Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет126/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Диагностикасы.
Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі ізденіс процесс, себебі ауруға клиникалық полиморфизм тән. Бруцеллездің клиникалық критерийлері №10 кестеде, бруцеллезді анықтау стандарты №11 кестеде келтірілген.

№10 кесте


Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері

Жалпы нышандар

Аса тән көріністері

  • Жедел бруцеллез

- ауру жедел басталады: дене қызуы алғашқы күндері жоғары деңгейге (39ºС және жоғары) дейін жетеді;
- қызба ремиттирлеуші, толқын тәрізді, гектикалық сипатта (2 толқынның арасындағы қызбасыз өтетін кезеңнің ұзақтығы бір неше күннен бір неше аптаға дейін созылуы мүмкін; өршу толқындардың саны 2 -10 болуы мүмкін);
- үлану симптомдары (әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы) айқын емес, ауру ұзаққа созылғанда қалыптасады;
- дене салмағын жоғалту

  • Жеделдеу бруцеллез

-қызба қисығының дұрыс емес сипаты (тәулік бойы өзгеруі мүмкін);
- қызба кезеңі апирексия кезеңіне (қысқы мерзімді) аусуы мүмкін;
- көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; ауыздың кебуі, шөл, улкен дәреттің жүрмеуі



  • Созылмалы бруцеллез*

- қызба фебрилді және субфебрилді (суб- және декомпенсация сатыларында); қалыпты (компенсация сатысында);
- қызба кезеңі апирексия кезеңіне (ұзақ мерзімді) аусады;
- аурудың өршуі әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен дамиды (салқын тигізу, жоғары физикалық және ойлық күш түсіру, күнге қыздыру, сауна қабылдау, термиялық әсері бар физиотерапевтикалық емін қабылдау, жүктілік, жүктіліктен босану, қосымша аурулардың қалыптасуы, стрессті жағдайлар, белок жетіспеітін тамақтану және т.б.);
- әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы;
- көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), естіліктің төмендеуі;

  • Қызба кезінде науқастың жалпы жағдайы қанағатты;

  • Температура түстен кейін, тәуеліктің 2-ші жартысында көтеріледі;

  • Айқын қалтырау тершеңдікке аусады (әсіресе түнде);

  • Полиартронейромиалгиялар, оссеалгиялар (әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында);

  • Лимфаденопатия (барлық топтағы лимфа түйіндердің ұлғаюы: олар майда, ауру сезімсіз, қозғалыс қасиеті бар)

  • Гепатомегалия және спленомегалия

  • Кей бір науқастарда қайталама генерализацияланған жағдайларда организмнің сенсибилизациясы өршігенде әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы мүмкін, олар инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады

  • Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы




  • Симпатикалық вегетативті өзгерістер:

- әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында ауру сезімі;
- тершеңдік немесе тері жабынларының ылғалдылығы (жалпы немесе локалді – алақандардың, табандардың гипергидрозы);
- айқын емес қалтырау немесе тоңғыштық (ыстықтау мен жауру сезімдерінің алмасуы);

  • Лимфаденопатия

  • Гепато- и спленомегалия

  • Барлық нақастарда әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы , олар инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады

  • Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

  • Парасимпатикалық вегетативті өзгерістер (гипотония, тері жабындыларының құрғақтығы немесе майлығы, тері трофикасының, терморегуляцияның бұзылыстары, дермографизм өзгерістері, аяқ, қол ұштарының дірілі, вегетативті-тамырлық сынамалардың бұзылыстары – ортостатикалық, көз-жүректік, Бирбаир вегетативті нүктелердің ауру сезімі, вагоинсулярлы криздер және т.б.)

- Метеосезімталдық
- алақандардың, табандардың гипергидрозы

  • Лимфаденопатия

  • Гепато- и спленомегалия

  • пролиферативті, дегенеративті-дистрофиялық сипаттағы ошақты көріністер

  • Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы (инфекциялық процесстің өршу кезінде), анемия.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет