Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата13.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3986
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы 

    Үкіметінің      

2014 жылғы «    »                                                                 

             №        қаулысымен  

                     бекітілген 

 

 

Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен 

дамытудың 2030 жылға дейінгі  

Тұжырымдамасы 

 

 



1.  Биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  мен  орнықты  пайдаланудың 

мән-жайы. 

Осы  Тұжырымдама  Қазақстан  Республикасының  2030  жылға  дейінгі 

биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың пайымын анықтайды. 

Осы  Тұжырымдамамен  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  түрлерінің 

қысқаруын  болдырмау,  сирек  кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген 

түрлердің  санын  қалпына  келтіру,  түрлердің,  қауымдастықтардың  және 

түрлердің  генетикалық  саналуандығын,  қауымдастықтар  мен  экологиялық 

жүйелерді  сақтау  жолымен  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау,  ұзақ  мерзімді 

перспективада биологиялық әр түрлілікті ұтымды және тауыспай пайдалануды 

қамтамасыз  етуге  және  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтардың  экономикалық, 

эстетикалық және өзге де қажеттіліктердің қанағаттандыруға мүмкіндік беретін 

биологиялық 

ресурстарды 

орнықты 


пайдалануын 

қамтамасыз 

етуі 

болжадалады.  



 

1. Ағымдағы жағдайды талдау 

 

1.1.

 

Биологиялық әртүрлілік 

Флора  түрлерінің  сан  алуандығы.  Қазақстан  флорасы  бірқатар 

бағалаулар  бойынша  13 000-нан  астам  түрді,  оның  ішінде  биік  сабақты 

тамырлы  өсімдіктердің  5754-тен  астам  түрін,  саңырауқұлақтардың  5000-ға 

жуық,  қыналардың  –  485,  балдырлардың  –  2000-ға  жуық,  мүк  тәрізділердің  – 

500-ге жуық түрін қамтиды. Өсімдіктер арасында түрлердің 14%-ы эндемиктер 

болып табылады.  

Қазақстан өсімдіктері тым алуан түрлі. Негізгілердің ішінде  – Еуразияда 

кеңінен таралған өсімдіктер түрлері бар. Ең көп алқапты өсімдіктердің далада 

және  шөлде  өсетін  түрлері  алып  жатыр.  Олардан  басқа  Тундрада, 

шабындықтарда,  ормандарда,  бұталарда  және  батпақты  жерлерде  кездесетін 

түрлер  тән.  Орта  Азияның  шөлейт  өңірлерімен  байланысты  сирек  кездесетін 

өзіндік  ерекшелігі  бар  түрлер  арасында  арша  жыңғылдарын,  умбелярларды, 

саванналық,  фриганоидты  (тікенек  бұталы  және  жусанды-тау)  түрлерді,  ал 


 

континентальдық  Азия  тауларымен  байланысты  –  криофитті  –  жастықшалы 



түрлерді атау керек. 

Қазақстанда  флора  эндемизімінің  орталықтары  (Қаратау  таулары,  Батыс 

Тянь-Шань)  бірегей  табиғи  кешендері  -    құмдардағы  қарағай  тоғайлары  (Ара 

және  Аманқарағай,  Наурызым);  Орталық  Қазақстанның  аласа  жоталарының 

далалық кешендері; Бетпақдаланың, Оңтүстік Балқаш өңірінің  Іле  ойпатының; 

Оңтүстік  Алтайдың,  Қалба  тауларының  және  Тарбағатайдың,  Жоңғар 

Алатауының  орташа  тау  жоталарының  флоралық  композициясы  бойынша 

бірегей  шөл  қауымдастықтары  және  қылқан  жапырақты  шыршалы  ормандары 

мен алма ормандарының үзіктері бар Тянь-Шанның осындай қауымдастықтағы; 

Жайықтың  төменгі  саласының  Торғай  үстіртінің,  теңіз,  Алакөл  көлдерінің 

сулы-батпақты  экожүйелері;  Сырдарияның,  Іленің,  Шарынның  жайылма 

ормандары (тоғайлары) орналасқан.  

Ормандар  өсімдіктерінің  қауымдастықтары  ағаш  тұқымдыларының  кең 

көлемді түр құрамын қамтиды – олардың 108 түрі мен бұталардың 310 түрі бар. 

Республиканың  солтүстігіндегі  қылқан  жапырақты  ормандар  қарағайлы 

ормандар  болып  келеді,  Шығыста  және  Оңтүстік  Шығыста  майқарағай, 

балқарағай,  самырсын,  шырша  ағаштарынан  тұратын  ормандар  өседі.  Жұмсақ 

жапырақты  тұқымдылар  арасында  бәрінен  де  қайың,  қатты  жапырақты 

тұқымдыларда  –  сексеуіл  кең  тараған.  Орман  –  дала  аймағындағы  ормандар 

орман  көмкермеген  учаскелерде  далаға  айналған  шабындықтар  мен 

шабындығы  жайқалған  далалар  кездесетін  көктерек  пен  талдар  араласқан  - 

негізінен  қайың  шоқ  тоғайлары  өседі.  Далалы  аймақта  ормандар  ойпатты 

жерлерде  орналасқан  және  қайың  мен  көктерек  ормандары,  ал  құмайтты 

жерлерде  –  негізінен  қарағай  тоғайлары  өседі.  Қазақстанда  жайылма 

ормандарда  теректер,  емендер,  үйеңкілер,  талдар  және  басқа  да  ағаштардан 

тұрады. Шөлейтті ормандарда негізінен қара және ақ сексеуіл өседі. Алтайдың 

Сауырдың,  Солтүстік  Тянь-Шанның,  Жоңғар  Алатауының,  Батыс  Тянь-

Шанның  таулы  ормандары  жоғары  деңгейдегі  биологиялық  әртүрлілікпен 

сипатталады. Осы таулардың төменгі жиегінде жапырақты ормандар өседі, орта 

тау жоталарының қылқан жапырақты ормандар – самырсындар, балқарағайлар, 

шыршалар,  жапырақты  ағаштар  алып  жатыр.  Биіктеген  сайын  аршалар  мен 

Альпі шабындықтары көбейеді.  

Қазақстанда  ғаламдық  маңызы  бар  өсімдіктердің  агробиологиялық 

әртүрлілігінің  бірегей  генетикалық  ресурстары  шоғырланған.  Олар  24 

ауылшаруашылығы  дақылдарының  генетикалық  әлеуетін  айқындайтын 

өсімдіктердің  194  түрін  қамтиды.  Олардың  бірқатары  ауыл  шаруашылығын 

дамыту  үшін  де  –  экспорттық  әлеуетті  кеңейту  үшін  де  елеулі  құндылықты 

құрайды.  

Жемістердің  аграрлық-биологиялық  әртүрлілігі,  ең  алдымен  жабайы 

Сиверс алмасының (Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.) және кәдімгі сары өріктің 



(Armeniaca  vulgaris  Lam.)  әртүрлілігі  дүниежүзіне  танымал  болды.  Олар  Батыс 

Тянь-Шанның,  Қаратауды,  Қырғыз  Алатауының,  Іле  Алтауының,  Кентменнің, 



 

Жоңғар Алатауының және Тарбағатайдың таулы ормандарында өседі. Сондай-



ақ, нағыз пістенің (Pistacia vera L.), кәдімгі бадамның (Amygdalus communis L.) 

және  шараптық  жүзімнің  (Vitis  vinifera  L.).  Қазақстандық  генетикалық 

ресурстары зор, ең алдымен экономикалық перспективамен сипатталады.  

Фауна  түрлерінің  сан  алуандығы.    Қазақстанның  қазіргі  фаунасы  бай 

және аз зерттелген. Болжаммен алғанда осында омыртқасыз жануарлардың кем 

дегенде  80 000  түрі,  оның  ішінде  жәндіктердің  кемінде  50 000  түрі 

мекендейтінін  айтсақ  та  жеткілікті.  Қазіргі  кезде  Қазақстан  фаунасында 

кездесетін  жәндіктердің  550  тұқымдыларының  100-ге  жуығы  ғана  белгілі  бір 

дәрежеде  зерттелген  және  анықталған  түр  құрамы  40%-дан  аспайды. 

Омыртқасыздардың  көптеген  басқа  сыныптары  үшін  тіпті  ел  аумағында 

кездесетін  түрлердің  бастапқы  тізімдері  де  жоқ.  Нақ  қазіргі  сәтте  әртүрлі 

дәрежеде 

зерттелген 

және 

әртүрлі 


деңгейде 

қорғалатын 

немесе 

пайдаланылатын 890 түрді қамтитын омыртқалы жануарларға қатысты жағдай 



әлдеқайда жақсы.  

1 кесте 

Қазақстанның омыртқалы жануарлар түрлерінің саны  

 

 



Тобы   

Түрлерінің саны 

Жалпы   

Қазақстанның 

Қызыл 

кітабына 



енгізілгендері  

ХТҚО Қызыл 

тізіміне 

енгізілгендері  

Аңшылық 

түрлері  

Дөңгелек 

ауыздылар 





 

Балықтар  

147 

17 


15 

 

Қос мекенділер 



12 



 

Бауырымен 

жорғалаушылар 

50 


10 

 



Құстар  

500 


57 

32 


59 

Сүтқоректілер   

178 

40 


31 

34 


 

  

 



 

Қазақстан  Еуразияның  басқа  елдерінде  қазірдің  өзінде  іс  жүзінде 

жойылған,  сақталып  қалған  далалық  экожүйелердің  орасан  зор  кеңістігіне  ие 

екенін,  осының  арқасында  далалық  түрлер  таралымының  көпшілік  бөлігі  міне 

осында  баспана  тапқанын  атап  өту  керек.  Олар:  киік  (Saiga  tatarica),  суыр 

(Marmota bobac), дала тышқаны (Sicista subtilis), бірқатар тышқан тұқымдастар 

сияқты  және  де  басқа  да  ғаламдық  деңгейде  қатер  төнген  түрлер,  құстардан: 

ақсұңқар  (Circus  macrourus),  (Chettusia  gregaria),  степная  тиркушка  (Glareola 



nordmanni), ақбас үйрек (Oxyura leucocephala) және де бірқатар құстар.    

 

Республика  аумағында  үй  жануарлардың  жабайы  тектеріне  жатқызатын 



омыртқалылардың түрлері мекендейді, сүтқоректілерден олар – буфлон немесе 

 

уриал (Ovis vignei), арқар (О.аттоп), қабан (Sus scrofa), құлан (Equus hemionus)



қасқыр  (C.lupus),  теңбіл  мысық  (Felis  lybica)  және  басқа  бірқатар  жануарлар. 

Құстар  арасында  бұл  ең  алдымен  барылдауық  (Anas  platyrhynchos),  сұр  қаз 

(Anser anser), бөдене (Coturnix coturnix) және басқалары.  

 

Әртүрлі  селекциялық  жұмыстарда  генетикалық  банк  көзі  ретінде 



Қазақстан  фаунасының  рөлі  зор  «арқар-миринос»  қойлары  тұқымын  алу 

генетикалық  материалды  ойдағыдай  пайдалану  мысалдарының  бірі  болып 

табылады, оны алу кезінде жабайы арқарлар пайдаланылды. 

 

Қос  мекенділер  мен  бауырымен  жорғалаушылардан  генетикалық  ресурс 



ретінде ең алдымен улы жыландардың түрлері: дала жыланы мен кәдімгі жылан 

Coluber,  Spalerosophis  және  Elaphe,  сондай-ақ  дәстүрлі  шығыс  медицинасында 

пайдаланылатын:  жетісу  бақатісі  (Ranodon  sibiricus),  шығыс  әбжыланы  (Еrух 



tataricus)  және  басқалары  (Vipera  ursinu,  V.berus,  и  Arkistrodon  halys)  текті 

кесірткелер  Teratoscincus,  Crossobamon,  Alsophylax,  Trapelus,  Phrynocephalus, 



Ablepharus  және  Eremias  түрлері  экзотикалық  түрлер  ретінде  өсіруге  және 

экспорттауға бөліп алынады. Экспорттың маңызды көзі болып табылатын Орта 

Азия  тасбақасы  (Agrionemys  horsfieldi),  бауырымен  жорғалаушыларға  деген 

коммерциялық сұранымының мысалы бола алады.  

 

Қазақстанның  балықтары  мен  балық  тәрізділерінің  жалпы  саны  соңғы 



бағалауларға  сәйкес  145  түрге  жуық,  алайда  осы  бағалаудың  өзі,  сірә, 

қуаттауды  қажет  ететін  болар.  Ерекше  экологиялық,  ғылыми  және  мәдени 

маңызы  бар  Қоршаған  ортаны  қорғау  объектілерінің  тізбесіне  балықтар  мен 

балық тәрізділердің 19 түрі енгізілген. Қазақстан су айдындарының кәсіпшілік 

ихтиофаунасы  көпшілік  жағдайда  климатқа  бейімделген  түрлерден  тұрады. 

Әуел  бастан-ақ,  аборигендік  ихтиофауналар  Қазақстанда  100-ден  аса 

қоймайтын  түрден  тұратын,  бірақ  климатқа  бейімдеу  жұмыстары  есебінен 

біршама молайды (кездейсоқ қоныс аударушыларды қоса алғанда).   Балықтар 

мен  дөңгелек  ауыздардың  бүкіл  түр  сан  алуандылығы  ішінен  қазіргі  кезде 

будандарды  қоса  алғанда  жасанды  жолмен  шамамен  5-8  түрі  өсіріледі.  Олар 

Каспийдегі  бекіре  тұқымдылар  (Acipenseridae),  Солтүстік  және  Шығыс 

Қазақстандағы  ақ  сақалар  (Coregonidae),  Қиыр  Шығыс  шөппен  қоректенетін 

балықтар  (ақ  Амур  -  Ctenopharyngodon  idella  -  және  дөң  маңдайлар  - 

Hypophthalmichthys  molitrix,  Aristichthys  nobilis)  негізінен  Оңтүстік  өңірлерде 

кездеседі,  тұқы  тұқымдастар  (Сyprinus  carpio),  сондай-ақ  басқа  да  будандар  іс 

жүзінде барлық жерлерде бірдей мекендейді. 

 

Май  шабақ  тәрізділер  (Clupeidae),  слан  (Stenodus  l.nelma),  ақ  балық 



(S.l.leucivhthys), хариус (Thymalus arcticus), албырт (Huso taimen), шортан (Esox 

lucius),  Каспий  қаракөзі  (Rutilus  rutilus  caspius),  кутум  (R.frisii),  оңғақ  (Tinea 

tinea),  қаяз  (Barbus  brachycephalus  и  В.capita),  қара  балық  (Schizothorax  spp.), 

балқаш алабұғасы (Perca schrenkx). Генетикалық  балық шаруашылығы ресурсы 

ретінде қызығушылық туғызады.  

 

Аквариумда  өсіру  объектілері  ретінде  Қазақстан  ихтиофаунасы 



түрлерінің арасында ең алдымен эндемикалық және субэндемикалық нысандар 

 

кездесетін  тұқы  (Cyprinidae)  және  шырма  (Cobitidae)  балықтарының  ұсақ 



түрлері  қызықты.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Noemacheilus  conipterus,  N.strauchi, 

N.kuschakewichi және т.б.) тегінің Оңтүстік Шығыс Азиялық өкілдеріне барабар 

гольян  Acanthophthalmus  балықтарының  лимофильдік  эндемикалық  (Phoxinus 



brachyurus, 

Ph.poljakowi, 

Ph.percnunis 

ignatowi

түрлері 


барынша 

қызықтыратыны  сөзсіз.  Оңғақ  (Tinea  tinea)    пен  тегінің  шаншар  Pungitius 

балықтарының осы топқа жатуы әбден мүмкін.  

 

Қазақстан су айдындарындағы балықтардың эндемикалық түрлері бірегей 



генетикалық  материал  болып  табылады,  одан  айырылып  қалу  экологиялық 

апатпен бірдей бағаланады, көптеген эндемикалық түрлер кәсіпшілік түрлерге 

жатады,  кейбір  түрлері  таңсық  астар  ретінде  пайдаланылады.  Бұл  орайда, 

эндемикалық түрлердің көпшілігі ҚР Қызыл кітабына енгізілген. 

 

Осыған  байланысты  эндемиктерді  балықтар  тобына  қосу  бағытының 



келешегі  зор.  Аборигендік  және  эндемикалық  түрлерді  жасанды  түрге 

молықтырудың  ғылыми-практикалық  әлеуеті  жоғары,  тақырыбы  аса  өзекті. 

Аборигендік  және  эндемикалық  түрлер  балықтарын  өсіруді  дамыту  оларды 

жабайы таралымдарына антропогендік қысымды төмендетуге мүмкіндік береді, 

түрлерді байырғы мекендеу орындарына қайта қоныстандыру мүмкіндігі пайда 

болады.  

 

Ал, піл майы (Acipenser nudiventris), жайық (Barbus brachycephalus) және 



Түркістан  қаяздары  (Barbus  capito),  балқаш  алабұғасы  (Perca  schrenki)  және 

қара  балық  (Schizothorax  argentatus),  Каспий  албырты  (Salmo  trutta  caspius), 

арал  албырты  (Salmo  trutta  aralensis),  таймен  (Hucho  taimen),  сылан  (Stenodus 

leucichtys), ақ балық (Stenodus leucichthys) өсіруге неғұрлым қолайлы, болашағы 

зор эндемикалық түрлер болып табылады. Сондай-ақ, қабыршықсыз (Diptichus 



dybovskii)  және  қабыршақты  (D.  maculatus)  көкбас,  гольяндар  (Phoxinus), 

шатқал тас тасалағышы (Cottus jaxartensis) сияқты аборигендік түрлер спорттық 

балық аулау, аквориумистика және товарлы балық өсіру үшін балық түрлерінің 

нысандары бола алады.  

 

Экожүйелердің  алуан  түрлілігі.  Қазақстан  Республикасының  аумағы 

даланың,  шөлдің,  таулардың,  өздеріне  келіп  құятын  өзендері  мен  жақсы 

дамыған  атыраулары  бар  ішкі  ірі  континентальдық  су  айдындарының  табиғи 

кешенділерінің  ғажайып  үйлесім  табуы  арқасында  Орталық  Азиядағы 

экожүйелер  тұрпаттарының  барынша  мол  алуан  түрлілігімен  сипатталады  (1 

және 2-суреттер). 



 

1-сурет. Қазақстан Республикасындағы аймақтық 

экожүйелердің алқабы, млн. га 

 

 



 

             2-сурет.  Қазақстан Республикасы экожүйелері сыныптарының   

                                                     арақатынасы,%-бен алғанда

   

 

 

 

1.2. 

Биологиялық 

ресурстарды 

басқарудың 

құқықтық- 

институционалдық негіздері 

 

Құқықтық  негіздер.  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  негізгі 

ережелер 

Қазақстан 

Республикасның 

Конституциясында 

бекітілген. 

конституцияға сәйкес мемлекет адам өмірі мен денсаулығына жайлы қоршаған 

ортаны  қорғауды  мақсат  етеді.  Конституция  сонымен  бірге  Қазақстан 

Республикасы  азаматтарының  табиғат  сақтауға  және  табиғи  байлықтарға 

жанашырлықпен қарауға міндетті екенін белгілейді.  

0

20

40



60

Каспий теңізі 

өзен жазықтары 

орта және … 

шөлейттенген … 

шөл дала 

ормандар 

Қазақстан Республикасындағы аймақтық 

экожүйелердің алқабы, млн.га 

Каспий теңізі 

көлдер 

өзен жазықтары 



таулы жерлер 

орта және оңтүстік шөлдер 

солтүстік шөлдер (шөлейт 

жерлер) 


шөлейттенген дала 

Қазақстан Республикасы экожүйелері негізгі 

сыныптарының арақатынасы 

44% шөл 


1% орманды-дала 

42% дала 

21% тау 

1% су 


 

«Қазақстан  -  2050»  стратегиясы  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағытын 



айқындайды, елдің дамудың жасыл жолына көшуге негізделген экономиканың 

орнықты және тиімді моделін құруға нақты бағдарларды белгілейді.  

Қазақстан  Республикасының  «Жасыл  экономикаға»  көшуі  жөніндегі 

тұжырымдама  елдің  орнықты  дамуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  энергетика, 

ауыл  шаруашылығы,  қалдықтарды  басқару,  су  секторы  сияқты  Қазақстан 

экономикасының  негізгі  салаларын  реформалаудың  басымдылықтарын 

белгілейтін  негізгі  бағдарламалық  құжат.  Тұжырымдама  сондай-ақ,  орнықты 

даму  қағидаттарына  сәйкес  орман  экожүйелерін,  балық  шаруашылығын  және 

биологиялық әртүрлілікті сақтау мен тиімді басқару мәселелерін көтереді. 2050 

жылға  дейінгі  жоспарлау  көкжиегіне  есептелген  Тұжырымдама  табиғи 

ресурстарды  тиімді  пайдаланудың  және  экономиканы  әр  тараптандыру, 

теңдестірілген  өңірлік  даму  және  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  қоршаған 

ортаның  жай-күйін  жақсарту  есебінен  ұлттың  денсаулығын  нығайту  арқылы 

Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру негіздерін қалайды. 

Қоғамдық  қатынастарды,  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  мен  орнықты 

пайдалану  саласындағы  негізгі  қағидаттар  мен  нормаларды  реттейтін  негізгі 

заңнамалық  актілерге  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексі,  Жер 

кодексі,  Экологиялық  кодексі,  Орман  кодексі,  Су  кодексі,  әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы кодексі, Қылмыстық кодексі, «Жануарлар дүниесін қорғау, 

өсімін  молайту  және  пайдалану»,  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 

туралы»,  «Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»,  «Туристік 

қызмет  туралы»,  «Селекциялық  жетістіктерді  қор,ау  туралы»,  Заңдары  және 

Патент заңы жатады. 

Қолданыстағы заңнамалық актілердің ережелерін іске асыру мақсатында 

Қазақстанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Орман, аңшылық, балық және 

ауыл  шаруашылығы,  туризм,  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  және 

қоршаған  ортаны  қорғау  мен  жергілікті  атқарушы  органдар  саласындағы 

уәкілетті органдардың заңға қосымша нормативтік-құқықтық актілердің кешені 

қабылданды. 

Қазақстан  Республикасы  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  мен  орнықты 

пайдалануға  қатысты  бірқатар  халықаралық  келісімдердің,  оның  ішінде 

биологиялық әртүрлілік туралы  конвенцияның (1994ж.), Жойылып кету қауіпі 

төнген  жабайы  фауна  мен  флора  түрлері  мен  халықаралық  сауда  жөніндегі 

конвенцияның  (199ж.),  Жабайы  жануарлардың  қоныс  аударатын  түрлерін 

сақтау  туралы  конвенцияның  (2005ж.),  Негізінен  суда  жүзетін  құстардың 

мекендеу орындары ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар 

туралы  конвенцияның  (2007ж.),  Биологиялық  әртүрлілік  туралы  конвенцияға 

Биоқауіпсіздік жөніндегі Картохен хаттамасының (2008ж.), қатысушысы болып 

табылады.  

2010-2014  жылдарға  арналған  «Жасыл  даму»  салалық  бағдарламасы 

(2010ж.)  табиғи  экожүйелерді  сақтау  мен  қалпына  келтіру  жөнінде  жағдайлар 

жасауға  бағытталған.  Бағдарламада  халықаралық  қатынастарды,  қоршаған 



 

ортаны  қорғауды  ғылыми  қамтамасыз  етуді  және  табиғат  пайдалануды, 



қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі жүйесін дамыту жөніндегі іс-

шаралар,  экологиялық  білім  беру,  ағарту  және  халықтың  хабардар  болуын 

арттыру мәселелері айқындалған.  Бағдарлама салааралық сипатта және: парник 

газдардың  шығарылуын,  атмосфералық  ауаның  ластануын,  экологиялық  апат 

аймақтарын,  ЕҚТА-ларды,  өндіріспен  тұтыну  қалдықтарын,  су  ресурстарын, 

көгалдандыруды  қоса  алғанда  толып  жатқан  мәселелерді  кешенді  тұрғыдан 

шешуге  игі  ықпал  етеді.  Бағдарламаға  енгізілмеген  орман  шаруашылығы, 

жануарлар  дүниесі  және  ЕҚТА  топтамасы  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау 

мәселелерін қозғайды. 

2013-2020  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасында  аграрлық 

өнеркәсіптік  кешенді  (АӨК)  дамыту  жөніндегі  бағдарлама  (агробизнес  2020) 

АӨК субъектілерінің бәсекеге түсу қабілетін арттыру үшін жағдайлар жасауға 

бағытталған.  Бағдарлама  шеңберінде  шешілуі  Қазақстанның  аграрлық-

биологиялық  әртүрлілігін  қор,ауға  жәрдемдесетін  бірқатар  міндеттер  алға 

қойылған, олар: фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік жүйелерін 

дамыту,  ауыл  шаруашылығына  агрохимиялық  қызмет  көрсетудің  тиімділігін 

арттыру. 

Институционалдық  негіздер.  Биологиялық  әртүрлілік  саласындағы 

мемлекеттік  басқаруды  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  орталық  атқарушы 

органдар және олардың аумақтық бөлімшелері, облыстардың жергілікті өкілдік 

және атқарушы органдары жүзеге асырады.  

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі 

(бұдан  әрі  –  ҚР  ҚОСРМ)  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  мемлекеттік 

саясатты  іске  асыру  мәселелері  бойынша  басшылықты  және  салааралық 

үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы 

болып  табылады.  Министрліктің  құзыретіне  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау 

саласындағы  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  келісімдерінің  іске 

асыру енеді.  

ҚР  ҚОСРМ-дан  басқа  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  Өңірлік  даму 

министрлігі,  Мұнай  және  газ  министрлігі  және  облыстық  әкімдіктер  табиғи 

ресурстарды  қорғау  және  ұтымды  пайдалану  саласында  жекелеген 

өкілеттіктерге ие.  

Экологиялық  үкіметтік  емес  ұйымдар  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау 

мен орнықты пайдалану жүйесінде ерекше рөл атқарады.  

Қазақстан  Республикасында  биологиялық  әр  түрлілікті  молықтыру  мен 

қалпына  келтіру  мәселелерімен,  экологиялық  білім  берумен  және  экотуризм 

негіздерін  дамытумен  30-дан  астам  үкіметтік  емес  ұйымдар  айналысады. 

Экологиялық  мәселелер  мен  биологиялық  әртүрлілік  проблемалар  бойынша 

ақпарат 


алмасу 

үшін 


Ғаламтор 

арқылы 


экологиялық 

ақпаратты 

пайдаланушылар желісі құрылды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет