудің  дәстүрлі  нысаны  табиғат  мұражайлары  болып 

қалып отыр. Соңғы кезде олар кездесіп отырған негізгі проблемалары мұражай 

ісі  саласындағы  осы  заманғы  теориялық  және  практикалық  талдамаларды 

ескере  отырып,  экспозицияларды  толықтыру  мен  жаңарту,  сондай-ақ 

келушілермен  жұмыс  істеу  нысандары  мен  әдістерін  жетілдіру  болып 

табылады.  Соңғы  кезде    келушілерге  арналған  орталықтарды  немесе  сапар 

орталықтары  дамуда.  Сапар  орталығы  –  бұл  келушілер  ЕҚТА-ның 

биоәртүрлілігі  мен  экожүйелері  туралы  ақпарат  алатын,  сондай-ақ  ілеспе 

рекреациялық  қызметтер  көрсететін  орын.  Осында  тұрақты  және  уақытша 

экспозициялар ұйымдастырылады, балалар мен сабақтар өткізіледі, лекциялар 

оқылады. 

 

ЕҚТА-ны басқару жүйесі мен тетіктерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар:  



 

биоәртүрлікті  басқаруға  жұртшылық  пен  жергілікті  қоғамдастықтардың 

қатысуын  қамтамасыз  ету  мақсатында    ЕҚТА  жанындағы  Қоғамдық 

кеңестердің құқықтық негіздерін әзірлеуді және оларды құруды; 

 

ЕҚТА  басқару  жоспарларының  көрсеткіштерін  мемлекеттік  жоспарлау 



жүйесіне енгізуді; 

 

ЕҚТА-лардың  табиғат  қорғау  әлеуетін,  географиялық  және  әлеуметтік 



ерекшеліктерін 

ескере 


отырып, 

оларды 


бюджеттік 

қаржыландыру 

нормативтерін әзірлеуді және бекітуді; 

 

орнықты  экотуризмді  қамтамасыз  ету  үшін  ЕҚТА  экологиялық 



жүйелеріне рекреациялық жүктемелер нормативтерінің әзірлеу мен бекітуді; 

 

ЕҚТА-дағы  түрлерді,  қауымдастықтарды,  экожүйелерді  орнықты  сақтау 



нормативтерін әзірлеуді; 

 

экологиялық ағарту қызметін күшейту арқылы (сапар орталықтарын құру, 



туристік  маршруттар  мен  соқпақтарды  жайластыру  және  басқалар) 

биоәртүрлілікті сақтау мен басқару мәселелеріне қоғамды тартуды көздейді. 

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1.  2020  жылға  қарай  ЕҚТА  жанындағы  қоғамдық  кеңестер  құрылады 

және жұмыс істейді; 

2.  2020  жылға  қарай  ЕҚТА-ны  басқару  жоспарларының  көрсеткіштері 

мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізіледі; 

3.  2020  жылға  қарай  ЕҚТА-ны  бюджеттік  қаржыландырудың,  ЕҚТА 

экологиялық жүйелеріне рекреациялық жүктемелердің  нормативтері, ЕҚТА-да 

түрлердің,  қауымдастықтардың  және  экожүйелердің  орнықты  өмір  сүруінің 

және оларды сақтаудың нормативтерін белгілейді. 

4.  2030  жылға  қарай  республикалық  маңызы  бар  15  ЕҚТА-ның 

ақпараттық сапар орталықтары болады.  


22 

 

 



1.2. Биоәртүрлілікті орнықты пайдалану саласындағы міндеттер 

 

   1.2.1 Орман ресурстары 

 

Күзету  және  қорғау  іс-шараларын  күшейту  жолымен  орман 

экожүйелерін сақтауды қамтамасыз ету. 

 

Ормандарды  өрттер  мен  ағаштың  заңсыз  кесілуінен  қорғау,  сондай-ақ 



орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау орман шаруашылығын басқарудың 

басты  функцияларының  бірі  болып  табылады.  Соңғы  10  жыл  ішінде  (2003-

2013ж.ж.) мемлекеттік орман қоры аумағында 8053 орман өрттері болып, олар 

385  мың  га  орман  алқабын,  оның  ішінде  200  мың  гектарда  астам  орман 

көмкерген жерді қамтыды. Өрт жайлаған орман алқабының орташа алаңы 47,8 

га болды. Ормандарға келген залал осы кезең ішінде 3,8 млрд. теңгені құрады. 

Табиғат  қорғау  мекемелерінің  өртке  қарсы  қызметтерінің  қамтамасыз  етілуі 

52%  жуық.  Өрттер  мен  қатар  ағаштың  заңсыз  кесілуі  орман  шаруашылығына 

елеулі нұқсан келтіреді.  

 

Осыған  байланысты  орман  ресурстарының  жай-күйіне  мониторинг 



жүйесін ұйымдастыру қажет. Орман өрттері мен  және ағаштың заңсыз кесілуі 

мен  күрес  тиімділігін  арттыру  мақсатында:  Республика  ормандарын  өртке 

қарсы  жабдықтаудың  бас  сызбасын  әзірлеу,  жерді  қашықтықтан  аймақтау 

жүйесінің  деректерін  пайдалану,  орман  өрттерін  ерте  байқаудың  оптикалық  – 

сенсорлық жүйелерін енгізу, орман өрттерін байқау мен сөндірудің авиациялық 

құралдары  паркін  құру,  осы  заманғы  техникамен  және  өртке  қарсы 

жабдықтарымен 

жарақтандыру 

және 

қолданыстағы 



нормалар 

мен 


нормативтерді қайта қарау қажет.  

2014  жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бойынша,  орман  зиянкестері  мен 

ауруларының  негізгі  ошақтары  Солтүстік  Қазақстан  облысында  170,2  мың  га 

(46,8%),  Шығыс  Қазақстан  облысында  –  87,0  мың  га  (23,9%),  Павлодар 

облысында  –  34,4  мың  га  (9,4%),  Ақмола  облысында  –  23,8    мың  га  (6,5%), 

Алматы облысында – 19 мың га (5,2%) және Батыс Қазақстан облысында – 11,2 

мың га (3,0%) жерді алып жатыр. Зиянкестер мен аурулар ошақтарының жалпы 

көлемі 363,3 мың га құрайды (өткен жылмен салыстырғанда залалданған алқап 

160  мың  га  көбейген).  Зиянкестер  мен  аурулардың  түр  құрамы  бойынша 

ошақтар Ақмола облысында 334,8 га жер қарағай жібек құртымен және Шығыс 

Қазақстан  облысында  24086,1  га  жерде  жұлдызшалы  тоқығыш  егеуіші,  Батыс 

Қазақстан  облысында  –  277  га,  Қостанай  облысында  –  17  га,  Павлодар 

облысында  –  3138  га  алқапта  жұпсыз  жібек  көбелегі,  қарағаштың 

аяққұйрықтысы,    ширатқыш,  алма  күйесі,  сексеуіл  горрицасы  және  басқалары 

таралған.  

Орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде байқау және 

оған  уақытында  шара  қолдану  үшін  Алматы  қаласында  Орман  патологиясы 

мониторингінің  орталығын  және  Шығы  Қазақстан,  Солтүстік  Қазақстан, 



23 

 

Қызылорда  және  Батыс  Қазақстан  облыстарында  өңірлік  филиалдар  желісін 



құру қажеттілігінің толғағы жетті.  

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1.  2020  жылға  қарай  ірі  орман  өрттерінің  саны  50%,  2030  жылға  дейін 

70% азаяды.  

2.  2030  жылға  қарай  бір  өрттің  орташа  алқабы  50%  немесе  24  га  дейін 

азаяды. 


3.  2030  жылға  қарай  орман  зиянкестері  мен  аурулары  ошақтарының 

алқабы 40% азаяды.  

 

Республиканың  орман  жерлерін  көбейту  мақсатында  ормандарды 

қалпына келтіру мен орман өсіру көлемін ұлғайту. 

Ағаш отырғызу және ағаш тұқымын себу көлемінің сан мәрте мөлшерде 

азаюы  орман  тұқымбақтары  мен  орман  тұқым  шаруашылығы  нысандарының 

бір  бөлігінен  айырылып  қалуға,  көшеттік  материал  өсіру  көлемінің  қысқарып 

кетуіне душар етті. 

Облыс  орталықтары  мен  басқа  да  елдімекендерде  қазіргі  қорғаныштық 

және көгалдандыру екпелерінде өсіп тұрған ағаш және бұта тұқымдыларының 

түр-түрі  тым  жұтаң,  қалалар  мен  кенттердің  көпшілігінде  жаңа  жасыл 

аймақтар,  саябақтар,  скверлер,  халықтың  жан  басына  шаққанда  олардың 

алқаптарының  нормативтеріне  сәйкес  жалпы  жұрт  пайдаланатын  басқа  да 

екпелер  құрылмайды.  Автомобиль  және  теміржолдар  бойында  қорғаныштық 

екпелер,  егістіктер  мен  жайылымдарды  қорғайтын  екпелер,  эрозияға  қарсы 

және су қорғайтын екпелер жеткілікті мөлшерде құрылмаған. 

Сапалы  көшеттік  материалды  жеделдетіп  өсіру,  оның  ішінде  гендік 

инженерия әдістерін қолданып, шапшаң өсіру, ормандарды қалпына келтірудің 

тиімді тәсілдерін және қажет мөлшерде шапшаң өсетін ағаш тұқымдыларынан 

орман 

шикізатының 



өнеркәсіптік 

плантацияларын 

құру 

бойынша 


инновациялық  технологиялардың  жетімсіздігі  елдің  орманды  жерлердің 

көбеюіне қажетті мөлшерде көмектесе қоймады. 

Осы  айтылғандарға  байланысты  Қазақстан  Республикасы  аумағының 

орманды жерлерін едәуір мөлшерде көбейтуді түпкі мақсат ретінде ала отырып, 

орман  экожүйелерінің  сақталуын,  олардың  биологиялық  әртүрлілігін 

қамтамасыз ету, ормандарды молықтыруды, озық қарқынмен арттыру, жекеше 

орман  қорын  дамыту,  жасыл  құрылысты  және  қорғаныштық  орман  өсіруді 

қалыптастыру  міндеттерін  тұжырымдамалық  тұрғыдан  қайта  қарау,  нақтылау 

және  кеңейту  көзделуде.  Ормандарды  қалпына  келтіру  мен  орман  өсіру 

жөнінде  жүргізіліп  жатқан  жұмыстардың  нәтижесінде  2030  жылға  қарай 

республиканың  аумағының  орманды  жерлері  5%  жетеді,  оның  ішінде  орман 

көмкерген алқаптардың көлемі 878,4 мың га көбейеді. 

2010-2014  жылдарға  арналған  «Жасыл  даму»  салалық  бағдарламасының 

шеңберінде ормандарды қалпына келтіру мен орман өсіру жөніндегі іс-шаралар 

67 мың га алқапта, оның ішінде республиканың Оңтүстік өңірлерінде 31 мың га 


24 

 

жерге  сексеуіл  отырғызу  және  26,2  мың  га  жерге  сексеуіл  тұқымын  себу 



әдісімен,  10,0  мың  га  алқапта  ормандардың  табиғи  түлеуіне  жәрдемдесу 

арқылы жүргізілді. 2008-2013 жылдары есептік жылдар ішінде республиканың 

орман дақылдарының алқабы небәрі 10,1 мың га көбейді.  

Ормандарды  қалпына  келтірумен  қатар  жекеше  орман  шаруашылығын 

дамыту жаңа перспективалы бағыттардың біріне айналуға тиіс. Жекеше орман 

шаруашылығының  негізгі  міндеттері  ағаш  шикізатының  балама  көздерін  - 

әртүрлі  нысанадағы  мақсаттағы  жылдам  өсетін  және  басқа  да  шығынды  ағаш 

және  бұта  тұқымдыларынан  орман  шикізаты  плантацияларды  құру  болып 

табылады.  Бұл  орайда  алынған  өнім  экономика  салалары  халықтың  кәделік 

сүрек,  целлилоза  –  қағаз  және  плита  өндірістері  үшін  сүректік  биомасса, 

отындық шикізат, азықтық және тағамдық қоспалар, биологиялық шикізат пен 

өнімдердің  басқа  да  түрлері  жөніндегі  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 

мүмкіндік  береді,  бұл  орайда  табиғи  ормандарға  пайдалану  жүктемесі  едәуір 

мөлшерде  азаяды.  Жекеше  орман  плантацияларын  құру  кәсіпкерлер  мен  жеке 

тұлғалардың  күшімен  ауыл  шаруашылығы  және  өзге  мақсаттардағы  жерлерде 

жүзеге асырылуда.  

Жасыл  құрылыс  бойынша  жұмыстарды  дамыту  қалалар  мен  басқа  да 

елдімекендерге  жасыл  аймақтар,  жалпы  жұрт  пайдаланылатын  екпелер, 

дендропарктер  құруға  жекеше  орман  қорының  иелерін,  басқа  да  мемлекеттік 

емес ұйымдар мен кәсіпкерлерді кеңінен тартуды көздейді. Осы мақсаттар үшін 

аса көрікті және орнықты ағаш тұқымдылары мен бұталардың  қалемшелерінің 

қажет мөлшерін өсіру үшін мемлекеттік және жекеше орман тұқымбақтарының 

желісін құру, тамыр жүйесі жабық жасыл екпелердің тез жер сіңіп кетуін, өсуін 

және  дамуын  қамтамасыз  ететін  оларды  жыл  он  екі  ай  бойы  отырғызу 

технологияларын  қолдану  қажет.  Жасыл  құрылыс  жоспарларын  іске  асыру 

қоршаған  ортаның  ластануы  үшін  аударылатын  қаржыдан  қалыптасатын 

жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен облыстық, қалалық және аудандық 

атқарушы органдардың басшылығымен жүзеге асырылады.  

Қорғаныштық орман өсіруді дамыту: 

Аулы шаруашылығы жерлерін, жер және су эрозиясынан, қуаңшылық пен 

аңызақ  желден  қорғау  сай-салаларды,  ой-шұңқырларды,  су  айлықтарын 

ормандандыру 

жолымен 

агро-орман 

ландшафттарын 

қалыптастырып, 

жайылымдық  және  егістік  жерлерді  қорғаныштық  екпелер  құрып,  жүзеге 

асырылады.  Сондай-ақ,  кейіннен  осы  учаскелерді  жекеше  орман  қоры 

жерлеріне ауыстырып,  егістік қорғайтын  екпелердің қазіргі  жүйесіне түгендеу 

жүргізу қажет.  

Агро-орман ландшафттарын қалыптастыру бағдарламасын орындау әрбір 

ауылшаруашылығы  мен  мал  шаруашылығы  өңірінде  жекеше  орман  – 

мелиротивтік станцияларын құру жолымен мемлекеттік тапсырыстар негізінде 

жүзеге  асырылып,  оларға  осы  мақсаттар  үшін  жерлер  тегін  тұрақты  жер 

пайдалануға беріледі, ұзақ мерзімді пайызсыз несиелер бөлінеді және қосымша 

қаржыландыру арқылы жүргізіледі. 



25 

 

Бүлінген  жерлерді  ормандар  арқылы  қалпына  келтіру:  республиканың 



бүлінген жерлерінің негізгі бөлігін негізгі Арал теңізінің құрғап қалған табаны, 

карьерлер,  үйінділер  құрайды.  Орман  арқылы  қалпына  келтіруге  ең  алдымен 

Арал  теңізінің  құрап  қалған  табанының  ағаш  өсіруге  жарамды  жерлері  және 

эрозиялық қауіптілігі  неғұрлым төмен деңгейдегі басқа жерлер бөлінеді. Арал 

теңізінің  құрап  қалған  табанын  және  эрозиялық  қауіптілігі  неғұрлым  төмен 

басқа да жерлерді ормандандыру жұмыстарын мемлекеттік тапсырыс негізінде 

салалық  бағдарлама  шеңберінде  орман  шаруашылығы  саласындағы  уәкілетті 

органның мамандандырылған орман-федеративтік ұйымдары жүзеге асыруда.  

Желілік  қорғаныштық  екпелер  құру  (автомобиль  және  теміржолдар, 

каналдар, магистральды құбыр желілері, басқа да желілік құрылыстар бойында) 

көлік  магистральдарын  қар,  шаң-тозаң,  құм  көшкінділерінен  қорғауға,  оларды 

көріктендіруге  бағытталған,  сондай-ақ  шықпа  газдардың  таралу  және  сіңірілу 

үшін  жасыл  тосқауыл  ретінде  құрылады.  Көлік  және  басқа  да  желілік 

құрылыстар  бойында  қорғаныштық  екпелер  құрылды  және  оларға  күтім 

жасалды.  осы  көлік  және  желілік  құрылыстар  иелерінің  қаражаты  есебінен 

олардың  мамандандырылған  бөлімшелері  жүзеге  асырылады.  Екпелер  құру 

және  оларға  күтім  жасау  жөніндегі  жыл  сайынғы  жұмыстардың  көлемі  көлік 

және  басқа  да  желілік  құрылыстардың  салу  мен  пайдаланудың  жобалары  мен 

жоспарларында көзделеді. 

Осы мақсатқа көз жеткізуге арналған индикаторлар: 

1. 2020 жылға қарай республика  аумағының  орманды жерлерінің  көбеюі 

4,7%, 2030 жылға қарай 5% дейін көбейеді.  

2. 2020 жылға қарай 216 мың га, 2030 жылға қарай – 1576 мың га алқапта 

ағаш отырғызу жолымен орман екпелері құрылады.  

3.  2020  жылға  қарай  елді-мекендердің  төңірегінде  30  мың  га  алқапта 

жасыл аймақ құру жобалары әзірленеді. 

4.  2020  жылға  қарай  егістік  қорғау  екпелерінің  қазіргі  жүйесін  түгендеу 

аяқталады,  2030  жылға  қарай  350  мың  га  дейін  алқаптағы  осы  учаскелерді 

жекеше орман қоры жерлеріне ауыстыру аяқталады.  

5.  2020  жылға  қарай  6  мың  га,  2030  жылға  дейін  –  10  мың  га  алқапта 

егістік қорғайтын орман жиектері құрылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет