Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі


Орман ресурстарының басқару тиімділігін арттыру



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата13.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3986
1   2   3   4   5   6   7

Орман ресурстарының басқару тиімділігін арттыру 

Орман  ресурстарын  басқару  жүйесін  жетілдіру  ормандар  саласындағы 

уәкілетті  орган  мен  жергілікті  атқарушы  органдар  арасында  өкілеттіктерді 

оңтайлы дәрежеде аражігін ажыратып алуға құрылуға тиіс. Болашақта:  

Биоәртүрлілікті сақтауға бағдар ұстанған мемлекеттік орман саясаты мен 

орман басқару стратегиясын әзірлеу; 

Уәкілетті  органға  әртүрлі  нысаналы  мақсаттағы  қорғаныштық  орман 

өсіруді,  бүлінген  жерлердегі  орманды  қалпына  келтіруді  және  мемлекеттік 

орман қорынан тысқары жерлерде орналасқан аумақтардағы жасыл құрылысты 

бақылау, үйлестіру және басқару жөнінде өкілеттіктер беру; 


26 

 

Орман  қорғау  мекемелерінің  басшы  қызметкерлерінің  кадрлық 



тағайындауларын  келісімдеу  жолымен  ормандар  саласындағы  уәкілетті 

органның функциялары кеңейтілетін болады.  

Біздің  республикамызда  орман  шаруашылығын  жүргізу  тиімділігін 

арттыру  ең  алдымен  орман  шаруашылығын  жүргізудің  құқықтық  негіздерін 

жетілдіруге  сүйенуге  тиіс.  Орман  ресурстарын  басқару  тиімділігін  арттыру 

мақсатында: 

Басты аралық және өзге де мақсатта ағаш кесуді жүргізудің, негізгі орман 

құрайтын тұқымдылардың сандық, техникалық және экологиялық толысуының 

оңтайлы  жасын  белгілеудің  қолданыстағы  қағидаларына  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу; 

орман  орналастыру  әдістері  мен  технологияларын  жетілдіру  негізінде 

толассыз  орман  орналастыруға  көшу,  орман  қорының  ҒАЖ-мен  электрондық 

базасын құру, орман шаруашылығына ақпараттық технологияларды енгізу; 

есептілік  жүргізуді  автоматтандыру,  ҒАЖ  технологияларын  және  де 

басқа  да  электронды  құралдарын  орманшылық  деңгейінде  орман 

шаруашылығы өндірісіне енгізу; 

орман  кадастрын,  ЕҚТА  кадастрын  және  жануарлар  дүниесі  кадастрын 

жүргізудің  автоматтандырылған жүйелерін енгізу; 

белгіленген  есептік  кеспеағаш  шегінде  орнықты  орман  пайдалану  

қағидаттарын енгізу; 

Қазақстанның  Солтүстік  (жұмсақ  жапырақты  ормандар)  және  Шығыс 

өңірлерінде  пайдалану  мақсатындағы  ормандарды  бөліп  алу  қажеттігі  туралы 

негіздеме әзірлеу қажет.  

орман  ресурстарын  неғұрлым  толық  пайдалануды  және  оларды  терең 

өңдеуді ынталандыру мақсатында: 

1)  Қазақстанның  Солтүстік  (жұмсақ  жапырақты  ормандар)  және  Шығыс 

өңірлері  ормандарының  пайдалану  әлеуетін  бағалау  жүргізу  және  жаңа  Ағаш 

кесу  қағидаларының  негізінде  оларды  пайдалану  шарттары  бойынша,  оның 

ішінде концессия және мемлекеттік – жеке әріптестік шарттарымен ұсыныстар 

дайындау; 

2)

 

Концессиялық  қатынастар  мен  мемлекеттік  жеке  әріптестікті 



енгізуге  бағытталған  қолданыстағы  заңнамаға  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу, ормандарды орнықты түрде азайтып алмай пайдалану мақсатында ағаш 

кесу тәсілдері мен технологияларын жетілдіруге, инвестициялар және ағаш пен 

өзге де орман шикізатын терең өңдеу технологияларын енгізуге бағытталған; 

3)

 

Пайдалану  ормандарында  өнеркәсіптік  орман  пайдалануды 



ұйымдастыру,    ағашты  терең  өңдеу  өндірістерін  дамыту  және  экономиканың 

орман  секторына  инвестициялар  тарту  үшін  мемлекеттің  100%  қатысуымен 

ұлттық оператор компания құру қажет.  

Осы міндетке қол жеткізу арналған индикаторлар: 



27 

 

1.  2020  жылға  қарай  климаттың  өзгеруі  жағдайларында  басқару 



тиімділігін  арттыруға  бағдар  ұстанған  мемлекеттік  орман  саясаты  әзірленеді 

және бекітіледі. 

2. 2030 жылға қарай толассыз орман орналастыруға көшу жүргізіледі. 

3. 


2020 

жылға 


қарай 

орман 


ресурстары 

мониторингінің 

автоматтандырылған жүйесін құру аяқталады. 

4.  2020  жылға  қарай  пайдалану  мақсатындағы  ормандар  бөліп  алынып, 

мемлекеттік ұлттық оператор-компания құрылады. 

5.  2020  жылға  қарай  басты  мақсатта  пайдалану  бойынша  кеспеағаш 

қорын игеру - 30%, 2030 жылға қарай 100% жеткізіледі.  

6.  2020  жылға  қарай  орман  сертификациясы  жүйесі  ұйымдастырылады. 

2030  жылға  қарай  орман  пайдаланушыларды  сертификациялау  қамтамасыз 

етіледі.  

 

Климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары  

Орман экожүйелерін сақтау саласындағы іс-шаралар: 

1)  экожүйелердің  эталондық  және  бірегей  учаскелерін  сақтау  жөніндегі 

іс-шаралар; 

2) бүлінген табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар; 

3)  табиғи  және  антропогендік  элементтерді  ұштастыруды  оңтайландыру 

жөніндегі іс-шаралар; 

4) жануарлар мен өсімдіктердің синантроптық түрлерінің санын бақылау 

жөніндегі,  сондай-ақ  жергілікті  түрлерге  жауыздықпен  қарайтын  бөтен  текті 

түрлердің таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар; 

5)  мониторинг  деректерінің  негізінде  шешімдерді  жедел  қабылдау 

тетіктерін дамыту және оларды басқару циклына енгізу; 

6)  микроклиматтық  өлшемдерді  ескере  отырып,  климаттың  өзгеруінің 

экожүйелерге әсер ету тетіктерін анықтау; 

7)  осал  экожүйелердің  және  флора  мен  фаунаның  индикаторлық 

түрлерінің үрдісіне қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасау; 

8)  жойылып  кету  қауіпі  төнген  таралымдардың,  түрлердің  және 

қауымдастықтардың өмір сүруі үшін тәуекел дәрежесін бағалау; 

9) жекелеген ресурстық түрлер мен экожүйелерді ұтымды түрде тауысып 

алмай пайдалану сызбаларын әзірлеу; 

10)  климаттық  өлшемдердің  өзгеруін  ескере  отырып,  биоресурстар  мен 

биоәртүрлілікті есепке алудың дәстүрлі жүйелерін түзету. 

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1. 2030 жылға қарай республика аумағы толық қамтылған мониторингпен 

болжам жасау жүйесі құрылады.  

2. 2020 жылға қарай республиканың  әртүрлі климаттық аймақтары үшін 

орман  екпелерін  құрудың  тұқымдылардың  түр-түрі  және  технологиялар 

бойынша ұсыныстар әзірленеді. 



 

28 

 

1.2.2 Жануарлар дүниесі ресурстары 



 

Жануарлар  дүниесі  ресурстарын  қорғауды,  өсімін  молайтуды  және 

орнықты пайдалануды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету 

Қолданыстағы  заңнамалық  және  басқа  да  нормативтік-құқықтық 

актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен нормативтік-құқықтық 

базаны жетілдіру, жаңа актілер әзірлеу, жануарлар дүниесі саласындағы басым 

міндет  болып  табылады.  Бұл  қорғау  мен  өсімін  молайтуға  да,  аңшылық 

саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін де жайлы жағдайлар жасайды.  

Негізгі іс-шараларға мыналар жатады: 

қолданыстағы  актілерге  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  және  жаңа 

нормативтік-құқықтық  актілер  әзірлеу  жолымен  жануарлар  дүниесі 

ресурстарын  қорғауды,  өсімін  молайтуды  және  орнықты  пайдалануды 

қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; 

әлеуметтік 

бағдар 

ұстанған 



аңшылық 

ісін 


пайдаланушыларға 

(аңшылардың 

әртүрлі 

бірлестіктері) 

бекітіп 

берілетін 

аңшылық 

шаруашылықтарының үлесін айқындауды көздейтін аңшылық шаруашылығын 

орнықты  жүргізу,  тұяқты  жануарларды,  ірі  жыртқыштарды  және  басқа  да 

аңшылық 


жануарларды 

қоспағанда 

аңшылық 

ісін 


пайдаланушыға 

жануарлардың оңай қалпына келетін және саны көп түрлерін олжалау көлемін 

айқындау құқығын бере отырып, жабайы жануарларды олжалау лимитін бөлу, 

аңшылық ісін пайдаланушылардың құқықтарын қорғау саласында нормативтік-

құқықтық  базаны  күшейту  және  залалдарды  өтеу  мен  тіркеу  реті  бойынша 

аңшылық  ісін  пайдалану  құқығы,  аңшылық  түрлерді  және  олар  мекендейтін 

орындарды  қорғау,  қалпына  келтіру  және  орнықты  пайдалану  жөніндегі 

аңшылық  шаруашылықтары  қызметінің  тиімділігін  бағалау  үшін  оларды 

міндетті  түрде  аттестаттау  (қайта  аттестаттау)  тәртібін  айқындау,  маркалар 

енгізу  мен  шарттарды  тіркеу  жолымен  тұяқты  жануарларды  олжалауға 

рұқсаттар беру тәртібін қайта қарау, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін аңшылық 

шаруашылықтарының жер учаскелерін алып қою кезінде өтемақы төлеу тәртібі 

және залалдарды өтеу мен аңшылық шаруашылығын жүргізудің экономикалық 

тетіктерін белгілеу және басқа да іс-шаралар. 

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1.

 



2020  жылға  қарай  қолданыстағы  нормативтік-құқықтық  актілер 

қайта  қаралып,  жаңа  нормативтік-құқықтық  актілер  қабылданады  («Аң  аулау 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және басқалар).  

 

Жануарлар  дүниесі  ресурстарын  қорғауды,  өсімін  молайтуды  және 



ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

Жануарлар  дүниесі  ресурстарын  қорғауды  және  өсімін  молайтуды  және 

ұтымды  пайдалануды  қамтамасыз  ету  мақсатында  мемлекеттік  басқарудың 

тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттерді шешу кезінде: 



29 

 

Жануарлар  дүниесі  нысандарының  пайдаланылуын  қорғау  мен 



бақылаудың тиімді, техникамен жарақтандырылған жүйесін құруды; 

Жануарлар  дүниесі  ресурстарын  ғылыми  негізделген,  тиімді  пайдалану 

мен  қорғауды,  сирек  кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген  жануарлар 

түрлерін сақтауды қамтамасыз ету; 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабын  жүргізудің  жүйелілігін 

қамтамасыз ету және оны жүргізудің жетілдірілген, ықшамдалған халықаралық 

көзқарастары  негізінде  Қызыл  кітаптың  жүйелі  түрде  жаңартылып  отыруын 

қамтамасыз ету; 

сирек  кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген  жануарлар  түрлерін 

сақтаудың жекелеген түрлік стратегиясын әзірлеу және іске асыру; 

 сирек  кездесетін  жануарлар  түрлерінің  санын  арттыру  мақсатында 

арнайы биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде қоныс аудару 

бағдарламаларын іске асыру; 

 сирек кездесетін жануарлар түрлерін қолда өсіру және сақтау үшін, оның 

ішінде  қамалған  және  тәркіленген  жануарларды  құтқару  үшін  меншік 

нысандары  әртүрлі  питомниктер  желісін  кеңейту  мен  нығайтуды  қамтамасыз 

ету,  сондай-ақ  оларды  жекелеген  түрлерді  реинтродукциялау  және  қоныс 

аудару жөніндегі бағдарламаларға енгізу; 

әзірленген  түрлік  стратегиялардың  негізінде  Қазақстанның  жабайы 

табиғатынан  жойылып  кеткен  түрлерді  (жолбарыс,  Прежевальский  жылқысы 

және басқалар) қалпына келтіру жөнінде арнайы іс-шараларды жүзеге асыру; 

сирек  кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген  жануарлар  түрлерін 

қоса  алғанда,  азаматтардың  денсаулығына  қатер  төндіретін,  ауыл 

шаруашылығы  мен  түрдің  сан  алуандылығына    нұқсан  келтіретін  жабайы 

жануарлардың ауруларын анықтау, олардың  мониторингі және  олардың пайда 

болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; 

ел  фаунасына  жат  түрлерді  анықтау,  олардың  мониторингі  және  олар 

келтіретін нұқсанды болдырмау жөнінде іс-шараларын жүзеге асыруды; 

аумақтық  жоспарлау  кезінде,  әсіресе  жергілікті  деңгейде  таралу 

аймақтары шегінде сирек кездесетін жануарлар түрлерінің мекендеу орындары 

жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз етуді; 

сирек кездесетін жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеуді; 

сирек  кездесетін  жануарлар  түрлерін  анықтауда  және  жіктеуге,  олардың 

жай-күйін  бағалауға  және  оларды  қорғаудың  басымдықтарын  айқындауға 

арналған санаттар мен өлшемдердің ықшамдалған жүйесін әзірлеуді; 

сирек  кездесетін  жануарлар  түрлері  санының  үрдісінің  лимиттеуші 

факторлары мен себептерін анықтауды; 

сирек  кездесетін  жануарлар  түрлерін  жасанды  жағдайларда  және  табиғи 

мекендеу ортасында сақтау технологияларын әзірлеуді; 

сирек  кездесетін  жануарлар  түрлерінің  басты  мекендеу  орындарын 

түгендеудің,  олардың  жай-күйіне  мониторинг  жүргізудің,  деректер  жинау, 

өңдеу  және  талдау  жүйесінің  ғылыми  әдістемелік  негіздерін  әзірлеуді,  сирек 



30 

 

кездесетін  жануарлар  түрлері  мен  олардың  мекендеу  орындары  бойынша 



деректер  базасы  мен  ақпараттық  жүйе,  сондай-ақ  ақпараттық-талдау  жүйесін  

құруды;   

 өндірістік  процесстерді  жүзеге  асыру,  көлік  магистральдарын  құбыр 

жүйелерін және байланыс пен электр қуатын тарту желілерін пайдалану кезінде 

жануарлар  дүниесі  нысандарының  өлімін  болдырмау  жөніндегі  шараларды 

көздейтін технологияларды көздейтін; 

рекреациялық мақсаттарда жануарлар дүниесі нысандарын пайдалануды; 

жануарлар  дүниесі  ресурстарын  экономикалық  бағалау  әдістерін 

әзірлеуді және оларды практикаға енгізуді;  

жануарлар  дүниесі  нысандарын  сақтау,  өсімін  молайту  және  қорғау 

жөніндегі  іс-шараларды  қамтамасыз  ету  үшін,  сондай-ақ  аң  аулау  мен 

жануарлар  дүниесі  нысандарының  тыныс-тіршілігі  өнімдерін  дайындау  мен 

өңдеу жөніндегі өндірістер жүйесін құруға инвестициялар тартуды; 

тірі табиғат компоненттерін қорғау жүйесін тиімді қамтамасыз  ету үшін 

жануарлар  дүниесін  барлық  нысандарын  қорғау  мен  пайдалану  және  олардың 

мекендеу ортасы саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қадағалау 

жүйесін жетілдіруді; 

тиімді  ведомствоаралық  өзара  іс-қимылды  және  жануарлар  дүниесі 

саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік билік 

органдары арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуді; 

субсидиялар  беру,  мемлекеттік  емес  экологиялық  қорлар  және  т.б.  құру 

арқылы  жануарлар  дүниесі  нысандарын  сақтау  жөніндегі  қызметті 

қаржыландыру жүйесін жетілдіруді; 

 сирек  кездесетін  жануарлар  түрлерін  сақтауға  қоғамның  мүдделілігін 

қалыптастыру,  заңды  тұлғалардың  әртүрлі  санаттары,  жеке  кәсіпкерлер  мен 

азаматтар  арасында  сирек  кездесетін  жануарлар  түрлерінің  экологиялық, 

экономикалық және мәдени құндылығын насихаттауды; 

сирек кездесетін жануарлар түрлері мен олардың мекендеу орындарының 

жай-күйі  туралы,  сондай-ақ  оларды  қорғау  мен  өсімін  молайту  бойынша 

қолданып  жат  қан  шаралар  туралы  ақпараттың  бүкпесіз  болуын  қамтамасыз 

етуді ескеруі қажет.  

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1.  2020  жылға  қарай  келіп  түсетін  мәліметтерді  жедел  жинау  мен 

талдауды және кейіннен осы деректердің мүдделі тұлғаларға берілуін көздейтін 

көп  деңгейлі  ақпараттық  жүйе  форматында  жануарлардың  барлық  түрінің 

мониторингін  жүзеге  асыратын,  кадастрын  жүргізетін  бірыңғай  орталық 

құрылды. 

2.  2020  жылға  қарай  Жабайы  жануарлардың  қоныс  аудару  орталығы 

құрылды.  

3.  2025  жылға  қарай  Қазақстан  Республикасы  жануарлар  дүниесі 

нысандарын  тұрақтандыру  және  орнықты  басқару  үшін  қажетті  жағдайлар 

жасалды.  



31 

 

 



Аңшылық ісін пайдалануды орнықты негізде ұйымдастыру 

Аңшылық  шаруашылығы  ұйымдары  бекітіліп  берілген  аумақтарда 

жануарлар  дүниесі,  оның  ішінде  сирек  кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі 

төнген  жануарлар түрлері бойынша қорғау және өсімін молайту  іс-шараларын 

жүзеге  асырады.  Аңшылық  шаруашылықтарында  құрылатын  өсімін  молайту 

учаскелері  Қазақстанда  жануарлар  дүниесін  және  оның  мекендеу  ортасын 

қорғауда  елеулі  рөл  атқаруы  мүмкін.  Осы  учаскелердің  алқабы 

шаруашылықтың  жалпы  алқабының  кемінде  10%  құрауға  және  жануарларға 

неғұрлым қолайлы жақсы қорғаныштық және жем-шөптік жағдайлары бар жер 

алқаптарын  қамтуға  тиіс.  Күшейтілген  күзет  биотехникалық  іс-шаралар 

кешенімен  ұштаса  келіп,  кейіннен  бүкіл  шаруашылыққа  қоныстандыру  үшін 

жануарлардың өсімін молайтуға арналған резерват құруға мүмкіндік береді. 

Аңшылық  ісін  орнықты  негізде  пайдалануды  Қазақстанның  табиғи 

байлығын  тауысып  алмай,  пайдалануға  қолдау  көрсету  және  экожүйелік 

қызметтер  тасқынын  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтар  үшін  сақтауға  қолдау 

білдіру  тұрғысынан  қарастыру  керек.  Қамтамасыз  ету  тұрпатындағы  дәстүрлі 

аңшылық  ісін  пайдаланудан  оның  өзгешелігі  сонда,  аңшылық  ісін  орнықты 

пайдалану  экожүйелік  қызметтердің  барлық  тұрпатының:  қолдау,  реттеу  және 

мәдени тұрпаттарының тасқынын сақтаудың маңыздылығын ескереді.  

Жабайы  табиғаттың  тірі  ресурстарын  орнықты  пайдалану  жөніндегі 

практикалық ұсыныстар мына қағидаттарды ескере отырып, негізделген: 

-  экологиялық  қағидаттар,  оларға  сәйкес  аңшылық  ісін  пайдаланудың 

мақсаты  жабайы  табиғаттың  тіршілік  ету  орындарын  сақтау  және  жақсарту 

болып табылады; 

-  аңшылық  ісін  пайдалану  әдістері  қорғау  мен  пайдалану  арқылы 

аңшылық жануарлардың алуан түрлілігін сақтау мен көбейтуге кепілдік беруге 

тиіс; 

-  аңшылық  жануарлардың  табиғи  генетикалық  алуан  түрлілігі  аңшылық 



ісін пайдаланудың тиісті әдістерімен қорғануға және ынталандыруға тиіс; 

-  экономикалық  қағидаттар,  оларға  сәйкес  аңшылық  ісін  пайдалану 

мақсаттағы оның табыстылығын нығайту және арттыру; 

- жабайы аң-құстың жақсы жай-күйін сақтау және ынталандыру; 

-  ауыл  шаруашылығы  мен  орман  шаруашылығына  залал  келуіне  жол 

бермеу; 


-  экономиканың  басқа  да  салаларымен  бірлескен  іс-қимыл  жасау  болып 

табылады; 

-  әлеуметтік-мәдени  қағидаттар,  олар  аумақтарды  аңшылық  мақсатта 

пайдалануды аңшылардың барлық топтарының мүдделерін есепке алуға; 

-  аңшылық  ісін  пайдалануда  жергілікті  жердегі  жұмыспен  қамтуды 

қамтамасыз ету мақсатының болуына; 

- аң аулауды халықтың кеңінен қолдауына; 

- жабайы аң-құстың игілігін сақтауға; 



32 

 

- табиғи жағдайларда жануарлардың өсімін молайтуда; 



-  аңшылық  ісін  орнықты  пайдалану  тәсілі  ретінде  аңшылық  дәстүрлерді 

сақтауға бағдар ұстанған. 

 Аңшылық  ісін  орнықты  пайдаланудың    аса  маңызды  міндеттеріне 

мыналар жатады: 

1)  табиғи  капиталдың,  елдер  мен  өңірлер  тұрақтылығы  капиталының 

маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде  аң  аулау  процессінде  қолданылатын 

экожүйелік қызметтерді анықтау және бағалау; 

2)  аңшылық  ресурстарының    қауіпті  дәрежеде  ықтимал  сарқылуына 

аумақтық тұрғыда нақты және  уақтылы баға беру, сондай-ақ тиісті деректерді 

аумақтық  аңшылық  ісін  ұйымдастыру  құжаттарында,  инвестициялық 

жобаларда және т.б. көрсету; 

3) экожүйелік қызметтерді пайдалану есебінен алынатын қаражаттың бір 

бөлігін  олардың  көздері  –  аңшылық  ісін  пайдалану  объектілерін  сақтауға 

қайтарудың нарықтық тетіктерін жасау; 

4)  аңшылық  ісін  пайдалану  саласында  экожүйелік  қызметтер 

мониторингінің жүйесін әзірлеу; 

5)  аңшылық  ісін  пайдаланудың  статистикалық  көрсеткіштерінің  жаңа 

міндеттерге баламалы жүйесін әзірлеу; 

6)    аңшылық  ресурстарының  жекелеген  түрлерінің  санын  арттыру 

жөніндегі  қызметті  қаржыландыруға  жеке  инвестициялар  тарту  және  олардың 

мекендеу ортасын сақтау үшін жайлы орта жасау. 

Салықтық  ынталандыру  шараларының  жүйесін  әзірлеу  және  іске  асыру, 

тікелей бюджеттік дотациялары; 

7)  отандық  аңшылық  ісін  пайдаланушылар  институтын  дамытуға 

бағытталған аңшылық шаруашылығы келісімдерінің мәнін және оларды жасасу 

тәртібін реттейтін нормаларды жетілдіру; 

10)

  аңшылық  ісін  пайдалану  тиімділігінің  көрсеткіштерін  анықтау  және 



аңшылық шаруашылықтарын басқару тиімділігін бағалау; 

11)


  шаруашылықішілік  аңшылық  ісін  ұйымдастыруды  жүргізу  жөніндегі 

қызметті  жүзеге  асыратын  өзін-өзі  реттеп  отыратын  ұйымдар  құру 

мүмкіндіктерін бекіту. 

Жаңа  ғылыми  негізде  10  жылда  бір  рет  аңшылық  шаруашылықтарын, 

жалпы  пайдаланылатын  жер  алқаптарын  және  аңшылық  ісін  пайдаланудың 

басқа  да  түрлерін  аңшылық  ісін  ұйымдастыру  мақсатында  жобалау  сапасын 

арттыру; 

10) аңшылық ісін пайдалану және жануарлар дүниесі туралы білімдермен 

аңшылық  минимумының  талаптарын  оқыту  жүйесінде  қоғамдық  аңшылық 

ұйымдардың рөлін айқындау; 

11)  осы  салаға  қатысты  мемлекеттік  бақылауды  (қадағалауды)  нығайту, 

сондай-ақ  аңшылық  ісін  пайдаланушылардың  штаттары  қызметкерлеріне 

бақылау бойынша бірқатар мемлекеттік өкілеттіктер беру; 


33 

 

12)  өсірілген  жануарларды  аңшылық  алқаптарға  қоныстандыру 



мақсатында аңшылық жануарларын өсіруге арналған орталықтар құру; 

13) сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген жануарлар түрлері 

мен  аңшылық  ресурстарының  мониторингін  жүргізуді  мемлекеттік  тұрғыда 

қамтамасыз етуге көзқарасты жетілдіру; 

14) сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген жануарлар түрлері 

мен  аңшылық  ресурстарының  мониторингін  жүргізу  саласында  нормативтік-

құқықтық база жасау; 

15) сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген жануарлар түрлері 

мен  аңшылық  ресурстарының  мониторингін  жүргізу  бойынша  ықшамдалған 

әдістемелік ұсыныстар әзірлеу; 

16) сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген жануарлар түрлері 

мен  аңшылық  ресурстарының  есебі  мен  кадастрын  жүргізуді  мемлекеттік 

тұрғыда қамтамасыз етуге көзқарасты жетілдіру; 

17) аңшылар даярлау үшін курстар ұйымдастыру. 

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1.

 



2025  жылға  қарай  аң  аулау  процессінде  тұтынылатын  экожүйелік 

қызметтердің түрлері анықталып, оларға баға берілді; 

2.  2025  жылға  қарай  аңшылық  ресурстарының  жекелеген  түрлерінің 

санын арттыру жөніндегі қызметті қаржыландыруға жеке инвестициялар тарту  

және олардың мекендеу ортасын сақтау үшін жайлы орта жасалды; 

3. 2020 жылға қарай аңшылық ісін пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері 

анықталды  және  аңшылық  шаруашылықтарын  басқару  тиімділігіне  баға 

берілді; 

4.  2020  жылға  қарай  аңшылық  ресурстарының  мониторингін  жүргізудің 

мемлекеттік тұрғыдан қамтамасыз етуге көзқарас жетілдірілді. 

 

 

      1.2.3 Балық ресурстары 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет