Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Бруцеллездің реинфекция кезінде эпидемиологиялық мәліметтер



бет125/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Бруцеллездің реинфекция кезінде эпидемиологиялық мәліметтер
Реинфекция дамыған науқастардың мамандығы - ет өндейтін, бөлшектейтін, сататын адамдар, мал шаруашылығымен айналысатын, сүт комбинаттарында жұмыс істеітін адамдар және малдың жеке иелері. Ет өндейтін кәсіптегі адамдардың мал шаруашығымен айналысатындарға қарағанда реинфекцияның жиілігі жоғары болуы бруцеллардың ет комбинаттардың көп мөлшерде залалдануымен байланысты. Жұмысшылар әр түрлі терілік, сүйек тінінің жарақатын (кесетін заттармен) алады, бұл бруцелланың жоғары мөлшерімен залалдануға оңай жағдай түғызады. Мал шаруашылығында, бруцеллалар жануар организмінде жоғары вируленттігі арқылы жұмысшылар арасында инфекция таратады. Қоршаған орта бруцеллезбен ауырған мал арқылы заладанып, тек кәсіптік топты ғана емес, малға қатысы жоқ адамдарды да зақымдайды. Бруцеллездің реинфекциясында жеке малдың эпидемиялық ролі маңызды, олар бруцеллезді ет-сүт тағамдары, жанасу арқылы жұқтырады.
Реинфекция кезінде бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері
Бруцеллезбен екінші рет ауырған адамдарда аурудың әртүрлі клиникалық түрлері дамиды – жедел, жеделдеу, біріншілік және екіншілік созылмалы түрлері. Қайталама бруцеллез клиникасы негізінен біріншілік аурудың сәйкес түрін қайталайды және екі түрде өтуі мүмкін. Қайталама бруцеллез ағымы алдынғы инфицирлену нәтижесінде пайда болған иммунитетке байланысты жеңіл және қысқа мерзімде өтуі мүмкін немесе жүйке, сүйек-буын, урогениталді және басқа жүйелердің зақымдануы және гиперсенсибилизацияның әсерінен ауыр және ұзақ өтуі мүмкін.
Жедел бруцеллез түріндегі реинфекция жедел басталады, қызба 3-5 күннен 10-15 аптаға дейін созылады. Қызба қисығы көбінесе интермиттерлеуші немесе ремиттерлеуші сипатта болады. Қызба қалтыраудан басталып, қатты тершеңдікпен бітеді. Науқастарда ірі буындарында, бұлшық еттерінде, жүйке талшықтарында ауру сезімі болады, лимфа түйіндері, бауыр, кейде көкбауыр ұлғаяды. Науқастардың 1/3 қан айналым, тыныс алу, асқорыту және тірек-қимыл жүйелерінде алдынғы ауруға қарағанда өзгерістер аз болады. Бірақ науқастардың көбінде (2/3) екінші аптадан бастап ошақтық зақымданулар дамиды, бұл аурудың ауыр ағымына себепші болады. Мұндай жағдайларда жедел кезең аурудың созылмалы түріне өтіп, көбінесе қалдықты процесстер дамиды, және олар мүгедектікке алып келеді.
Реинфекция кезіндегі бруцеллездің жеделдеу түрі жедел кезеңнің жалғасы. Ұзақтығы 1-3 апта толқын тәрізді қызбамен өтеді және қалтырау, тершеңдікпен, әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануымен сипатталады. Патологиялық процесс прогрессивті ағымымен өтіп созылмалы түріне ауысады.
Екіншілік-созылмалы бруцеллез реинфекция кезінде айқын клиникалық белгілерімен немесе әлсіз белгілерімен өтеді. Аурудың декомпенсация кезінде қызба фебрилді, субфебрилді немесе қалыпты болуы мүмкін, аздаған қалтыраумен және кезкекті тершеңдікпен өтеді. Аурудың мұндай клиникалық түрлерінде тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің зақымданулары өршиді.
Реинфекцияның біріншілік-созылмалы бруцеллезі барлық клиникалық түрлерінің 2/3-құрайды, ең жиі кездеседі. Біріншілік-созылмалы бруцеллезге әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануы әсерінен клиникалық көріністердің полиморфизмі және рецидивтік ағымы тән. Инфекциялық процестің компенсация және декомпенсация сатылары бір бірін ауыстырып дамиды. Бруцеллез процесінің декомпенсациясы субфебрилитет, тоңғыштық, жүйке жүйесінің өзгергіштігімен, тершеңдік, полиаронейромиалгиямен және біріншілік ауырғанмен салыстырғанда ауыр өтеді. Осыған байланысты, біріншілік-созылмалы бруцеллез тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің күрделі зақымдалуларымен және серологиялық реакциялардың теріс немесе әлсіз оң нәтижелерімен ерекшеленеді.
Бруцеллездің рецидиві, суперинфекция және реинфекциясы кезінде салыстырмалы диагнозды тек эпидемиологиялық мәліметтерге, клинико-лабораториялық зерттеулерге қарап қана анықтауға болады. Егер екі жыл ішінде ауру рецидиві болмаса, қанда арнайы антиген және антиденелер табылмаса аурудың сауығуы туралы айтуға болады.
Реинфекция кезінде бруцеллез диагностикасы үшін келесі сұрақтарды анықтау керек: а) біріншілік бруцеллездің өткен кезеңін; б) біріншілік және қайталама аурудың арасындағы ремиссия ұзақтығы; в) ремиссия кезіндегі серологиялық реакциялардың көрсеткіштері және Бюрне сынамасының нәтижесі; г) екіншілік жұқтыру кезеңіндегі науқастың тұратын және жұмыс істейтін аудандардағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайларын. Біріншілік және қайталама ауру арасындағы ремиссия 3-8 жылға (91,8%), кейде 9-20 жылға (8,3%) дейін созылуы мүмкін, бұл кезде серологиялық реакциялар көрсеткіштері теріс болады. Бруцеллез кезіндегі реинфекция жиілігі мекен ететін эндемиялық ошақтағы микроорганизмнің түріне байланысты екенін ескеру кажет. Сиыр бруцеллезі ошағына қарағанда, ұсақ қара малдар ошағында қайталама жұқтыру жоғары. Ірі қара мал инфекция ошағына (B.abortus - жұқтырған) қарағанда, ешкі-қой бруцеллез қоздырғышының ірі қара малға миграциялағанда реинфекция жиілігі 2-3 есе жоғары. Реинфекция кезіндегі бруцеллез диагностикасындағы лабраториялық зерттеу әдістері жеткіліксіз. Райт және Хаддлсон реакциялары 59,5% және 36,7% жағдайларда теріс, әлсіз оң - 32,9% және 12,6%; оң - 7,6% және 50,7% сәйкес келеді. Көптеген науқастар серологиялық реакциялары теріс болған кезеңнен соң, қайта жоғары титрі оң нәтижелермен тіркеледі. Мұндай жағдайда реинфекция дамуы күмәнсіз. ТГАР және ИФА көрсеткіштері бруцеллездің реинфекциясы кезінде жиі оң болады (58, 5% және 62,7% сәйкес келеді). Тері ішілік аллергиялық Бюрне сынамасы реинфекция кезінде бруцеллезбен ауырған науқастарда жиі арнайы антигенге жоғары сезімталдықты көрсетеді.
Эндемиялық ошақтарда бруцеллезбен қайталама жұқтырып ауыру аз емес. Мұндай жағдайда аурудың клиникалық көріністері жиі бұрынғы аурудың декомпенсациясы деп қателеседі, ошақта эпидемиологиялық зерттеу жүргізілмейді, ал қайта дамыған ауру ескерілмейді. Реинфекциямен ауыратын науқастар мүгедектік дамитын қатерлі топтарға жатады және олар толық реабилитациялық емді қажет етеді.
Диагноз қою үшін аурудың пайда болған клиникалық көріністері:

  • бруцеллезбен ауырған және толық емес емделгеннен соң 3-8 ай өткен соң қатерлі факторлар әсер еткенде және серологиялық реакциялар оң нәтижелі болғанда аурудың рецидивін көрсетеді;

  • бруцеллезбен ауырған соң 2 жылдан артық серологиялық реакциялар теріс нәтижелі ашық аралық табылғанда және тікелей эпиданамнез анықталғанда реинфекцияны көрсетеді.

Бруцеллезбен бірнеше рет суперинфицирлену мүмкін екендігін ескеру қажет, сондықтан бұрын бруцеллезбен ауырған науқастар аурудың барлық алдын алу шараларын сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет