Балық шаруашылығын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге
биоәртүрлікті сақтау проблемаларын есепке алу
Нормативтік-құқықтық базаны реформалау биологиялық әртүрлікті
сақтау жөніндегі күш-жігерді іске асыру үшін қажетті шара болып табылады.
Жалпы алғанда балық шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасының
нормативтік-құқықтық актілері биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану
үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен бірге олар осы мақсаттарда
қамтамасыз етуге жеткіліксіз және КБР-ге сәйкес биоәртүрлікті сақтау мен
орнықты пайдалану қағидаттарын жетілдіруге бағытталған реформалауды
талап етеді. Бүгінгі таңды су айдындарында кәсіпшілік мақсатта күш жұмсау,
ресурстық зерттеулер жүргізу бойынша нормативтер жоқ.
Қазіргі кезде биологиялық ресурстардың нысаналы түрлеріне
сұранымның артуымен байланысты су айдындарының биологиялық
әртүрлігінің азаю процестері байқалуда. Олардың санының жалпы азаюы,
34
түрдің сан алуандығы қысқаруда, азық-түліктік және коммерциялық тұрғыдан
алғанда бағалы түрлерді соншалық тартымсыздау түрлерімен алмастыру орын
алуда. Солай бола тұрып, биологиялық ресурстарды пайдалану мәселелерін
мемлекеттік тұрғыдан реттеу «дәстүрлі» көзқарас тұрғысынан жүргізіледі, ол
биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану қағидаттарын толық
дәрежесінде қамтамасыз етпейді.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемін экологиялық тұрғыдан алғанда
қауіпсіз мөлшерге дейін азайтуға қол жеткізу ресурстар пайдалану тиімділігін
арттыруға жәрдемдеседі. Осы мақсатқа балық шаруашылығын орнықты
жүргізу қағидаттарын енгізу жолымен су айдындарының биологиялық
ресурстарын пайдалануды мемлекеттік тұрғыда реттеудің көмегімен қол
жеткізілуі мүмкін. Сонымен бірге осы мақсатқа қол жеткізуге оқу-ағарту,
коорпортивтік жауапкершілікті дамыту, жоғары оқу орындарының білім беру
бағдарламаларын жетілдіру жолымен табиғи ресурстарды орнықты пайдалану
саласында табиғат пайдалану субъектілерінің хабардар болуын ұлғайту
жәрдемдесетін болады.
Ғаламтор ресурстарын дамумен қатар әуесқой балықшылар мен балық
өсірушілерді біріктіретін форумдар пайда болды және жұмыс істеуде.
Биоәртүрлікті сақтау және балық аулау мен балық өсірудің нормативтік-
құқықтық базасының мазмұны мәселелерінде халықтың хабардар болуын
арттыру үшін осы форумдарға балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті
органның қатысуы қажет.
Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар:
1. 2020 жылға қарай қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге,
халықаралық шарттар мен келісімдерге Биологиялық әртүрлілік туралы
конвенцияның нормаларына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
2. 2020 жылға қарай балық шаруашылығын орнықты дамытудың 2000
жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасы бекітіледі.
3. 2020 жылға қарай балық шаруашылығы су айдындарына арналған
кәсіпшілік күш жұмсау нормативтері әзірленеді және енгізіледі.
4. 2020 жылға қарай ресурстық балық шаруашылығы зерттеулерін
жүргізу нормативтері әзірленеді және енгізіледі.
5. 2020 жылға қарай Балық ресурстарының жай-күйі мен олардың
мекендеу ортасы жағдайларының қауіпті дәрежеде өзгеруіне шара қолдану
жоспары жасалады және енгізіледі.
6. 2020 жылға қарай су айдынын (учаскесін) бекітіп беру бойынша
конкурсқа қатысу кезінде жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік
талаптарына балық аулау және /немесе балық өсіру саласында білікті
маманның болу қажеттігі туралы түзетулер енгізіледі.
Балықтар мен басқа да су жануарлардың биоәртүрлілігі мен табиғи
мекендеу орындарын қорғау
35
Балықтар мен басқа да су жануарларының мекендеу орындарының азып-
тозуы мен бөлшектенуі биологиялық әртүрлілікті төмендететін аса маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Судағы биологиялық ресурстар үшін
мекендеу орындарының азып-тозуы мен бөлшектенуінің негізгі себебі
гидробионттардың қажеттілігін ескермейтін ұтымсыз су пайдалану болып
табылады. Су айдындарының ластануына, сондай-ақ гидробионттар мекендеу
ортасының азып-тозуына да душар етеді.
Көбею орындары мен қоныс аудару жолдары биоәртүрлікті сақтау
тұрғысынан алғанда неғұрлым осал жерлер балықтар мен басқа да су
жануарлары мекендейтін орындар болып табылады. Көбею орындарында,
қоныс аудару жолдарында және қыстайтын жерлерінде балық аулау режимімен
тыйым салу шараларын белгілеу қажет.
Балықтар мен басқа да су жануарларының табиғи мекендеу орындарын
сақтау су фаунасының биоәртүрлілігін сақтау үшін ажырамас шарт болып
табылады.
Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар:
1. 2020 жылға қарай тиісті нормативті-құқықтық актіге балықтар мен
басқа да су жануарларының мекендеу орындарына жайсыз әсерді шеттейтін
толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
2. 2020 жылға қарай балқытар мен басқа да су жануарларының қоныс
аудару жолдары мен олардың жиналатын орындарын қорғау жөніндегі іс-
шаралар кешені және оларды іске асыру тетігі бекітілді.
3. 2020 жылға қарай балықтар мен басқа да су жануарларының мекендеу
орындарының айрықша құнды учаскелері бөліп алынды.
4. 2020 жылға қарай биологиялық әртүрлілікті сақтауға жәрдемдесетін
балық аулау режимі мен тыйым салу шаралары белгіленді.
Санының
қысқару
үрдісі
байқалып
отырған
балықтар
таралымдарын, балықтар мен басқа да су жануарларының қоныс аудару
жолдары мен жиналу орындарын (қыстау, қыстайтын шұңқырлар мен
уылдырық шашатын орындар) қалпына келтіру
Ұтымды жүргізілмейтін кәсіпшілік балықтардың пайдаланылатын
түрлерінің санын азайтатын негізгі фактор болып табылады.
Таралымдардың өнім беру мүмкіндіктерін жеткілікті дәрежеде есепке
алмай жүргізілетін, жекелеген, коммерциялық тұрғыдан алғанда неғұрлым
пайдалы түрлерге негізделетін кәсіпшіліктің талғампаздығы қорлар
құрылымында өзгерістерге душар етті. Кәсіпшілік тарапынан қатыгездікпен
пайдалану және көп пайдаланылмайтын «құндылығы аз» түрлер тарапынан
өскелең бәсекелестік түрлердің одан әрі сарқыла түсуіне әкеп соғады.
Балық ресурстарына шектен тыс әсер етуді қысқарту және олардың
орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін Жауапты балық аулау
кодексінің қағидаттарын енгізе отырып, балық аулауды басқаруды жетілдіре
түсу қажет. Сонымен бірге азайған қорлардың кәсіпшілік маңызын қалпына
36
келтіру және биоәртүрлікті сақтау үшін табиғи мекендеу ортасында саны
азайып бара жатқан балықтар мен басқа да су жануарларының кәсіпшілік
түрлерінің таралымдарын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды енгізу
қажет.
Кейіннен табиғи мекендеу ортасына қайта қоныстандырылатын
нысаналы түрлердің жасанды таралымдарын құру осы мақсатқа жәрдемдесетін
болады.
Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар:
1. 2020 жылға қарай табиғи мекендеу ортасында санының қысқару үрдісі
байқалатын балықтар таралымын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар кешені
жасалды.
2. 2020 жылға қарай аквабалық өсіру жағдайларында сирек кездесетін
және жойылып кету қауіпі төнген балық түрлерін өсіру биотехнологиясы
жасалды.
3. 2030 жылға қарай аквабалық өсіру жағдайларында сирек кездесетін
және жойылып кету қауіпі төнген балық түрлерінің таралымдары алынды.
4. 2030 жылға қарай санының қысқару үрдісі байқалатын балық түрлерін
су айдындары бойынша табиғи мекендеу орындарына қайта қоныстандыру
жөніндегі іс-шаралар әзірленді.
5. 2020 жылға қарай жасанды жолмен өсімін молайтуға жататын сирек
кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерінің тізбесі жасалды.
6. 2020 жылға қарай кейіннен қайта қоныстандыру үшін аквабалық өсіру
жағдайында алынған сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық
түрлерінің таралымдары генетикалық әртүрлілігін қамтамасыз ету жөнінде
ұсыныстар әзірленді.
7. 2020 жылға қарай кейіннен қайта қоныстандыру үшін аквабалық өсіру
жағдайында алынған сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық
түрлерінің аналық үйіріне қойылатын талаптар (тегі, таралымдық тиесілігі)
тұжырымдалды.
8. 2020 жылға қарай Қазақ өндірістік климатқа бейімдеу станциясы
базасында селекциялық-генетикалық орталықтың жаратылыстану-ғылыми және
техникалық-экономикалық негіздемесі, жұмыс бағдарламасы жасалды.
Каспий теңізінің экожүйесін сақтау
Каспий теңізінің аквторийінде жер қойнауын пайдаланудың дамуымен
және кеме қатынасы қарқынының арта түсуімен Каспий теңізі экожүйесінің
сақталуы және қалыпты жұмыс істеуі үшін қауіп-қатерлер көбейді. Қазіргі
кезде көмірсутекті шикізатын өндірумен байланысты антропогендік жүктеме
ұлғая түсуде. Тікелей көмірсутекті шикізатын өндірумен байланысты қызметтің
салдары, авариялық жағдайларда ықтимал ластану оқиғалары, көбейе түскен
алаңдаушылық факторы, сондай-ақ балық кәсіпшілігінің ұтымды жүргізілмеуі
Каспий теңізінің экожүйесі үшін қауіп-қатерді едәуір ұлғайта түседі.
37
Орнықтылығы мен осалдығы әртүрлі теңіз аймақтарын айқындау қауіп-
қатерді азайтуға жәрдемдесетін болады, мұның өзі биоәртүрліліктің қысқару
тәуекелі барынша азайтылатын әсердің қауіпсіз көлемдерін бағалауға
мүмкіндік береді.
Балық аулауды жетілдіру, биоәртүрлілікке мониторинг жүйесін енгізу,
экологиялық
топтар
бойынша
балықтардың
кәсіпшілік
түрлері
таралымдарының (бекіре балықтары, жартылай келіп, кететін және теңіз
балықтары) жай-күйіне теңдестірілген мониторинг, сондай-ақ Каспий
итбалығының жай-күйінің мониторингін ұйымдастыру да Каспий теңізінің
балықтары мен басқа ада су жануарларының биоәртүрлілігін сақтауға игі ықпал
етпек.
Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар:
1. 2020 жылға қарай Каспий теңізінің авкаторийін функционалдық
аймақтау жүргізіледі, биоәртүрліліктің қысқару тәуекелі барынша азайтылатын
рекреациялық және өнеркәсіптік әсердің ықтимал көлемдері бағаланды,
орнықтылығы мен осалдығы әртүрлі теңіздің қорықтық аймақтарының
аудандары және бекіре балықтарының түрлері мен Каспий итбалығының қоныс
аудару жолдарын қамтамасыз ету үшін экологиялық дәліздер анықталды.
2 . 2020 жылға қарай Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі бекіре
балықтарының түрлері таралымдарының жай-күйіне ықшамдалған мониторинг
жүйесі әзірленді және енгізілді.
3. 2020 жылға қарай Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде теңіз
балықтары түрлері таралымының жай-күйіне мониторинг жүргізу және оларды
ықтимал алуды бағалау жүйесі әзірленді және енгізілді;
4. 2020 жылға қарай Жайық-Каспий бассейінде балықтардың жартылай
келіп, кететін түрлері таралымдарының жай-күйіне мониторинг жүргізумен
оларды ықтимал алудың бірыңғай жүйесі әзірленді және енгізілді.
5. 2020 жылға қарай Каспий жағалауының елдері үшін бірыңғай Каспий
итбалығының жай-күйіне мониторинг бағдарламасы әзірленді, келісімделді
және енгізілді.
1.2.4. Агробиоәртүрлілік ресурстары
Тапталған және азып, тозған жайылымдық экожүйелерді қалпына
келтіру
және
олардың
алқаптарының
азаю
жолымен
ауыл
шаруашылығында агробиоәртүрлілікті сақтау
Табиғи жем-шөптік алқаптар (жайылымдықтар) көптеген тірі ағзалардың
мекендеу ортасы болып табылады. Осы жерлерде өсімдіктердің алты мыңнан
астам түрі өседі, оның кең байтақ жерлерінен құстардың 500-ге жуық түрін,
аңдардың 178 түрін, бауырымен жорғалаушылардың 49 түрін, қосмекенділердің
12 түрін, ал өзендер мен көлдерде – балықтардың 107 түрін кездестіруге
болады. Қазақстан флорасы мен фаунасының әртүрлілігі әртүрлі таксондардың
(түрлер, тектер және басқалар) құрамы мен саны жөнінен де, географиясы
38
бойынша да, атап айтқанда табиғи-климаттық аймақтар мен биіктік белдеулері
бойынша тым құбылып отырады. Ұтымды пайдаланбау және жайылымдар мен
шабындықтарда болып жатқан азып-тозу процесстері теріс әсер етіп, осы
түрлерді тым ауыр күйге шығартады. Оның негізгі себептеріне антропогендік
қызметтің теріс ықпалы мен мекендеу орындары жағдайларының өзгеруін
жатқызу керек.
Қазақстанда шөлейттену процесстерінің етек алуына түрткі болып
отырған негізгі табиғи фактор елдің ішкі континентальдық жағдайы болып
табылады, ол климаттың континентальдығы мен қуаңшылдығын, су
ресурстарының жұтаңдығын және олардың біркелкі бөлінбеуін айқындайды,
мұның өзі құмдар (30 млн. га дейін) мен сортаң жерлердің (127 млн. га) кеңінен
таралуына түрткі болады. Жерлердің азып-тозу процесстерінің өрбуі үшін
жағдайлар қуаңшылықтың әсер ету жағдайында жер қыртысының пайда
болуының маусымдық ерекшеліктерінің бұзылуы кезінде де орын алады.
Шөлейттенудің алғы шарты, сондай-ақ топырақ, өсімдік қабатының нашар
қалыптасуы және оның тез таралуы болып табылады. Қазақстанның осы табиғи
ерекшеліктері табиғи ортаның антропогендік әсерлерге төзімді бола алмауына
түрткі болады (қолда бар бағалаулар бойынша ел аумағының 75% жуығы
экологиялық тұрақсызданудың жоғары қатеріне ұшыраған).
Шөлейттенумен күрес жөніндегі конвенцияда қабылданған өлшемдерге
сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудің негізгі түрлері мыналар болып
табылады: өсімдіктердің азуы; жердің су және жел эрозиясы; жердің
сортаңдануы және шіруі; жердің, жерүсті және жерасты суларының химиялық
ластануы; жерлер мен гидрологиялық режимнің техногендік жерлермен
гидрологиялық режимнің техногендік сипатта бұзылуы.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының азып-тозуына жайылым айналымын
сақтамау, шаруашылық жүргізудің жаңа жетілдірілген әдістерін пайдалану
білімдері мен дағдыларының жетіспеуі және фермерлердің оларды қолдануы
үшін стимулдардың болмауы сияқты факторлар әсер етеді.
Қазіргі кезде ҚР ӨДМ Жер ресурстарын басқару комитетінің 2012 жылғы
1 қарашадағы деректер бойынша республикада жайылымдар алқабы 186952,4
мың га құрайды, оның ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатыны
61123,3 мың га (33,05%), эрозияға ұшырап, тапталған жайылымдар алқабы -
27127,7 мың га. суландырылған жайылымдар алқабы 59,5 млн. га (31,8%)
құрайды, ал елдімекендерге 21,4 млн. га бекітіліп берілген. Жайылымдардың
азып-тозған алқаптары мынадай: тау етегіндегі жазықта – 3,8 млн. га, шөлейт
аймақта – 13,2 млн. га, орманды дала және дала аймақтарында – 5,9 млн.га. 8,3
млн. га ластанып тапталған жайылымдық жерлер бар. Республикалық өңірлер
бойынша тапталған жайылымдардың ең көп бөлігі Атырау (4,1 млн. га), Ақтөбе
(3,9 млн. га), Алматы (3,0 млн. га), Батыс Қазақстан (2,5 млн. га), Қызылорда
(2,0 млн. га), Ақмола (1,9 млн. га) облыстарында.
Осыған байланысты тапталып, азып-тозған жайылымдық экожүйелерді
қалпына келтіру және олардың көлемін азайту, шөлейттену процесстерін
39
болдырмау үшін, сондай-ақ тірі ағзаларды мекендеуге жарамды кеңістікпен
қамтамасыз етуде неғұрлым маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар:
1. 2030 жылға қарай тапталған (3-5 км. радиуста елдімекендер
маңындағы) және азып-тозған (6-12 км радиуста елдімекендер маңындағы)
жайылымдар алқаптарының жай-күйіне 100% түгендеу тізілімі жасалды.
2. 2030 жылға қарай тапталған және азып-тозған жайылымдық
экожүйелердің алқабы 10% азайды.
Ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған тыңайған
жерлердегі агробиоәртүрлікті сақтау және қалпына келтіру
Қазіргі кезде және перспективада стратегиялық маңызды бағыт бұдан
бұрын жыртылатын алқаптардан шығарылған жерлерді ауыл шаруашылық
айналымына тарту болып табылады. Олардың алқабы ҚР Өңірлік даму
министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша 6,8 млн.
га құрайды. Осы жерлердің нақты көлемі бұдан әлдеқайда көп болуы, 15 га
асып түсуі мүмкін, олардың едәуір бөлігі пайдаланылмай босалқы жерлерге
ауыстырылған. Қазіргі кезде осы жерлердің көпшілігінде ауыл шаруашылық
жануарлары үшін ғана емес сонымен бірге жабайы жануарлар үшін де жем-
шөптік базасы нашар, толық желінбейтін жусан тұқымдас өсімдіктер өсіп
кеткен. Сонымен бірге олар зиянкестер мен аурулардың ошағы болып
табылады. Тыңайған жерлерді ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға
тарту және осы жерлерді көгалдандырып, өнімділігі жоғары жем-шөптік
алқаптарға айналдырудың тиімді технологиясын жасау қажет, мұның өзі мал
шаруашылығы мақсаттары мен жабайы жануарлар үшін жем-шөп өндіруді
ұлғайтудың орасан зор резерві болар еді.
Сонымен бірге ауыспалы егісте көпжылдық шөптер өсіру – шөлейттену
процестеріне жол бермей және зиянкестер мен аурулардан фитосанитариялық
жағдайды жақсартып, экожүйелердің қалыпты жұмыс істеуі үшін жерде
оңтайлы су, ауа, азықтық және биологиялық режимдер мен басқа да жағдайлар
жасауға мүмкіндік беретін жердің құнарлығы мен құрылымдық жағдайын
қалпына келтіру – сақтау мақсатын көздейді.
Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар:
1. 2025 жылға қарай ауылшаруашылық айналымынан шығарылған,
тыңайған жерлер жағдайының 100% түгендеу тізілімі жасалады.
2. 2025 жылға қарай тыңайған жерлер алқаптарының 40% шығымдылығы
жоғары жем-шөптік алқаптарға айналдырылады.
2. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі және одан күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы бірінші кезеңде (2015-2020 жылдары) іске асыру:
40
а) Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мен орнықты
пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасы мен әдістемелік негіздерін
жетілдіруге;
б) түрлерді, қауымдастықтарды және экожүйелерді сақтау қажеттілігін
қамтамасыз ету мақсатында ЕҚТА жүйесін кеңейтуге;
в) жойылып кеткен түрлерді қалпына келтіруді қоса алғанда, негізгі
түрлер бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу негізінде өсімдіктер мен
жануарлардың жекелеген сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген
түрлері бойынша бағдарламалар қабылдауға;
г) Қазақстанның генетикалық ресурстарына қол жеткізуді және Нагоя
хаттамасы шеңберінде ұлттық делдалдық тетігі арқылы әділетті және тепе-тең
негізде бірлесіп, пайдалануды реттеуге;
д) экожүйелік қызметтерді экономикалық бағалау тетігін, экожүйелік
қызметтер үшін төлемдер жасау, түрлер мен экожүйелерге жайлы жағдайлар
туғызатын қосымша қаржыландырудың нәтижелі түрлерін қолдау және енгізу
жолымен биоәртүрлікті сақтаудың және орнықты пайдаланудың жаңа
экономикалық тетіктерін енгізуге;
е) есепке алу, мониторинг, күзету, қорғау, өсімін молайту және оларды
орнықты пайдалану жүйесіне инновациялық әдістер енгізуге;
ж) климаттың өзгеруіне бейімделуін ескере отырып, биологиялық
әртүрлікті сақтау мен орнықты пайдаланудың ғылыми негіздерін жетілдіруге;
е) салалардың қажеттіліктерін ескере отырып, кадрлар мен мамандар
даярлау құрылымын оңтайландыруға жәрдемдесетін болады.
Тұжырымдаманы екінші кезеңде (2021-2025 жылдары) іске асыру:
а) ЕҚТА жүйесін кеңейту және табиғат қорғау мекемелерін басқару
тиімділігін бағалау негізінде Қазақстанның экологиялық желісінің негіздерін
қалыптастыруға;
б) биологиялық ресурстарының сапасы өнімділігін арттыруға;
в) орнықты табиғат пайдалану негізінде жекеше орман өсіруді, ормандар
мен аквадақылдарын коммерциялық мақсатта плантацияда өсіруді дамытуға,
в) елдімекендерде жайылымдықтар қорғайтын және жасыл екпелер
жүйесін құруға;
г) қорғау, күзету және молықтыру іс-шараларының көлемі мен сапасын
ұлғайтуға;
д) биологиялық ресурстардың есебі мен кадастрының бірлігін
қамтамасыз етуге;
е) жаңа қаржылық құралдарды (экожүйелік қызметтер үшін төлемдер,
мемлекеттік жеке әріптестік және басқалар) енгізу негізінде мемлекеттік
бюджетке қаржылық жүктемені азайтуға;
ж) орман және биология бағытындағы кадрлар даярлаудың тиімді
жүйесін құруға;
з) ғылыми және жобалау жұмыстарының тиімділігін, зерттеулер
нәтижелерін өндіріске енгізу көлемін арттыруға;
41
и) экологиялық ағартуды жақсартуға жәрдемдесетін болады.
Тұжырымдаманы үшінші кезеңде (2026-2030 жылдар) іске асыру:
а) Қазақстанның оңтайлы экологиялық желісін қалыптастыруды
аяқтауға;
б) ел-жерінің 10% (заңды тұлға мәртебесі бар - 5%) алатын аумақта ЕҚТА
жүйесін құруға;
в) Қазақстанның орманды жерлерін - 5% жеткізуге;
г) климаттың өзгеру жағдайында ұтымды және тауыспай табиғат
пайдалану мен бейімдеу шараларының негізінде биологиялық ресурстарды
орнықты пайдалану әдістерін енгізуге;
е) есепке алу және мониторинг, есеп беріп отыру жүйелерін
автоматтандыру үшін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды,
орман кадастрын, ЕҚТА кадастрын және жануарлар дүниесі кадастрын
жүргізудің автоматтандырылған жүйелерін енгізу жолымен биологиялық
ресурстарды орнықты басқаруды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |